Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:11, курсовая работа

Описание

Курс жұмысының басты мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 301.00 Кб (Скачать документ)

Дисконт мөлшері Е=0,1. Бұл барлық жылдардағы есеп мерзіміне тұрақты саналады. Кестеде келтірліген шығындар мен қорытындалар, базистік бағада есептелінген. Дисконттірленген коэффиценті пайдалану арқылы анықтау керек:

а1=

а) күделі қаржы салу көлемін;

б) ағымдағы шығын сомасын;

в) интегралды қорытындыны (сату көлемін);

г) интегралды тиімділікті (таза дисконттелген табысты ТДТ);

д) күрделі қаржы салу табыс индексін (1т),

мұнда а1 – дисконт мөлшері

шешімі:

а) күрделі қаржы салу:

 мың теңге

Б) ағымдағы шығын сомасы:

60:1,331+60:1,4641+60:1,6106+60:1,7715=262,1 мың теңге

В) интегралды тиімділік (ТДТ):

262,1-(157,3+70,4)=34,4 мың теңге

Г) күрделі қаржы салу табысының индексі:

JT=(262,1-157,3):70,4=1,49, немесе 149%

 

Шаруашылық және қаржы  механизмдерінде қаржы – экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер – ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшері қаржылық жоспарлауда пайдаланы лады.

    Кәсіпорын  қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қорытынды кезең болып табылады.

Қаражаттың айналымда  болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталынатындығын айта кету керек.

Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарылымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ

 

3.1  Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің

ерекшеліктері

 

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент  жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера) болып бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып саналады.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші  субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім — қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.

Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.

Каржы қатынатарының  буындарына тән болып келетін  тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің  екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық  мазмұны өзінің көрінісін қаржы  ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда  табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік  және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым  қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген акша қорларын қамтиды. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталынады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады.

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік кредит;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
  • халықтың қаржысы.

      Қаржы  қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржылаға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

2005 жылғы және ағымдағы  жылдың бірінші тоқсанындағы  экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.

Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы  көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары.

2006 жылғы республикалық  бюджетті нақтылау осы жылғы  екінші жарты жылдықтан бастап  Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сәйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады.

Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптаскдн республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық қордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржылан-дырылады.

Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін  қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудын салдарынан 2006 жылға арналған республикалық  бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39,6 млрд. теңгеге азаяды./11, 257 б./

Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының  шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша  шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124,6 млрд. теңге кепілдік берілген трансферт жіберілетін болады.

ЖІӨ-нің нақтыланған  көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріс-сіз 1,4%-да қалды, ал абсолютті  мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12,5 млрд. теңгеге ұлғайды.

Бюджеттің шығыс бөлігінің  өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға  бағытталған.

2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді жасауға — 1,1 млрд. теңге, физика, химия және биология каби-неттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2,5 млрд. теңге қалыптасқан үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген.

2005-2007 жылдарға арналған  ҚР "электрондық үкімет" құрудың  мемле-кеттік бағдарламасын іске  асыру шеңберінде бірізділіктің  ұлттық тізбесін жасауға 3 млрд. теңге көзделіп отыр.

Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне сараланған зейнетақы төлемдерін арттыруға 2,6 млрд. теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға 777,9 млрд. теңге бөлінеді.

Қорғаныс министрлігіне  қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарасты-рылды. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд. теңгені немесе нақтыланған ЖІО-нің (8 725 млрд. теңге) 1,2%-ын құрайтын болады.

Қазақстанның көлік  стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын салуға қосымша 5 млрд. теңге белінеді.

"2005-2007 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасында ғарыш  қыз-метін дамыту" мемлекеттік  бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.

Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде кала бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17,4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінеді. Алматы каласын дамытуға 5,5 млрд. теңге ( үй құрылысын коса есептегенде — 8,5 млрд. теңге) бөлінетін болды.

Бұдан басқа, осы жылдың жекелеген кезек күттірмейтін проблемаларын  шешуге қаражат көзделген.

"2006 жылға арналған  республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  заңының жобасы заңнамада белгіленген  тәртіппен Қазақстан Республикасының  Парламентіне ұсынылады./10, 156 б./

 

3.2. Қаржылық  жоспарлау

 

 Қаржылық жоспарлау  мен болжау - бұл қаржы механизмінің  қосалқы жүйесі, саналы басқарудың  аса маңызды элементтерінің бірі  және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың  құрамды бөлігі. Олар экономиканың  үйлесімді және тепе-тењдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

 Қаржылық жоспарлау  — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.

 Жоспарлау:

 

1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси  және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

 қарқындылығымен (кәміл  техника мен әдістерді қолдануды  түсінеді);

 тиімділігімен (қорытындысында  қаржыны басқару қойған

міндеттерге жетудің  қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

 Қаржылық жоспарлауда  мына тәсілдемелер пайдаланылады:

 а) автоматтық (өткен  жылдың деректері келесі жылға  көшіріледі. Инфляция кезінде деректер  инфляцияның коэффициенттеріне  көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым  әдіс болып табылады және әдеттегідей  уақыт жетіспеушілігі кезінде  пайдаланылады;

 ә) статистикалық  (өткен жылдардың шығыстарын қосып,  өткен жылдардың санына бөледі);

6) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бµлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық болжау мемлекеттің  мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.

 Шаруашылық жүргізудің  нарықтық жүйесінде сонымен бірге  индикативтік, яғни ұсынбалы (нусқамалық) жоспарлау пайдаланылады; Индикативтік  жоспарлау нарықтық экономиканы  мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

     Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ - ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

      Францияның  қаржы минстрлігінің мәліметтеріне  сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

Информация о работе Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі