Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

  ҚР-да зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жеткілікті дәрежеде институционалдық құрылымы құрылған яғни оған жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтері инвестициялық басқару бойынша компания, банк-костодиондар, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компаниялар, екінші деңгейдегі депозиттік банктер, қор биржасы,  орталық депозитарлы, мемлекеттік реттеуші органдар.

Қазақстанның зейнетақы нарығының  құрлымын келесідей етіп көрсетуге  болады:

 


 

 



 


 

 




 

 

 

Ескерту: Мәліметтер негізінде  құрастырылды.


3-сурет. Қазақстанның  зейнетақы нарығының құрлымы

 

Мемлекеттік зейнетақы  төлеу орталығы мемлекеттік кәсіпорын  формасында құрылған. Бұл органның негізгі қызметтері:

  • республикалық бюджет қаражаттары есебінен зейнетақымен қамтамасыз етулі құқылы тұлғаларға зейнетақы төлемдерін жүргізу.
  • агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын  аудару және т.б.
  • азаматтарға әлеуметтік жеке код беру.

Мемлекеттік зейнетақы  төлеу орталығынан зейнетақы  төлемдерін алуға келесі категориядағы азаматтар құқылы:

  • 1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін зейнетақы алатындар
  • әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министірлігінің қылмыстық – орындаушы жүйесі комитеті, Қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлері
  • 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі мерзімде төтенше және радиациялық тәуекелділік зоналарды 50 жастағы, жалпы стажы 25 жыл ерлер және 45 жастағы, жалпы стажы20 жыл әйелдер 10 жылдан кем емес тұрған азаматтар
  • 5 және одан да балалы және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа жеткеннен кейін зейнетақы алуға құқылы. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 зейнетақы қоры қызмет етеді:

1.

«БТА Банкі» АҚ-ның еншілес  ұйымы «БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ

2.

«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

3.

"Қазақмыс Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ

4.

"НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ

5.

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ

6.

"ГРАНТУМ Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк”  АҚ еншілес ұйымы)

7.

«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ

8.

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - «Капитал»  Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық))

9.

«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

10.

"Ұлар Үміт" Жинақтаушы  зейнетақы қоры (ашық)" АҚ

11.

"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН"  Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұрынғы атауы "Д.А. Қонаев атындағы Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ)

12.

"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

13.

"ГНПФ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ


Шығыскөзі: www.afn.kz ҚҚА сайты.

 

12-тақырып: Шет елдердегі зейнетақы жүйесі

 

  1. Шет елдердегі зейнетакы жүйесі. Чилидің зейнетақы жүйесі.
  2. АҚШ, Франция және Германияның зейнетақы жүйесі. Латвиядағы зейнетақы реформасы.

 

Чилидегі зейнетақы  реформалары капитал нарығының, тұрғын үй құрылысы, сақтандыру және басқа да нарықтардың дамуына әсер етті.

Чили зейнетақы жүйесі – бұл салымшылар жүргізген зейнетақы  жарнамаларының жеке капиталына негізделген біркелкі рөлде біртіндеп өтеуі бар жеке жинақтаушы жүйе. Бұл жерде салымшылар әкімшілік акционері болып табылмайды және өз қарттығын қамтамасыз етуге жауапты.

Чилиліктерде мемлекеттік  және жеке қорлар арасында таңдау құқығы болмады. Оларда тек зейнетақы қорларының әкімшілігі (ЗҚӘ) деп аталатын жеке жинақтаушы қорлар арасында таңдау болды.

ЗҚӘ толық операторлар  болып табылады. Ол зейнетақы жарналарын тарту, сондай-ақ қаржылық құралдарға зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен айналысады.

Зейнетақы активтерін басқаруды ЗҚӘ - нің өзі жүргізеді, ал кастодиан тек есеп айырысуды жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтауды жүзеге асырады.

Әр елдің зейнетақымен қамтамасыз ету индустриясының тарихында әрбір елдің зейнетақымен қамтамасыз ету формасының, құрылымының, мазмұнының, сондай-ақ міндеттемелерінің әр түрлі екені белгілі.

АҚШ-та жергілікті және штаттық деңгейдегi зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары ХIХ-ғасырдың екiншi жартысынан бастап дами бастады. Осындай жоспарлардьң алғашқысы болып 1869 жылы құрылған Нью-Йорк қаласы тұрғындарының зейнетақы жүйесi болды. Жергiлiктi және штаттық зейнетақы жүйелерiнiң дамуы ХХ-ғасырдьң екiншi жартысында байқалды, әсiресе жергiлiктi және штаттық бағдарламалардағы зейнетақы активтерi 10 есе көбейген 80-90 жылдарда болды. 2000 жылы зейнетақы активтерiн 2,2 трлн. долларды құрады. Осылайша 1980 жылы осы бағдарламалар шеңберiндегi инвестициялық кiрiс барлық түсiмдердiң 35%-iн құраса, 2000 қаржылық жылда 78%-тi құрады.

 Зейнетақыны міндетті  сақтандыру туралы бірініші аң  АҚШ-та тек 1935 жылы қабылданды.

Толық көлемде зейнетақы  алу үшін американдықтар жыныс ерекшелігіне қарамай – ақ 65 жасқа жеткенде зейнеткерлікке шығады. Сондай-ақ бұдан  басқа – зейнеткерлікке үш жыл  бұрын шығу сияқты нұсқасы да бар, бірақ бұл жағдайда зейнеткердің зейнетақысы үш жыл бойы 20 пайызға кем болады.

Франциядағы зейнетақы  жүйесі – Еуропадағы ең күрделі  жүйелердің бірі болып табылады. Француздық зейнетақы жүйесі екі негізгі  қағидаға негізделеді: бірініші жағдайда зейнетақы еңбек ету кезіндегі  клиенттер аударып отырған қаражаттардан төленеді. Екінші жағдайда зейнетақы жұмысшының жұмыс істеген кезіндегі жұмыс істеген алымдарынан төленеді.

Германия әлемдегі қарттығы айқын байқалатын елдердің бірі. Мұндай жағдайда жұмыс істеуші халықтың зейнетақы жарналарының тұрақты өсуін шарттастырады. Сондықтан зейнетақы аударымдарының бір бөлігін (50 пайызға дейінгі) жұмыс берушілер алады. Бұл жағдай немістерде зейнеткерлікке кететін 65 жасқа дейін жалғасады.

Латвия зейнетақы реформаларының негізгі мақсаты – бұл алдағы кезең уақыттарына төленген жарналарға тәуелді қарттық бойынша зейнетақы мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында жеке жарналарға негізделген қаржылық тұрақтылық пен тиімді әлеуметтік сақтандырудың зейнетақы жүйесін құру. Латвиядағы зейнетақы жүйесінің реформасы басқа да ТМД елдеріндегі сияқты халықтың қартаюының үдемелі үрдісімен байланысты туындайды.  

 

13-тақырып: Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар

1.Қаржы делдалдығы туралы түсінік

2. Қаржылық  делдалдардың негізгі санаттар

 

Қаржы нарығының тауарлы сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқыққа ие болуы керек.

Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.

Қаржылық  делдалдар көптеген артықшылықтарға  ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуге қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын оңай анықтай алады.

Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.

Төртіншіден, делдалдар иесие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.

Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шоттарында ақша қаражаттарының ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.

Тәжірибеде  қаржылық делдалдардың мынадай топтары бөліп көрсетіледі:

  • депозит типіндегі қаржы мекемелері;
  • жинақ мекемелері;
  • инвестициялық қорлар;
  • басқа да қаржы ұйымдары.

Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады.

Қаржы нарығында бос ақша қаражаттарды уақытша тарту және әр түрлі несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл атқарады. Елдің ақша-несис жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.

Сондай-ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелері де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері (АҚШ-тағы әр түрлі кооперативтік банк мекемелері), сенім-жинақ банктері (Ұлыбритания), ссудалық-жинақ қауымдастыктары (АҚШ), несие кооперативтері (одақтар, қауымдастықтар).

Жинақ банкі  — бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.

Келісімшарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқызуға болады. Олар сақтандыру полисі иелерінен және зейнетақы қорында шоты бар азаматтардан қаржыны тұрақты алуымен, яғни тұрақты қаржы ағынына ие болуымен сипатталады және қаражатты табысы жоғары болатын ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға инвестициялай алады.

Инвестициялық қорлар өздерінің бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады және алынған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Олардың негізгі түріне өз пайын инвесторға сататын және түскен қаражатқа көбінесе акциялар мен облигацияларды сатып алатын пай (өзара) қорлары жатады. Пайдың құны өзгеріп отырады (әдетте, өседі) және бұл инвесторға, егер ол пайды пай қорына сататын болса, табыс алуына мүмкіндік береді.

Экономикасы дамыған елдердің қаржы нарығында  пай қорларының маңызы жоғары. Мәселен, АҚШ-та ең серпінді дамып келе жатқан инвестициялық қорға алғаш рет 1972 жылы пайда болған ақша нарығының пай қорлары жатады. Олардың айырмашылығы мынада: оларды номинал құны 1 млн доллар және одан жоғары болатын және төлемсіздік тәуекелі төмен қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялайды. Көптеген инвесторлар мұндай бағалы қағаздарға олардың құнының жоғары болуына байланысты қол жеткізе алмайды. Ақша нарығының пай қорлары ұсақ инвесторларға нарықтың пайыз мөлшерлемесі бойынша өз салымынан табыс алуына мүмкіндік береді және мұнда қаражаттың қайтарылмай қалу тәуекелі аз болады.

Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз түрінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі:

Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:

  • несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;
  • бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін  беруші компания;
  • бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.

Қаржы делдалдарымен  жүзеге асыратын операциялардың мөлшері артып келді. Бұл арада дамыған елдерде қызмет мөлшерінің салыстырмалы түрде өзгергені және бір мезгілде жекелеген қаржылық институгтардың актив мөлшерінің де салыстырмалы түрде өзгергені байқалады. Мәселен, АҚШ-та соңғы 30 жылдың ішінде өзара және мемлекеттік зейнетақы қорларының үлесі айтарлықтай өсіп, ал депозиттік институттардың үлесі кеміп кеткен. 1975 жылы қаржылық делдалдардың жиынтық қаржы активтерінде коммерциялық банктердің үлесі 40%-ды құраса, 1998 жылы ол шамамен алғанда 27%-ға дейін кеміген, ал өзара қордың үлесі 2-ден 19%-ға дейін өскен. Банк жүйесінен ақша-несие ресурстарының құйылуына тек нақты нарықтық күштер ғана емес, сонымен бірге өзіндік капитаддың мөлшеріне қатан талап қойған және сақтандыру шығындарын арттыру бойынша ережесі белгіленген АҚШ банктерінің өз саясаты да әсерін тигізеді. Қазақстанда соңғы жылдары қаржы делдалдарының нарықтағы үлесі айтарлықтай өсті. Мұнда 2000 жылға дейін оның негізгі көпшілігін коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары құрса, соңғы жылдары әр түрлі несие серіктестіктері мен қаржы компанияларының саны біршама артқан.

 

14-тақырып: Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

 

1. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны.

2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар ретінде.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары