Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.
Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80
1992 жылы сақтандыру
туралы Қазақстан Республикасы
заңының қабылдануынан кейін
Бұл заңның барлық дұрыс жақтарын есептей отырып,біршама кемшіліктері болды:
1994 жылы 19 сәуірінде «сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту бойынша ұйымдастыру – құқықтық шаралары » Президенттің жарлығымен сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілді.Бұл жарлыққа сәйкес сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық алу үшін 2 млн теңгеден кем емес жарғылық капиталға ие болу қажет болды.Бұдан басқа сақтандыру компанияларына өз қызметтерінен басқа қызметтермен айналысуға шек қойылды.Нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 53-ке дейін азайды. 01.01.2000 жылы 70 сақтандыру ұйымы өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензиялары бар еді. Алайда 2000 жылдың аяғында тек 42 ұйым ғана сақтандыру келісім шартын жасасқан болса, 2011 жылдың басында 38 сақтандыру ұйымының қызмет етуге лицензиясы болды:
1. |
«Альянс Полис» СК” АҚ |
2. |
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» Сақтандыру компаниясы» "Kaspi Bank" АҚ-ның Еншілес компаниясы" АҚ |
3. |
«АСКО» СК» АҚ |
4. |
«Алатау» СК АҚ |
5. |
"БТА Банкінің еншілес |
6. |
“БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ |
7. |
"Trust Insurance" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы |
8. |
"Виктория" СК» АҚ |
9. |
«КазЭкспортГарант» Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ |
10. |
"Евразия" Сақтандыру |
11. |
"Астық сақтандыру компаниясы" Акционерлік Қоғамы |
12. |
"ДСжМСҚК "Интертич" АҚ |
13. |
«Халық- Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ |
14. |
«Мемлекеттік аннуитеттік |
15. |
"Қазақмыс" СК” АҚ |
16. |
«Казкоммерц-Полис» СК» («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұымы) |
17. |
"Коммеск-Өмiр" СК" АҚ |
18. |
"БТА Банкі" АҚ еңшілес ұйымы СК "Лондон-Алматы" СК " АҚ |
19. |
«Нұрбанк» АҚ еншілес ұйымы «Нұрполис» СК” АҚ |
20. |
"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ |
21. |
“НОМАД Иншуранс”СК” АҚ |
22. |
"Пана Иншуранс" СК" АҚ |
23. |
"САЯ" СК” АҚ |
24. |
"СЕНТРАС ИНШУРАНС" СК АҚ |
25. |
"ТрансОйл" СК» АҚ |
26. |
"Цеснабанк" АҚ ЕҰ "Цесна Гарант" Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы "Сақ Иншуранс" СҚ" АҚ) |
27. |
"ЦАСО" СК" АҚ |
28. |
"ЭкоПолис"СК” АҚ |
29. |
"Чартис Қазақстан Сақтандыру Компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы - «ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру компаниясы» АҚ) |
30. |
«Қазақстан Халык Банкі |
31. |
«Казкоммерц-Life» ӨСК» («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес ұымы) |
32. |
Өмірді Сақтандыру Компаниясы "GENERALI LIFE" "Assicurazioni Generali S.p.A." еншілес компаниясы» АҚ (бұрынғы атауы - «Өмірді Сақтандыру – Қазақстан Чех Сақтандыру Компаниясы, «Чешска поиштовна» АҚ еншілес компаниясы» АҚ) |
33. |
"Amanat Insurance" СК" АҚ |
34. |
«Allianz S.E.» Еуропалық Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» (Альянз Қазақстан) С К» АҚ |
35. |
"Архимедес Қазақстан" МСК" АҚ |
36. |
"Астана-Финанс" Сақтандыру компаниясы" АҚ |
37. |
"Астана-Финанс" Өмірді Сақтандыру компаниясы" АҚ |
38. |
"Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ |
Шығыскөзі: www.afn.kz ҚҚА сайты.
Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуында шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер маңызды болып табылады. «Сақтандыру қызметі туралы » Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы териториясында Қазақстан Республикасының резидент еместері сақтандыру ұйымдарын және қайта сақтандыру ұйымдарын сонымен қатар резидент емес сақтандыру брокерлеінің филиалдары мен өкілеттіліктерін ашуға рұқсат етілмейді. Мұндай филиалдардың қызметіне бақылау жасау өте қиын,және тек қана сыртқа ақша аудару көздері болуы мүмкін.
18-тақырып: Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар
1. Банктік емес ұйымдардың несие беруі. Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері.
2. Ломбардтардың қызметі.
3. Арнайы мамандандырылған банктердің қызметі. Қазақстандағы Даму банктерімен инвестициялық жобаларды несиелеу. Қазақстандағы Тұрғын үй-құрылыстық жинақ банкінің қызметі.
Экономиканың жекелеген салаларында қызмет ететін қаржы институттарына несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар және т.б. жатады.
Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуде елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Мұндай мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге мүмкіндіктері бар.
Құрылтайшылық келісімшарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зияндар тәуекелін көтереді.
Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді.
Ол коммерциялық ұйым бола отырып, тиісті мемлекетті органның лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тиым салымбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісімшарт және жарғы болып табылады.
Құрылтайшылық келісімшартта ҚР заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:
Жарғыда ҚР заң
актілерімен қарастырылған
Қаржы нарығындағы үлкен бөлікті әр түрлі қаржылық компаниялар алады. Олар коммерциялық банктерден қол жетерлік және арзан несие ала алмайтын жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сонымен қатар лизингтік несиелерді беруге негізделеді. Көбіне қаржылық компаниялар несиелерді жоғары деңгейлі тәуекелмен береді. Бұл ұйымдардың қаражаттары банктік несиелер есебінен, коммерциялық қағаздарды сатудан, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерді эмиссиялау есебінен қалыптастырылады. Олардың капиталының негізгі бөлігі — қарыз қаражаттары. Олардың меншік капиталына деген арақатынасы 10:1. Қаржылық компаниялардың көптеген депозиттік институттардан айырмашылығы — олар ұсақ депозиттерді тартпайды.
Қаржылық компаниялардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы әр түрлі болуы мүмкін: жеке меншік құқығындағы корпорациялар, ашық акционерлік коғамдар, сонымеы қатар еншілес кәсіпорындар, толығымен өндірушілер, коммерциялық банктердің холдингтік компаниялары, өмірді сақтандыру бойынша компаниялар немесе басқа да корпоративті меншік иелері толық ие болатын кәсіпорындар.
Қаржылық компанияларды былайша бөлуге болады:
Ломбард дегеніміз қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды тұлғаны, коммерциялық ұйымды білдіреді. Ломбард мынадай опсрациялармен айналыса алады:
Ломбардтық, лизингтік операцияларды, бағалы металдары мен асыл тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды жүргізуге арналған тиісті мемлекеттік органның лицензия беріледі.
Сейфтік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы белгіленген формада болған кезде ғана ҚР Ұлттық банкі береді.
Ломбардтар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құрып атқара алады. Ломбардтың толық атауында міндетті түрде «ломбард» сөзі болуы тиіс. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар — ҚР резиденттері және резидент еместері бола алады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына несие бөлудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ТМД аумағында орта және ортадан төмен кірісті тұрғындарға арналған осы жүйенің қағидалары мен талаптарын іске асыруды бастаған алғашқы мемлекет.
Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша туралы» Заңының енгізілуімен басталды.
Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру, көтеру және ипотекалық кредиттеу жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы № 364 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» қаулысы негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банк Құрылтайшысы және Акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
«Қазақстанның
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесінің
германдық үлгісін және әлемнің
көптеген елдерінің жинаған тәжірибесін пайдаланды. Чехия, Словакия,
Венгрия, Франция, Люксембург секілді
елдер осы жүйені табысты жетілдірді және
бұл өнім тұрғын үй жағдайларын жақсарту
шараларын қаржыландырудың үлкен әлеуетті
мүмкіндік екенін дәлелдеді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі тұрғын
үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үйді
сатып алу және ауыстыру үшін, сондай-ақ,
тұрғын үй құрылысын, жөндеу және жаңартуларды
қоса алғанда, заем алу мақсатында жеке
жинақ ақшасын жинақтауға негізделген,
тұрғын үйді қаржыландырудың қолайлы
механизмін ұсынады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы үшін тұрғын үй саясатын жүргізудің бірден бір құралы болып табылады. Ол нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу, меншігіндегі тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй жағдайларын жақсарту сияқты халықтың неғұрлым экономикалық белсенді бөлігіне бағытталған шараларды жүзеге асырады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ын құрудағы мақсат – Қазақстан азаматтары үшін жеке меншік баспанаға арнайы ақша жинау мүмкіндіктерін беру. Қазақстан Республикасы Үкіметі банктің тұрақты қызмет етуі үшін қажетті мөлшерге дейін банктің тиісті қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Биржа тізіміне кіретін мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен, сондай-ақ, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен шетел валюта саудасына қатысу құқығымен "В", "К" және "Р" санаттары бойынша «Қазақстанның қор биржасы» АҚ мүшесі болып табылады.
2001 жылы құрылған
Қазақстанның Даму Банкі бүгінг
Өнеркәсіптің
шикізатқа жатпайтын