Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа

Описание

Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 301.00 Кб (Скачать документ)

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса манызды мына қағидаларға  негізделген:

 орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің  үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын  жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене үштасуын білдіреді.

 Бірлік қағидаты  қаржылық жоспарлаудың экономикалық  және әлеуметтік жоспарлаумен  тығыз өзара байланысты және  өзара тәуелділігінде көрініп білінеді.

 Жоспарлаудың үздіксіздік  қағидаты перспективалық және  жылдық (ағымдағы ) қаржы жоспарларының  тығыз үйлесуін шамалайды, бұған  перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының  мезгілін ұзартумен және жылдық  жоспарлаудың олардың міндеттерін  нақтылаумен қол жеткізеді.

 Қаржыны жоспарлау  белгілі әдістердің көмегімен  жүзеге асырылады, олардың қатарына  жататын ең маңыздылары мыналар:

 Экстраполяция (немесе  коэффициенттер) әдісі. 

 Нормативтік әдісі. 

 Математикалық, үлгілеу  әдісі.

 Баланстық әдіс 

 Сараптық бағалаулар әдісі

 Қаржылық жоспарлауда  тарихи мына ұйымдық қағидаттар  қалыптасады: ведомстволық, салалық,  аумақтық және предметтік-мақсатты.

 Қаржы жоспарларың  жасау негізінен үш кезеңнен  тұрады: бірінші кезеңде есеп  беріліп отырылған мезгілдің  қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен  бағдарламаларының көрсеткіштері  негізінде кірістер мен шығыстардың  нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары  жасалады.

Үшінші кезеңде сметадағы  тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі.

 Қаржылық жоспарлаудың  негізгі құжаты болып келетін  қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, салалардың, аймақтардың  және жалпы мемлекеттің ақшалай  табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

 Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Жиынтық қаржы балансы  деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге  арналған дамудың жалпы мемлекеттік  болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды көрсетеді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға  салынатын салық, акциздер, кеден баждары) амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несилендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар бөлігінің  аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалынатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекттік субвенциялар): әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқы мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.

 Жиынтық қаржы жоспарлары  тек қаржы жүйесінің буындары  бойынша емес, сонымен бірге қаржы  ресурсары қозғалысының денгейі  бойынша да:  жалпы мемлекеттік  немесе жеке аймсақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

Салалық (ведомстволық) қаржы  жоспарларының жүйесі материалдық  өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен  шыгыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.

Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық, қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.

Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдык,) және перспективалық болып  бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері  бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

Бастапқы қаржы жоспарларының  саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан ұйымның қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспары.

 Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардыњ балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі: шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын.

 

      3.3. Қаржы тұтқалары

 

Әрбір экономиқалық категорияның тиісті қатынастарға сай белгіл бір  формалары мен әдістері арқылы көрінетін  өзіндік ерекшеліктері бар. Нақ  осы ұғымдар – қатынастарды іс жүзінде асыратын формалар мен әдістер – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқаратын тұтқалар ретінде көрінеді. Айрықша бөліс категориясы ретінде қаржы әр түрлі өндірілген өнімді бөлу мен қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл процесте қолданылатын құралдар – қаржы тұтқалары – ақшалай табыстар мен қорларды құрумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастарын бейнелеудің формалары мен әдістері.

     «Тұтқа»  термині техника саласынан шыққан, экономикада ол бірдеңені іс-қимылға  келтіріп, қызметті жандандыратын құрал мағынасын білдіреді. Осы мағынада алғанда термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономиқалық, соның ішінде қаржы саясатының міндеттерін анықтайтын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпал етуімен байланысты.

      Әдіс  – бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-әрекет.

Жоспарланатын түрді  өзгертетін, адамдар тарапынан ескерілетін  категориялар нақты формалар деп саналады. Нақты формалар – бұл экономикалық категорияларды іске асыру формалары. Қаржының нақты формасы (қаржы категориясы) – бюджет,соның ішінде шығыс пен кіріс арқылы жүреді.

Қаржы тұтқалары шаруашылық және қаржы механизмдерінің басқа  элементтерімен – қаржы-экономикалық нормативтермен, лимиттермен тығыз  байланыста болады. Нормативтер – шығындарды немесе ресурстарды бөлудің есеп арқылы дәлелденген шамалары, лимиттер – ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшері, бұлар қаржы жоспарында пайдалынылады.

   Қаржы  тұтқалардың бөліс процесіне  қатысу көлеміне қарай былай  деп бөлуге болады:

  • қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты (амортизациялық аударымдар, пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер) бөліске салғанда пайдаланылатын;
  • қажетті және қосымша өнімдегі құнның (халықтан алынатын салықтар, сақтық жарналары, әлеуметтік сақтандырудың жарналары, ресурстық төлемдер, пайдаға салынатын салық, жер салығы, салықтардың басқа да түрлері) қайта бөліске салғанда пайдаланатын деп екі топқа бөлуге болады.

Қаржы қатынастары барлық шаруашылық процестерді қамтиды. Осы  тұрғыдан алғанда, қаржы – экономиканы  басқарудың құралы (немесе тұтқасы). Өйткені, ол халық шаруашылығынан бастап кәсіпорынға немесе оның бөлімшелеріне дейін – белгілі бір басқару объектісіне ықпал етеді.

      Қаржы  тұтқасы, форма  ретінде (мысалы, орталықтандырылған қорлардағы  әлеуметтік қамсыздандырутүсімдері), тағы бір қаржы тұтқасы ретінде – нормативтік әдіспен ұштастырылады. Жеке алынған қаржы тұтқалары қаржы қатынастарын басқаруда біржақтылық сипатқа ие, яғни олардың көмегімен ақшалай қаржы қорлары қалыптастырылады.

Қаржылық тұтқа эффектісін (ҚТЭ) анықтауда шетел тәжірибесінен екі әдіс түрін мысал ретінде қарастырдым. Бұл тәжірибеде көрсеткендей, яғни таза табыстан төленетін міндетті төлемдердің көп болу жағдайында қаржылық тұтқа эффектісінің модификацияланған формасын қолдану өте орынды. Бұл жағдайда қаржылық тұтқа эффектісі толығымен кәсіпорынның қаржылық тәуекелін сипаттайды.

Қаржылық тұтқа эффектісін (ЭФР) анықтауда 2 әдіс қолданылады: американдық  және европалық (мен тек американдық  әдісті қарастырамын). Американдық  әдіс бойынша қаржылық тұтқа эффектісі  былай анықталады:

ЭФР=PBIT/PBT=PBIT/(PBIT-I)

Мұндағы,  PBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейін  табыс немесе жиынтық табыс.

PBT – салықтарды төлегенге  дейінгі табыс.

I – табыстан төленетін  кредиттер бойынша пайыздар сомасы.

Өз кезегінде PBIT былай  анықталады:

          PBIT=p*Q - v*Q – FC

Мұндағы, Q – натуралды  өрнектелген өктізудің көлемі;

                  p - өнімнің бір данасының бағасы;

                  v - өнімнің 1 бірлігіне есептелген  өзгермелі шығындар;

                  FC – тұрақты өндірістік шығындар  сомасы;

ЭФР – жиынтық табыстың (PBIT) 1 пайызға өзгергендегі салықты  төлегенге дейінгі табыс қандай шамаға өзгеретіндігін көрсетеді.

Бірақ, жоғарыда көрсетілген  вариантта 2 кемшілікті көруімізге болады:

  1. Бұл жерде салықты төлегеннен кейінгі табыстан төленетін басқа да міндетті төлемдер ескерілмейді. Ресейде мұндай төлемдерге жататындар: банктік кредит үшін төлем, көпетеген жергілікті салықтар, айыппұл санкциялары;
  2. Табысқа салықтың ставкасының әсер етуі ескерілмеген.

Кейбір авторлар ЭФР-ін есептеудің басқаша вариантын ұсынады. Жоғарыдағы варианттың кемшіліктерін ескере отырып олар мынадай жолды ұсынады:

ЭФР=(PBIT/PBT)* [(PBT*(1-T)/PBT*(1-T)-E)] = [PBIT/(PBT*(1-T)-E)]*(1-T)

Мұндағы, PBIT – жиынтық  табыс;

                 PBT – салықты төлегенге дейінгі  табыс;

                 T – табысқа салынатын салық ставкасы;

                 E – салық салудан кейін табыстан  төленетін міндетті төлемдердің    жиынтығы;

ЭФР-ді есептеу үшін барлық қажетті мәліметтер 2 - кестеде көрсетілген.

2-кесте

Көрсеткіш   

Факт 

Жоспар

А

1

2

PBIT 

1000000

1100000

Пайыздар сомасы                                     

200000

200000

PBT    

800000

900000

Табысқа салынатын салық  сомасы

320000

360000

Салықты шегергендегі табыс

480000

540000

Таза табыстан төленетін  мін-ті төлемдер

150000

150000

Кәсіпорын қолындағы  табыс

330000

390000


                          

Нақты мәліметтер негізінде  біз ЭФР – ді есептейміз:

ЭФР (1) = PBIT/ PBT = 1000000/800000 = 1,25

ЭФР (2) = [(PBT*(1-T)]/ [PBT*(1-T)-E)] = 480000/330000 = 1,4545

Ұсынылған модификацияланған формуланы қолдансақ:

ЭФР = [PBIT/ PBT*(1-T)-E)] *(1-T) = (1000000/330000)*(1-0,4) = 1,8181

 

Осылайша, жиынтық табыс 1 пайызға өскенде, кәсіпорындағы  қолда бар табысы 1,8181 пайызға  көбейеді. Келесі жылға жасалған жоспарда жиынтық табыс 10 пайызға өседі деп жоспарланып 1100000 теңгені құрайды. Нәтижесінде, кәсіпорынның қолында қалатын табысы: 330000*1,8181 = 390000 тг.

Осылайша, қаржылық леверидж сипаттайды – кәсіпорынның өз капиталының  құрылымын өзгерте отырып табысқа  әсер ету мүмкіндігі қаншалықты екендігін.

 

3.4 Қаржылық  бақылау

 

Қаржылық бақылау-қаржы  жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды  құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі. Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

Қаржылық бақылау мынадай  тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың  талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.

Қаржылық бақылаудың міндеттері:

-ұлттық шаруашылықтың  қорлары мен ақшалай табыстарының  мөлшері мен қаржы ресурстарын  қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;

-мемлекеттік бюджет  алдындағы қаржы міндеттемесінің  толық әрі уақтылы орындалуын  қамтамасыз ету;

-қаржы ресурстарының  өсуі, оның ішінде өзіндік құнды  төмендету және өнімнің рентабельділігін  арттыру бойынша өндірісшілік  резервтерді анықтау;

-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;

Информация о работе Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі