Қаржы салымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:40, курсовая работа

Описание

Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе

1. Қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудың теориялық мазмұны

1.1 Қаржы салымдарының мәні, мақсаты
1.2 Қаржы салымдарының түрлері және оны бағалау әдістері
1.3 Дамыған мемлекеттердің қаржы салымдарының ерекшелігі

2. Күрделі қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудағы әдістер

2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
2.2 Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
2.3 Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау

3.Басқарушы шешімді қабылдау және оны жүзеге асырудың тетігі

3.1 Сатуға жататын өнімдердің ассортиментін жоспарлау
3.2 Күрделі қаржын бөлу
3.3 Бағалық шешімдерді қабылдау жне оны анықтаудың практикалық әдістері
3.4 Жедел диагностикасын қою – икемді шешімдерді қабылдау моделі
3.5 Басқару себін енгізу – қабылданатын шешімдердің дұрыстығын арттырудың кепілі


Қорытыңды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Работа состоит из  1 файл

курсавой КАРЖЫ 2.doc

— 416.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе

 

1. Қаржы салымдары  туралы шешім қабылдаудың теориялық  мазмұны

 

1.1 Қаржы салымдарының  мәні, мақсаты

1.2 Қаржы салымдарының  түрлері және оны бағалау әдістері

1.3 Дамыған мемлекеттердің  қаржы салымдарының ерекшелігі

 

2. Күрделі қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудағы әдістер

 

2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы  туралы шешім қабылдау

2.2 Бизнестің құрылымын  өзгерту туралы шешімдер

2.3 Жаңа өнім өндіру  бойынша шешім қабылдау

 

3.Басқарушы шешімді қабылдау және оны жүзеге асырудың тетігі

 

3.1 Сатуға жататын өнімдердің ассортиментін жоспарлау

3.2 Күрделі қаржын бөлу

3.3 Бағалық шешімдерді қабылдау жне оны анықтаудың практикалық әдістері

3.4 Жедел диагностикасын қою – икемді шешімдерді қабылдау моделі

3.5 Басқару себін енгізу – қабылданатын шешімдердің дұрыстығын арттырудың кепілі

 

 

Қорытыңды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 Қосымша 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. 
 Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды  жүзеге асырады. 
 Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.Бұл екі ұғым осы курстық жұмыстың ұғымдарының субъектілері болып табылады.     
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.  

Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады.Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.  
 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Бүгiнгi күнi Қазақстанның әрбiр азаматына оның экономикасының нарықтық жолға көшкенi мәлiм. Әрбiр мекеме өзiнiң жұмысы үшiн өзi жауап бередi және келешектегi дамуы үшiн шешiмдердi өзi қабылдайды. Ал нарықтық экономикада экономикалық қызметтiң негiзгi мәселелерiн шешу арқылы пайданың максималды мөлшерiн табу үшiн ресурстарды тиiмдi пайдалана бiлген мекеме әрқашан да алдыңғы орында болады.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің  дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер  арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі ақша құралдары мен инвестиция арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек ақша құралдары негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Нарықтық экономика  ресурстың барлық материалдық, еңбек  және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды  көздейді, олар кәсіпкерлік                    іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.

Қазіргі уақытта болып  жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың  шаруашылықты жүргізуші субъект  ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк, инвестор және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Бүгінгі күні нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті кез келген кәсіпорынның ақша құралдарының жоғары көрсеткішке  жетуі маңызды орын алады. Өз қызметінің әрі қарай ілгерілеуіне қаржылық инвесторларының да үлесінің көп болуы  сол кәсіпорынға тікелей әсер етеді.

Әр жылдың аудиторлық қорытындысы  бойынша қаржы шаруашылық орындарының  ақша құралдары мен қаржы салымдарының оң нәтижеге жетуі сол мекеме жұмысының  жемісті болғандығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қаржы салымдары  туралы шешім қабылдаудың теориялық  мазмұны

 

    1. Қаржы салымдарының мәні, мақсаты

 

Қаржы салымы деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. 
 Қаржы салымдары дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. 
 Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.     
 Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.   
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.    
 Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: 
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;  

ә)ұзақ  мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;      
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. 
 Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. 
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: 
- жеке инвесторлар (жеке адамдар). 
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорларын, тағы басқалары). 
 Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.        Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.   
 Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

 

1.2 Қаржы салымдарының  түрлері және оны бағалау әдістері

 

Инвестициялар бірнеше  түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде  болады.

Венчурлық капитал - бұл  тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық  капитал үлкен тәуекелділікпен  жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс  алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен  басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның  салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін  қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл  болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек  оны банкке салып, процент алу  ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге  барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

Егер инвестор 100 мың  теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс  алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы  көлемін жобадан түскен пайда  есебінен орнына келтіруге қажетті  кезең.

Мұндағы пайда деп  отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

Пайданың жай нормасына  негіз болатыны пайдалану жөніндегі  есептесулер. Бұл бойынша бір  жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға  қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

1) Жалпы пайда немесе  салық алынатын, жалпы инвестициялық  шығынға жатқызылған пайда;

2)  Таза пайда   +   жалпы  инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.

Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:

а) негізге алатын белгілі  бір жылды табу қыйын болады;

б) пайданың жай нормасы  салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің тәжірибелік  мәні: егер өсу процентін өзгерте  алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

Информация о работе Қаржы салымы