Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа
Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын
тексеру( алынған соманың
2) қаржы жүйесінің
звенолары бойынша мемлекеттік
ресурстардың толық әрі
3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.
Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.
Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы , заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады.
Мысалы:Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы 2005 жылы 433 нысанда қаржылық бақылау жүргізді, соның ішінде 294 бюджеттік мекемелер мен 139 иелік етуші субъектілер бар. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерді қосқанда, анықталған қаржылық бұрмалаушылықтың жалпы сомасы 496736, 2 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылғыдан 50624,2 мың теңгеге артық. Оның ішінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді тексергенде анықталған қаржылық бұрмалаушылықтың жалпы сомасы 374846,4 мың теңге, немесе барлық бұрмалаушылықтың 75,5 пайызы.
Кешенді тексеріс кезінде анықталған қаржы бұрмалаушылықтың жиі кездесетін мынандай түрлері анықталды:
ҚР Үкіметінің 1998 ж. 2.11. № 1118 “Бюджет қаржысынан қаржыландырылатын мекемелердегі электр қуатын, жылуды, суық, ыстық суды және басқа да көрсетілетін коммуналдық қызмет түрлерін пайдалану нормативі туралы” қаулысының бұзылуы, немесе ақшаның мөлшерден артық жоспарлануы. Мұндай қаржы бұрмалану деректері Курчатов қаласы әкімінің аппаратында - 944,0 мың теңге; Катонқарағай аудандық білім және спорт бөлімінде – 681 мың теңге; Бесқарағай аудандық білім және спорт бөлімінде - 470,7 мың теңге; “Заман” кадрларды кәсіби даярлықтан өткізу орталығында - 469,9 мың теңге; Күршім ауданы әкімінің аппаратында – 447 мың теңге; Көкпекті аудандық білім және спорт бөлімінде - 361 мың теңге көлемінде анықталған.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25.07. № 832 “Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін есеп беру нышандарын жүргізу және бюджеттің орындалуы бойынша қаржылық іс-жосықтардың Ережелерін бекіту туралы” және 1998 ж. 25.12. № 1136 “Несиелік қарыздардың жиналып қалмауының алдын алу шаралары туралы” қаулыларын бұзу, яғни, қаржыландыру жоспарында көзделген сомадан артық міндеттемелер қабылдау деректері орын алған. Мысалы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған лицей-мектеп интернатында 1748,4 мың теңгеге қарызға қызмет көрсетіліп, несиелік қарыздың құралуына әкелген; Көкпекті аудандық әкімінің аппаратында қарыз – 1154 мың теңге, Өскемен қаласындағы № 15 орта мектепте 746,6 мың теңге; Күршім аудандық әкімінің аппаратында - 270,3 мың теңге болды.
Көптеген мекемелер дебиторлық қарыздарды жасырып қалушылыққа жол берген. Бақылау анықтағандай, ҚР ҚМ қазынашылық департаментінің 1998 ж. 27.01. № 30 бұйрығымен бекітілген, жергілікті және республикалық бюджет есебінен ұсталатын мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаудың 150-ші тармағын бұзу дерегі орын алған немесе жыл аяғында орындалмаған құрылыс жұмыстары мен қызметтер, алынбаған тауарлар үшін ақшалай қаржымен алдын ала төлем жасаған. Мысалы, Семей қаласындағы құрылыс және сәулет бөлімі ДЕА ЖШС-нің есепшотына “Ертіс” спорт кешені бойынша жасалмаған құрылыс жұмыстары үшін 19 950 мың теңгені құрайтын бюджет қаржысын аударған. Осы іспеттес қаржы бұзушылық Катонқарағай аудандық білім және спорт бөлімінде – 2309, 5 мың теңгеге; Бесқарағай аудандық әкімінің аппаратында 303,9 мың теңгеге орын алған.
Жергілікті бюджет бойынша бұрмалаушылықтың жалпы сомасының құрамында бюджет заңнамасын бұзып, негізсіз пайдалану салдарынан құралған қаржы сомасының үлесі - 142081,7 мың теңге, оның ішінде бюджет қаржысын мақсаттан тыс пайдалану - 104083,7 мың теңге, бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану - 5605,7 мың теңге, тауарлы-заттық құндылықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігі - 25414,5 мың теңге, бюджетке аударылатын салықтан тыс түсімдер сомасы - 12671,5 мың теңге, басқа бұрмаланушылықтар - 84889,1 мың теңгені құрады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері
бойынша өте қомақты сомаға бұрмалаушылық
- тұрғын үй-коммуналдық
Сондай-ақ, білім және спортта - 94 522 мың теңгенің, соның ішінде “Семей” спорт клубында - 27526,9 мың теңге; Өскемен қалалық білім және спорт бөлімінде - 25 322 мың теңге; Күршім аудандық білім және спорт бөлімінде - 9211,5 мың теңге; Катонқарағай аудандық білім және спорт бөлімінде - 7326,8 мың теңге; білім департаменті жанындағы Шығыс Қазақстан өңірлік жаңа технологиялар орталығында – 2 232 мың теңге; Шығыс Қазақстанның радиоспорт бойынша спорттық-техникалық жоғары шеберлік мектебінде - 3177,7 мың теңге;денсаулық сақтау мекемелерінде - 6 3085, 3 мың теңге, оның ішінде ШҚО денсаулық сақтау департаментінде - 16717,8 мың теңге; Шығыс Қазақстан қатерлі ісіктер диспансерінде - 6057,8 мың теңге; басқару органдарында - 23130,3 мың теңге, оның ішінде Шемонаиха ауданы Первомай поселкелік округінің әкімдігі - 8994,9 мың теңге; Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратында - 2716,4 мың теңге; Көкпекті ауданы әкімінің аппаратында - 3064,2 мың теңгенің бұрмалаушылықтары анықталды.
1.Қазақстан Республикасы
Парламенті мыналарды
1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;
2) мемлекеттік меншіктің
тиімді пайдаланылуын, мемлекет
3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;
4) қоғамдық ұйымдардың,
партияларды қоса алғанда,
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.
- мемлекеттік кәсіпорындарды,
ұйымдарды және мекемелерді
-Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе-қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары.Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.
Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді.Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.
Салық қызметі- бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.
Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады:
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау,өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;
ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;
г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.
Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу;санкция мен айыппұлқолдану;мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады.
Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ , қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды.
Тауар –ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.
Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері
Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала ( шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады );
-ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп , жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге ( есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).
Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі тәсілдері):
-ревизия( барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметтері тексеріледі);
-инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы үнемі тексеріліп отырады);
-зерттеу (кемшіліктерін зерделеу);
Қаржылық бақылаудың органдары - Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілеріне, мақсаттарына , міндеттері мен функционалдық арналымына қарай мемлкеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады. Қаржы бақылауы субъектіге тәуелділігі арқылы мына түрлерді өткізеді. Олардың әр түрлі түрлерін көрсетеді.
Қоғамдық қаржыны бақылау топ мамандықтарын, жеке тұлғалардың бөлімдерін көрсетеді. Басты объектісі нақты белгілермен байланысты. Тәуелсіз қаржылық бақылау мамандандырылған аудиторлық фирмалар және қызметтермен байланысты.
Өндірістік күштердің
өркениетті дамуы тәжірибесі мен
әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам
қатынастары өндіріс
Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі обьектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.
«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.
Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.