Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14
2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32
3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47
Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67
Мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды жетілдіру үшін жылдан-жылға әртүрлі бағдарламалар мен заңдар қарастырылуда. 2008 жылдағы өзгертулерімен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі қолданысқа енгізілгеннен бері бюджет процесін ұйымдастыру соның нормалары негізінде жүзеге асырылады. Бюджет кодексінің қабылдануы орта мерзімді жоспарлаудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiруді қамтамасыз етті.
Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзімді, орта мерзімді бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады. Оны 3-суреттен көруге болады.
Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.
Сурет 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатын қалыптастыру
Бюджет кодексін іске асыру үшін 31 нормативтік құқықтық кесім, оның ішінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу және есепке алу, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінім жасау және ұсыну ережесі қабылданған Бюджет кодексіне сәйкес келтірілді.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын ішкі бақылау процесінде олардың тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібін және көрсеткіштерінің жүйесін айқындау мақсатында бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысымен бекітілді.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлі ерекше өлшемдер мен көрсеткіштерді белгілей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды біртіндеп енгізу мақсатында 2009 – 2011 жылдарға арналған бюджет процесіне бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тізбесі айқындалды. Кейіннен тиімділікті бағалауды барлық бюджеттік бағдарламаларға тарату және әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткіштерді әзірлеу ұйғарылып отыр.
Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жақсарту мақсатында 2004 жылы заңға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар конкурстық рәсімдерді бюджет бекітілгеннен кейін бірден бастауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1471 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2009 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Бюджет кодексіне сәйкес жоспарлаудың нормативтік әдісін кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерді қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген заттай нормалар өзекті болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнінде жұмыс жүргізуді, үкімет бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Бұл нәтижелерге бағдарланған бюджетке кезең-кезеңмен көшуді, сондай-ақ «тапсырыс беруші-орындаушы» моделі бойынша, бірінші кезекте, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім - шарттық міндеттемелерді енгізуді болжайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын пайдалануда көбірек дербестік беру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қоғам үшін ашық есеп беру жүйесі енгізіледі, сондай-ақ ішкі және сырттан бақылау жүйесі жолға қойылады.
Сондай-ақ, бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге де көңіл бөлінеді. Орта мерзімді кезеңдегі жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесі жобасының негізгі ережелері бүкіл ел бойынша бірдей қызметтер көлемін көрсетуді және олардың сапасын ескере отырып, өңірлердің қаржыландыруға объективті қажеттіліктерін есептеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айқындап, үкімет бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Осы жұмыстың негізгі мақсаты нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлау жүйесі енгізілді. Мұндай жүйе мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының өнімділігін арттыру құралы ретінде пайдаланылатын болады.
Бюджет қаражатын жұмсау бағыттары елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарымен өзара байланыста болады және экономиканы әртараптандыру әрі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша айқын басымдықтарға ие болады, тиімсіз шығыстар қысқартылады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды бағалау және мониторингтеу әдістемесі енгізіледі, оларды дайындауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Салмақты фискалдық және ақша-кредит саясатын жүргізу үшін мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен өзара байланыста болады.
Экономиканың шикізат секторына тәуелділігін төмендету және бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын қысқарту мақсатында Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру алда тұр. Жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау кезінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу деңгейі және бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі ескерілетін болады. Орта мерзімді кезеңдегі жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесі жобасының негізгі ережелері бүкіл ел бойынша бірдей қызметтер көлемін көрсетуді және олардың сапасын ескере отырып, өңірлердің қаржыландыруға объективті қажеттіліктерін есептеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айқындау болады. Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен салықтың жинақталуын арттырға қол жеткізілетін болады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігі де қарастырылатын болады.
Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта салық органдары салық төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке байланысын барынша азайту ұсынылып отыр. Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2008 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Өзгерістер ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру көбінесе Ұлттық қордың трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында. Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту мұнай емес сектордан кірістерді өсірусіз мүмкін емес.
Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен жинақтау арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар құруды, мұнай кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.
Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
2009 жылы «2010-2012 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер туралы» жаңа заңның жобасы әзірленіп, бұл орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерін бекітудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірлердің салықтық әлеуетін ұлғайтуда жергілікті атқарушы органдардың қызығушылығын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттырады. Салық салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен алынатын барлық қосымша кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.
Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, Конституция кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік алулар мен субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетін болады, яғни өңірлерді төмен бюджеттік қамтамасыз етуден республикалық орташа деңгейге көтеру ұйғарылып отыр. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген Қазақстан Республикасының 2012 жылға дейінгі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу
жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып
отыр. Осыған байланысты негізгі міндеті
мемлекеттік сатып алуды сапалы
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде конкурстарға бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігі енгізіледі. Бұдан басқа, электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың деңгейін төмендетуге әсер ететін электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу шарттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, өзіне мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін қамтитын бүкіл мемлекеттік сектор бойынша да жүргізілетін болады.
Мемлекеттік борышты
басқару жүйесін жетілдіру
Үкімет тарифтік саясат тиімділігін арттыруға зор назар аударып, бұл үшін тарифтердің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады,сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне, экономика секторларына тарифтердің әсер етуін бағалау модельдерін әзірледі, монополия субъектілерінің қызметін бақылау және сараптау тетіктері жетілдіріледі
Фискалдық саясат ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында салық-бюджет құралдарын, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін тиімді қолдануды көздейді [40]. Үкімет салықтық әкімшілік етуді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырып, салық саясаты елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, көлеңкелі экономика үлесін қысқартуға және экономикадағы салықтық жүктеменің ұтымды теңгерімін құруға бағытталатын болады. Салықтық жеңілдіктер бойынша терең талдау жүргізу, олардың экономиканың тиімділігіне әсер ету дәрежесін бағалау міндеті алда тұр.