Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 00:04, курсовая работа
Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық «тауашаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай- ақ біздің экономикамызға қатысушуларды жан– жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы иіндеттер бағдарламалары болуы керек.»
КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
1. МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
1.1 Тауар және оның ассортименті ..........................................................................5
1.2 Тауардың өмірлік циклін зерттеу……...............................................................6
2. БК «БЕККЕР ЖӘНЕ К» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАУАР САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.1 БК «Беккер және К°» ЖШС жалпы сипаттамасы мен тауар саясаты …....10
2.2 БК «Беккер және К°» ЖШС маркетингтік қызметін зерттеу .......................16
3. ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ ........................................................................26
3.1 Тауардың өмірлік циклін зерттеу .....................................................................26
3.2 Маркетингтегі тауар белгісі және тауардың өмірлік циклі ...........................33
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................42
Сонымен қатар компания төмендегі жабдықтарды Германиядан жеткізеді:
Медициналық саймандар және барлық түрдегі жабдықтар, емханаларға арналған барлық жабдықтар, тіс протездеуге және емханаға арналған жабдықтар;
Жинақтау цехтары мен ғимараттар;
Жылына 1000-нан 20000-ға дейін гектолитр өндіруші кешендік сыра қайнатушы зауыт;
Етті қайта өндіру өндірісіне арналған кешендік жабдық;
Кешендік мал соятын цехтар;
Нан пісіретін жабдықтар мен машиналар.
«Пруссия» мерамханасы жайлы
«Пруссия» мейрамханасында 120 орындық үш зал: «Орталық зал», қалталы азаматтарға арналған (для VIP – персон) «Қонақасы залы» және қонақасы мен салтанатты кештерді өткізуге ыңғайлы «Каминді залы» бар. Жаз айларында 180 орындық жазғы алаң жұмыс істейді. Мейрамхананың өзінің қолайлы көлік тұрағы бар. Мейрамхана ескі неміс стилінде безендірілген және неміс керуен сарайын елестетеді.
Мейрамханада балаларға арналған ерекше ас мәзірі дайындалған және төрт бұрыштар, бояулар, қарындаштар, алтыбақандар сияқты арнайы ойын түрлері қарастырылған.
Беккер өнімдері
|
|
| |||||||||
|
|
| |||||||||
|
|
| |||||||||
|
|
|
Сурет 2. Впароарою.
Дерек көзі:
БК «Беккер және Ко» ЖШС-нің қызметінің негізгі арнасы етті қайта өңдеу өндірісі болып табылады. Мұнда күніне 10 тонна шошқа, жылқы, сиыр, қой және құс еті өнімдер өндіріледі. Өндірілген өнімнің түр жиыны 100-ден аса атаудан тұрады, олар: піскен шұжық, жіңішке шүжекеңдер, шұжықандар, жартылай қақталған шұжықтар, пісіріп-қақталған, ветчиналар, шикілей қақталған женсік ас, және пісіріп-қақталғандар, сондай-ақ салқындатылған еттің шала өнімдері.
Етті қайта өндіру цехы кәсіпорын мамандары шығарған рецептура бойынша өнімнің ауқымды түржиынын шығарады: «Аппетитная», «Городская», «Бутербродная» шұжықтары, «Лионские» шұжығы, «Конские» шұжықандары, «Ганноверские», «Берлинские», «Кнакер Деревенский» шұжықандары және тағыда басқа.
Неміс технологиясы бойынша өндірілген өнімдерге сұраныс жоғары: «Ветчинная к пиву» пісірілген шұжығы, «Венские» шұжықтары, «Баварские», «Рейнские», «Нюрнбергские» қуыруға арналған шұжықтары, «Касло» өнімдері.
Жылқы етінен жасалатын «Қазы», «Жал», «Жая», «Сүр ет», «Қарта» сияқты ұлттық тағамдарды өнеркәсіпті түрде өндіру игеріледі. Қой етін жақсы көретіндерге компания «Южный» шұжығын ұсынады.
2009-2011 жылдары етті қайта өндіру цехының түржиыны 20-дан аса атауға толықты, соның ішінде тауық еті, ақжелкен және сарымсақ қосылған жылқы ветчинасы, пісіріп-қақталған тауықтар, сондай-ақ күркетауық етінен жасалатын жеңсік ас өнімдері және орамалардың мол жиыны бар. Барлық өнімнің өзіне ғана тән дәмі, хош иісі бар және жақсы сіңімділігімен ерекшкленеді, ал ең басты ерекшелігі жоғары сапа, ол кез келген талғампаз тұтынушының талаптарын қанағаттандырады.
2009 жылы балаларға арналған жаңа түржиын өнімдері игерілді. Олар: шүжекендер, «Детские Баккеренок» шұжықандары, пісірілген шұжық және «Детские Баккеренок» ветчинасы. [6]
Компнаия қызметінің өзге арнасы «Becker Bier» ақшыл және қошқыл сыраларын өндіру болып табылады. Сыраны өндіруге Германиядан әкелінетін шикізат (уыт, құлмақ, ашытқы) және су пайдаланылады. «Becker Bier» сырасы «жанды», консервантсыз және пастерленбеген, жарамдылық мерзімі 9 тәулік. Сыра классикалық неміс технологиясы бойынша «Kasper Schulz» фирмасының кешенді құрылығысында өндіріледі. Барлық технологиялық процестер автоматты жүйеде орындалады және арнайы компьютермен бақыланады.
Сыра жақындастырып, бос уақытты жайлы өткізуге көмектеседі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңіл және қолайлы етеді. Саптаяқтағы жаңа, таза сырадан Сіз жаңа күш-қуаттың артуын сезесіз. Өз өндірісіңізде көпғасырлық сыра қайнату дәстүрі мен неміс технологиясын қолданудан, біз ерекше бал дәмімен хош иісті, жаңа, сергітетін сусын аламыз. Егер сіз «Becker Bier» сырасын татып көрсеңіз, онда Сіз нағыз неміс сырасын ішіп көрмегеніңіз!
2.2. БК «Беккер және К°» ЖШС маркетингтік қызметін зерттеу
БК «Беккер және К°» ЖШС-нің маркетингтік қызметі:
Міндет:
Табиғи өнімдерді тұтыну дәстүрін сақтау.
Нәтиже:
Табиғи өнімдер өндіру мен сатудың аймақтық көшбасшысы болу. [7: 4б]
Құндылықтар:
1. Жұмыс орнының тазалығы.
2. Бизнес жүргізудегі адалдық.
3. Қызметкерлердің іске барынша тартылуы және бірлесіп жұмыс істеу рухы.
4. Барлық мүдделері тараптармен өзара тиімді қарым – қатынас жасау.
5. Жан – жақты ізденіс.
6. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сапасы.
БК «Беккер және К°» ЖШС маркетинг бөлімінің қызметі.
1 бап. Жалпы атқаратын қызметтері
1. Маркетинг бөлімі маркетинг директорына бағынады және ЖШС «Немецкий двор» құрылымдық бөлімі болып бөлінеді.
2. Маркетинг бөлімінің директоры болмаған жағдайда оның жұмыстарын атқаратын, генералды директор тағайындаған адам болады.
3. Маркетинг бөлімінің директорына жоғарғы оқу орнын бітірген, осы салада 5 жыл еңбек өтілі бар адам ғана тағайындалады.
4. Маркетинг бөлімінің директоры келесілерді білу керек:
1) Заңды акттерді, бұйрықтарды және басқа да кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметіне қатысты нормативті және басқарылатын құжаттарды;
2) Маркетинг және жарнама бөлімі саласындағы заңды актілерді, сондай–ақ статистикалық жұмыстармен, қаржылық және бухгалтарлік есеп жұмыстарымен, компьютермен жұмыс тәжірибесі болуы;
3) Экономика негіздері, еңбек ұйымдары, өндіріс жұмыстары;
4) Отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесі болуды;
5) Іштегі жұмыс тәртібінің режесі;
6) Еңбек заңын және еңбек күзеті туралы;
7) Қоршаған ортаны күзету саласында заңды және нормативті талаптарды;
8) Қауіпсіз жағдайлардағы әрекет ережелерін;
5. Маркетинг бөлімі жетекшілік жүргізді:
Қазақстан Республикасының заңымен қызмет ететін Халықаралық Акттермен; кәсіпорынға енгізілген ISO халықаралық стандарттарымен, стандарттау бойынша нормативті құжаттармен; кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен, Миссиясымен; сапасы бойынша саясатымен, мақсаттарымен; құрылымдық ұйым туралы қызметтері; кәсіпорынның бұйрықтарымен, сондай-ақ нақты Қызметтермен. [7;9б]
6. Маркетинг бөлімінің қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
1) Тұтынушылардың күтімін қанағаттандыру және осы күтімдерді болжау.
2) Мақсат бірлігін қамтамасыз ету және бөлім қызметін жолдамалау, ішкі ортаны тапсырмаларды сапалы түрде қабілетті етіп шығару.
3) Барлық бөлім жұмысшыларына берілген тапсырмаларды орындату.
2 бап. Бөлімшелер функциялары.
Маркетинг бөлімінің басшысы бөлімше қызметін оған қойылған функционалды міндеттерін, тапсырмаларды іске асыруға міндетті.
1. Сапа жағында мақсатты өткізу және бөлімше дәрежесінде экологиялық мақсатты өткізу.
2. Кәсіпорынның перспективті дамуын шешу мәселесі
3. Менеджменттің ISO стандарттары мен кәсіпорынға байланысты интегрленген жүйесін талап етуін орындау.
4. Сұранысты талдау, тұтынушылардың талабын білу, тұтынушылардың қанағаттануына мониторинг жүргізу, сату көлемін ұлғайту үшін потенциалдық мүмкіндік іздеу жүргізу.
5. Тұтынушылық құрылым анализі және тұтыніушылық сұраныс пен нарық коньектурасын болжау негізінде маркетинг саясат жұмысын кәсіпорында орындау.
6. мақсатты нарық дамуының динамикасын нарық коньектурасының материалдарын қолданумен және тұтынушылық сұранысты, бәсекелестік қызметті болжаумен жиі анализдеу және т.б.
7. Нарыққа жаңа өнім өткізу бойынша маркетингтік жоспар жұмысын орындау.
8. Перспективті және ағымдағы жоспарларды құрастыруға және өнім өткізуге қатысу, жаңа нарық шығынын анықтау және жаңа өнім тұтынушыларын анықтау.
9. Бренчмаркинг жүргізу.
10. Бүкіл тауар ассортименті бойынша сату көлемінің өзгеруін анализдеу, сату көлемі бойынша және ассортимент кеңеюі бойынша сәйкес келетін маркетингтік шешім дайындау.
11. Тұтынушылардың кәсіпорын орны туралы және оның бәсекеге қабілеттігін және сапасын көтеру бойынша ұсыныс дайындығын ұйымдастыру.
12. Тұтынушылардан түскен жарнамалау мен ойларын бақылауға алу.
13. Басқа бөлімдермен бірлесіп, техникалық, экономикалық өзгеруі бойынша және өткізуді ынталандыруды жақсарту мақсатында ұсыныстарды жасап шығаруға қатысу.
14. Жоспарлы экономикалық бөлімшемен бірігіп, баға құру сұрақтары бойынша ұсыныстарын жасап шығару.
15. Маркетингтік шараларды өткізудің тиімділігін талдау.
16. Жасалған жұмыстар бойынша есеп құрастыру.
17. Маркетинг бөлімінің қызметінің әдісі мен формаларын жетілдіру туралы шешім қабылдау.
18. Дайын өнім дегустациясына қатысу.
19. «5S» жүйесі бойынша жұмыстары қағидаларын сақтауын бақылау.
20. Ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалану туралы жұмыс жүргізу.
21. Қауіпті жағдайларға жіберілетін жұмысты жүргізу.
22. Қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтуды қамтамасыз ететін жұмыстың жаңа әдісін енгізу бойынша жұмыс жүргізу.
23. Өндірістік үрдістерді жиі жақсарту бойынша жұмыс жүргізу.
24. Менеджмент жүйесінің интегрленген талаптары мен персоналды оқытуды жүргізу.
25. Еңбек күзеті, санитарлы-гигиеналық нормасы мен ережесін сақтау талаптары бойынша қамтамасыз ету.
26. Коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз ету.
27. Ескертулер (У.ОКК 007000) талаптарын орындау.
3 бап. Бөлімнің жұмысының негізгі көрсеткіштері.
Жоқ (отсутствует)
5 бап. Қойылған мақсаттар мен тапсырмалардың өтімділігі үшін маркетинг бөлімінің басшысына мынандай құқық беріледі:
1. Бір жерден басқару қағидасында бөлімге жетекшілік жасау.
2. Жұмысқа кіретін ақпаратты өндірістің құрымдылық бөлімдерінен алу.
3. Құрымдылық бөлім жетекшілері келісімімен біріккен жұмыс үшін жұмысшыларды қызықтыру.
4. Біріккен қызметке әсер ететін орындалмаған, сапасыз және өз уақытында жасалмаған жұмыстары үшін бөлім құрылымына шағым білдіру.
5. Бөлім қызметіне қатысты бұйрықтарды, жоспарларды және басқа да іштегі құжаттарды келістіру.
6. Нарыққа жаңа өнім енгізу бойынша, баға құруға немесе өнім өндіруді қысқарту бойынша маркетинг директорына ұсыныстар енгізу.
7. Жұмысшылардың орын ауыстыруы немесе бөліну міндеттерінің қойылымы туралы маркетинг директорына ұсыныстар кіргізу.
8. Өндіріс қызметінің жақсаруы туралы маркетинг директоына ұсыныстар кіргізу.
9. Бөлім компентациясына кіретін сұрақтарды қарастырғанда сәйкес келетін ұйымдарға өндіріс мүддесін ұсыну.
6 бап. Жауапкершілік.
Маркетинг бөлімінің басшысы келесі жауапкершіліктерді өзіне алады:
1. Бөлімге берілген өз уақытында жасалмаған және сапасыз орындалған негізгі тапсырмаларды.
2. Еңбек дисцеплинасын орындамауды.
Информация о работе МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ