Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.
Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80
Еліміздің қаржы секторын
«Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды мемлекеттiк реттеу
және қадағалау туралы»
1) қаржы рыногының және қаржы
ұйымдарының қаржылық
2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісінше деңгейін қамтамасыз ету;
3) қаржы рыногында адал
Қаржы рыногын және қаржы
1) қаржы ұйымдары қызметінің
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингі;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау
мақсатында қаржы рыногының
4) осы заманғы технологияларды енгізуді ынталандыру, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі туралы және олар ұсынатын қаржылық қызмет көрсетулер туралы ақпараттың толықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Агенттік өз қызметінде қаржы рыногын реттеу мен қадағалау саясатының және практикасының сабақтастығын сақтады және басшылыққа алды, бәрінен бұрын қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің жүйесіне әрі қарай реформа жасаудың мақсаты – қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау деңгейін арттыру үшін қаржы рыногын қадағалау мен реттеудің әдістері мен ресімдерін кешенді іске асыруды қоса отырып, шоғырландырылған қаржылық қадағалаудың тәуелсіз және тиімді жүйесін құру, сондай-ақ тұрақты отандық қаржы рыногын қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президе
2011 жылы сәуір
айында ҚР Президентінің
23-тақырып: Өзін-өзі реттеу ұйымдары
1.Қаржы
нарығыңдағы кәсіби
2. Қазақстанның өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметі. Кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ережесі.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨӨРҰ)- бұл бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қауымдастық формасында, ерікті түрде, олардың кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ол бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.
Мемлекеттік реттеу жеткіліксіз болған жағдайда қаржы нарығының күрделенуі мен кеңеюіне байланысты инвестициялық бизнес қатысушыларының кәсіби қауымдастықтары пайда болады. Олар қауымдастық мүшелеріне ғана емес, биржалық сауда қатысушыларының кең шеңберде залал әкелетін жеке тұлғалардың әділетсіздігін іздеп табады. Өйткені, кәсіби адамдарға деген қоғамдық сенімділіктің төмендеуі олардың бизнестерінің негізін бұзады және пайданың азаюына әкеледі. Қаржы нарығының ішкі реттеуінде кәсіби қауымдастықтардың мүдделері көбіне мемлекеттің мүдделерімен сәйкес келеді.
Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін ҚР заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр түрлі түрлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгілеуші ұйым, Орталық депозитарий өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндегі белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.
БҚН-ның кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының негізгі міндеттері:
- БҚН кәсіби қатысушыларын тиімді қызмет ету үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;
- БҚН-ның кәсіби қатысушылары клиенттерінің және бағалы қағаздар иелерінің мүдделерін қорғау;
- Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің ережелері мен стандарттарын жасау.
ҚР заңнамасына сәйкес ӨӨРҰ-ның мүшелері өз қызметтерінің бір түрін БҚН-да жүзеге асыратын кәсіби қатысушылары болып табылады. Ұйым мүшелерінің кіруі, шығуы және шығарылып тасталуы ұйымның ішкі құжаттары негізінде жүргізіледі.
Кәсіби қатысушының ҚР-ның заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелікке қабылдамауға құқы бар.
Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанда заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың 4 тоқсанында БҚН-ның кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.
1999 жылдың 13 қарашасында
Ұлттық директораттың
ҚР заңнамасымен, Актвитерді басқару қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайымен фирманың аты, қауымдастықтың өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, БҚН-ның кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.
Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ, қауымдастық-мүше клиенттерінің көзқарасын бұрмалау мақсатында өзара сқз байласу т.б. мүмкін шараларды жүзеге асыру және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде БҚН-ның басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құралдарына жариялану мерзімі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-ға мыналарды беруі қажет:
- жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;
- бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметнінің нәтижелері туралы есеп берулер;
- ақша қаражатының қозғалысы туралы;
- таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерістер туралы.
Қаржылық жыл аяқталғанда қауымдастық мүшелері қаржылық есеп беруді тексергендігі туралы аудиторлық қорытынды мен жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда толыққанда 3 ӨӨРҰ бар. Олардың бірі – қор биржасы. Қалған екеуі бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығы – ҚРҰҚ және Активтерді басқару қауымдастығы болып табылады. Нарықтық базаның жеткілікті болуына қарамастан ӨӨРҰ-да нақты өкілеттіліктер жоқ. Дегенмен, олардың дамуына орай, Ұлттық банкпен оларға берілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау функциялары әлі де кеңейтілуде.
24-тақырып: Халықаралық бағалы қағаздар нарығы
1.Халықаралық бағалы қағаздар айналысы және эмиссиясының әлемдік орталықтары.
2.Халықаралық бағалы қағаздардың негізгі түрлері.
Қазіргі халықаралық бағалы қағаздар нарығы алғашқы орналастыру ретінде ғана жұмыс істеуде. Екінші нарық қажетті дамуын әлі алған жоқ. Сондықтан да халықаралық бағалы қағаздар дегенде евровалютада шығарылған соңғы эмиссияларды айтамыз және қандай да бір эмиссияның ұлттық реттеу шеңберінде жүзеге асырылмайды. Халықаралық бағалы қағаздар нарығы кең мағынада халықаралық эмиссия және шетелдік эмиссия жиынтығы ретінде қарастырамыз. Яғни шетелдік эмитенттермен басқа мемлекеттердің ұлттық нарықтарында бағалы қағаздарын шығаруы.
Қазіргі таңда борыштық бағалы қағаздардың әлемдік нарығында қаржылық құралдардың көптеген түрлері айналыста жүреді. Соның ішінде басқа қаржылық құралдардың ішінде жоғарғы көлемін алатын шетелдік облигацияларда бар.
Халықаралық облигациялардың эмиссиясы 60-шы жылдардың ортасында басталған және құндылық көлемі бойынша халықаралық акция эмиссиясынан 9-10 есе артатын еді.
70-ші жылдардың басына дейін шетелдік облигациялардың шығарылуы АҚШ, ФРГ, Швейцария және Жапонияның Ұлттық нарықтарында сөзсіз жоғары болды. Алайда кейін келе жағдай өзгеріп шетелдік облигациялардың эмиссиясының көбеюі Европа және Жапония нарықтарында жүзеге асырылды. Америка нарығының әлемде көлемі жағынан ең жоғары болуына қарамастан оның халықаралық операцияларға қатысуы жоғары орынды алмайды. АҚШ-та шетелдік облигациялардың эмиссиясы соңғы он жылдың көлемінде ұлттық коперативтік облигациялардың эмиссиясының 805 пайыз ғана құрайды.
Егер ірі мемлекеттер кескінінде бағалы қағаздар нарығының дамуын қарастыратын болсақ онда АҚШ әлемде ең үлкен нарыққа ие болады. Акциялар өзінің мынадай ерекшеліктеріне ие: яғни қарапайым акциялардың номиналды құны жоқ, ал оның ұстаушылары, компания қосымша эмиссиясын жасаған жағдайда ерекше құқық алмайды. Компаниялар ашық нарыққа акциялар шығаруы үшін алдымен олар АҚШ-ның бағалы қағаздар бойынша комиссиясына және биржаларға ақпарат беру бойынша қатаң міндеттемелерді орындауы қажет.
Тағы бір шетелдік облигациялар эмиссиясының ірі орталығы Германия болып табылады.Олардың бірінші эмиссиясы 1959 жылы батыс германия маркасының еркін айналымы берілуінен басталды.
Ұлыбританияның бағалы қағаздар нарығы - әлемде ең көне нарықтардың бірі. XIX ғасырдың көптеген жылдарында және XX ғасырдың басында ол ірі және әрі дамыған болып табылатын. Британия империясының әлемдік экономикада алатын орнын да көрсететін. Лондонда 1773 жылы әлемде ең бірінші маманданған қор биржасы пайда болды. Ұлыбританияда жай акциялар кез келген номиналдарда эмиссиялайды. Онда акциялар негізінен атаулы болды. Жай акция иелері акцияның жаңадан шығарылу кезінде бірінші болып сатып алу құқығына ие болды.
Облигация нарығына келетін болсақ, онда қамтамасыз етілген облигациялардың негізгі екі типі, яғни белгілі активтермен қамтамасыз етілген және компанияның барлық активтерімен қамтамасыз етілген облигациялардың нарығы болды. Алайда, Ұлыбритания нарығында қамтамасыз етілмеген, еркін айналатын және кепілдендірілген облигациялар айналысы да орын алды. Швейцария,Франция,Жапония.
1963 жылдан бастап Евробондз нарығы пайда болды. Ол көптеген елдердің корпорацияларының қаржылық ресурстарды тарту көзі болып табылды. Шетелдік облигацияларға қарағанда еврооблигациялар ұлттық эмитенттермен шетел валюталарының бірінде шығарылып бірнеше мемлекеттерде бірден орналастырылуы мүмкін еді. Мұндай эмиссиялар глобальдық деп аталды. Облигациялардың ішінен займның валютасы ретінде АҚШ доллары жетекші рөлде екендігі ерекше көрінуде. Европа, Азия, АҚШ бірден орналастырылған облигациялардың түрлері көп және оларды тіркелген ноттар деп те атайды. Шетелдік облигацияларға қарағанда евробондтар ұсынушыға бағалы қағаздар болып табылады және айналысы 3 жылдан 30 жылға дейін жүрді.
Әлемдік тәжірибеде эмитентке байланысты евро облигациялардың келесі түрлері белгілі:
Корпоративтік эмитенттер ретінде мемлекттердің коммерциялық банктері жүреді.
Соңғы онжылдықта әлемдік бағалы қағаздар нарығының евроноталар кеңінен тараған. Еврооблигацияларға қарағанда бұл бағалы қағаздар атаулы және «қысқа» болып табылады. Олар пайыздық ставкасына ие және номиналдық құнынан төмен бағада ұсынылады.
Соңғы кездерде ең кеңінен тараған қаржылық құралдардың бірі болып еврокоммерциялық қағаздар болып табылады. Еврооблигациялар және евроноталарға қарағанда олар ақша нарығында 1 жылға дейін айналыс мерзімі бар құрал болып табылады. Еврокоммерциялық бағалы қағаздар мүлікпен қамтамасыз етілмеген. Бірақ оларды жеткілікті жоғары несиелік рейтингке ие ірі және атақты компаниялар эмиссиялайды. Сонымен қатар бұл қағазды бірінші класты қарыз алушыларда шығаруы мүмкін. Бірақ олар 1 жылдық мерзімге аккредитив ашуға құқылы сенімді банктермен кепілдендірілген болуы қажет.
Әлемдік бағалы қағаздар нарығында XX ғасырдың басында еркін айналатын еврооблигациялар пайда болды. Олардың эмитенттері алдын Америка компаниялары, және Жапондық компаниялар да болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі