Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, қазіргі таңда  бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз етуіне және тиісінше, ішкі қаржылық бақылау  жүйесінің тиімді қызмет етуіне байланысты мәселелер аса өзекті болып отыр.

Мемлекеттік бюджеттің  қаражаттарын қолдану бойынша қаржылық бұзушылықтардың алдын-алуда мемлекеттік  органдар оларға бөлінген бюджет қаражаттарын әрқашан тиімді және мақсатты түрде  қолданбауына, ал осы бұзушылықтарды анықтауда, оларды жоюға берілген ұсыныстардың дер кезінде орындалмауына байланысты проблемалар туындайды.

Салық қызметі органдары  қызметінің тиімділігін арттыру. Бүгінгі таңда Қазақстандық салық қызметі өз дамуының сапалы жаңа сатысында тұр, одан әрі ойдағыдай жұмыс істеуі үшін негіз жасауға бағытталған бірқатар реформалар жүргізілді.

Соңғы жылдары салық  саясаты мен салықтық әкімшелендіру  саласында маңызды қадамдар жасалды  және елеулі жақсартуға қол жеткізілді. Жекеше сектор өкілдерінің белсенді қатысуымен нормативті құқықтық негіз жетілдірілді, 2008 жылы жаңа Салық кодексі қабылданды. Қазіргі кезде әр-түрлі ақпарат жүйелері белсенді түрде қолдануда.

Бұл ретте, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында назар көлеңкелі  экономикада жасырылған резервтеріне аударылуы және қызметті оларды анықтауға бағыттау қажет. Ірі кәсіпорындарға тексерулердің, әсіресе трансферттік бағаларға бақылау бойынша тиімділікті арттыру қажет, жалған кәсіпорындармен күресті жандандыру, залал шеккен кәсіпорындарды әкімшілендіруді күшейту керек, резидент еместерге назар аудару қажет, акцизделетін саладан (әсіресе алкогольден) түсетін салықтардың түсімін көтеру керек. Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту салық жүктемесін төмендете отырып, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру есебінен жүргізілуі тиіс. Салықтық әкімшілендірудің кемшіліктері немесе пысықталмауы бюджетке түсетін салық түсімдерінің төмендеуіне, салық бұзушылықтарының ықтималдығын ұлғайтуға, сайып келуі қоғамда әлеуметтік шиеленісті тудыруға әкеп соқтыруы мүмкін.

Аталған міндетке қол  жеткізу салық төлеушілерді салық бақылауымен қамтуды арттыру арқылы «Салықтық әкімшілендіруді жақсарту жолымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету» стратегиялық мақсат шеңберінде көзделген.

Сонымен қатар, бизнес белсенділігін  арттыру үшін салық ауыртпалықтарын  төменду бойынша шаралар қабылданды.

Бірақ мөлшерлемелердің төмендеуі өзінен-өзі салық жүйесінің  жетілдірілуіне қол жеткізбейді. Салық  мөлшерлемелерінің төмендеуі мен  салық базасының кеңейтілуіне қарай  түсімдерді ұлғайту бойынша мүмкіндіктердің  мақсаты салық заңнамаларын сақтауға маңызды қолдау көрсету болып табылатын әкімшіліктендіру саласындағы жетілдіруге тәуелділігі арта түседі.

Бұдан басқа, ақпараттық жүйелер базасында озық халықаралық  тәжірибені пайдалануға негізделген  салық қызметі органдарының қызметін жетілдірудегі серпінді қадамдармен қатар шешімін талап ететін бір қатар проблемалар бар.

2010 жылы «Сандж» зерттеу орталығының халыққа жүргізілген сауалнамасының нәтижесі бойынша салық қызметтерін алуда тұтынушылар тап болған неғұрлым маңызды кедергілер мыналар болды:

үлкен кезек күтулер – 33,2 пайыз;

біреуінен екіншісіне жіберу – 27,4пайыз;

күту үшін қолайлы  орынның жоқтығы – 27,0 пайыз;

анықтамалық терезенің  жоқтығы – 25,3 пайыз.

Ең алдымен, осы проблемалар  салық органының жарақтандырылуына, салық төлеушілердің ақпараттандырылуына байланысты.

Бұл проблемалардың шешімдері  көрсетілетін салық қызметтерінің  сапасын арттыру (кезек күтуді орташа уақытын қысқарту, мемлекеттік қызметтердің электронды түрлерін көрсету бойынша  бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарының сапасымен қанағаттануды арттыру (сауалнама нәтижелері бойынша), салықтарды есептеуді оңайлату – жылына салық есептілігін дайындауға және тапсыруға кететін орташа уақыт, салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарының құрылысы), салық қызметі органдарының жұмыс тәжірибесінде түсіндіру жұмысының озық түрлері мен әдістерін, оның ішінде заманға сай ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, енгізу арқылы қоғамның салық мәселелерінде хабардарлығын арттыру жолымен «Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануы деңгейінің өсуін қамтамасыз ету» стратегиялық мақсаты қамтамасыз ету шеңберінде көзделген.

Қазіргі таңда салық  қызметін жаңғырту Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі қойған және Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін арттыру мен бизнесті жүргізу үшін тартымды жағдайлар жасаудың аса маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын абзал міндет болып табылады.

Кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру

Соңғы уақытта Қазақстанның экономикалық даму үрдісін ескере отырып, кеден қызметі кедендік әкімшілдендіруді жетілдіру, кедендік рәсімдерді оңайлату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі – СЭҚ) және тұтас халық үшін қолайлы жағдай жасау жағынан белсенді қадам басуда.

Қазақстанда кәсіпкерлік  қызметті дамытуға септігін тигізу мақсатында, сондай-ақ, Қазақстанның «Кеден рәсімдерінің ауыртпалығы» Халықаралық экономикалық форумның (бұдан әрі – ХЭФ) Жаһандық бәсекеқабілеттілік индексі рейтингінде позициясын жоғарлату үшін Қаржы министрлігі әкімшілік кедергілерді төмендету мен бизнес ортаны дамытудың шарттарын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырып отыр.

2008 жылдың ақпанынан  бастап кедендік рәсімдеудің  үш кезеңдік рәсімінен бір  кезеңдік рәсімдеуге көшу жүзеге  асырылды, ол «жалғыз терезе»  жүйесі бойынша ЖКД-ны тіркеу және ресімдеу арқылы кедендік ресімдеудің рәсімін оңайлату мен кедендік рәсімдерді жүзеге асыру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Жеке тұлғалар үшін кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді  оңайлату және сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету үшін кедендік төлемді өндіріп алудың (1 кг. үшін 0,6 еуро) бірыңғайланған арнайы мөлшерлемесі бекітілген, бұл әкімшілендіруді қысқартады және бақылаудың ең аз нысандарын талап етеді.

Біріктірілген кедендік бақылау енгізілген, оған сәйкес кедендік органдарға шекарада бақылаушы органдардың іс-әрекетін үйлестіру жөніндегі қызметтер жүктелген, «Web-декларант» электронды декларациялау кешені жұмыс істейді.

Бұл ретте Халықаралық  қайта құру және даму банкінің есебіне  сәйкес   халықаралық сауданы  жүргізу рейтингінде Қазақстан әлемде 178 орында, өйткені біздің елімізде импорт бойынша мәмілені жүзеге асыру үшін 18 құжат ұсыну қажет, экспорт бойынша – 14, оларды ресімдеу ұзақтығы 60 күнге дейін ұзаруы мүмкін, жоғарыда көрсетілген құжаттың 3-уі ғана кедендік – СЭҚ қатысушының есеп карточкасы, тауардың жеткізілуі туралы кепілдік міндеттемесі, кедендік декларация (жүк, жолаушы) болып табылады, сондықтан Министрліктің СЭҚ қатысушылары мүддесінде халықаралық стандарттарға сәйкес  кедендік рәсімдерді сәйкестендіру мен бірыңғайлау бойынша алдына қойған міндет шеңберінде 2 көмекші кедендік құжаттарды алып тастауды және тек біреуін ғана – кедендік декларацияны міндетті етіп қалдыру жоспарлануда.

Қылмыстық ортаға контрабандалық схеманы анықтау мен оған кедендік және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысы бар екенін айқындау мақсатында қызметкерлерді енгізу жөніндегі іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Нәтижесінде өз күшімізбен өзіміздің қызметкерлерімізге қарсы 61пайыз дейін қылмыстық іс ашылды және оқиғалардың 82пайыз-да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтаймыз.

Айталық 2011 жылдың 1-жарты жылдығында кеден органдарының қызметкерлері 96 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған, олардың ішінде 79-і өз күшімізбен анықталды, бұл 2008 жылғы осыған ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 1,5 есе жоғары.

Бұл проблеманы әрі қарай  нивелирлеу, мысалы, Дүниежүзілік банкпен  бірлесіп жүзеге асырылатын Кедендік қызметті дамыту жобасын іске асыру  көмегімен 2012 жылы тауарлар мен көлік құралдарын физикалық қарау пайызын 55-ке қысқарту жолымен жоспарлануда, бұл ретте 2010 жылғы есепке сәйкес бұл көрсеткіш 70-пайызды құрады.

Өткен жылдың тәжірибесінде  кедендік органдар барлығын саралаусыз тексеруді жүргізді, СЭҚ қатысушыларына тексеруді және кедендік бақылауды  өткізу режимінің баяулығы ең үлкен қолайсыздық келтіріп отырды.

Сондықтан Қаржы министрлігі  әзірлеген «Селективті бақылау  мен тәуекелді  басқару» (СБТБ) ақпараттық жүйесін кешендік сынау өткізді. Ағымдағы жылы оны тәжірибелік пайдалануға  енгізу жоспарланып отыр. Бұл тауарларды ресімдеу кезеңінде шешім қабылдайтын кедендік органдар қызметкерлері үшін ұсынымдарды жедел беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, осы жүйені енгізуден болатын оң тиімділік  – деректердің дұрыстығын арттыру, тәуекел деңгейіне сүйене отырып, ішкі бақылауды жүзеге асыру, кедендік ресімдеу уақытын төмендету және әрине, адам факторын болдырмау.

Кедендік қызметкерлердің  құқық қорғау қызметі саласында  қозғалған қылмыстық іс санының  өсуі де, мемлекетке келтірілген зиянды тиімді өтеуде байқалуда.

Айталық, есепті деректерге сәйкес жылдың басынан кедендік органдар 634 қылмыстық іс және 5282 әкімшілік  іс қозғаған.

2011 жылдың 1-жарты жылдығында  контрабанда фактілері бойынша мемлекетке залал келтірілген сома көлемі 3,458 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен (321,8 млн.теңге) салыстырғанда 10 есе көп.

Қазақстан-қытай бағытында  халық тұтынатын тауарлардың  заңсыз айналымына байланысты экономикалық қылмыстардың жолын кесуге барынша  назар аударылуда. Арнайы шұғыл іздестіру  шараларын жүргізу тәжірибесі енгізілген, оның нәтижесі бойынша тауар, валюта және есірткі контрабандаларын анықтау өсе түсті.

Құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе отырып, «бақыланатын жеткізілім» әдісі бойынша 12 шұғыл  іздестіру шараларына қатысылды, олардың ішінде 7-еуі табысты аяқталды, ТМД-ның оңтүстік республикаларынан Қазақстан Республикасы арқылы Ресейге есірткінің аса ірі партияларының контрабандалық жеткізілуін жүзеге асыратын ұйымдастырылған халықаралық қылмыстық қоғамдастықтар қызметінің жолы кесілді.

Бұл тұрақты жұмыс, сондықтан  контрабанда үшін сенімді тосқауыл қою жөнінде кең көлемді ауқымды  операцияларды жүргізу жолымен  құқық қорғау қызметін жалғастыру жоспарлануда, бұл кедендік шекара арқылы заңсыз өтетін тауарларды табудың тиімді жұмыс  істейтін жүйесін қалыптастыру бөлігінде Стратегиялық жоспарда қойылған мақсатқа жету шеңберінде қарастырылған.

Сонымен қатар, ХЭФ-тің 2009 жылғы есептері бойынша «Кеден рәсімдерінің ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша елдің бәсекеқабілеттілік рейтингі төмендеді. Айталық, Қазақстан 2008 жылы 104 - орында болып, 2009 жылы 134 елдің ішінен 106 - орынға орналасты.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген шаралардан басқа, кеден  органдары 2010 жылдың бірінші жарты  жылдығында ХЭФ рейтингінің болжамды респонденттерінің ішіне кіретін бинес орта өкілдерімен бірқатар кездесу өткізу, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету бойынша қабылданатын шаралар туралы кәсіпкерлік үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстың қорытындысы 2010 жылы жарияланған есепте осы рейтинг бойынша «Кеден рәсімдерінің ауыртпалығы» көрсеткішінде 96 - орынға (болжам) жету болады.

Қаржылық ақпараттың сапасы мен қол жетімділігін арттыру.Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты кірігуінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (бұдан әрі – ХҚЕС) және халықаралық аудит стандарттарын (бұдан әрі – ХАС) қолдану болып табылатындықтан, Қаржы министрлігі осы бағытта жұмыстарды жалғастыруда.

Ағымдағы кезеңде ХҚЕС-тің 2008 жылғы нұсқасының қазақ тілінде жариялану қамтамасыз етілді.

Бұл ретте зерделенген  халықаралық тәжірибе мен  ХҚЕС-қа көшпеген заңды тұлғалардың санын  анықтау жөнінде 2008 жылы жүргізілген  жұмыстар Қазақстанда ХҚЕС-ті қолдануды  сақтауға бақылау жүйесінің бар  болуы қажеттілігін айғақтайды.

Айталық, жүргізілген  жұмыстар нәтижесі бойынша 200 республикалық  мемлекеттік меншік ұйымдарының 178-і  ХҚЕС-қа көшті. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1068 коммуналдық мемлекеттік  меншік ұйымдарының 471-і ХҚЕС-қа көшті, бұл ретте 509-ы көшкен жоқ, ал 88-і таратылу сатысында тұр.

Бақылау функциясының жоқтығы  жақын уақытқа дейін Қаржы  министрлігіне ХҚЕС-қа көшкен заңды  тұлғалардың санына тиімді талдау жргізуге мүмкіндік бермеді, бұл өз кезегінде  елде болып жатқан жағдайды толық  сипаттамады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікке қатысты, атап айтқанда, бақылау мен мониторинг тиімді жүйесін құру мәселері бойынша заңнамаларына өзгерістер енгізуге бастамашы болды.

Алайда, осы заңнамалық нормаларды енгізу жеткіліксіз болып шықты, өйткені бухгалтерлік және аудиторлық қызметті қарқынды дамыту үшін аяғына дейін жағдайлар жасалмаған.

Аудиторлық қызмет пен  бухгалтерлік есеп саласындағы қызметшілер  үшін кадрларды дайындау және қайта  дайындаудың тар өрісті базасы, елдің шалғай өңірлеріндегі жұртшылықтың төмен хабардар болуы, халықаралық стандарттарды тәжірибеде қолдану мүмкіндігінің жоқтығы, осының бәрі ХҚЕС-тің дамуына өзінің теріс әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, аталған стандарттарды  соңғы өзгерістерді ескермей қолдануға мәжбүрлейтін  ХҚЕС бойынша да, ХАС бойынша да ресми аударуға және (немесе) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі жарияланымға шарт жасасудан бас тарту тәуекелі бар, бұл аудиторлық қызмет пен бухгалтерлік есеп саласын дамыту үшін қолайсыз фактор болып табылады.

Информация о работе Қаржыны басқару