Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)
  1. ҚРжәне СДВ банктік депозитті сертификаттары  (40%).  

 

16-тақырып: Инвестициялық компаниялар және қорлар

 

1. Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қалыптасуы.

2. Инвестициялық  қорлардың түрлері мен типтері

 

«Инвестиция» ұғымы  кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселелені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында  инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені  ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік  акцияларды шығару әрі ашық орналастыру  жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.

Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға  және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

  • Инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
  • Бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
  • Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.

Инвестициялық қор өндіріспен және сауда саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан  өзге), кез келген кепілдік түрін  бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің  және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген тәсілмен  береді, сонымен бірге опциондық және фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық қордың ұйымдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады: акционерлердің жалпы жиналысы—басқарма—инвестициялық  қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің  жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:

    • Инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
    • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
    • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандарымен келісімшартқа отыру туралы.

Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда  қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).

Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

Инвестициялық қордың қызметі  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының  заңдары инвестициялық қорлардың  белгілі бір типтерін анықтап  береді.

Екі негізгі типі: өзара  қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек  білдіруші инвесторлардың қаражатын  тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып  алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайды. Сонымен қатар өзара қор былайша сипатталады: оның акциялары ұйымдастырылмаған нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған.

Инвестициялық компания – бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын  бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың қаражатын жабық инвестициялық қор. Өз акционерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капитаы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосымша акцияларды шығару арқылы көбейтілмейді немесе акциялардың бір бөлігін өтеу арқылы кемітілмейді. Инвестициялық компанияның акциялары қор биржасында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.

Үлестік және акционерлік  инвестициялық қорлары болып көрсетіледі.

  • ашық – пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
  • жабық – жарнашының пайда сатып алуға құқығы болмайды;
  • интегралды – пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алу керек.

Оның жарғылық капиталы құрылтайшылардың салым қаражатының үлестерінен құралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға құқығы болмайды, бағалы қағаздар ұйымдастырылға нарыққа түспейді.

Сонымен қатар акионерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды қалыптастырады.

Инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады.Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асырмайды. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акиялардан құралады.

Қор инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

  1. Бағамдардың тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы.
  2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
  3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.
  4. Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа көбінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі төмен бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мұндай компанияның клиенттеріне қаупі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген тұлғалар жатады.

Үшіншісіне әр түрлі  бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаражат  салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бұл капиталдан айырылып қалудың қаупін азайтатын сенімді  әдіс болып табылады. Мұндай инвестициялық  стратегияны жүргізу үшін үлкен  капиталға ие болу керек.

Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін  капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті  бір күндік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айырылып қалудың қаупі аз болады. Портфелдік инвестицияның құрылымы мен мұндай инвестициялық қорлардың клиентурасы  әр түрлі – банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке тұлғалар мен фирмалар.

Әрбір елдегі инвестициялық қорлардың қызметі қор нарығының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген елдердің портфельдік инвестициясының құрамында акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.

Нарықтық экономикасы  дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді бағалы қағаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестициялық қорлар көптеп кездеседі. Мысалы, ипотека қоры, корпорация облигациясының қоры, ұзақ мерзімді муниципалдық бағалы қағаздар қоры, қаражатын кәсіпорын акциясына салатын өсім қоры, опциондық табыс қоры кездеседі. өздерінің бағалы қағаздар портфельінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін олар эмитенттің бағалы қағаздарына салым ақшаны аз салады немесе шектейді. Қауіптің деңгейін осылайша азайтады. өнеркәсіп компаниясының акциясына қаражат салынар кезде оның салалық әртараптандыруы (жан-жақтылығы) жүзеге асырылады.

 

17-тақырып: Сақтандыру компаниялары және қорлары

 

1.Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретінде.

2.Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі.

 

   Сақтандыру  компаниялары  қаржы  нарығының  маңызды  делдалдары  болып  табылады.Сақтандыру  нарығында  сақтандыру  қорлары  қалыптастыру  және  қолдану  процестері  жүзеге  асырылады,экономикалық  қатынастар  құрылады  және  жеке  топтың  ұжымдық  қызығушылықтары  да  жинақталады.

    Сақтандыру  компаниялары  сақтандыру  қоры  қызмет  етуінің  анықталған  қоғамдық  формасы  болып   табылады.Наықтық  экономикаға   көшу  оның  экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі  рөлін,ұйымдық  құрылымын  және  орнын  анықтайды.

      Сақтандыру  компаниялары  өзіне  берілген  лицензия  негізінде  келісім   шарт  жасау және  орындау   бойынша  өз  қызметін  жүзеге  асырушы  коммерциялық  ұйым  екенін  білдіреді.Қазақстанда  сақтандыру  ұйымдары  АҚ  формасында  құрылады  оның  құрылтайшылары  мен  акционерлері  ретінде  Қазақстан  Республикасында  резидент  және  резидент  емес  заңды  тұлғалар  бола  алады.Мемлекетке  сақтандыру  ұйымының  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  атанан  құрылтайшысы  бола  алады.

         Сақтандыру  ұйымының  жарғылық  капиталы  міндетті  түрде   Ұлттық  валютадағы  ақшалармен  төленеді.Ал,тартылған  және  борышқа   алынған  қаражаттарды  акцияларды  төлеу  үшін  қолдану  тиі  салынған.Сақтандыру  ұйымын  құру  үшін  шешімді  Қазақстан  Республикасы  қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  Агенттігі  келесідей  құжаттарды  ұсынған  кезде  береді:

  • сақтандыру  ұйымын  құру  үшін  рұқсат алу өтініші;
  • құрылтайшылық  құжат;
  • сатандыру  ұйымын  құру  туралы  шешім;
  • құрылтайшылар  туралы  мәліметтер  және  т.б.

Сақтандыру  қызметін   жүзеге  асыруға  лицензия  алу  үшін  Агенттікке  келесідей  құжаттар  беру  қажет:

  • лицензия  беру  туралы  өтініш;
  • мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктің  және  статистикалық  карточканың  нотариуспен  бекітілген  көшірмелері;
  • құрылтайшылық  құжаттардың  нотариалды  бекітілген  көшірмелері;
  • жарғылық  капиталдың  төменгі  мөлшерінің  толық  төленгенін  растайтын  және  меншікті  капиталдың  мөлшері  бойынша  минималды  талаптарды  орындағаны  туралы  құжаттар;
  • басқарушы  қызметке  тағайындалатын  тұлғалар  туралы  мәліметтер;
  • сақтандыру  тәртібі;
  • ішкі  аудит  туралы  ережесі  және  т.б.

    Сақтандыру  ұйымдары  сақтандыру  жарналары  есебінен  өздерінің  ресурстарын  қалыптастырады  және  жинақталған  қаражаттарды  инвестициялық  салымдарды  жүзеге  асыруға  бағыттайды.

   Сақтандыру  ұйымдары  негізгі  қызметтерінен  басқа  келесілерді  орындай  алады:

  • инвестициялық  қызмет;
  • жинақтаушы  сақтандыру  келісім  шартына  сәйкес  көрсетілген  сатып  алу  соммасы  шегінде  өз  сақтанушыларына  қарыз  беру;
  • сақтандыру  ұйымының  қызметін  автоматтандыру  үшін  қолданылатын  мамандандырылған  бағдарламаның  қамтамасыздықты сату;
  • сақтандыру  бойынша  арнайы  әдебиеттерді  сату;
  • өз  қажеттіліктері  үшін  ертеде  алынған  мүліктерді  сату  және  жалға  беру;
  • сақтандыру  сұрақтары  бойынша  консалтинг;
  • сақтандыру  және  қайта  сатандыру  саласында  мамандардың  біліктілігін  арттыру  мақсатында  білім  беруді  ұйымдастыру  және  өткізу;
  • сақтандыру  агенті  ретінде  сақтандыру  делдалдығы.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары