Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 11:26, реферат

Описание

Маркетинг- бұл тұтынушылардың қажеттілігін неғұрлым бәсекелестерінен артық орындау арқылы алынатын пайда алу жолындағы қызмет түрі болып саналады. Басқаша айтқанда маркетинг принциптерін қолдана отырып, сатып алушылардың сіздің өнімге деген қажеттіліктерін (тұтынушылардың тілек-талаптарын) анықтауға мүмкіндік береді және сізге қандай тауар (қызмет) түрін ұсыну керек екенін айқындап береді.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1 Маркетингтік жоспарлаудың мәні, мазмұны және қажеттілігі
1.2 Маркетингтік жоспарлаудың сатылары
1.3 Маркетингтік жоспарлау бағдарламасының әзірлеу әдістемесі
2 «МЗЖҚ» АҚ нарықтағы қызметін зерттеу
2.1 «МЗЖҚ» АҚ –ның қызметіне жалпы сипаттама беру
2.2 «МЗЖҚ» АҚ –ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.3 Зейнетақы қорының маркетингтік қызметін бағалау
3 «МЗЖҚ» АҚ қызметіндегі маркетингтік жоспарлауды жетілдіру бағыттары

3.1 Маркетингтік жоспарлау үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту
3.2 Кәсіпорынның қызметін стратегиялық жоспарлауды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау.docx

— 92.12 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлаудың  теориялық аспектілері

 

    1.  Маркетингтік жоспарлаудың мәні, мазмұны және қажеттілігі
    2. Маркетингтік жоспарлаудың сатылары
    3. Маркетингтік жоспарлау бағдарламасының әзірлеу әдістемесі

 

2  «МЗЖҚ» АҚ нарықтағы қызметін  зерттеу

 

2.1 «МЗЖҚ» АҚ –ның қызметіне  жалпы сипаттама беру

2.2 «МЗЖҚ» АҚ –ның негізгі  экономикалық көрсеткіштерін талдау

2.3 Зейнетақы қорының маркетингтік  қызметін бағалау

 

3 «МЗЖҚ» АҚ қызметіндегі маркетингтік  жоспарлауды жетілдіру бағыттары

 

3.1 Маркетингтік жоспарлау үрдісін  ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін  дамыту

3.2 Кәсіпорынның қызметін стратегиялық  жоспарлауды жетілдіру 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлаудың  теориялық аспектлері

 

    1. Маркетингтік жоспарлаудың мәні, мазмұны және қажеттілігі

 

Маркетинг- бұл тұтынушылардың қажеттілігін неғұрлым бәсекелестерінен артық орындау  арқылы алынатын пайда алу жолындағы  қызмет түрі болып саналады. Басқаша  айтқанда маркетинг принциптерін қолдана  отырып, сатып алушылардың сіздің өнімге деген қажеттіліктерін (тұтынушылардың тілек-талаптарын) анықтауға мүмкіндік береді және сізге қандай тауар (қызмет) түрін ұсыну керек екенін айқындап береді. Егер сіздің ұсынысыңыз бәселекесіңізден артығырақ болса сіз соғұрлым көбірек пайда табасыз, өйткені сіздің шығарған тауарыңызға сұраныс тиісінше жоғары болады. Бұл яғни сіздің бәсекелестер алдындағы тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру деңгейіңіздің артықтығын көрсетеді.

Бір сөзбен айтқанда маркетинг кәсіпорынмен тұтынушы қажеттілігінің арасын жалғастырып тұрады;

Сатып алушы өз қажеттілігін қанағаттандырып, өзіне лайықты тауарды сатып  алады;

Тұтынушыға қажетті тауарды  өткізе отырып кәсіпорын өзіне табыс  табады.

Өкінішке орай, көптеген кәсіпорындарда бұл жағдай кері көрініс тауып отыр, сатып алушыларға қажетті тиісті тауарды сатудың орынына, өндірушілер, өзінің мүмкіндіктеріне байланысты шығара алатын өнімдерін ғана ұсынады, яғни бұл жерде ол тауардың тұтынушыға қаншалықты қажет екендігін ескере бермейді. Демек кәсіпорында маркетинг қызметінің болмауы тауарды өткізу барысында үлкен олқылықтарға әкеліп соқтырады.

Сонымен, маркетинг кез-келген кәсіпорынға қажет, өйткені ол тұтынушыға қажетті өнімді (қызметті) өндіруге және оны сату арқылы пайданың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Кәсіпорын дамуының жылдық жоспарындағы маркетингті жоспарлаудың орыны

 

Шағын және орта кәсіпорындардағы маркетингтің маңызды тұстары маркетинг жоспарын анықтауға және кәсіпорын дамуының жоспарындағы алатын орынына келер болсақ.

Маркетинг жоспары- бұл кәсіпорын  дамуының жоспарын құрудағы маңызды бөлігін құрайтын құжат (ол қаржы, өндірістік және басқа да жоспарлармен қатарлас), және онда кәсіпорынның нарықтық мақсаттары бекітіліп, оларға қол жеткізудің әдістері ұсынылады.

Кәсіпорынның жылдық жоспары кәсіпорынның жалпы мақсатын айқындайды (оған нарықтық, қаржылық, өндірістік, инновациялық және қызметкерлерді басқару саласы бойынша  мақсаттар кіреді) және оған жету жолымен  әдістерін анықтайды.

Кәсіпорынның жоспарын жасау келесі схемада көрсетілген:

 

                      Сурет 1. Кәсіпорынның даму жоспарын  жасау схемасы.

 

Кәсіпорынның миссиясын анықтау

SWOT- Талдау

Кәсіпорынның жалпы мақсаттарын  және стратегиясын анықтау

 

Салалары бойынша мақсаттарын  және тапсырмаларын анықтау





 


 

Маркетинг

 

 

Өндіріс

 

 

Қаржы

 

 

НИОКР

 

Қызметкерлерді басқару

 

 

 

 

Әрекет ету бағдарламасын  жасау

 

Әрекет ету бағдарламасын  жасау

 

Әрекет ету бағдарламасын  жасау

 

Әрекет ету бағдарламасын  жасау

 

Әрекет ету бағдарламасын  жасау

 

 

 

 

Маркетингтік жоспарын жасау

 

Өндіріс жоспарын жасау

 

Қаржылық жоспарын жасау

 

НИОКР жоспарын жасау

 

Қызметкерлері бойынша жоспарын жасау



Кәсіпорынның даму жоспарын жасау


 

Қатаң бәсекелестік жағдайында тек  маркетинг ғана кәсіпорынның негізгі  қызмет функциясы болып ғана саналмайды, сонымен қатар маркетинг жоспары  да басқа жоспарлармен салыстырғанда  бірінші орында тұруы керек.

Себебі маркетинг саласындағы  шешімдер басым бағыт болып табылады, өйткені ол кәсіпорынның нені, қандай бағада  шығаратынын және оны қай жерде сату керек екенін, қалай жарнамалау керектігін айқындап береді.

Маркетинг жоспарының мазмұны басқа  жоспарлардың көрсеткіштеріне тікелей  әсер етеді (маркетинг жоспарындағы бағаны құру сұрақтары қаржы көрсеткіштеріне, жаңа өнісді жасап шығару туралы шешімдер өндірістік жоспарға);

Әрі қарай маркетинг тұтынушының  тілегімен компанияның мүмкіншілігін  жалғастыратын негізгі функция  болып есептеледі, сонымен қатар  бизнес миссиясын қалыптастыру, SWOT – талдау және кәсіпорынның жалпы  мақсаттарымен стратегиясын қалыптастыру да маркетингтің міндеті болып саналады.

Әрине сіз маркетинг жоспарын жасамас  бұрын ол істің сіздің кәсіпорыныңызға  қаншалықты пайдалы екендігін білгіңіз келеді.

Маркетинг жоспары карта іспеттес: ол кәсіпорынның қай жерде тұрғанын көрсетіп, қалай жылжып бара жатқанын және қай жерге баратынын көрсетеді.

Маркетинг жоспарының не үшін қажет  екенін білу үшін маркетинг жоспары  жоқ кәсіпорынындағы кездесетін проблемаларды қарастырамыз, және кәсіпорынның маркетинг жоспарын жасағаннан кейінгі  қол жеткізетін нәтижелерін де қарастырамыз.

 

Маркетинг жоспары жоқ жағдайда туындайтын проблемалар

 

кәсіпорында даму жолының бірнеше  нұсқалары бар, бірақ олардың  қайсысына қаржы салу керек екендігі шешілмеген;

 

қандай сатып алушыларға бейімделу  керек екендігі белгісіз;

 

өнімнің қандай түрін дамыту керек, қандай түрін жетілдіру керек, қандай түрінен бас тарту керек екендігі белгісіз;

 

кәсіпорын «секірістермен» дамиды, нақты даму бағыты жоқ.

Маркетинг жоспарын жасаудың нәтижелері

 

дамудың тартымды бағыттары таңдалып алынып, тартымсыз түрлері алынып тасталған;

 

мақсатты тұтынушылар тобы анықталған және олардың мінездемесі алынған;

 

кәсіпорынның күшті және әлсіз  жақтары анықталған – бірінші  кезекте қандай проблемаларды шешу керектігі мәлім;

 

алға қойылған мақсатқа жету үшін әрекет етудің нақты жоспары белгіленген;

 

Демек, маркетинг жоспары:

Жоспарды жасамас бұрын басшының ойындағы идеяларды кәсіпорын қызметкерлеріне жеткізіп, оны бір жүйеге салады;

мақсатты нақты белгілеп, оған жетуді бақылап тұруға мүмкіндік береді;

тұтастай кәсіпорын жұмысын  ұйымдастыратын құжат болып есептеледі;

алға қойылған мақсатқа кедергі  жасайтын артық әрекеттерді болдырмайды;

уақытты және басқа да ресурстарды  дұрыс бөлуге мүмкіндік береді;

жоспардың болуы, компания қызметкерлерінің  белсенділігін арттырады;

Жоғарыда аталғандарды қорытындылап, кәсіпорындағы маркетингті жасаудағы «жақтаушы» және «қарсы» аргументтерін тағы да саралаймыз.

 

Маркетинг жоспарын жасаудағы «қарсы»  аргументтер

Маркетинг жоспарын жасаудағы «жақтаушы» аргументтер

Маркетинг жоспарын жасауға уақыт  жоқ

Ұсынылған осы сериядағы алгоритм сатысының қысқартылған маркетинг  жоспарының вариантын жасау бірнеше  күнді қамтиды

Жасалған маркетинг жоспары  артық әрекет жасамау есебінде сіздің уақытыңызды үнемдеп, белгіленген  маркетинг жоспарындағы мақсатқа жетудегі олқылықтардың алдын алады.

 

Біз онсыз да сәтті жұмыс жасаймыз

Маркетинг жоспары болған жағдайда сіздің кәсіпорын одан да сәтті жұмыс  жасайды 

Оны қалай жасау керектігі беймәлім

Бұл статьялар сериясында маркетинг  жоспарын жасаудың белгілі алгоритмі  көрсетілген, соның негізінде сіз  кәсіпорыныңыздың  маркетинг жоспарын өз бетіңізше жасай аласыз.


  

Басқаша айтқанда, мақсатты және оған жетудің жолдарын нақты айқындау барысында жоспарланған нәтижеге кедергі  келтіретін артық әрекеттермен белгісіздіктерді болдырмау арқылы маркетинг жоспары  кәсіпорын жұмысының тиімділігін  арттыруға көмектеседі.

Экономика дамуының заманауи кезеңдерінде маркетингті жоспарлау көптеген нарыққа бағытталған  кәсіпорындарды қалыптастырады.

Маркетингті жоспарлау кәсіпорынның маркетинг мақсаттарын және оларға жету стратегиясын қалыптастыруға бағытталған  әрекеттердің логикалық жиынтығы болып  табылады.

Маркетингті жоспарлау – бұл  орасан интеллектуалды еңбек шығынын  және әр деңгейдегі басқару мамандарының қатысуын қажет ететін процесс, осыған байланысты негізгі үш принципті  сақтау керек:

  1. жоспарды жасайтын, сол жоспарды одан әрі қарай өмірге енгізетін тұлға жасауы керек;
  2. құзырлық деңгейі, кәсіпорындағы ресурстарды басқару құзырының деңгейіне сәйкес  болуы керек;
  3. жоспарлау, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзгеріп отыруына байланысты соған бейімделіп, оңтайлы етіп жасалуы керек;

Маркетинг концепциясы ұйымдастыру  мақсатына қол жеткізудің негізгі  кілті, ол бәсекелестерге қарағанда  мақсатты нарықтардың тілектерін және қажеттіліктерін анықтайтын және «қанағаттанудың» тиісті  деңгейін  және рационалдылығын  қамтамасыз етеді.

Маркетингті жоспарлау – маркетингтік мүмкіндіктермен ресурстардың бағалануы  кіретін, маркетинг мақсатын анықтайтын және енгізумен бақылау жоспарын жасаудың жүйеленген процесі.

Маркетинг жоспары – бұл нақты  маркетинг стратегиясымен байланысты ұйымның маркетинг қызметін бақылаумен енгізуді сипаттайтын жазбаша құжат  немесе жоба.

Маркетингтік мүмкіндік ол компанияның  маркетингтік әрекеттеріне бәсекелстік  артықшылық беретін тартымды сала болып  табылады.

Формалды маркетингтік жоспарлау  – тұтынушыларға бағытталуы арқылы табысқа қол жеткізген көптеген компаниялардың арасында кеңінен танылған әдіс.

Мысал ретінде ICI, Shell, Electrolux және Heineken компанияларын атасақ болады.

Маркетингті жоспарлау арқасында  олар әрқашан нарыққа және оның тенденцияларына  «бағытталып», тұтынушылардың қажеттілігімен бәсекелестерінің не істеп жатқанын біліп отырады.

Жоспарлау арқасында ресурстарды  пайдалану тиімді жүреді, және фирма  аяқ астынан болатын жағдайларда  дұрыс әрекет жасауға дайын болады.

  • Маркетингті жоспарлау тенденциялар, тұтынушылар, бәсекелестік және мүмкіндіктерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
  • Маркетингтік жоспарлау барысында компанияға неғұрлым пайдалы тұтынушыларға қызмет етуге бағытталған стратегиялар жасалынып шығарылады.
  • Жоспарлау барысындағы жасалған стратегиялар компанияның нарық қабылдайтын нақты артықшылықтарын топтастыруы керек.
  • Әрекеттер бағдарламасы – маркетинг-микс – жасалған стратегияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Бағдарламаны орындауға барлық қажетті ресурстар топтастырылады.

   Кейбір компанияларда жоспарлаудың  үш немесе бес жылдық циклы  қолданылады. Көбінесе мынадай  схема пайдаланылады:

Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау