Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа

Описание

Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 301.00 Кб (Скачать документ)

Ревизиялық бақылау  қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің  бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.

Бұл бақылау - басқарылушы  объектілердің жұмысын тексеру  және бақылап отыратын, әрі басқарушы  тетік екенін білдіреді. Қаржылық бақылау  объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған  «Қазақстан-2030» бағдарламасында  Қазақстан Республикасының әлеуметтік  – экономикалық дамуында тұрақты  экономикалық өсуге, халықтың  жағдайын көтеруге , жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады.

Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі  атқарады.

Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

Қаржыны ынталандыру  қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

Қаржы туралы ғылымда  және қаржыны зерделеу кезінде танып  білудің негізгі әдісі – материалистік  диалектикғалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен  мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.           

Қаржы — бұл  қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша  экономикалық қатынастардың жиынтыгы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс  қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанагаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоәамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау.

Қазақстанның қаржы  жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

    • мемлекеттік бюджет жүйесі;
    • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
    • мемлекеттік кредит;
    • жергілікті қаржы;
    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
    • халықтың қаржысы.

       Бүгінгі  таңда қаржы жүйесі терең өзгерістерге  ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта құрудың басты міндеті  оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырьш, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің  рөлі мен маңызы шүғыл артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жүмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.

          Экономикалық өсудің негізгі  мақсаты – халықтың материалдық  әл – ауқатын көтеру және  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.      

        18 ақпан күні 2005 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауында былай деп  айтты:

        «Біз алдымызға  анық та  айқын мақсат қойдық: біз жақсы  өмір  сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын  балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер  мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей  биікке көтерілдік».

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 28 ақпан  2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына арналған Жолдауын//Егемен Қазақстан, 2007 – 1 наурыз
  2. Есентүгелов А. «Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының стратегиясы нақты  және  болашақ» Алматы – 2003 ж.
  3. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік  және  саяси  жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан Астана журналы № 1(20), 2005 қаңтар - ақпан.
  4. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» Ақиқат журналы  № 1/2003, 1/2004 ж. ж.
  5. Медеуұлы И. Басты мақсат экономиканы көтеру. /Егемен Қаз/,2004,7-сәуір, 2 б.
  6. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономиялық теория», Алматы – 2004 ж.
  7. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы», Алматы – 1998 ж.
  8. Назарбаев Н. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге  қабілетті халық үшін». № 5 мамыр 2004 ж, 3 бет, Ақиқат журналы.

  8.   «Бюджет заңына  біраз өзгеріс енгізілді», Егемен  Қазақстан – 2006, сәуір

 

 

 

 

 


Информация о работе Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі