Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа
Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді. Бюджеттен олардың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғыда жұмсалатын әлеуметтік шығындардың есебіне немесе басқа көрсеткіштерге қарай анықталатын ұзақ мерзімді тұрақты нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. әлеуметтік сала мекемелеріне арқылы қызметтер көрсетуге, алған табыстарын өзінше жұмсауға құқық берілген.
Мемлекеттің қаржы механизміне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік бюджет кірістерінің қалыптасуы салықтық негізге көшірілді, бюджет шығыстарының құрылымы мен қаржыландыру жүйесі қағидалы түрде өзгерді.
Нарықтық қатынастардың дамуы, басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті және өмірді сақтандыруды ұйымдастыру мен басқару саласында оң нәтижелерге жеткізді: кооперативтік сақтандыру дамуда, акционерлік сақтық қоғамдар пайда болуда; сақтандырудың міндетті және ерікті нысандары арасындағы ара салмақ өзгеруде. Сақтық механизмді жақсарту сақтандырушыларға сапалы қызмет көрсетуге, сақтық ісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қаржы механизмін қайта құру процесі тиісті база жасаумен қосарлана жүргізілуде. Соңғы жылдары Парламент қаржы қызметінің құқықтық негізін қалайтын бірқатар заңдар қабылдады. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар туралы, шаруашылық серіктестіктері туралы, шетелдік инвестициялар туралы, жаңа салық кодексі туралы және басқа заңдарды жатқызуға болады.
2.2. Қазақстан
Республикасының қаржы
Қазіргі уақытта қаржы саясатының еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежеп отырған кемшіліктері өте айқын көріне бастады. Оларға мыналар жатады: қаржы саясатының догматикалық (үзінді-кесілді, шығармашылық емес) сипаты, оның мемлекетіміздің дамуының өзгеріп отырған жағдайына тез құлақ асуға, толғағы жеткен міндеттерді шешу үшін керекті әдістерді табуға қабілетсіздігі, стратегиялық концептуалды талдамалардың жоқтығы; болмашы пайдаға бағытталған жарым-жартылай, жеткіліксіз негізделген тактикалық шараларды жүргізу; қаржы саясатының ұлттық шаруашылықтағы істің нақтылы жағдайынан қол үзуі; қаржы шаруашылығын дұрыс жүргізудің маңызды талабының — қаржыға қарай өмір сүру талабының бұзылуы; азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудың қаржы базасын анықтаудағы әлі күнге дейін орын алып келе жатқан қалдықты тәсілдеме.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың нысаны бола отырып, оған тән өзгеше тәсілдермен және әдістермен мақсатқа жетуге және экономикалық саясат қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.
Жаңа қаржы стратегиясы меншіктің әр түрлі нысандарын, нарықтық қатынастардың дамуын, тауар рыногінің толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалуы тиіс. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар: салық салу, қаржы ресурстарын шебер пайдалану, қаржыландыру, қаржы рыногі және басқалары. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай шаралардың икемділігі мен тиімділігін дәлелдеп отыр.
Қағидалы жаңа қаржы саясатын ұйымдастырудың негізіне ең алдымен экономикалық жүйе шеңберіндегі ақша (қаржы) қатынастарына деген әр түрлі көзқарасты өзгерту жатуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттық, ақша ағымдарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді — мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен мемлекеттік борыштың мөлшерін, инфляцияның қарқынын төмендету және т.т. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы (манипуляция) жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет талшылығының мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірбиесін, жаңа тенденциялар мен прогрессивті құбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатына қойылатын
маңызды талап қаржы саясатын
жүргізгенде, яғни дамудың белгілі
бір кезеңінің негізгі
Қаржы саясатының мақсаты
— қоғам дамуының аса маңызды
қажеттіліктерін қанағаттандыру
Адамдардың экономикалық
мүдделеріне, тауар-ақша қатынастарының
әрбір қызметкердің бастамасының және
шығармашылығының ең жоғары жиынтығын
пайдалана отырып, олардың белсенділігін
ынталандыруға бағытталған
Жалпы алғанда бұл өндіргіш күштердің едәуір бүлінуіне, құрылымдық үйлесімсіздіктің тереңдеуіне, экономика мен қоғамның ұзақ дағдарысына, халықтың негізгі массасының тұрмыстық деңгейінің құрт төмендеуіне апарды. Қоғамның эволюциялық дамуының критерийлерін бұзудың бағасы осындай, мұндағы едәуір үлес экономикалық және қаржы саясатының негізгі қағидаттарын сақтамаумен байланысты болған еді.
Сондықтан Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін онтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жаңдандыру, әлеуметтік багдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
2.3.Қаржы механизмінің тиімділігі
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделерімен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.
Тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері: өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер; сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Тиімділіктің осы көрсеткіштерінің бәрі теңгерімдік пайда, өнімді өткізуден алынған пайда мен таза пайда негізінде есептеледі.
Активтердің тиімділігі
– кәсіпорынның негізгі қызметінің
нәтижелерін бағалауға
Активтердің тиімділігі
= оперативтік пайда ×
Түрлі факторлардың ықпалын бағалау үшін басқа формуланы пайдалануға болады:
Активтердің тиімділігі = Сатылымның Тиімділігі × Активтердің айналымдылығы.
Жұмсалған шығынның тиімділігі – теңгерімдік және таза пайданың өткізілген немесе өндірілген өнімге жұмсалған шығынның сомасына қатынасы. Кәсіпорынның өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалған әрбір теңгеден қанша пайда алғанын көрсетеді. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның жекелеген бөлімшелері және өнімнің түрлері бойынша есептелуі мүмкін. Жалпы кәсіпорын бойынша есептелген өндірістік қызмет тиімділігінің деңгейі (шығынның өзін-өзі өтеуі) бірінші қатардағы негізгі үш факторға: өткізілген өнімнің құрылымын өзгертуге, оның өзіндік құнына және өткізімнің орташа бағасына байланысты.
Сатылым тиімділігі – өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтерді көрсетуден алынған пайданың немесе таза пайданың алынған ақшалай түсімге қатынасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін: сатылымның бір теңгесінен кәсіпорынның қанша пайда түсуіне қарай анықтайды. Бұл көрсеткіш нарықтық экономикада кең ауқымда қолданылды. Жалпы кәсіпорын бойынша және жекелеген өнім түрлері бойынша есептеледі. Сатылған өнімнің әрбір теңгесінен кәсіпорынның қанша операц. пайда сомасын алатынын, яғни өнімнің өзіндік құны өтелгеннен кейін кәсіпорында қанша пайда қалатынын көрсетеді. Сатылым тиімділігі компания қызметінің аса маңызды қырын – негізгі өнімнің өткізілімін сипаттайды, сондай-ақ тиімділіктің сатылымдағы үлесін бағалайды.
Капиталдың тиімділігі (табыстылығы) – теңгерімдік (таза) пайданың бүкіл инвестицияланған капиталдың немесе оның жекелеген бөліктерінің: меншікті (акционерлік), қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдың, т.б. орташа жылдық құнына қатынасы.
Пайдалану тиімділігі - келесі жалпыланған критерийлері үнемділігі, зақымдалмағандығы, өнімділігі бойынша бағапауға болатын, жүйенің, құрылғының тиімділігі.
Экономикалық тиімділік - жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама критерии ретінде қоғамдық еңбек
Еөж. = ЖІӨ х Жсм,
ЖІӨ- жалпы ішкі өнім,
Жсм – материалды өндіріс саласындағы жұмыскерлер саны
Экономикалық тиімділіктің басты көрсеткіштері
Еңбек сиымдылығы t=T/Q, Т-жұмсалған еңбек саны,
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі
Материал сиымдылығы m=M/Q, М-материал шығыны
Қор сиымдылығы f=Ф/Q, Ф- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық
Жалпы экономикалық тиімділік
Халық шаруашылығының деңгейінде Тх.ш. =ΔЖІӨ/К, К-капитал салымы Халық
Тк =ΔП/К
Жаңадан салынған объекті бойынша тиімділік көрсеткіші:
Тк=П/К=(Б0- Өқ) В/К,
П-жылдық пайда көлемі, Б0- өнім бірлігінің көтерме бағасы, Өқ
Салыстырмалы тиімділіктің негізгі көрсеткіші – келтірілген шығындар
Шi = Ci + EKi,
Шi – i- ші вариант бойынша өнім бірлігіне келтірілген
Ci - i- ші вариант бойынша өнім бірлігінің
E – нормативті коэффициент;
Ki - i- ші вариант бойынша үлестік капитал салымдары.
Тиiмділiктiң салыстырмалы көрсеткiштерi:
Активтердiң айналымдылығы = сату көлемi/активтердiң орташа жылдық құны *
Негiзгi капиталдын айналымдылығы = сату көлемi/ айналым капиталы х
Материалдық өндiрiстiк қорлардың айналым коэффициентi = сату көлемi /
Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі/айналым капиталы).
Осы арақатынасты зерттей отырып, әрбір элементтің нәтижеге әсер ету дәрежесін анықтауға болады. Бұл коэффициенті басшының кәсіпорынды басқарудағы негізгі жұмыс құралдарының бірі болуға тиіс. Кәсіпорын қызметі пайдалылығының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде ол кәсіпорын жұмысының барлық жағын сипаттайтын бүкіл элементтер жиынын біріктіреді. Өзара байланыстарына талдау жасай отырып, теріс ықпал ететін неғұрлым келеңсіз элементтерді бөліп шығаруға, сөйтіп, оларға баса назар аударуға болады.
Мысалы: Кәсіпорынның есепті мезгілінде экономикалық көрсетіштері келесідей: сатылған өнім – 16800 теңге, негізгі қоры – 14000 мың теңге, айналым құралдары – 5600 мың теңге, ағымдағы жылдық шығынның күрделі қаржыға бөлуіндегі келтірілген коэффиценті (КК) 0,16 құрайды.
Анықтадым:
1. Келтірілген шығынның жиынтығын;
2. Өндірістің экономикалық тиімділік коэффицентін;
3. Келтірілген шығынның үлесін;
4. Қорқайтарымдылығын.
Сонда,
1. Келтірілген шығынның жиынтығы:
ЖКЕЛ=(НҚ+АҚ)*КК+Ш
ЖКЕЛ=(14000+5600)*0,16+10080=
2. Өндірістің экономикалық тиімділік коэффиценті:
Кө=Сө; ЖКЕЛКө=16800:13216=1,27
3.Келтірілген шығынның үлесі:
ЖКЕЛҮЛ=ЖКЕЛ : Сө
ЖКЕЛҮЛ=13216:16800=0,787
4. Қорқайтарымдылығы:
ҚҚ=16800:14000=1,2 теңге
Қаржы қатынастары көрінісінің
нысандары экономиканы