Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы нарығын реттеудің қағидалары:

  • эмитенттердің,   инвесторлардың,   кәсіби  қатысушылардың қатынастарды реттеудегі жолдарын бөлу;
  • барлық   ақпараттарды   /барынша/   ең   жоғары   шамада ашу;
  • бәсекелестікті қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік    және     мемлекеттік     емес   органдардың арасында реттеу қызметін оңтайлы бөлу;
  • заңды және нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу және жария ету.

Қаржы нарығын реттеудің түрлері.

Қаржы нарығын  реттеу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. Мақсаттар және тәсілдер көзқарасы бойынша:

  • сыртқы;
  • ішкі.

2. Реттеудің қай тарап арқылы жүргізілуіне байланысты:

  • мемлекеттік;
  • қаржы   нарығының   кәсіби   қатысушылары   тарапынан немесе нарықтың өзін-өзі реттеуі;
  • қоғамдық.

3. Реттеу әдістеріне байланысты;

  • тікелей немесе әкімшілік;
  • жанама немесе экономикалық.

Сыртқы реттеу нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілердің орындалуына негізделеді. Ішкі реттеу тікелей нарық қатысушысымен қабылданған жеке нормативті құжаттарға, жарғыларға, ережелерге негізделеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық деңгейде осы елдегі ішкі реттеуде мемлекеттің өзінің барлық заңдары мен нормативтерінің орындалуы, ал сыртқы реттеуде — халықаралық сипаттағы нормативті актілердің орындалуы қажет.

Мемлекеттік реттеу — қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетгі органдардын реттеуі. Жекелей алғанда, Қазакстанда оны жүзеге асыратындар: Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты, Үкімет, ҚР Ұлтық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және т.б.

Мемлекеттік реттеу органдары нарықтың барлық қатысушыларына тікелей бірқатар өкілеттіктерді беру арқылы өзін-өзі реттеу қағидасын қалыптастыруға ұмтылады. Бірақ мемлекеттің ережелерге және нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

Өз кезегінде мемлекеттік реттеу оның қызметіне тікелей (әкімшілік реттеу) араласуы немесе нарыққа жанама (экономикалық реттеу) шаралар арқылы әсер етуі мүмкін.

Тікелей реттеу әдістері: қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптарды бекітетін заңды және нормативтік актілердің шығарылуы; эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу және ондағы көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттердін, орындауын бақылау; кәсіби қатысушылардын қызметін, қор биржасын, биржадан тыс нарықта айналыста болатын қаржылық құралдар саудасын бағалайтын және техникалық қамтамасыз ететін ұйымдарды лицензиялау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және заңнаманы бұзғаны үшін сәйкесінше санкцияны қолдану; қаржы нарығында заңнаманы бұзатын тұлғаларды табу және жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдау, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру болып табылады.

Қаржы нарығын жанама реттеу мемлекеттің қарамағындағы экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі. Олар: салық саясаты; ақша саясаты; мемлекеттік капиталдар; мемлекеттің меншігі мен ресурстары; сыртқы экономикалық саясат; сыртқы экономикалық қызмет.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік реттеу органдары: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, эмитенттерінің қызметтеріне және олардың стандарттарына міндетті талаптарды бекіту; бағалы эмиссиялық қағаздарды және эмиссиялық проспектілерді шығаруды тіркеу және оларда көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттің орындауын бақылау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін лицензиялау; иелердің құқықтарын қорғау жүйесін құру және қаржы нарығының эмитенттері, кәсіби қатысушыларымен олардың құқықтарды ұстануын бақылау; лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату және алдын алу, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру сияқты міндеттерді шешеді.

Кейбір елдерде  қаржы нарығын реттеу мемлекеттің басым функциясы болып табылады. Мемлекет өкілеттіктің аз ғана бөлігін қаржы нарығының біріккен кәсіби қатысушыларына тапсырады. Мысалы, Францияда осындай жағдай қалыптасқан. Ал басқа елдерде керісінше, өкілеттіктің ең жоғары шамадағы көлемі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, ал мемлекет негізгі қаржы нарығын бақылап отыруды сақтап қалған. Бұл жүйе Ұлыбритания мен Жапонияда қалыптасқан.

Өзін-өзі  реттеу — бұл нарыктың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеуі. Ол қаржы нарығы қатысушыларының мүдделерін қорғауға бағытталған, ал кәсіби қызметті жүзеге асырудың міндетгі ережелерін, кадрларды кәсіби дайындауда, қаржы нарығындағы қызметі үшін міндетті болып табылатын талаптарды бекітуді өзіне қалдырады.

Қоғамдық реттеу де маңызды рөл атқарады. Ол қоғамдық пікір арқылы реттеу жүргізуді білдіреді.

 

 

 

21-тақырып: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі   қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

 

1.Қазакстан  Республикасы Ұлттық Банктің қызметінің негізгі бағыттары.

2.Қазақстан  Республикасындағы Ұлттық Банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері.

3.Экономиканы  ақша-несиелік реттеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиялау қызметі.

 

       Қазақстан Республиксының екі деңгейлі банк жүйесі бар.  Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер  төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық  банктерімен, халықаралық  банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республиксының мүддесін білдіреді.

Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республиксының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банктің негізгі  мақсаты Қазақстан Республиксында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі  мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық  реттеуді  және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

  • айналыстағы ақша массасының  көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының   аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
  • банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
  • банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Респібликсының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді  және құқықтарды жүзеге асырады.

2004 жылдан бастап Еуроодақ  стандарттарына және шарттарының  Ұлттық 

Банктің айырбастау бағамы  бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана  белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.

Қазақстан Республиксы  Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республиксының Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу  мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару  арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды. Қаржы нарығының барлық  қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру  қаржы нарығын  реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторын, қаржы құралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді  дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр.

Ұлттық Банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республиксының  Ұлттық Банкі туралы» заңы  және «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі  туралы» ережесі негізінде анықталады (4-сурет).

       


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыскөзі: Ақша, несие, банктер: оқулық/Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.

4-Сурет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару құрылымы

 

Ұлттық  Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен

басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан  тұрады. Оның құрамына – Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орыбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының  Президентімен бекітіледі.

Басқарма мәжілісі қажет  кездерде  немесе айына бір рет  өткізіледі.

Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан  Республиксының Президентінің  ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің  қызметін басқарады және Ұлттық Банкіге  жүктелген жұмыстар үшін жауап береді.

Ұлттық Банкінің жедел  басқару органы – Директорлар  кеңесі, ол Ұлттық Банк төрағасымен  басқарылады. 

Директорлар кеңесі, «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі  туралы»  Заңға сәйкес  Ұлттық Банкінің қарауындағы  басқа басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Оның құрамына – төраға, оның орынбасарлары  және департамент директорлары кіреді.

Ұлттық Банк өзінің негізгі  қызметтерін жергілікті өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы  арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың  құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі –Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банк туралы»  Заңында былай жазылған:       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.  
   Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басќа да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

   Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

   Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық Банкіні «банктердің банкі» деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-тақырып: Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі

 

1.Агенттік  қызметінің негізгі бағыты. Агенттіктің  негізгі міндеттері. Агенттіктің  қызметтері. Агенттіктің басқару  органдары. 

2.Лицензияны  алу үшін бағалы қағаздар нарығының  кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптар.

 

Қазақстан Республикасының  ұлттық қаржы рыногын реттеу және қадағалау саласындағы саясатының құрамдас бөлігі қаржылық институттардың қызметін мемлекеттік реттеудің  жаңа жүйесін құрудың өз басымдықтары болды, осы мәселе бойынша халықаралық практиканың оң әсерін ескере отырып, барлық қадағалау және реттеуші функцияларды бір мамандандырылған органға біріктіру көзделді.

Осыған байланысты, 90-шы жылдардың соңында республикада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен қалыптастырылған қадағалаудың жалпы әдістемелік базасының және практикасының негізінде қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесінің элементтері қалыптаса бастады. Бірнеше жыл бойы Ұлттық Банкке Сақтандыру рыногын қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сақтандыруды қадағалау департаментінің (1998ж.), бағалы қағаздар рыногын реттеу бойынша – бағалы қағаздар жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының (2001ж.), жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеттің (2002ж.) функциялары мен өкілеттіктері беріліп отырды. 

     2003 жылы Республиканың Ұлттық  Банкі елдің қаржылық рыногын реттеуде басты позицияны ұстанды. Елдің орталық банкінде реттеуші және қадағалау функцияларының шоғырлануы қадағалаудың дербес мемлекеттік органын құруға жасалған қадам болып есептелді, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен бөліп шығару арқылы жүргізді.

     Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын  мемлекеттік реттеу және қадағалау  реформасының негізгі мақсаты  отандық қаржы рыногының тұрақты  инфрақұрылымын дамыту және қаржылық  қызмет көрсетуді тұтынушылардың  мүдделерін қорғау деңгейін арттыру  үшін шоғырландырылған қадағалаудың тиімді және тәуелсіз жүйесін құру болып табылды.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары