Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында  қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар. облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.

Борыштық  бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың  меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік  бағалы қағаздар — ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Ұсынбалы бағалы қағаз — осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

Құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі. Құжаттандырылмаған -   шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

Нарықтық бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

Қайтарылымды бағалы қағаз — мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.

Қайтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • акциялар;
  • облигациялар;
  • коносаменттер;
  • ипотекалық куәліктер;
  • туынды бағалы қағаздар;
  • жай қоймалық куәліктер;
  • қосарлы  қоймалық куәліктер   (қоймалық  +   кепілдікті куәлік);
  • ҚР-дағы   айналысқа   жіберілген   шетелдік   эмитенітің бағалы қағазы;
  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция — акционерлік  қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндеттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндетгемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір  акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • атаулы;
  • ұсынбалы.

Атаулы  акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2.   Табысты алу құқығына қарай:

  • жай;
  • артықшылықты.

Бұлардың  арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Қазақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадан дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация — бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитепт оны пайда  болған уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық төлеу шартымен және жылдық баланстың осы уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспайтын сомада шығаруға құқьілы.

Облигация —  бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.

Мерзімді қарыздық міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға - эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.

 

10-тақырып: Сақтандыру нарығы

 

1.Сақтандыру  нарығының  мәні  мен  қызметтері.

2.Қазақстанның  сақтандыру  нарығының  құрылымы.

3.Қазақстанның  сақтандыру  нарығының  ағымдық  жағдайы  және  даму  перспективалары.

 

Қаржы  нарығының  маңызды  сегменттерінің бірі сақтандыру  нарығы. Сақтандыру бұл  бір жақтың  екіншіні  сақтандыруға келісім  беру  арқылы  тәуекелділікті бөлісу туралы келісім. Сақтандыру  әртүрлі  қауіптердің  салдарынан  адамдарды  қорғаудың  көне  формасы  болып табылады. XVIII ғасырдың  ортасында мүліктік және  жеке сақтандырудың 100 шақты түрін орындайтын көптеген  кәсіби  сақтандыру  қоғамдары пайда болған.

   Сақтандыру  нарығында  сақтандыру  қызметіне  мұқтаж  сақтанушылар  және  сол  сұранысты  қанағаттандыратын  сақтандырушылар (сақтандыру  компаниялары), сақтандыру  делдалдары  және  сақтандыру  инфрақұрылымының  ұйымдары  әрекет  етеді. Оның  қалыптасуының  объективті  негізі – күтпеген  қолайсыз  жағдайлардан  жәбірленушіге  ақшалай  көмек  көрсету   жолымен  өндірістік  процестің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  болып  табылады.

   Сақтандыру  нарығы, сақтанушы  мен  сақтандырушы  арасында  тығыз  байланыс орната отырып, сақтандыру  өнімін  сатып алу-сату  жұмыстары  бойынша  экономикалық  қатынастардың  барлық  жиынтығын  өзіне  жинайды. Бұл  нарықта  сақтандыру  қызметтерін  қоғамның  тануы  жүзеге  асырылады  және  оның  қызмет  етуінде  негізгі  экономикалық  заңдары  болып  құн  заңы  және  сұраныс пен  ұсыныс  заңы  табылады.

   Сақтандыру  нарығының  келесі  негізгі  қызметтерін  бөліп  қарастыруға  болады:

  • реттеушілік – басқа  нарықтар  сияқты бұл да  мемлекеттік  реттеуге  жатады;
  • коммерциялық – сақтандыру  бойынша операцияларды жүзеге асырудан  табыс  алуды  қамтамасыз  етеді;
  • бағалау – компанияның  сақтандыру  қызметтері  бағаларының қалыптасуын  қамтамасыз  ету;
  • сенімділік  қызметі – қолайсыз  және  басқа да  жағдайлардың  болуынан сенімділікті сақтандыру операциялары  қамтамасыз  етіледі;

  Сақтандырудың   келесі  түрлері  бар: 

1.Салалық  көріністері   бойынша:

- өмірді  сақтандыру  нарығы (бұған сақтандырудың барлық  түрлері жатады: яғни, зейнетақы, денсаулық, неке қиюға, аннуитет және т.б.)

- мүлікті  сақтандыру  нарығы;

- жауапкершілікті   сақтандыру  нарығы;

- бақытсыз  жағдайларды   сақтандыру  нарығы;

2. Масштабтылық  бойынша:

- ұлттық

- аймақтық

- халықаралық

3. Сақтандыру  индустриясының  ұйымдастырушылық-құқықтық  формаларына байланысты:

- мемлекеттік  сақтандыру

- акционерлік  қоғамдар  жүргізетін  сақтандыру

- сақтандыру  қорларымен  құрылатын  өзара  сақтандыру

4. Жүзеге  асыру   формаларына байланысты:

- міндетті

- ерікті

5. Объектілер  бойынша:

- жеке

- мүліктік

Міндетті  сақтандыру – бұл  заң  актілерінің  талаптары  негізінде  жүзеге  асырылатын  сақтандыру.

Ерікті  сақтандыру –  жақтардың  өз  еріктерімен  орындалатын  сақтандыру. Оның түрлері, шарттары, тәртібі жақтардың келісімімен  анықталады.

Жеке  сақтандыру – объектісіне азаматтардың өмірі, денсаулығы және  еңбекке  қабілеттілігі  жатады.

Мүлікті  сақтандыру – жеке  адамдар мен шаруашылық субъектілері  тарапынан  меншігін  тікелей  және  жанама  зияндардан  қорғау  ретінде жүзеге  асырылады.

Қазақстанның сақтандыру  нарығының  құрылымы  оның  қатысушылары  және сақтандыру салаларымен көрсетіледі. Берілген нарықтың  қатысушыларының қызметтері Қазақстан Республикасы  Ата заңына, Қазақстан  Республикасы  азаматтық  кодексіне, «Сақтандыру  қызметі  туралы» Заңға және басқа да Қазақстан  Республикасының  құқықтық  нормативтік актілерге негізделген нормативтік-құқықтық актілермен  реттеледі.

  «Сақтандыру  қызметі  туралы» заңға сәйкес Қазақстан Республикасы  сақтандыру нарығының қатысушылары болып келесілер  табылады: сақтандыру  ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтанушы сақтанған  актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру  қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы жеке және  заңды  тұлғалар.

   

11-тақырып: Зейнетақы  нарығы

 

  1. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  қалыптасуы  және  дамуы.
  2. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  құрылымы.
  3. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  ағымдық  жағдайы.

 

   Қазақстанда  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесіндегі объективті  қиыншылықтардың  туындауы  нетижесінде, яғни жалпы тұрғындар арасында жасы ересек азаматтардың көбеюінен мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалау қажет болды. Оны жүргізудің негізгі принципі болып ұрпақтардың ынтымақтастығы принципінен жеке зейнетақы жинақтау принципіне мемлекеттіктен  мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесаіне көшу таблады. Мұндай модель алғаш рет 1980-ші жылдары Чилиде қолданыла бастады.     

Осыған бай ланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау концепциясын» қолдады және 1997 жылдың 20 маусымында «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету турасы» ҚР заңы қабылданды.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі тоқырау  жағдайлардың болуының негізгі себептері  мынадай:

  • тұрғындардың қартаюы, халықтың туылуының төмендеуі, жұмыссыздықтың көбеюі нәтижесінде жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер жалпы қатынасының азаюы.
  • бюджеттен тыс қорларға міндетті аударымдардың жоғары мөлшері.
  • жеке зейнетақы саламдары есебінің жоқтығы жеке жауапкершілік пен қарттықты қамтамасыз етуге қызығушылықтың жоқтығына әкелуде.
  • тұрғындардың өзіндік жұмысына бақылаудың толығымен жоқтығы.
  • бюджеттен тыс қаражаттарды бақылаусыз қолдану.
  • жергілікті түсімдерден зейнетақы төлеу бойынша түрлі табыстардың әртүрлі мүмкіндіктердің болуы.
  • обылыстарда биліктің орталықтандырылмаған басқарудың әкімшілік құрлымын екіжақтылыққа алып келуі, бір жағынан министірліктің бөлімдеріаймақтық деңгейде жүргізетін операциялары, ал екінші жағынан барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынды.
  • Зейнеткерлерге 10-даған миллиард теңгеге жеткен зейнетақы төленбеуі.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары