Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

3. Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі. Банктердің кастодиандық қызметі. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары.

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан нарығында қаржылық институттар, қаржылық делдалдық қызметті орындаушы  жүйе қалыптасты. Солардың бірі банктер.

Қазіргі кезде коммерциялық банктер – бұл заңды тұлғалар, ҚР заңнамасы негізінде депозиттік, кассалық, аударым, ссудалық және басқа операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.

Банктер қызметіне байланысты екіге бөлінеді:эмиссиондық және эмиссиондық емес.

Эмиссиондық – бұл  орталық банк, ақша белгілерін айналымға  шығару құқы бар.  Әр елде ол әр түрлі аталады: халық, ұлттық, орталық, резервтік. Қазақстанда бұл ҚР ҰБ. Оның басты міндеті ақшаны айналымға шығару, банктер арасында ақша саудасы тауарлары, банк жүйесіндегі несиелік және есеп айырысу қызметін басқару. Ол мемлекеттің банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.

Басқа барлық банктер  эмиссиондық емес, айналымға ақша шығару құқы жоқ.

Банк, депозиттер түрінде  жатқан уақытша бос ақшалай ресурстардың қайта бөліну қызметін жүзеге асыра  отырып, жеке немесе заңды тұлғаларға несиелерді ұсынғанда, артық ақша қаражаттарын иеленушілер мен оларда уақытша тапшылық сезіп отырғандар арасында делдал ролін атқарады.

Сатып алушыдан сатушыға, басқаша айтқанда, қарыз алушыдан қарыз берушіге ақшалай қаражаттарды аудару, яғни қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асыру банктің орындайтын бірден-бір негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Ақшалай қаражаттардың қолма-қол айналымы вексель, чек, төлем карточкалары, әр түрлі типтегі төлем құжаттары тәрізді қаржылық құралдары арқылы орындалуы мүмкін. Бүгінде банктер олардың көптеген түрлерін ұсынуда. Есеп айырысулардағы делдалдық- әмбебеп коммерциялық банктердің жүзеге асыратын анағұрлым көлемді де күрделі қызметі б.т. Сол себепті бүгінгі таңда банктер ел ішінде де сондай-ақ, оның шекарасынан тыс та ақшалай соммалардың әр түрлі түрдегі аударымдарын жүзеге асыруда.

Қаржылық делдал ретінде  банктер келесідей операцияларды  орындайды: 1. несмиедегі делдалдық, 2. есеп айырысулардағы делдалдық, 3. кастодиандық қызмет, 4. брокерлік-дилерлік қызмет және т.б.

Банктер биржаның үздіксіз қатысушылары б.т. Олар өз бетінше, яғни дербесм биржалық операцияларды ұйымдастыруды, бағалы қағаздардың саудасы бойынша операцияларды орындауы мүмкін.

Коммерциялық банктер  өз клиенттеріне әр түрлі сипаттағы  депозиттер түрінде ақшалардың сақтаудың ыңғайлы формасын ұсынып отыр. Ал бұл өтімділіктегі клиенттің қажеттілігін қанағаттандырып, ақшалардың саққталымын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек банк өз қызметінде пассивтік және активтік операцияларды, жеке (меншікті) операцияларды жүзеге асырады.

Пассивтік операциялар  банктердің меншікті, тартылға немесе эмиссияланған қаражаттары арасында өз ресурстарын қалыптастырумен  байланысты.

Меншікті қаражаттарға акционерлі, резервті капитал мен  бөлінбеген табыс жатады. Олар маңызды  ролді ойнайды, өйткені меншікті капиталдың үлесмін тиөмендету, кейбірде, банктердің банкроттыққа ұшырауына алып келеді. Коммерциялық банктердің активті операцияларын жүзеге асырудың негізгі көзі тартылған қаражаттар болып табылады.

Банктің негізгі тартылған  ресурстары ретінде әр түрлі депозиттер шығады, оларды клиенттердің барша салымдары деп түсіну қажет. Депозиттерге салынатын қаражаттардың шығу көздері түрліше болып келеді. Бұл кәсіпорын шоттарындағы, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы шоттарыдағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар шоттарындағы уақытша бос қаражаттар.

Банктерде күнделікті төлем  операцияларын жүргізу қомақты  шығындарды бөлуді талап етеді. Бірақ  талап етуге дейінгі шоттарды иеленетін клиенттер ондағы бар  ақша қаражаттарды көбіне толық көлемде  пайдаланбағандықтан шығындар, қалайда болса төмен не жоғары дәрежеде өтеледі. Банктерде өздерінің коммерциялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін тартылатын «қатты» қолдығы болады, яғни ол пайда табу мақсатымен белгілі бір көлемде қарызға не қысқа мерзімге несиеге берілуі мүмкін.

Банктік ресурстардың маңызды  бір көзі ретінде банкаралық несиелер, яғни басқа банктерден алынған ссудалар шығады. Олар коммерциялық банк, вексельдерді қайта есептеу немесе кепілге  қалдыру формасында Ұлттық банктен  ала алады.

Контокоррент – бұл  клиент пен банк арасында барлық есеп айырысу және несиелік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай шот. Клиентте қаражаттар бар болған жағдайда пассивті б.т., ал болмаған жағдайда, яғни клиент банкке төлем тапсырмасын немесе чекті жазып бергенде, шот активті болады.

Банктер өздері неғұрлым ұзақ кезең пайдалана алатындай  клиенттің қаражаттарын тартуға  ерекше қызығушылық танытады. Оларға банктің эмиссияланған қаражаттары: облигациялық займдары, банктік вексельдері  және т.б. кіреді.

Активті операциялар банктің ресурстарын орналастырумен байланыцсты. Бірінші кезекте, оларға несиелік операциялар кіреді.

Вексельдік операциялар  вексельдерді есепке алу және оларды кепілге ала отырып несиелеу операцияларына бөлінеді.

Вексельді есепке ала  отырып, банк, оның иеленушісі болады және оны есепке алуға эмиссиялаған немесе ұсынған тұлғаға белгілі бір ақша сомасын төлейді. Бұл операциясы үшін банк клиенттен есепті пайыз немесе дисконт деп аталатын белгілі бір пайызды ұстап қалады.

Дисконт вексельде көрсетілген  осма немесе вексель ұстаушыға төленетін сома арасындағы айырма.

Банктердің активті  вексельдік операцияларына акцептің және авальді операциялар қатысты.

Акцепті операция кезінде  банк клиентке вексельдерді жазып беруге құқықты тапсырып, оларды акцептеуге, яғни вексельдер бойынша төлемдерді өз есебінен жүргізуге кепіл береді. Ал бұл жағдайды пайдаланып отырған клиент, вексель мерзімі аяқталғаннан кейін, оның төлемін жүргізу үшін банкке сәйкес соманы қайтаруға міндеттенеді.

Вексельдік несиені  пайдаланудың маңызды формасы аваль б.т. Мұндай жағдайда, вексель бойынша төлем, тікелей вексельді ұсынушымен орындалады, ал аваль тек төлем кепілдемесі қызметін атқарады. Вексель ұсынушының вексельдің төлемін жүргізуге қабілеті жетпеген жағдайда, төлемді орындау жауапкершілігі авальді қойған банкке жүктеледі. Банктердің активті операцияларының маңызды түрі тауарлы несие б.т. Тауарлы несиелер бұл – тауарды не варрант (тауар қоймаға жауапкершілікті сақтануға алынған жөнінде куәлік); темір жол накладнойы, яғни коносамент (жүктің кемеге қабылданғанын куәландыратын құжат) ; жүктітасымалдау накладнойы секілді және т.б. тауарға билік етуге рұқсат беретін құжаттарды кепілге ала отырып банкпен ұсынылатын несиелер.

Қазіргі нарық жағдайында тауарлы қамсыздандыруға несиелерді бергенде, банктер жоғары тәуекелге барады, себебі несие мерзімінде қайтарылмаған кезде, ол қамсыздандыру қызметін атқарып отырған және оларды сатудан түскен түсім есебінен, клиент, қарызын өтеуі мүмкін таурларды қамауға алады. Алайда бұл жерде барлық уақытта тауарларды өткізу мүмкіндігі болмайтынын да ескеру қажет, ал бұл өз алдында бір мәселе б.т.

Банктердің активтік операцияларының бір түрі- ол қор  операциялары, оларда объекті қызметін әр түрлі түрдегі бағалы қағаздар атқарады.

Сондай-ақ, бағалы қағаздарға банктік инвестициялармен байланысты операциялар бар, оның нәтижесінде банк бағалы қағаздар портфелінің иегері болады. Мұн.дай сатып алудың мақсаты – не бұл қағаздарды болашақта қайта сатуға ұмтылыс, не ұзақ мерзімге капиталды салу.

Банктермен берілетін  несиелер бойынша кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, басқа банктің немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру кепілдемелері де шығады.

Банктердің делдалдық  операцияларының маңыздылары қатарына инкассолық, аккредитивті, аударым  және саудалық-коммиссиондық операциялар  жатады. Сондай-ақ, лизингтік және сырттай делдалдық операцияларға ұқсас, бірақ оның шеңберінен шығып кететін сенімдік (трасттық) операциялар ерекше орын алады.

Инкассолық операциялар  арқылы банк, клиенттің тапсырысы  негізінде ақшалай немесе тауарлы-есепті құжаттар бойынша ақшаларды алады. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетел валютасы және т.с.с. қабылданады. Инкассолық  операцияны орындай отырып, банк, мөлшері, операция түріне байланысты болатын комиссияны ұстап қалады.  

 

15-тақырып: Зейнетақы қорлары

 

  1. ҚР зейнетақы жүйесінің экономикалық маңызы мен мәні.
  2. Зейнетақы жүйесінің буындары.
  3. Зейнетақы қорларына салымдарды инвестия ретінде қолданылуы.

 

1998 жылға дейінгі   Қазақстанда әрекет еткен ынтымақтастық  зейнетақы жүйесінде зейнетақылар  кәсіпорындар өз жұмысшыларының зейнетақы салымдары есебінен төленетін. Бұл жүйеде мемлекет зейнетақы төлеуге талап ететін қаражаттардан аз салым көлемі аударылуы мүмкін еді. Бұл мәселе жұмыссыздық деңгейі жоғарылағанда, экономикалық дағдарыс кезінде жаңа зейнетақы жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу қажет болды.

Жүйенің өзгеруінің басқа  маңызды себептерінің Қазақстанда  күнделікті жұмыс істейтін тұрғындардың төмендеуі, және жаңадан туылған  балалар санының азаюы болып  табылады. Бұдан шығатыны зейнетақы  алуға құқылы адамдардың саны көбейеді ол зейнетақы салымдарын салатын адамдардың саны азаяды. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі бұл жағдаймен күресуге және зейнетақыларды үздіксіз төлеуді қамтамасыз ете алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінде әрбір тұлға өз табысынан  салым салу арқылы жеке зейнетақысын жинайды. Бұл зейнетақы жинақтары оның жекеменшігі болып табылады. Осылайша тұлғаның зейнетақысы демалысына шыққанда жұмыс істейтіндер санына байланыссыз болады. Зейнетақы тұлғаның жеке зейнетақы шотынан төленеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде адамдардың салымдарына өсімақылар (инвестициялық табыс) есептеледі. Бұл аударымдар жинақтық тез өсуін және оларды инфляциядан қорғайтын болады.

  Әрбір азамат дұрыс зейнетақы қорын таңдауы үшін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары істейтін негізгі принциптердің кейбіреулерін білу қажет. Зейнетақы қорлары жүйедегі орталық буынды құрайды. Зейнетақы қорлдары келесідей қызметтерді жүзеге асырады.

- салымшылармен жұмыс  істеу 

- міндетті және ерікті  зейнетақы салымдарын алуды жүзеге асырады

- мемлекеттік органдар  және өз салымшылары алдында  есеп береді

- алушыларға зейнетақы  төлемдерін жүзеге асырады.

Қор зейнетақылық активтерді басқару бойынша компаниямен және банк кастодиандармен келісімшарттар жасауы қажет.

Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания (ЗАБК)- бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істейтін схемада екінші маңызды буыны.

ЗАБК зейнетақы қорының  активтерінің инвестициялау мүмкіндіктерін қарастырады.

Қор мен бірге инвестициялық  саясатты жетілдіреді және бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссияның (БҚҰК) рұқсат берген шекте активтер алу туралы шешімдер қабылдайды. ЗАБК жинақтаушы зейнетақы қоры және БҚҰК алдында қызмет туралы үнемі есеп беріп отырады және өз қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Сонымен қатар ЗАБК әр жұмыс күнінің соңында қор активтерінің нарықтық құнын анықтауға жауап береді.

Банк кастодиан – бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үшінші буыны және клиент қаражаттарын жауапкершілікпен сақтауға және есептеу бойынша қызмет көрсететін банк – сақтаушы болып табылады. Сонымен қатар бұл банк компания басқарушысының инструкциясына сәйкес қордың активтерін саудалауға және инвестициялауға қатысады.

Осы үш ұйымның барлығы  бір –біріне тәуелсіз заңды тұлға  болуы қажет. Заңда қарастырылған салымшылардың қаражаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы қаражаттарды арналуы бойынша қолданбауы үшін жалпы құрылтайшылары болмауы керек.

Егер ЗАБК зейнетақы  қорының пікірі бойынша өз қызметтерін  және инвестициялық табысын қанағаттанарлықсаыз орындаса, онда қор кез –келгенуақытта алдыен жасалған келісімшартты бұзуға құқылы. Сонымен қатар қор банк қызметінің жұмысые қанағаттанарлықсыз деп тапса, банкті ауыстыруына болады.

Ал зейнетақы жүйесінде  зейнетақы қорларының бірнеше болуының себебі қорлар арасында бәсеке төтеп бере алатын мықты болуына алып келеді және салымшыларға өз зейнетақы жинақтарын қай қорға сенуге болатындығына мүмкіндік береді.

БҚҰК – мен зейнетақы қорларының активтерінің қалайша инвестициялау қажет екендігі туралы инструкция қабылданған.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері  келесі қаржылық құралдарына инвестициялауына болады.

  1. ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары.
  2. Төлемдегі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына (активтерінің  10 % аспайтын бөлігі)
  • МБРР
  • ЕБРР
  • Америкааралық даму банкі
  • Халықаралық есептеу банкі
  • Азияның даму банкі
  • Африканың даму банкі
  • Халықаралық қаржы корпарациясы
  • Ислам даму банкі

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары