Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Работа состоит из  1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

     Келесі  қарастыратын  көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін  көрсетеді. Қор сыйымдылығы –  бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал  салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 0,43 мың тенге, ал  2005 жылы  0,49 мың тенгені құрды.  Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.

      Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір  жағынан кәсіпорынның қор құрылымын  құруда қолданылатын  прогрессивті  технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде  ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл  жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек екендігін көрсетеді.

      Бұл мақсаттар үшін негізгі капиталды  қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы көрсеткіштері. Қор  қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.

    2004 жылы  "Жамбылгипс" АҚ-ның қор  қайтарымдылығы 2,32 мың тенге, ал 2005 жылы 2,01 мың тенгеге азайып  отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші  басшыларға бекітілген қорлардан  қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2005 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне түскен пайда көлемі теріс болды, яғни кәсіпорын шығынға жұмыс істеді. Ал енді кәсіпорынның натуралды күйде өндіретін өнім көлемін  көрелік.

     Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да  қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр. 

2 кесте - “Жамбылгипс” АҚ-да натуралды түрде өндірілген өнім көлемі

 
 
Көрсеткіштер
 
Өлшем  бірлігі
 
2004 жыл
 
2005

жыл

Абсолюттік

ауытқу

 
+; -
 
%
 
 
 
1

2

3

4. 

    Өндірілген  өнім көлемі,

    соның ішінде:

    -құрылыс  гипсі

-селективті гипс

    -гипс  тасы

    -мрамор ұнтағы

 
тонна 

тонна

тонна

    тонна

    тонна

 
226756 

4596

9124

    210000

3036

 
311728 

4160

10520

    296000

1048

 
84972 

-436

1396

    86000

-1988

 
137,5 

90,5

115,3

141,0

34,5

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

    Жамбылгипс” АҚ-ның өнім көлемі натуралды түрде көрсетілген. Базистік жылына қарағанда есепті жылы өндірілген өнім көлемі біршама жоғарырақ. Яғни, 2004 жылы 226756 тонна өнім өндірілсе, есепті жыл 2005 жылы 311728 тонна өндірілген. Мұндағы абсолюттік ауытқу 84972 тоннаны көрсетіп отыр. Сонымен қатар, кестеде өндірілген өнім түрлері жеке дара көрсетілген. Кәсіпорын өндіретін өнімдерінің ішінде 2004 жылға қарағанда есепті жылы ең көп өндірілгені бұл- гипс тасы. Демек, 2005 жылы бұл өнім түрі 2004 жылмен салыстырғанда 86000 тоннаға артық өндірілген. Ал, ең азы бұл- құрылыс гипсі. Мұнда, базалық жылға қарағанда есепті жылы -436 тоннаға кем өндірілгенін байқаймыз.

        Кәсіпорынның шаруашылық қызметін  талдаудың қорытынды кезеңі оның  қаржы жағдайын зерттеу болып  табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды, әсіресе, өнім өндіру мен өткізу жоспарларын орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етпей қоймайды. Осының өзінде кәсіпорынның өндірістік қызметі оның қаржы жағдайына, оның төлем қабілетіне тәуелді болады. Мәселен, төлемдерді төлеу үшін қажетті ақшалай қаржылардың болмауы өнім жөнелтушілермен арадағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізіп, товарлық-материалдық игіліктерді жеткізу жоспарының және өндіріс жоспарының орындалуына қауіп төндіруі мүмкін.

      Өндірістік-шаруашылық процесте шикізаттарды, материал-дарды  және басқа да тауарлық- материалдық  игіліктерді алудан бастап, өнім өткізуге дейінгі барлық операциялар тығыз  өзара байланыста болады және қаржы арқылы жүзеге асып отырады. Сондықтан егер кәсіпорынның өз қарамағында ақша қаржыларының жеткілікті сомасы болмаса немесе олар ұйымсыз пайдаланылатын болса, мұның өзі жабдықтау, өнім өндіру және өткізу жоспарларының орындалуына едәуір дәрежеде ықпал жасайды. 

    3 кесте - "Жамбылгипс" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл Ауытқу
+ / - %
1 Тәуелсіздік коэффициенті 0,51 0,34 -0,17 66,6
2 Тәуелділік  коэффициенті 0,49 0,65 0,16 132,6
3 Қаржыландыру  коэффициенті 1,04 0,53 -0,51 51,0
4 Қарыз және меншік капиталдың арақатынасы 0,96 1,8 0,84 187,5

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

     Кәсіпорын  қызметінің экономикалық тұрақтылығын анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтауымыз қажет. Кәсіпорын балансымен, қаржылық есептерінде берілген мәліметтерге сүйене отырып, есептелген көрсеткіштерді талдау жасайтын болсақ.

       Тәуелсіздік коэффициенті - бұл кәсіпорын меншікті капиталының жалпы активтеріндегі үлес салмағын көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 2005 жылы 0,34 ті құраған, өткен жылмен салыстырғанда 34,4 %-ға төмендеген.

      Тәуелділік  коэффициенті – бұл кәсіпорынның міндеттемелерінің (қарыз капиталының ) кәсіпорын активіндегі үлес салмағын көрсетеді, яғни кәсіпорын міндеттемелері мен есептесе алу қабілеттілігін анықтайды. "Жамбылгипс" АҚ - ның жабдықтар мен бюджет алдындағы қарыздарының өсу есебінен тәуелділік коэффициенті өсіп,  32,6%-ға артқан.

      Қаржыландыру  коэффициенті - меншікті капиталды тартылған капиталға бөлу арқылы табылады. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі  меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражат есебінен қаржыланатынын көрсетеді. 2005 жылы бұл коэффициент 49%-ке азайды.

  Қарыз және меншікті капиталдың қатынасы – кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 87,5%-ға артқан. Қаржыландыру коэффициенті екі кезеңді салыстырғанда 50%-ға төмендеген. Қаржы жағдайын талдауға керекті негізгі мәліметтер бухгалтерлік баланста, сондай-ақ баланстың көрсеткіштерін толықтыратын, олардың мазмұнын ашатын және есепті кезең ішіндегі өзгеру себептерін анықтайтын жылдық және ағымдағы есеп берудің есептік формаларында болады.

      Кәсіпорынның  қаржы нәтижелері оның өндірістік және шаруашылық қызметінің қорытындыларына  байланысты болғандықтан талдау кезінде өнім өндіру, оның өзіндік құны мен өткізілуі және басқалар туралы есептер пайдаланыл Табыс пен рентабелділік жоспарының орындалуын талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады; шаруашылық қарекеттің түпкі қаржы нәтижесі ретінде баланстық табыс жоспарының орындалуын бағалау, кәсіпорын табысы мен рентабелділігін арттырудың резервтерін анықтау.

      Кәсіпорынның  табысы өндірістің тиімділігін сипаттайтын  қорытынды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорындар немесе бірлестіктер коллективінің жұмысындағы жағымды жақтар да, жағымсыз жақтар да пайдада өз көрінісін табады. Табыс жаңа техника мен озық технологияның енгізілуі, еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің өзіндік құнының кемітілуі, оның номенклатурасының жаңартылып, ұлғайтылуы, ақаулар мен өнімсіз шығындардан болатын ысыраптың азайтылуы сияқты факторлардың өзара байланысын және бұлардың бірлестік үшін маңызын неғұрлым толық сипаттайды.

      Табыс ақшалай формасында кәсіпорынның кірістері  мен шығыстарының барлық түрлері  соған сайылатын ортақ негіз болып табылады. Тәжірибеде пайданың төрт түрін саралайды; баланстық пайда, тауарлы өнімді өткізуден болған табыс, басқалай өткізуден болған табыс және өнім өткізуден тыс табыс. 

4 кесте – "Жамбылгипс" АҚ-ның табыстылығын бағалау (салыстырмалы көрсеткіштер) 

Көрсетікштер 2004 жыл 2005 жыл Ауытқу
+ / - %
1 Кәсіпорын активінің  табыстылығы 30,6 4,6 -26 15,0
2 Ұзақ мерзімді активтің табыстылығы 78,8 11,5 - 67,3 14,6
3 Ағымдағы активтің табыстылығы 50,0 7,7 - 42,3 15,4
4 Негізгі өндірістік қорлардың табыстылығы 30,6 6,07 - 24,53 19,8
5 Сату көлемінің  табыстылығы 28,05 6,5 - 21,55 23,2
6 Өткізілген  өнімнің табыстылығы 64,7 13,8 -50,9 21,3
7 Негізгі қызмет табыстылығы - 79,4 79,4 -
8 Меншік капиталдың табыстылығы 60 13,3 -46,7 22,2
9 Негізгі капиталдың табыстылығы 150,0 27,6 -122,4 18,4

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

    Қолда бар жалпы кәсіпорын активтерінің табыстылығын есептейтін болсақ есепті , өтекен кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда 26 мың теңгеге азайып, 4,6 мың теңге құрап отыр.

    Негізгі құралдарының табыстылық деңгейі талдап қарасақ, есепті жылы  негізгі құралдардың 1 теңгесіне  шаққандағы табыс көлемі 24,53 теңгені құраса,  базалық жылы бұл көрсеткіш 6,07 теңге  болған.  Яғни  кәсіпоры активтерінің басым  бөлігін  құрайтын негізгі қорлардың да табыстылығы 

19,8 пайызға   жоғарылаған.

    Кәсіпорын активтерінің өтімді бөлігі болып саналатын  ағымдағы активтері 15,4 пайызға артып  отыр. «Жамбылгипс» АҚ –ң өнімдерінің  өткізілуін біршама  тұрақты деп  қарастыруға болады.

    Меншікті  капиталдағы табыс үлесі  22,2паызға артып отыр.

        Ал енді  негізі құралдардың   бір жылдағы айналымына  келетін  болсақ, 2003 жыл  23,4 айналым жасаған  болса, 2004 жылы  13,5 –ке төмендеген. Меншікті капитал  айналымдылығында  өзгеріссіз екі жылдада 3,4 айналым жасағанын көрсетіп отыр. 

2.2 «Жамбылгипс» АҚ-ның  негізгі құралдармен  қамтамасыз етілуін  талдау 

    Негізгі  қорлар кәсіпорынның негізгі  капиталының жалпы сомасының  үлес салмағынан тұрады. Негізгі  қордың саны, техникалық деңгейі  тиімді пайдалануы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты болады. Олар; өнімді шығару, оның өзіндік құны, пайда, рентабелділік дәрежесі және қаржылық жағдайлардың тұрақтылығы.

    Негізгі  қорлардың пайдаланылуын талдаудың  негізгі міндеттері- оның қорлардың  көлемін, құрамы мен динамикасын талдау, техникалық жағдайын бағалау, кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау, пайдалану көрсеткіштерін зерттеу, пайдаланылу көрсеткіштеріне факторлардың жасайтын ықпалын анықтау, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту резервтерін анықтау, пайдаланылу тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу.

    Кәсіпорынның  негізгі қорлармен қамтамасыз  етілуі және оларды пайдаланудың  тиімділігі өнім өндірудің көлемін анықтайтын аса маңызды факторлар болып табылады. Осыған байланысты талдау процесінде кәсіпорынның негізгі қорлармен қалай қамтамасыз етілгенін және оларды қаншалық тиімді пайдаланатынын жан-жақты зерттеу қажет.

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану