Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:40, курсовая работа
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кіріспе
1. Қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудың теориялық мазмұны
1.1 Қаржы салымдарының мәні, мақсаты
1.2 Қаржы салымдарының түрлері және оны бағалау әдістері
1.3 Дамыған мемлекеттердің қаржы салымдарының ерекшелігі
2. Күрделі қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудағы әдістер
2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
2.2 Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
2.3 Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау
3.Басқарушы шешімді қабылдау және оны жүзеге асырудың тетігі
3.1 Сатуға жататын өнімдердің ассортиментін жоспарлау
3.2 Күрделі қаржын бөлу
3.3 Бағалық шешімдерді қабылдау жне оны анықтаудың практикалық әдістері
3.4 Жедел диагностикасын қою – икемді шешімдерді қабылдау моделі
3.5 Басқару себін енгізу – қабылданатын шешімдердің дұрыстығын арттырудың кепілі
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Оны мына формула бойынша есептейміз
n Жылдан кейін бастапқы [1+ жұмсалған n
инвестицияның = капитал * капиталдың
болашақтағы құны ( 0 кезеңі ) пайда мөлшері]
мұнда n – ақша жұмсаған жылдардың саны
Біздің үлгімізде:
1 млн теңге*(1+0,10)3 =1,331 млн теңге
Жылдың соңында шамалар алдағы кезеңдегі ақша құнының тұрғысынан қарағанды тең болады деп ұйғарамыз.
Дисконтталған құн және өтелімділіктің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдісі. Кәсіпорын күрделі қаржы жұмсалымындағы жобаны тек оның табысы қаржы нарығында айналыста болатын құнды қағаздардың еркін қаражатын инвестициялаудан түсетін табыстан асып түскен жағдайда ғана қаржыландыру керек. Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері мұндай проблеманы шешуде дұрыс ұсыныс береді. Сонымен, басқарушылық есеп жүйесіндегі дисконттаудың көмегімен күрделі қаржы жұмсалымының әлдеқайда пайда түсіретін тиімді жолы анықталады.
Бұл әдістің мақсаты – болашақта түсетін ақша қаражатын осы заманғы бағамен көрсету, яғни келтірілген құнды есептеу. Осылайша дисконттау – бұл болашақта алынатын ақшаның бүгінгі құнын табу процесі.
t дисконттау коэффициентін
Мұнда А- дисконт нормасы.
Дисконт нормасы – бұл күрделі
қаржы жұмсалымындағы табысқа қатысты
анықталатын капитал
Дисконттау коэффициентімен
Дисконтталған құны = = =1 млн теңге
Күрделі қаржы жұмсалымы
бағдарламасының әлдеқайда
Таза келтірінді құн азайту (минус) күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасы бойынша бастапқы инвестициялық шығын. Егер құнды қағаздарға салынған пайда нормасынан күрделі қаржы жұмсалымы бойынша пайда нормасы жоғары болса, онда ТКҚ он (жағымды) болып табылады, ал керісінше болса – теріс (жағымсыз). Оң (жағымды) ТКҚ кәсіпорынның күрделі қаржы жұмсалымына келісетінін, терісінде (жағымсыздығында) – бас тартатынын білдіреді. ТКҚ нөлдік мағынасы кәсіпорынның күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасын қабылдауға немесе одан бас тартуға немқұрайлы қарайтынын білдіреді.
Жылдық қолма-қол ақша
ағыны өзгеіріссіз қалатын
Күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін бағалаудағы басқа әдіске өтелімділіктің ішкі коэффициент есебі жатады. Ол ақшалай шығынның келтірінді құнына ақшалай түсімнің келтірінді құнын теңестіру мақсатында күрделі қаржы жұмсалымынан түсетін барлық қолдағы ақша ағынын бақылау үшін пайдаланылатын инвестициядан болатын проценттің нақты мөлшерлемесін білдіреді. Өтелімділіктің ішкі коэффициенті – бұл күрделі қаржы жұмсалымының ТКҚ нөлге тең болатын дисконт коэффициенті.
Егер өтелімділіктің ішкі коэффициенті капиталға жүктелген шығыннан артық болса, инвестиция пайдалы және жағымды келтірінді құнды береді. Керісіншіде де солай, өтелімділіктің ішкі коэффициенті жүктелген шығыннан аз болса, онда капитал жұмсау пайда бермейді, келтірінді құн жағымсыз болады.
Егер қолдағы ақша ағыны әр жылда бірдей болатын болса, онда өтілімділіктің ішкі коэффиценті былайша есептеледі:
Дисконттау коэффициенті =
Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет: қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді. Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша алуғ жағдай жасайды. Мынаны да айта кету керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының есебіне кірмейді.
Тәжіриебеде күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін бағалайтын басқа әдіс жиі қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым әдісіне өтелу мерзімінің есебі жатады.
Күрделі қаржы жұмсалымының өтелімділік кезеңі (өтелетін мерзімі) – бұл күрделі қаржы жұмсаудың тиімділігін бағалаудағы әлдеқайда әйгілі әдіс болып табылады. өтелімділік кезеңі - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен таза табыс арқылы кәсіпорын бастапқы жұмсалған күрделі қаржының орнын толық толтыртын уақыт аралығы.
Егер болжалды таза табыстың мөлшері барлық жылдағы инвестициялық жобаларға тең бөлінсе, онда өтелімділік кезеңі мына формула бойынша есептеледі:
өтілімділік кезеңі (жылдар, айлар) =
Жылдық табыстың болжалды мөлшері неғұрлым жоғары болса, қүрделі қаржы жұмсалымының өтелу мерзімі соғұрлым қысқа әрі оның тәуеклділік деңгейі төмен болады, инвестициялық жоба сонымен тартымды.
Әдетте өте қарапайым болғандықтан бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар. Бұл кемшіліктердің ішіндегі ең елеклісіне болжалды табысты топшыланған шығынмен уақыт факторын ескермей салыстыруы жатады. Мұндай тәсілдеме нақты нәтиже бере алмайды, өйткені әрбір жұмсалған шығын бірлігінің әр уақытта әр түрлі құны болады. Осыған ұқсас бір жылдан кейін алынған ақша бірлігі тапшылық жағдайында 5 немесе 10 жылдан кейін алынған бірліктен қымбат болады. Сондқтан да бұл әдісті бағалаудың басқа әдістерімен ұштастырып қолданған әлдеқайда орынды.
Инвестициялық проблеманың екі түрі бар: күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау немесе қабылдамау және пайда нормасын қамтамасыз ететін жобаны қандай кезекпен орындау қажет. Егер бірінші проблеманы шешу үшін жоғарыда аталып кеткен әдіс қолданылатын болса, онда екінші проблемада - өтелімділіктің есептік коэффициенті және пайда индексі қолданылады.
Өтелімділіктің есептік коэффициенті жобаның жыл сайынғы орташа табысын жобаға жұмсау бойынша орташа шығынға бөлу арқылы есептеледі. Орташа жылдық таза табыс қосымша табыс пен күрделі қаржы жұмсаудың шығынындағы айырмашылықты ғана өзіне қосады. Қосымша шығынның құрамына не инвестицияның таза құны, не амортизациялық аударымның жиынтығы енгізіледі. Инвестицияның орташа шамасы амортизацияны есептеу әдісіне (біркелкі, баяулатылған, жылдамдатылған) тәуекелді.
Пайда индексі ағымдағы түсімнің құнын жоба бойынша орташа инвестициялық шығынға бөлу арқылы анықталады. Ол таза дисконтталған құндардың және пайдалылықтың ішкі нормасының көрсеткіштерін пайдалануды қарастырады. Осыған орай, күрделі қаржы жұмсалымы бойынша жобалар тиімділігіне (тартымдылығына) қарай қарастырылады.
Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі есебінде тапшылық процестері ескерілуі керек: экономикада жалпы баға деңгейінің көтерілуі, өндіріс ресурстарының – капиталдың, шикізаттың, материалдың, еңбектің және өндірілген өнімнің қымбаттауы; ресурстар және өнім түрлері бойынша тапшылықтың әр келкі болуы; шетелдік валюта бағамының өсуінен тапшылық деңгейнің асып түсуі.
Бұл әдістің кемшілігі – онда да ақша құны уақыт факторынсыз ескерілуінде.
Шаруашылық механизмін қайта құру, әкімшілік жүйеден шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайына өту жылдарында Қазақстан Республикасындағы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары аса қиын қаржы жағдайына тап болды. Оған объективті және субъективті тұрғыдан көп себеп болды. Отандық өнімдер көп жағдайларда батыстық фирмалардың өнімдерімен бәсекеде төтеп бере алмайды: тұтынудың төменгі деңгейі, ақталмайтын жоғары бағалар, осының салдары ретіндегі өткізу нарығының болмауы тауарбастылық пен өндірістің тоқтауна әкеп соқтырады. Епті басшылар кейбір жағдайда батыс инвесторын тарту арқылы бәсекегк жарамды өнімдерді шығару үшін өндірістік қуатын қайта бейіндейді (профильдеу).
Кәсіпорын әлдеқайда сапалы деңгейге көтеретін бизнес стратегиясын қалыптастыру, оның құрылымын өзгерту үшін бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдерін білу аса қажет. Мұнда маркетингке, яғни нарықты зерделеу қызметіне, өндірісті басқару және реттуге, нарық коньюктурасы туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылатын және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді өткізуге маңызды мән беріледі.басқаша сөзбен айтканда, нарық тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтаса, ал өндіріс технологиясы осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімді жасайды.
Маркетингтік зерттеу нарықтағы тауарлардың жағдайын басқару және реттеу бойынша шешім қабылдаудың негізі болып танылады және өңдіруші мен өткізуші параметрлеріне, өнімнің сыртқы түрі мен бағасына (сатудың мөлшері мен орнына, өткізу арналарына, жабдықтаушыларға, делдалдарға және т.б.) тікелей ықпалын тигізеді.
Осылайша, бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдауда зерттеудің негізгі бағыттарын бөліп көрсету керек.
1. Кәсіпорынның даму
келешегін талдау. Кәсіпорынның
нарықтағы бәсекеге төтеп бере
алатын шегі анықталып, барлық
қызмет түрлері, яғни
Америкалық экономист М. Портердің пікірінше, бизнестің даму бәсекелесуші төрт күшке әсер етеді.
1. Жабдықтаушылар. Қажетті материалды өндіруші кәсіпорынға ең алдымен олардың қайдан табылатынынң білуі керек.
2. Сатып алушылар. Кәсіпорын
нарыққа енуі үшін
3. Ауыстырушылар. Нарықта дәстүрліні ығыстыратын өнімнің жаңа түрі пайда болады.
4. Жаңа бәсекелестер.
Нарықта бұрын бизнестің осы
тұрімен айналысқан жаңа
2. Белгілі бір бизнес
тұрінің кіру және шығу
Нарық сегментінде кірудің үлкен тосқауылы мен шығудың кіші тосқауылына ие ұйымның жағдайы мінсіз, яғни жақсы деп саналады. Бұл аз қатермен, яғни тәуекелділіктің төменгі деңгейімен аса жоғары маржиналдық табысты алуға мүмкіндік береді. Кірудің төмен, шығудың жоғары тосқауылдарын сипаттайтын керісінше жағдайда үлкен тәуекелділікпен аз табыс алынады.
3. бизнестің ішкі құрылымын талдау кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде қолданылады.
Басқару есебі тұрғысынан қарағанда стратегияның үш түрі болады:
Мұндай талдаудың арқасында басшылық бәсекелестердікімен салыстырғандағы өнімнің сапасын, бағаның деңгейін, сатып алушыларды, әлеуметті және басқа да тапсырыс берушілерді, әр қызмет түрінің географиясын анықтау арқылы кәсіпорынның барлық бизнес түрлері бойынша біртұтас стратегияны әзірлейді.
4. Кәсіпорынның ұйымдық
құрылымының тиімділігін
Стратегиялық бизнес-бірлік – бұл тапсырыс берушілердің бір текті тобына сатылатын және нақты анықталған бәсекелестердің тобына ие тауар (жұмыс, қызмет) іріктемелері.
Стратегиялық бизнес-бірлік – бұл оқшауланған кәсіпорын ретінде басқарылатын, үлкенді жекелеген дербес бөлімшелерге бөлудің нәтижесінде болатын автономиялық бірлік, тәуелсіз компаниялар.
Бас менеджерлерге толық
еркіндік беріледі, сонымен қатар
әр түрлі бизнес-бірліктердің өзара
ықпалына және ресурстарды бірігіп
пайдалануға кедергі
ББС қызметі іштегі шаруашылық айналымына қызмет етуге емес, ең алдымен сырттағы серіктестерге бағытталған.
Бизнес сегменті мына шмрттар орындалғанда ББС ретінде қарастырылуы мүмкін:
Егер бұл шарттар сақталатын болса, онда ББС трансферттік баға белгілеуді қолдану жолымен өлшенетін пайда орталығына айналады.
ББС тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлаудың құралы болып табылады әрі ұйым және оның құрылымының дамуына ұзақ мерзімде ықпалын тигізеді.
Мысалы, Қазақстан мен Ресей тоқыма өнеркәсіптерінде ББС тұжырымдамасының рөлі қандай?