Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Үшінші саты- бюджеттің  орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Францияда қаржы басқармасы федералдық қаржы министрлігіне  жүктелген. Қаржыны басқарумен, сонымен бірге басқа да ұйымдар шұғылданып, олар федералдық қаржы министрлігіне бағынады. Олардың ішіңде федералдық ведомствалар кәсіпорынның салықтарын тексеріп, шет ел капиталдарының салық жинауды екі рет салық салуды түзетіп, бюджеттің жетіспеуін қаржыландыру жұмыстарымен айналысады. Францияда қаржы басқармасы, экономика, қаржы және бюджет министрлігіне жүктелген. Қаржы жұмсытарымен бас басқарма айналысады. Оның ішінде салықтың бас басқармасы және алымдар мен әртүрлі түсімдердің бас басқармасы бар.

Ұлыбритания әлемдік экономикада маңызды рөл атқаратын ұлы держава. Еуропадағы ірі қаржы сауда орталығы болып саналады. Бүгінгі таңда Ұлыбританияның мемлекеттік қаржылары құрамына - мемлекеттік бюджет, арнайы бюджеттен тыс қорлар, жергілікті билік органдарының қаржылары, мемлекеттік корпорациялық қаржылары кіреді. Англияда да басқа мемлекеттердегідей бюджет ең маңызды экономикалық заң. Жалпы бюджеттің қалыптасуы мен бекітілуінің отаны болып Англия саналады. Мемлекет шығындары екіге бөлінді - азаматтық және әскери. Әскери шығындар жыл сайын бекітіліп отырды, ал азаматтық шығындар - тек патша ғана қайсыбір өзгерістер енгізген жағдайда ғана бекітіліп отырды. Нәтижесінде азаматтық шығындар парағында патша мен сарайды ұстап тұру шығындары ғана қалды.

Ұлыбританияда үкіметтің бюджеттік инициативасы бар. Лордтар палатасы заң бойынша бюджеттік құқықтары жоқ, яғни бюджетті парламенттің жоғарғы палатасымен бетітілуі, және де патшаның қол қою шаралары тек қағаз жүзінде ғана қалды. Ал, қауымдастық палатасы бюджеттік қаражаттың жоғарлату немесе төмендету құқылары жоқ. Бюджет дауыс беру арқылы бекітіледі. Бюджет жылы 1 сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады. Ұлыбританияның мемлекеттік табыстарының негізгі көздері болып салықтар саналады, салықтар кірістердің 90% қамтамасыз етеді. 1998-1999 жылғы қаржы жылының мемлекеттік бюджет туралы заңын жаңа қазыналық (фискалды) тұрақтылық Кодексі бекіткен болатын, бұл жерде қазыналық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаларға сәйкес жүргізілуі тиіс:

- қазыналық саясатты орнатудағы түсініктілік;

- қазыналық саясатты жүзеге асыру процесінің тұрақтылық;

- мемлекеттік қаржыларды басқарудың жауапкершілік;

- әділеттілік соның ішінде ұлттар арасында;

- қабылданған шешімдердің іске асуы.

Ұлыбританиядағы қаржыларды басқару, мемлекеттің жалпы қаржы саясатын жүргізуі, қаржылардың жоспарлануы, қаржы ресурстарын түзетуі, қаржы заңдылығының өңдеуі сияқты мәселелерді қамтиды.

Ұлыбритания Қазынашылығының  өзге елде өзіне ұқсастығы жоқ  жалғыз ғана мемлекеттік қаржы институты  болып табылады. Бұл үкіметтің маңызды министрлігі. Қазынашылық елдің жалпы экономикалық стратегиясын даярлауға жауапты. Әкімшілік жағынан қарағанда, қазынашылық құрамына- қазынашылықтың бірнеше лорды, сондай-ақ премьер-министр, қаржы министрі және кіші лордтар кіретін басқарма болып табылады. Салық заңдарын үкімет бекітеді. Салық қызметін ұйымдастыру Қазынашылыққа бағынышты екі бірдей үкімет департаменттеріне жүктелген. Олар ішкі табыс басқармасы және БАЖ бен акциздер басқармасы. Оның басты қызметі заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтарға бақылау жасау. Әкімшілік жағынан қарағанда бұл бақылауларды Лондондағы бас салық инспекторының кеңсесі жүзеге асырып отырады. Ұлыбританияда қаржыны басқарумен әртүрлі ұйымдар шұғылданады. Оның мемлекеттік бюджетті жасап, орындалуын бақылап отырады. Сонымен қатар, салық саясатын, қаржы экономикалық болжамдар жасап отырады.

Жапонияда мемлекет өмірін қамтамасыз етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталық бюджеттердің жалпы шоты), инвестициялық (даму бюджеті) және бірнеше арнайы шоттар. Орталық бюджет табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады. Басқа дамыған елдерге қарағанда Жапония бюджеті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84 % - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25 % жуық қамтамасыз етеді.

Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік  кәсіпорын қызметтерінің түсетін  түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер. Орталық бюджет шығындары өзіне тән функционалдық белгілері бойынша құралады және мемлекеттің негізгі міндеттері мен қызметтерін көрсетеді. Олар негізінен, экономикалық және әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруға, мемлекеттік қарызды басқаруға, император сарайын қамтамасыз етуге, басқару органдарына және басқа да мақсаттарға бағытталады.

Арнайы шоттардың көптігі  Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі. Жергілікті билік органдарының шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар. Жапонияда бюджет жылы 1-ші сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады. Бұл мемлекетте Ата заңына сәйкес мемлекет қаражаттарын игеру құқына парламент ие. Ал, бюджет орындалуын қаржы министрлігі жүзеге асырады. Бюджетке кассалық қызмет көрсету Жапон банкі және оның бөлімшелері арқылы жасалады. Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігіндегі айтарлықтай маңызға ие бағыт - әлеуметтік шығындар. Жапон үкіметі қарт адамдарға қолайлы жағдайлар туғызып, өмірлерін жақсарту мәселелеріне көп көңіл бөледі. 2011 жылы осы категориядағы адамдар саны, яғни зейнетақы жасындағы адамдар саны 5,2 млн. жетуі мүмкін.

Украина өз тәуелсіздігін жария еткен ел экономикасы, жалпы қаржы жағдайы күрт өзгерістерді бастан кешуде, дегенмен бүгінгі таңда жүргізіліп отырғандай, Украинаның қаржы жағдайы экономикалық реформалаудың барлық талаптарына сай деп айту қиын. Қандайда мемлекет болмасын  мемлекеттік реттеудің және экономиканы ынталандырудың басты құралы бола отырып, мемлекеттің өз іс - шараларын жүзеге асыруына басты ықпал ететін қаржылық буын. Украинаның бюджет жүйесі "Украинаның Бюджет жүйесі туралы заңына" сәйкес реттеліп отырады. Бұл заңда көрсетілгендей, елдің мемлекеттік бюджет жүйесі: мемлекеттік бюджет, Қырым АР республикалық бюджеті мен жергілікті бюджеттерден тұрады. Ал мемлекеттік бюджеттің табыстар қатары төмендегідей :

- Украинаның мемлекеттік бюджеті туралы заңымен анықталатын ҚҚС-ның бөлігі;

- акциз төлемінің бөлігі;

- кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын салық;

- сыртқы экономикалық саладан түсетін түсімдер;

- мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;

- Украинаның зейнетақы қорының жарналары ;

- мемлекет қолындағы құнды қағаздардан түскен дивидендтер;

- халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мен қолдау бағдарламаларын қаржыландыру;

- халықты әлеуметтік қолдау шаралары;

- білім беру, ғылым, денсаулық сақтау , дене шынықтыру;

- өндірістік және өндірістік емес құрылысты қаржыландыру;

- геологиялық барлау жұмыстары;

- қоршаған ортаны қорғау;

Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады.

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары  қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп  таниды. Мемлекеттің құрылымының  түріне қарай мемлекеттің қаржы  жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік - экономикалық жағдайымен тікелей байланысты болады. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындырған болатын. Ресей Федерациясының бюджет кодексі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін. Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы жиынтық немесе құрама бюджет деп аталады.

Федералды бюджет - федералды жиналыс арқылы бекітілетін  мемлекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖІӨ - ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.

Осылайша, Ресей  Федерациясының бюджеттен тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде, енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кіруде. Сөйтіп, мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында)

2.1

Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау


Қаржыны басқару – бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі болып табылады. Осыған сәйкес, бүгінде Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті келесі міндеттерді атқарады: республикалық бюджеттің кассалық атқаруын ұйымдастыру және бақылау, мемлекеттік бюджетке есеп айырысу , кассалық қызмет көрсетуді жақсарту оның ішінде мемлекетке және мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет көрсетуден депозиттік сомалардан және демеушілікпен қайрымдылық көмекпен түсетін қаражаттар бойынша шоттарға қызмет көрсету, бюджет жүйесінде бухгалтерлік есеппен есептілік жасау, қазынашылық органдары жүйесінде ішкі тексеруді дамытумен жетілдіру жұмысына қатысу, республикалық қаражаттың және өз құзіреті шегінде жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау, қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қызмет жасауын қамтамасыз ету, сонымен қатар қазынашылық органдарына қаржы жағдайлары туралы деректерді өңдеу мен талдау Үкіметке республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы туралы, қаржы ресурстарының жағдайы туралы есептілікті ұсыну болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазына комитетінің  аймақтық бөлемшесі болып табылады. Ол мемлекеттік бюджеттің орындалу қызметін, Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті Қазақстан республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу операцияларының есебін қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. Сонымен, Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің тарихына тоқталсақ, 1921 жыл 20 тамызда Қазақ Советтік социалистік Қазынашылық Департаментінің жалпы сипаты мен қызметі Республиканың Халық комиссарлар Кеңесі Республика қаржылық халық комиссариаты алғашқы Ережесін бекітті. Үстіміздегі жылы еліміздің қаржы жүйесінің құрылғанына 91 жыл толады және егеменді Қазақстанның қаржы жүйесіне 20 жыл болды.

Егеменді алған соң  Республика Үкіметі Қаржы министрлігіне  қай жерде, қай уақытта, кімге және қанша қаражат бөлуді қаржыландыруды реттеуде дербестік құқық бере отырып, қаржыны мемлекеттік басқару қызметіне енгізуді мақсат етті. Қазақстан Республикасының банк ісінен бюджетті атқару функциясын қабылдап алу үшін Қазақстан Республикасының Президенттінің 1994 жылғы қантардың 27-дегі Жарлығымен Қаржы министрлігінің жанындағы қазынашылықтын Бас басқармасы құрылды. Егеменді Қазақстанның нарықтық экономика жолымен дамуы кезенінде бұрынғы экономикалық құрылымды оның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару саласын реформалау қажеттігі туындады. Сондықтан 1994 жылы 27-ші қантардағы №1526 Жарлықпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамында Бас Қазынашылық басқармасы құрылды. Бас қазынашылық басқармасына көптеген өкілеттік берілді, министрліктер де, ведомстваларда кәсіпорын және ұйымдарда бюджеттік бюджеттен тыс және арнайы қаражаттардың мақсатты пайдалануын тексеру, Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланғаның анықтап бюджетке дауыссыз өндіріп алу мүмкіндігіне ие болды.

Қазынаның аймақтық органдары 1995 жылдың сонына қарай барлық республиканың  облыстары мен райондарында құрыла бастады. 1995 жылдың аяғына Қазынашылықтың аумақтық органдары Республиканың барлық облыстары мен аудандарында құрылып болды. Бірақ, кадр санының аздығынан олардың даярлығының және материалдық техникалық базаның жеткіліксіздігінен күрделі де ауқымды жұмыс атқару қиынға түсті. Сондықтан 1995 жылдың қазан айында Республика Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкіден есеп айырысу кассалық орталығын бере отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан Қазынашылық Департаменті құрылды. Ал 1996 жылғы ақпанда кедергісіз бюджеттік мекемелерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттік банк құрылды.

1997 жылғы қазанда Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджеттік  банкі жабылды. 1998 жылғы қазанда  Қаржылық бақылау комитеті таратылып  функциясы қазынашылық органдарына берілді. Сол кезенде Қазынашылық Департаментінде занды тұлға статусы берілді, ал 1998 жылғы наурызда ол Қазынашылық комитеті болып қайта аталды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкіде бірыңғай қазынашылық  шот ашылды, төлемдерді өткізу тәртібі әзірленді, бағдарламалық қамтамасыз ету құрылды, бұның бәрі ел басшылығына және Қазақстан Республикасы Үкіметіне күн сайын мәлімет ұсынып отыруға мүмкіндік берді. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне барлық бағдарлама кіші бағдарлама және ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілген шығыстар жөнінде оперативті шешім қабылдау үшін ақпарат жібереді.

Информация о работе Қаржыны басқару