Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:40, курсовая работа
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кіріспе
1. Қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудың теориялық мазмұны
1.1 Қаржы салымдарының мәні, мақсаты
1.2 Қаржы салымдарының түрлері және оны бағалау әдістері
1.3 Дамыған мемлекеттердің қаржы салымдарының ерекшелігі
2. Күрделі қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудағы әдістер
2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
2.2 Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
2.3 Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау
3.Басқарушы шешімді қабылдау және оны жүзеге асырудың тетігі
3.1 Сатуға жататын өнімдердің ассортиментін жоспарлау
3.2 Күрделі қаржын бөлу
3.3 Бағалық шешімдерді қабылдау жне оны анықтаудың практикалық әдістері
3.4 Жедел диагностикасын қою – икемді шешімдерді қабылдау моделі
3.5 Басқару себін енгізу – қабылданатын шешімдердің дұрыстығын арттырудың кепілі
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Бірақта, көптеген басшылар баға белгілеуде “өндірістің толық шығындарын” алғанда дұрыс деп санайды. Ал классиктер болса, қатаң нарықтық әдіспен қалыптасқын бағаны қалайды. Бүгінде әлем практикасында 23 бағаның түрі бар жазды, С.А. Бороненкова [100.34-37 б.]
Осыдан, баға белгілейдің ғылыми тұрғысы емес, көбінесе оның епті қимылы, яғни өнерге ұқсастығы байқалады. Кез келген баға белгілеудің түпкі мақсаты – барынша максималды табыс табу болып табылады. Табыс – бұл бағаның қызметі, көлемі, өзіндік құны және өнім сапасының ассортименті.
Баға құру саясатын дайындағанда келесі факторларды ескерген жөн: жарнама және маркетингі; буып-түюді; сатудан кейінгі қызмет көрсетулері; тасымалдау мерзімі; жабдықтаушылардың сенімділігі; берілген несиенің шарты, сондай-ақ әрекет етіп тұрған нарықтың аясы т.б. атрибуттары. Осыған орай мемлекеттік статистикалық мәліметтердің негізінде маркетингтік зерттеулер жургізу, ол үшін жоғарыда айтқанымыздай, зиянсыздық нүктесін талдау сияқты шаралар жүргізіледі.
Біз осы тауардың өнім бағасы мен сұраныс деңгейінің арасындағы байланыстарын зерттейміз. Кейбір кәсіпорындар өз өнімін сынақтан өткізу үшін, аз мөлшерде өндірілген өнімді сатуға шығарады. Мұндай әдіс сұраныстын шектелген диопазонын табу үшін жасалынады. Ал кейбір кәсіпорындар статистикалық экстраполяция (барынша ұқыптылық) жолымен жасағанды ұнатады. Басқарушы есепте баға белгілудің екі әдісі қолданылады: “Ұзақ мерзімді баға шегі” және “Қысқа мерзімді баға шегі”.
Ұзақ мерзімді баға шегі бұл толық зіндік құнға негізделеді, ал қысқа мерзімді баға белгілеу шегі “директ-костинг” жүйесіне сүйенеді. Қазақстанда кешігіге дейін, қсқа мерзімді баға белгілеу тәсілі аз зеттеліп келеді. Бұл тәсіл, біздегі дәстүрлі, тлық өзіндік құнның калькуляциясына, біршама басқаша қарауды талап етеді. Біздің пікірімізше, өзіндік құнның толық құрамына емес, оның айнымалы бөлігіне көңіл бөлген орынды сияқты, өйткені қосымша тапсырыстар, тек қана айнымалы шығындардың қозғалысымен сипатталады.
Кейінгі кездері көптеген кәсіпорындар трансфеттік бағаның негізінде алады.
Сонымен, баға белгілеудің бірнеше вариациясы бар, бірақ олардың басым көпшілігі негізгі екі типтің манайына топтасады:
а) “шығын-плюс” деген әдісі бойынша баға белгілеу
б) табыстылық мақсатымен бағаланатын мөлшерлемесі
Бірақ көптеген ШС баға белгілеудің бірінші әдісіне , яғни толық шығындар есебінің әдісіне сүйенеді, айнымалы шығындарға қарағанда, оны олар былайша түсіндіреді:
-ұзақ мерзімді кезенде
барлық шығындар өтелінуі тиіс
(менеджерлердің басым бөлігі , оған
тек толық шығындар есебінің
негізінде қол жетеді деп
-шығару көлемі мен өнімнің барлық түрлері бойынша шығындардың ара қатынасын талдау өте қымбатқа түседі деп саналады, сондықтан минималды бағаны есептеу барысында толық өзіндік құнды басшылыққа алады;
-сұраныстың қисық
сызығы осы уақытқа дейін
-толық өзіндік құн үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
-кейде тіркелген формула
бойынша бағаны анықтау,
Сондай-ақ толық шығындар өндірісте жұмсалатын барлық тапшы ресурстарының баламалы құнын ескереді, бірақ біз бұл арада аталған әдістің толық қолдауын қолдап отырған жоқпыз. өйткені әр жағдайда әр түрлі әдісті қолдануы мүмкін.
Мысалға, айнымалы шығын әдісі: бәсекелестікті салыстыру; құрылымдық өзгерістер мен сату деңгейі туралы шешімді қабылдау; жаңа өнімдерге баға белгілеу және арнайы тапсырыстар туралы шешім қабылдау кезінде пайдаланады. Осы аталған шараларды жүзеге асырылатын болса, онда ШС–тісі демпинголдық сипаттағы шаралармен қақтығыспайды. Демпинг бәсекелестерді ойсырату мақсатымен баға деңгейлерін уақытша төмендетеді және сату нарығын өзіне қаратып алу үшін жасалынады, бірақ сонында баға қайтадан көтерілуі мүмкін.
Сонымен, баға белгілеудің толық шығындар әдісін (шығындық механизмін) бірде бір ғалым-экокномистер осы уақытқа дейін “бұза алмай ” келеді. Және бұл әдістеменің мәні мынаған саяды: нақты қалыптасқан өзіндік құнын тек жоспарланған табыс сомасына арттырылып, айналымдағы салық сомасын қосып – көтерме бағасын алуға болады.
Дегенмен де, нарық жағдайының әлі де болса жетілмегені өндірушілер үшін табыс алудың мүмкіндіктерінің бар екндігін білдіреді, яғни баламасы өндіріс шығындарына қосылатын қосымшалардын арқасында. Ол үшін «директ-костингі» жүйесіне сүйене отырып, баламалы өндіріс шығындарының минималды деңгейіндегі бағасын анықтап алады. Сондықтан, алдымен айнымалы шығындарға негізделген бағаны, шығарып сосын шығындардың экономикалық тұрғысынан қарастырып, баламалы бағаны жасаудың процедурасына кіріседі. Бірақ біз олардың ішінде тек осы күнге дейін белгілі болған әдістерін ғана аламыз:
Кейінгі екеуі баға белгілеудің есептік әдісі деп те аталады. Алдымен осы екі әдістін шығару жолдарын қарастырып көрейік:
1. «Шығын-плюс» әдісі өнім бағасын мына сомалардың көмегімен шығарады;
Аталған әдісті шығару үшін,біз мынадай шартты мысалды пайдаланамыз:
жиынтығы
(сағатпен алынады)
Жиынтығы
Кәсіпорынның басшысы толық шығынның 20%-тей деңгейінде табыс алынады деп топшылаған. Үстеме шығыстарын тарту үшін жұмыс күшінің сағатпен өлшенген деңгейі алынады.
Өнім бірлігіндегі тартылмаған үстеме өндірісте қолданылатын,
тұрақты үстеме = шығыстырының / жұмыссағатының жиынтығы
шығыстар
жиынтығы
бір бұйымды (өнімді)
Х өндіру үшін қажет жұмыс = х 5 = 188,48 аб берілген өб
сағатының саны
Сонымен, бір бұйымды шығару үшін жұмсалатын шығынның деңгейі келесідей болды және ол сол өнімнің бағасы да бола алады.
2. Табыстылық мақсаттылығымен жасалған мөлшерлемесі бойынша бағаны анықтау “шығын-плюс” әдісіне ұқсас болып келеді, тек бұл арада шығын пайызы бойынша емес, табыстылығы мөлшерлемесі үшін пайдаланған капиталдан үстемесі (надбавкасы) шығарылады.
Жылдық табыстылықтың мақсаттық мөлшерлемесі 10 % деңгейінде белгіленген, бүкіл пайдаланатын капиталдың деңгейі 2495000 теңгесін құраған, осыдан көзделген табыс сомасы – 249500 теңге болған (2 495 000х 0,1).
Осы көрсетілген мәннің көмегімен (249500) бұйымды шығаруға
жұмсалатын шығындар үшін талап етілетін нормасы (17,2%) анықтаймыз.
Табыс нормасы = мақсатты табыс х 100 = х 100 = 17,2%
Енді жоғарыдағы толық өндіріс шығынына табыс нормасын қосып бір бұйымның бағасын шығарамыз: [185,38+31,89(185,38х0,172)]= 217,27.
Бұл арада екі әдісті салыстыру мәселесі туындайды, сол үшін келесі формуланы пайдаланамыз:
Р=290-0,1Q
Мұндағы, Р – бір бұйымның бағасы,
Q – шығарылған өнімнің саны.
Алдын-ала жоспарлаған 800 бұйыммен сұраныс деңгейі (қисық сызығы) бойынша, бұйымның әр қайсысы 210 теңгеден сатуға болатындығын формула бойынша шығарылған есептің көмегімен дәлелдейміз: Р = 290-0,1х800 = 210 аб (теңге). Енді оның осы бағасы бойынша табыс жиынтығын табамыз; 210 х 800=168000 аб (теңге). Сонымен, шығарылған маркетингалық бағасын жоғарыда келтірілген екі әдіспен салыстырамыз.
Қатар нөмері |
Көрсеткіштер |
Маркетингалық бағалау |
“шығын-плюс” |
Табыстылық мөлшерлемесі |
1. |
өнім бірлігінің бағасы, теңге |
210,00 |
222,45 |
217,27 |
2. |
Сатылатын бұйымның саны, дана (Р=290-0,1Q формуласы бойынша) |
800,00 |
675,50 |
727,30 |
3. |
Жиынтық табыс, теңге |
168000,00 |
150264,97 |
158020,47 |
4. |
өндіріс шығындарының жиынтығы, теңге |
148300,00 |
139970,95 |
143436,37 |
5. |
Таза табыс, теңге |
19700,00 |
10294,02 |
14584,10 |
Барлық жағдайда, өндіріске кеткен жиынтық шығындар мына формула бойынша есептелінеді:
өндіріске жұмсалған = өнім бірлігіндегі х бірлік – тұрақты шығын
жиынтық шығындары жиынтық шығыны саны жиынтығы
Сонымен, маркетингалық бағалау кез келген әдістің бағыт бағдарын белгілейді және ол нарық жағдайын тереңірек түсіндіреді, бірақ көптеген басшылар баға белгілеудің шығындық есебінің негізінде анықталғанын ұнатады делік біз жоғарыда. Бұл шығындық әдіс экономикалық қосымша құнмен байланысты болуы мүмкін. Бұл аталған экономикалық қосымша құнның есептелі келесі кестеде. ШС-сі ағымдағы жылы 20млн. аб таза табыс алды делік. Табыстан ұсталатын салықтың мөлшерлемесі 30 пайыздың деңгейінде белгіленген. Осы кезде суъектінің алған инвестициясы 100 млн аб құрады делік. Аталған инвестицияны пайдаланылғаны үшін 11 пайыздың деңгейінде төлем жасалынатын болып белгіленген. Ал келер жылы суъектінің инвестициясы 100 млн ақша бірлігінен 110 млн-ға дейін жеткізетін болып белгіленген, бірақ ондағы капиталдың пайдалану құны сақталған және алынатын табыстың деңгейі 17,5 млн аб жетеді деп болжанған. Нәтижесінде, біз толық өндіріс шығынына қосылатын экономикалық қосымша құнын аламыз, оның деңгейі 2,4 млн аб жеткен.
Қатар нөмері |
Көрсеткіштер |
сомасы | |
1. |
Таза табыс |
20000000 | |
2. |
Табыстан ұсталатын салық |
6000000 | |
3. |
Кәсіпорынның салықты төлегеннен кейінгі қалған операциялық табысы (1-2) |
14000000 | |
4. |
Инвестиция үшін төленетін төлем (капитал үшін жасалатын төлем) (100000000х11/100) |
11000000 | |
5. |
Экономикалық табыс(3-4) |
3000000 | |
|
Келер жылға | ||
| |||
6. |
Салық төленгеннен кейінгі қалған операциялық табыс 14000000 |
17500000 | |
7. |
Капиталға төленетін табыс 11000000 |
12100000 | |
8. |
Экономикалық табыс |
5400000 | |
9. |
Экономикалық қосымша құн (5400000 – 300000) |
2400000 |