Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа
Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталаңдырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) — бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өңдіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмі элементтерінің — қаржы қатынастарын ұйым-дастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі "қаржы механизмінің конструкциясын" құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін бслгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан өдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшыранды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында онын бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б,
Қаржы механизмінің жүйесі
Қаржы механизмі (жүйесі) | ||||||||
Қосалқы жүйелер | ||||||||
Қаржылық жоспарлау |
Қаржы тұтқалары |
Ұйымдық құрылым мен құқылық тәртібі | ||||||
БЛОКТАР | ||||||||
1)Қаржылық жоспарлар мен баланстар |
2)Қаржы көрсет-кіштері |
3)Қаржы норма-лары мен норма-тивтері |
4)Қаржы ресурс-тарын бөлу норма-тивтері |
5)Қаржы мен қамтама- сыз ету, ұдайы өндіріс және ынталандыру қорлары |
6)Қаржыны басқару органда-ры |
7)Қаржы қатынас- тарын реттейтін заң және нормативті актілер | ||
ЭЛЕМЕНТТЕР |
Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және әрекет жасау әдістерінің өзара байланысы, іс-қимылы арқылы көрінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық
және қаржы механизмдерінде
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың деңгейіне қарай (жалпы ұлттық шаруашылық, экономиканың секторы, экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъектісі, әкімшілік-аймақтық құрылым) неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықтан анағұрлым нақтылы нысандар — басқару тұтқалары қолданылады: мысалы, кірістерде қосылған құнға салынатын салық, акциздер, табыс салығы, мемлекеттік мүліктен түсетін табыстар, ренталық төлемдер және т.б., шығыстарда — экономикаға (өрі қарай тәптіштеледі), әлеуметтік-мәдени мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, ғылымға, басқаруға және басқалары) жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде — фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақтылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады.
Шаруашылық және қаржы
механизмдерінде қаржы-
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды белігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе нсмесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.б. өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштелінеді), жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай жағдай объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизмінің құрамды (құрылымдық және функциялық) буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының (әрекеттілігінің) маңызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі салықтардың коп түрінен түратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржылаңдыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында резервтік қор жүйесі кең дамыған.
Қаржы механизмінің маңызды құрамды бөлігі қаржы ынта-тандырмалары — іс-әрекеті шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделсрімен байланысты болатын экономикалық түтқалар болып табылады. Үдайы өндірістің сапалық жағын ынталандыру кезінде қаржы экономикалық мүдделерді, ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл орайда экономиканы сапалық ынталандыру басым болады.
Қаржының өзара байланыстарының көптігі қаржыны ұйымдастырудың түрлі нысаңдары мен әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы саясатын орындауға арналған қаржы механизмін жасаудың үлкен маңызы бар. Қаржы саясатын жүргізу процесінде шарттарды есепке алу әлеуметтік қамсыздандырумен, салықтарды реттеумен, ғылыми-техникалық процесті дамытумен, ондіріс процесінің проблемаларын шешумен, мақсатты бағдарламаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен, барлық аймақтардың шаруашылығын дамытумен байланысты қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет тиісті тәсілдер мен әдістерді айқындауды талап етеді. Мемлекет объективті заңдардың негізінде жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлудің нысандары мен әдістерін анықтайды. Мемлекет салықтарды, қаржы ресурстарын пайдаланудың қағидаттары мен бағыттарын, амортизация саясатын белгілейді. Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың амалдарын нормативті түрде ресімдей отырып, жоспарлау мен болжауды жүзеге асырады. Бұл орайда бақылаудың маңызы зор.
Қаржы ынталандырмаларының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады;
1. Қоғамдық өндіріске
ресурстарды инвестициялаудың
Каражаттарды инвестициялаудың негізгі бағыттарын таңцау кезіңде қаржы сиьшдылығы мен қаржы қайтарымы көрсеткіштеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржы сиымдылығы — бағдарламаны орындауға талап етілетін қаржы ресурстарының саны. Қаржы қайтарымы — салынған ресурстарға алынатын қаржы қаражаттарының саны.
Қаржы сиымдылығын төмендету және қоғамдық өндірісте қаржы қайтарымын арттыру негізгі мәселе болып табылады. Бұл орайда қаржы ресурстарын өсірудің маңызды резерві қоғамдық өнім құнының жақсартылған ұдайы өндірістік құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресурстарын өсіру резервтері соғұрлым жоғары болады.
2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.
3. Өндірісті интенсивтеңдірудің
бюджеттік әдістерімен
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өңдірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық фукцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы қүқығымен тығыз байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесіндс бірыңғай талаптар белғілеуге жағдай жасайды.
Қаржы құқұғы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады жәнс экономикалық саясатқа әсер етеді.
Бүл байланыстарды дәйекеті түрде былай көрсетуге болады:
1. Қаржыны бұл категорияның
мүмкіндіктерін танып білу
2. Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу.
3. Есептерді шешудің
тәсілдері мен әдістерін
4. Қаржы құқығы қаржы
қатынастарын регламенттеуді жү
Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне, оның шаруашылықтың сферасын, саласын дамытумен байланысты бұл қатынастардың бөлігіне сәйкес қаржы механизмінің, оның буындарының, тұтқаларының, элементерінің күрделі жүйесі ән бойы өзгерісте, озара іс-қимылда болады.
Қаржы механизмін қалыптастыра
отырып, мемлекет сол бір кезеңнің
қаржы саясаты талаптарына оның
толығырақ сәйкестігін
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты — нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа козқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.
Экономика дамуының қазіргі
кезеңде қаржы механизмін жетілдірудің
міндеттері өндірісті кеңінен
Сонымен, менің пікірімше қаржы механизмінің негізгі мақсаты — нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту үшін және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін қажет.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1.Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты
Қаржы саясатының түбегейлі
өзгерумен байланысты қаржы механизмі
қайта құрылуда. Қаржы механизмін
қайта құрудың мақсаты –
Нарықтық экономикада
өндірістік құрал – жабдықтарды
жақсы пайдалануда