Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.

2011 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.

Сонымен қатар, бұл ұстаным  бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін  толық көлемде қадағалауға мүмкіндік  бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.

Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік  органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін  шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады. Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді.

Аталған жүйелі кемшіліктерді  жоюға бюджеттік ресурстарды  мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін  және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде  бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидалар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.

Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолы, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.

Бюджетті жоспарлау  және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту  туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік  органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады. Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді [18]:

- стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;

- республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;

- корпоративтік басқару;

- мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;

- бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;

- мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;

- ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.

2011 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады. Бюджет процесі тұрақтандырылады және сабақтастырылады, өйткені бюджетті қалыптастыру процесінің алғашқы нүктесі болып алдын-ала бекітілген шығыстар мен кірістердің болжамы болып табылады. Бюджет “жылжымалы негізде” қалыптастырылады, бұл ретте өткен жылғы болжам бір жылға алға жылжытылатын болады.

Елдің саяси жүйесіндегі  және мемлекеттік жоспарлаудағы  өзгерістер (нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге), жоспарлаудың қазіргі жүйесіне жүргізілген талдауға және дүниежүзілік Банктің инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарына орай инвестициялық жобаларды ісі асыруға, сондай-ақ Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға да және іске асыруға да тәсілдер жетілдіріліп, тұтастай инвестициялық жобаларды іріктеу және мониториг қағидаттары мен тетігі қайта қаралады.

 

 

1.3

Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері


Әр елде қаржыны  әртүрлі деңгейде басқарылады екен, мәселен АҚШ эконамикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет, жалпы ішкі өнім 1 адам басына шаққанда 36200 долларды құрайды. АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізі Ата заңға сәйкес өнделеді. Ата заңға конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған. Негізгі заңға сәйкес конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар конгрестің 2 палатасы да саясатын даярлауға жауапты. Конгресте шығыстарды бекіту процесі айтарлықтай іс-әрекеттерімен ерекшеленіп, аталмыш процесс үш сатыдан өтеді. Конгресстің "профилды" комитетінде қаражат бөлінуге тиісті бағдарлама бекітілуі тиіс. Осыдан кейін қаржы бөлу бойынша комитет қаражаттарды бөлу мәселесін талқылауға кіріседі. Осылайша, алдымен конгресс бағдарламаның принциптілік түрде жүзеге асуына рұқсат береді, одан кейін бағдарламаның құны, ұзақтығы қарастырылады, ақырында жалпы бөлінген қаражаттар туралы заң негізінде нақты қаржы жылына бөлінген қаражаттар, яғни нақты ақшалар бөлінеді.

АҚШ-та қаржыларды басқару Қаржы миистрлігі мен ӘББ-на жүктеледі. Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: қаржы және салық саясатын даярлау, қаржы заңдылықтарының орындалуына бақылау жасау, үкіметтің қаржы агенті ретінде іс-шараларды жүзеге асыру, тиын ақшаларды соғу, құю(чеканка), ақша белгілерін эмиссиялау.

Министрлік  бөлімшелерінің бірі - ішкі табыстар қызметі, ол федералды бюджетке түсетін салықтар мен түсімдерді қамтиды. ІТҚ-ның  бақылауын тиімдірек жүргізу  мақсатында үш деңгейлі мекемелер құрылған: ұлттық, аймақтық, округтік.

Министрліктер ішкі заемдар және мемлекеттік қарызды  басқару мәселелерімен айналысатын  қызмет органдары да бар. Министрліктер  құрамына ақша айналысы мен бақылау  қызметі де кіреді. Оған ұлттық банктер  қызметін бақылау жүктелген, ал олардың  саны 4600-ге жуық. Бұл қызмет жаңа ұлттық банктердің ашылуына, АҚШ банктерінің ұлттық түрге ауысуына, филиалдар ашуға рұқсат береді. Ал, шығыстар құрылымы бірнеше бағыттар бойынша: ұлттық қорғаныс, халықаралық қатынастар, ғылым мен ғарыш, технология, энергетика, табиғи ресурстар мен қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, транспорт, білім беру, кәсіби-техникалық даярлау, еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, табыстарды қолдау, әлеуметтік сақтандыру, ардагерлерге қызмет көрсету мен жәрдемақы, тәртіп сақтау, жалпы басқару, мемлекеттік қарыз бойынша шығындар болады.

АҚШ - та қаржы  министрлігінде ішкі заем мен мемлекеттік  қарызды басқару қезметі маңызды  роль атқарады. Мұнда мемлекеттік  құнды қағаздар арқылы уақытша бос  ақшалар іске асырылады, мысалы: облигацияларды сатуды басқару. Облигацияны сату басқармасы елдің барлық жерінде қызмет көрсетіп, олар аймақтық бөлімшелерге бағынады. Мемлекеттік қарызды басқару бөлімі алымның пайызын төлеумен, қарызды жоюмен жұмыс жасайды. Министрлік құрамында ақша айналымына бақылау жасау қызметі бар. Ол барлық халықтық банкіге бақылау жасайды. Бұл елде оның саны 4600-дей және жаңа банкінің ашылуына рұқсат беріп, штаттағы банкінің деңгейін ұлттық банкіге дейін көтеріп, оларды біріктіріп бөлімшелер ашылуына бақылау жасайды. Қаржы министрлігіне сонымен бірге АҚШ - тың шет елдермен қаржы саясатын, сауда саясатын шет елдердегі инвестицияның АҚШ экономикасының пайдасына сай жүргізіп отырады [27].

Мәселен, Германияда ата заң бойынша мемлекеттік биліктің 2 деңгейі бекітілген - Федеративті мүшелері және жергілікті (федерация мүшелері). Жалпы Германия экономикасының негізінде қазіргі заманғы озық техниканы игерген мемлекет екендігі белгілі. Әлем бойынша өнеркәсіп өндірісінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды иеленген.

Қаржы федерализмі  дегеніміз - қоғамдық міндеттерді қаржыландыру мен жүзеге асыру, жоспарлау саласында  өкілеттілікті беру. Ал, қауымдастықтар мкмлекеттік деңгейге кірмейді, тек  жергіліктердің бөлшегі болып табылады. Қауымдастықтардың қаржы жағдайын жергіліктер қадағалауға міндетті.

Қазіргі кезде  Германияның бюджет жүйесінің құрамына федерация бюджеті арнайы екі  қорымен кірді, сонымен бірге 16 жергілік және 11 мыңнан астам қауымдастық  бюджеттері кіреді. Аты аталған буындардың бәрі "біріккен мемлекеттік бюджет" ұғымын құрайды. Германияда заң бойынша мемлекеттік міндеттер федерация мен жергілікті жерлер арасында бөлінеді. Ал, осы міндеттерді орындау барысында шығындары жеке бөлек. Федерация мен жергіліктердің өздерінің бюджет құрылымы жөніңде өз биліктері өздеріңде. Жергілікті бюджеттерді иемденген қауымдастықтар федерация мен жергілікті жерлер сияқты әлеуметтік - қоғамдық міндеттерге араласа алады.

Германияның қаржы  құрылымы - федерация, жергілікті жерлер. Берлин қаласы және қауымдастықтардың  шығындарын бөлу сипатынан тұрады. Мемлекеттік буындар арасында шығындарды бөлу тәртібі төмендегідей: мысалы, әлеуметтік шығындардың негізгі үлесі федерация еншісінде, жоғарғы білім беру бойынша шығындар жергіліктілер  үлесінде, денсаулық сақтау шығындары қауымдастықтар үлесіне тиеді. Ал, қорғаныс шығындары толығымен федерация үлесінде.

Германия ата  Заңына сәйкес аймақтық экономикалық құрылымды жақсартуға байланысты жалпы  ұлттық бағдарламаларды қаржыландыру федерация мен жергіліктілер  арасында тепе-тең үлеспен жүзеге асырылады. Бюджетаралық реттеудің басты құралы болып ҚҚС-ғы саналады, осы федерация мен жергілікті жер арасында (56/44) деген қатынаспен бөлінеді. Жергілікті жерлерден түскен қаражаттардың 75% бір тұрғынға шаққандағы бірыңғай критерий бойынша бөлініске түсіреді, ал қалған 25% нашар жергілікті жерлердің салықтық әлуетін теңестіру мақсатына бағыттайды.

Ұлттық деңгейдегі аса маңызды міндеттердің бірқатарын федералды үкімет пен жергілікті жер бірлесе отырып жоспарлайды  және қаржыландырады. Жергілікті билік  органдарының аса маңызды күрделі инвестициялық жобаларына федералды үкімет субсидия түрінде көмек беру жолдарымен  араласа алады. Олар мына мақсаттарға бағытталады:

- жалпы экономикалық тұрақтылыққа, қауіп төнген жағдайда, сол қауіптің көзін жою немесе болдырмау жолдары;

- экономикалық дамудағы аймақтық айырмашылықтарды теңестіру;

- экономикалық өсуді әрмен қарай жалғастыру мақсатында шаралар қабылдау;

Жалпы міндеттердің барлық шешімі федералды үкімет пен  жергілікті жерлердің көпшілігінің мақұлдауы, яғни бір келісімге келумен шешіледі. Ата заңға сәйкес қалалар мен қауымдастықтар өз істерімен өздері айналысуға құқылы. Дегенмен , жергілікті органдар мына істер үшін жауапты: жергілікті жол құрылысына, энергиямен қамтамасыз ету, табиғи газ бен судың берілуі, канализация құрылымы жағдайында, мектеп , театр, музей, аурухана, спорттық ғимараттар құрылысына және олардың жөнделуіне. Жергілікті органдар сонымен қатар әлеуметтік көмектерді де береді.

Франция қаржы  жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады. Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорларына - 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді [30].

Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс-қызметтерге  байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстармен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік  кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып  салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады. Салықтар арқылы ұлттық табыстың 50% қайта бөлінеді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:

  1. қорытынды сипаттағы операциялар (қайтарымсыз қаржыландыру);
  2. уақытша сипаттағы операциялар (несиелік операциялар).

Франциядағы мемлекеттік  қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруы мен  сипатталады. Ұлттық табыстағы мемлекеттік  шығындар үлесі жылдан-жылға өсіп, бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

Жалпы Францияда бюджет процесі  төрт сатыдан тұрады және ол 3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты - бюджет  жобасын құру, экономика және қаржы министрлігінің бақылауымен 9 ай бойы жүргізіп,  бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.

Екінші саты - үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджетті жобасы әр палатаның қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық жиналыста) талқыланып, содан соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға, қарауға беріледі.

Бюджет бекітілуі  қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп  мақұлданса, онда президент өзінің жарлығымен бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонстық бюджет күшіне енеді.

Франция парламентінің бюджеттік  құқықтары Ата Заңмен шектелген. Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер енгізуге құқығы жоқ. Жалақының төменгі  шегі, отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша бірқатар баптарды бекітуде де парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп, парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі.

Информация о работе Қаржыны басқару