МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 00:04, курсовая работа

Описание

Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық «тауашаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай- ақ біздің экономикамызға қатысушуларды жан– жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы иіндеттер бағдарламалары болуы керек.»

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3



1. МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ



1.1 Тауар және оның ассортименті ..........................................................................5

1.2 Тауардың өмірлік циклін зерттеу……...............................................................6



2. БК «БЕККЕР ЖӘНЕ К» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАУАР САЯСАТЫН ТАЛДАУ



2.1 БК «Беккер және К°» ЖШС жалпы сипаттамасы мен тауар саясаты …....10

2.2 БК «Беккер және К°» ЖШС маркетингтік қызметін зерттеу .......................16



3. ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ ........................................................................26



3.1 Тауардың өмірлік циклін зерттеу .....................................................................26

3.2 Маркетингтегі тауар белгісі және тауардың өмірлік циклі ...........................33



ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................41



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................42

Работа состоит из  1 файл

Тауардың өмірлік циклі АБК 2012-0.doc

— 620.50 Кб (Скачать документ)

3.           Еңбек күзеті мен санитарлы-гигиеналық нормалар мн заңдар талабын сақтамау.

4.           Заң қызметін бұзушылық.

5.           Коммерциялық құпияны ашу.

7 бап. Басқа құрымдылық бөлімдермен біріккен қызметі.

1. ЖШС «Немецкий двор» генералды директорымен:

1) тапсырыс алады;

2) келісім, бұйрық проектісі, есептер, шоттар, жоғары деңгейлі шешімді талап ететін   сұрақтар ұсынады;

  2. ЖШС «Немецкий двор» маркетинг директорымен:

1) тапсырыс, бекітілген құжаттар алады;

2)бұйрық проектісі, келісімге басқа құжаттар, есептер, қызметтік хаттар,тапсырыстар,     аналитикалық  материалдар, жоғары деңгейлі шешімді талап ететін сұрақтар ұсынылады;

   3. ЖШС «Немецкий двор» -дың барлық құрылымдық бөлімдерімен:

1) Тұтынушылардың шағымдары туралы ақпарат алу, консультациялар, претензиялар  ұсынылады.

2) Консультациялар, ұсыныстар, претензиялар беріледі.

4. ЖШС «Немецкий двор»  сату бөлімімен:

1) Маркетингтік шараларды өткізуге, жаңа сату орындары ашылуы туралы ақпараттар алуға, маркетингтік жоспарларды құруға ақпараттар алуға, маркетингтік акцияны жетілдіру бойынша ұсыныстар, түнгі уақытқа мамандарды шақыруға қатысады.

2) Өткізу жүйесін жетілдіру бойынша, маркетингтік шаралар жүргізуге ақпараттар алуға, тұтынушылардың талаптары, күтімі, қанағаттануы туралы ақпараттар, маркетингтік компанияларды өткізу шешімі туралы, түнгі уақытқа мамандарды шақыруға тапсырыстар ұсынылады.

5. ЖШС «Немецкий двор» жарнама бөлімімен:

1) Сату жүйесін жетілдіру бойынша, жарнама шаралары туралы ақпараттар алуға, тұтынушылардың күтуі мен қанағаттануы туралы, маркетингтік жоспарлар жасау үшін ақпаратты жарнама компанияларының өткізу шешімдері туралы ұсыныстар алады.

2) Жарнама компанияларының жетілдіруі мен кеңеюі бойынша, маркетингтік зерттеу жүргізу шешімі туралы, жасап шығару жайлы ақпарат және өнімнің жаңа түрін енгізу туралы ақпараттар ұсынылады.

6.             ЖШС «Немецкий двор» бақылау бөлімімен:

1)            Сауда мекемелері және ФТТ- ны тексеру шешімі туралы ақпарат алады.

2)            Тұтынушының күтімі, қанағаттануы, талаптары туралы ақпараттар ұсынылады.

7. Б БК «Беккер және К°»  ЖШС заң бөлімімен:

1) Заңды актілерді қабылдайды; кәсіпорынның құқықтық қызметінің сұрақтары бойынша талап етілетін құжаттар мен түсініктемелер; құрастырылған келісімшарттар,келісуге арналған келісімшарттар, заң бөлімінде тіркелген қорытындылардың көшірмелері; сот жұмыстарыменшағымдарды қарастырудың шешімдері;

2) Қорытындылар ұсынады; құжаттарды тексеруге және қорытындыға дайындау үшін бұйрық жоспарлары, құрылымдар, міндеттемелер, келісім-шарттар және басқа да құжаттар ұсынады; шағымды дәлелдеу үшін ұрлық негізі бойынша материалдар мен құжаттар;анықтама қағаздары, қорытындылар, есептер мен басқа да құжаттар немесе оның көшірмелері;

8. БК «Беккер және К°»  ЖШС  сапа бақылау бөлімімен:

1) Маркетингтік зерттеу жүргізу кезінде ұсыныстар мен көмек алады; тұтынушылардың ұсыныстары мен шағымдары туралы ақпарат алады;нормативті және санитарлы-гигиеналық талаптарды бақылау;

2) Тұтынушылардың талаптары, күтімі және қанағаттануы туралы ақпарат ұсынады; Стандарттау бойынша нормативті құжат алуға тапсырыстар, өнімнің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар; өндірістік жарақат бойынша ақпарат; емханалық қағаздар ұсынылады;

9.  БК «Беккер және К°»  ЖШС  медициналық қызметпен:

1) Дәрігерге дейінгі көмек ұсынылады; жұмысшылардың уақытша жұмысқа қабілетсіздігі туралы мәлімет; емделуге жолдама алады;

2) Емханалық қағаздар ұсынылады; өндірістік жарақат туралы ақпарат ұсынылады;

10.  БК «Беккер және К°»  ЖШС  жүйелік менеджмент бөлімімен:

1) Менеджменттің интегрленген жүйесі бойынша құжаттар ұсынылады; нормобақылау; ішкі аудит; маркетингтік жоспар жасау бойынша ұсыныстар; шет тілінен аудару;

2) ISO 9001:2000 және  ISO 14001:2008 халықаралық стандарттарына сәйкес тексеру үшін менеджменттің интегрленген жүйесі құжаттарын ұсынады; тұтынушылардың талаптарын, күтімін және қанағаттануы туралы ақпарат;

11. БК ЖШС«Беккер және К» генералды директор хатшысымен:

1) Генералды директормен бекітілгн құжаттарды алады; электронды пошта бойынша корреспонденттік қабылдау мен жіберу; факс жіберулерін; ішкі және сыртқы телефон байланысын; ақпараттарды;

2) Генералды директор бекітуі бойынша құжаттарды ұсынады  электронды пошта бойынша корреспонденттік қабылдау мен жіберу; факс жіберулерін; ішкі және сыртқы телефон байланысын; ақпараттарды;

Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстардың болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

Функционалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген (7-сурет).

Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды.

Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән.

Функционалдық құрылым қағидасы маркетингтік ұйымдастырудың барлық басқа формалары үшін негіз болып табылады.

7-сурет. Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы.

 

 

 

Сурет 3. прнн

Дерек көзі: [1;75б]

 

 

Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:

             Басқарудың қарапайымдылығы.

             Басқару процестерінің мамандануы мен стандартталуы шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады.

             Қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді.

             Басқару функцияналарында қайталану болмайды.

Кәсіпорындағы маркетингті функционалдық ұйымдастырудың кемшіліктері:

             Басқару шешімдерің үйлестіруде кездесетін қиыншылықтар;

             Тауарлар сапасына жеткілікті мән берілмейді;

           Жаңа енгізулерге жылдам бейімделмейді;

             Фирманың жалпы мүддесімен салыстырғандағы эгоизм мен жеке мүдделердің болуы.

Маркетингті тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтік құрылымның бұл түрін қолдану өндіріспен өткізудің арнайы шарттарын талап ететін өнім ассортименті мен өткізу көлемі үлкен кәсіпорындар үшін тиімді. Тауарлық ұйымдастыруда маркетинг бөлімі тауар немесе тауар топтары бойынша құрылады. Тауар жөніндегі менеджер тауардың әр түрі бойынша барлық маркетинг кешенін үйлестіріп, туындаған мәселелерді өз уақытында шешеді. Тауарлық ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруға қарағанда, үлкен шығындарды талап етеді. Сондықтан да ұйымдастырудың бұл формасы әр тауардың сату көлемі жұмыс барысында кездесетін ұқсастықтардың шығындарын ақтайтын дамыған елдердегі ірі диверсификацияланған компанияларда таралған. Ұйымдастырудың мұндай түрінде барлық тауарларға қатысты жалпы функциялар басқарудың жоғары эшалондарында жүргізіледі (8-сурет).

 

        8-сурет. Маркетингті басқарудың тауарлық құрылымы

 

 

[1;76б]

 

Маркетингтің тауарлық ұйымдастырудың формасының артықшылықтары:

           Тауар бойынша маркетинг кешенін оңтайландыру мүмкіндігі;

           Тауар бойынша туындаған мәселелерді лайықты үйлестіріп, шұғыл әсер етуі;

           Сыртқы орта жағдайына жақсы бейімделу;

   Маркетингтің тауарлық ұйымдастыруының  кемшіліктері:

           Міндетті іс-қимыл құрылымымен салыстырғанда едәуір қымбат;

           Тауар бойынша сарапшы бола тұрып,  менеджерлер міндетті қызмет аясын ескермейді;

           Тауарлық топ қызметкерлерінің әрі тікелей басшыларына да, әрі функционалдық қызмет басшыларына да екі жақты бағынуы туындаған мәселелерді жедел шешуді қиындатады.

Маркетинг қызметін ұйымдастырудың нарықтық үлгісі  әр түрлі нарықта тұтынушылардың қалауы бірдей емес, ал тауарлар арнайы қызметті талап ету жағдайында қолданылады. Бұл формада маркетинг қызметі тұтынушылар типі немесе нарық сегментіне байланысты ұйымдастырылады. Нарық сала ретінде және бір текті тұтынушылар сегменті түрінде де болады. Мысалы, дербес компьютерлер жеке тұтынушыларға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелер сияқты бірнеше нарық сегменттерінде сатылуы мүмкін.

Маркетинг қызметін ұйымдастырудың нарықтық үлгісі маркетинг қызметінің тауарлық бейімделу жүйесіне ұқсас. Нарықпен жұмыс жасайтын менеджер өткізу мен басқада іс-әрекеттер бойынша жылдық және келешектегі жоспарларды дайындауға жауап береді. Оның негізгі артықшылығы – фирманың маркетингтік әрекеті нарық сегменттерінің ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Маркетингті нарықтық ұйымдастырудың артықшылықтары:

                   өз тұтынушылардың талғамы мен қажеттілігін жақсы білу;

                   нарық ерекшелігін ескере отырып сенімді болжау жасау.

Кемшіліктері:

                   міндетті іс-әрекеттің қайталануы,

                   жұмысқа икемділіктің жоқтығы;

                   күрделі ұйымдық құрылым;

                   тауар ассортиментін нашар білу.

Маркетингті географиялық принцип бойынша ұйымдастыру.  Ірі компаниялар кеңейтілген нарыққа өнім шығарғанда маркетинг қызметі географиялық принцип бойынша ұйымдастырылады. Мұндай құрылымдарды тауарға әр түрлі талап қоятын аймақтарда үкен өткізу ауданы бар кәсіпорындарда қолдануға болады. Бұл жағдайда өткізуді басқаратын басты және оған бағынатын аймақтық басқармалар құру арқылы ұйымдастыруға болады.

Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі бір аймақтағы тұтынушылар қажеттіліктерінен ерекшеленгенжағдайда тиімді болып саналады. Сонымен қатар ол өткізу нарығы аймағына өткізу стратегиясы тәжірибесін тиімді жүзеге асыруға және ең аз шығынмен тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Мұндай ұйымдастырудың негізгі басымдылықтары – шығындардың аз болуы және өз тұтынушыларымен жақсы байланыста болу. Ал кемшіліктері: қайталану мен қызметті үйлестіру проблемалары.

Маркетингті ұйымдастырудың аралас түрі. Көптеген кәсіпорындар өзінің маркетинг бөлімін аралас түрде құрады. Бұл жағдайда функционалды тауарлық, функционалды – нарықтық, тауарлы – нарықтық және функционалды – тауарлы – нарықтық сияқты жоғарыда қарастырылған маркетинг қызметін құру қағидалары негіз болады.

Маркетингті матрицалық ұйымдастыру. Кем дегенде екі белгімен негізделеді. Матрицалық құрылымның мысалы ретінде маркетингті бағдарламаны және функционалды ұйымды немесе менеджмент – жобасы мен өнім бойынша басқаруды айтуға болады. Матрицаның әрбір бөлігі екі бөліктен тұрады (9-сурет). Маркетингті матрицалық ұйымдастырудың басты артықшылығы: ақпараттың шоғырлану есебінен қызметтің өте жақсы үйлестіруі. Ал кемшіліктері: орындаушы  жауапкершілігінің төмендігі, құзыретке байланысты дау – тартыстар, тәртіпсіздіктер.

Кәсіпорынға қажет маркетингті ұйымдастыру формаларын дұрыс таңдау оның тиімді жұмыс істеуінің алғышарты болып табылады.

Ұйымдық құрылым формасын  таңдағанда, кәсіпорын мынадай  қағидаларды ескеруі қажет:

                   өте қарапайымдылық. Басқарудың күрделі жүйесі икемділік пен ілкімділікті жоғалтуға әкелуі мүмкін.

                   Басқару құрылымының аз топтастырылуы. Басқару шешімдерін шұғыл қабылдауға мүмкіндік беретіндей аз сатылы болуы қажет.

                   Бөлімшелер арсындағы байланыс жүйелерінің тиімділігі.

                   Орындалатын қызметтердің нақтылығы және өзгерістер кезеңінде олардың орындалуға ыңғайлылығы.

 

9-сурет. Маркетингті басқарудың материалдық құрылымы.

 

Ұйымдық құрылым формасын  таңдағанда, кәсіпорын мынадай  қағидаларды ескеруі қажет:

             өте қарапайымдылық. Басқарудың күрделі жүйесі икемділік пен ілкімділікті жоғалтуға әкелуі мүмкін.

             Басқару құрылымының аз топтастырылуы. Басқару шешімдерін шұғыл қабылдауға мүмкіндік беретіндей аз сатылы болуы қажет.

           Бөлімшелер арсындағы байланыс жүйелерінің тиімділігі.

             Орындалатын қызметтердің нақтылығы және өзгерістер кезеңінде олардың орындалуға ыңғайлылығы.

Маркетинг мәселелері тек қана экономиканы ғана емес сондай – ақ психологиямен әлеуметтану аумағын да қамтиды. Сондықтанда  маркетинг бойынша маман мәдениетті, адамгершілігі мол және тиянақты болуы қажет.

Кәсіпорында жаңа тауарды шығарудан бастап тұтынушыға өткізуге дейінгі барлық маркетинг ткешенінің функцияларын орындайтын маркетингті басқару құрылымын құру қажет. Бұл құрылым кәсіпорын қызметінің тиімділігіне бағытталып, ары қарай қарыштап дамуына жағдай жасау қажет.

Информация о работе МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ