Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14
2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32
3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47
Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67
Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан экономикасының дамуының нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару саласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді [10].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салаларалық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруін ақпараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетісті қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, кедендік бақылау комитеті, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, салық комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілген қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Мемлекеттік кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.
Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі,сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының ақпараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен,ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады. Ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп білінеді. Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді бөліп көрсетуге болады: салық саясаты және болжамдар, бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау, бюджеттік саясат және жоспарлау, мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау, аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат, экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау, мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау, әлеуметтік сфера шығыстарын жоспарлау департаменттері жатады.
Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1.2 |
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі |
Қаржыны мемлекеттік реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржы есебінен қызметкердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған және қоғамды одан әрі дамократияландырып, аса маңызды экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез-келген экономикалық тұрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола басталды.
Мемлекеттің қаржылық саясаты – бұл негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің қажетті деңгейін өткізу үшін қолдану мақсатында өзара есеп айырысу саласында қолданылатын құралдар жүйесі болып табылады. Ол екі негізгі түрде көрсетіледі: мемлекеттің бюджеттік саясаты және ақша-несие саясаты. Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау, эканомикалық саясат дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделген. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның Конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық ҚР Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы жолдаудың шеңберінде іс қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ал ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
- қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- қорды қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерілімділігі;
- қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржыны реттеу тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаларға мыналар жатады:
- объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
- нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Экономиканың қазіргі дамуы Қазақстан Республикасында қаржы саясатын жетілдірудегі бағыт өндірістің кең жариялылығымен, коммерциялық бастамалардың еңгізілуімен, нарықтық реттеумен, шаруашылық көздеріне экономикалық мүдделердің артуымен байланысты.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға сатуды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық бағыттың, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз етуінен туындайды. Қаржы саясатының басты бөлімі макрореттеудің ең маңызды құралы болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржы ақша ресурсымен оның бөліп таратылуын көрсететін мемлекеттің қаржылық қызметінің бағдарламасы.
Экономика дамуының қазіргі кезде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің жекелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, сұранымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің білікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын өтеді (Б қосымшасы). Сондықтан шынайы, осы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
- дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
- халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс.