Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)
  • әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
  • алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалды саясатын;
  • жергілікті бюджеттік бағдарламалар құжаттарының жобаларын;
  • келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген шешімдердің мазмұнын айқындайтын түсініктемені.

Бюджеттік ресурстар  аймақтың қаржылық қорының басты бөлігі болып табылатындықтан, аталмыш ресурстардың қалыптасуы мен бөлінуіне талдау жасау жалпы аймақтың қаржылық қорының қалыптасуы мен қолданылуында маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамындағы мұнай және мұнай емес секторлар, кәсіпорындардан түсетін түсімдердің арақатынасы 7-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 7

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы (%)бен

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Мұнай секторынан

22,5

18,6

16,3

Мұнай емес сектордан

77,5

81,4

83,7

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

Кесте-7 де көргеніміздей орта мерзімді кезеңде мемлекет саясаты мұнай емес секторды дамытуды көтермелеуге бағытталады. Мұнай кірістеріне тәуелсіз салықтық базаны дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді және жүргізіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өткен жылға қарағанда 2009 жылы мұнай емес сектордан түсетін түсімдер 18,2 %-ға, 2010 және 2011 жылдары тиісінше 21,8 %-ға және 19,6 %-ға өседі. Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды.

Облыс бюджеттінің қаржысы өз облысымыздың экономикалық дамуы үшін маңызды  рөл атқарады. Соңғы үш жылда облыс экономикасын дамыту саласында елеулі оң өзгерістер болды, олар экономиканың тиімді дамуы, өңірдің қаржылық деңгейінің өсуі іске асырылатын шаралардың әлеуметтік бағытталуын күшейту үшін оң импульс берді.

Облыстық бюджеттің 2011 жылғы 1-сәуірдегі кірістер бойынша орындалуы көрсеткіштерін 8-кестеден көргендей (12181963,1млрд.) теңгені құрады (В қосымшасы).

 

Кесте 8

Бюджеттің кірістері бойынша орындалу көрсеткіштері

Атауы

Негізгі бөлінуі

Кассалық орындалуы

Пайызбен (%)

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

143410,0

142278,4

99,2

Қорғаныс

37595,0

36968,1

98,3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық қылмыстық атқару қызметтері

452364,0

451857,4

99,9

Білім беру

1275023,0

1254834,4

98,4

Денсаулық сақтау

2350940,0

2347138,1

98,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

129806,0

129595,0

99,8

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

1123355,0

1117565,5

99,5

Мәдениет ,спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

636660,0

632244,6

99,3

Ауыл ,су, орман, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары

575026,0

534309,4

92,9

Өнеркәсіп, сәулет қала және құрылыс  қызметі

15498,0

15147,2

97,7

Көлік және коммуникация

985681,0

984796,8

99,4

Басқалар

14347,0

14347,6

100

Трансферттер

1833393,1

1833393,1

100

Жиынтығы

9573098,1

9494472,4

99,2

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

2011 жылы 1 сәуір облыстық бюджеттен қаржысы есебінен төмен тұрған бюджеттерге 3106530 млрд.теңге соммасы нысанында трансферттер бөлінді. Сондай-ақ бюджеттік кіріс бойынша төменгі пайызда орындалған көрсеткіш ретінде ауыл шаруашылығы, су, орман, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастарынан (92,9%) айтуға болады.

2009-2011 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда, орта мерзімді кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты мыналар:

  • денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
  • бiлiм берудi дамытуға;
  • әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетуге;
  • индустриялық-инновациялық дамуға;
  • аграрлық секторды дамытуға;
  • жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
  • қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
  • Ақтөбе  қаласын дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Ал, енді соңғы 2009-2011 жылдар арасындағы бюджет шығыстарын 9-кестеден көруге болады.

 

Кесте 9

Негізгі бағыттар бойынша  бюджет шығыстары серпіні млн.теңге

Көрсеткіштер

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

Шығыстар,

соның ішінде:

Білім беру

Денсаулық сақтау

Мәдениет және спорт

Туризм және ақпараттық кеңістік

Коммуналдық шаруашылық

Көлік және коммуникация

24973,3

 

140,5

8914,9

4726,8

 

1212,9

 

3062,9

 

821

34000,9

 

136,1

11427,3

6505,7

 

992,1

 

6140,7

 

979,8

42907,9

 

126,2

14274,9

7234,6

 

3126,3

 

7340,5

 

2079,1

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің  қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

9-кестеден көрінгендей жылдан-жылға бюджет шығыстары артып келеді. Мәселен, 2009 жылы 24973,3 млн.теңге болса, 2010 жылы 34000,9 млн.теңге бұл көрсеткіш 2011 жылы 42907,9 млн.теңгені құрады.

2011 жылға облыс бюджетінің шығысы 51,4 млрд.теңге мөлшерінде белгіленді немесе 2010 жылғыдан 8,5 млрд.теңгеге көп. Салық салу базасын кеңейту бойынша 2008 жылғы шілдеден бастап мүлікті жария ету бойынша акциясы маңызды рөл атқарады. 2008 жылы жүргізілген мүлікті түгендеу қорытындысы бойынша 50228 тіркелмеген объекті анықталған болатын. Барлық деңгейдегі бюджеттерге кірістердің болжамды көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Облысымыздың экономикалық дамуын  одан әрі жақсарту мақсатында әр жыл сайын белгілі бір бағдарламалар  жасақталып,оны жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлінеді. Оны төмендегі 1-диаграммадан бағдарламаларды қаржыландыру көлемін көруге болады.

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.

 

Диаграмма 1. Аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру

 

2011 жылы мемлекеттік бюджетке 196,7 млрд.теңге түсті, бұл 2010 жылғыдан 1,3 есеге, немесе 48,1 млрд. теңгеге көп. 1-диаграммадан көріп отырғанымыздай жылдан жылға бюджеттен қаржыландыру артып келеді. 2011 жылдың басында облыста 19 өңірлік бағдарламаның іс шаралары іске асырылды. 2011 жылы 17 өңірлік бағдарлама әзірленді және облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілді, оның 11-не 2011 жылы іске асыру басталды, 2010 жылы – 6 бағдарлама жүзеге асырылды. Туберкулезбен күресті күшейту, мәдини мұра, тілдерді қолдану және дамыту жөніндегі 3 өңірлік бағдарламаны іске асыру аяқталды. Жыл басында мониторингте болған 3 бағдарлама пысықталды және олардың негізінде: облыстың 2010-2014 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық дамуы; облыстың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралары; «Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту шеңберінде облысты 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттандыру бағдарламалары қабылданды.

2011 жылдың басында мониторингте 33 өңірлік бағдарлама тұр. 2010 жылы алдын алу деректері бойынша бағдарламаларды іске асыруға 24,1 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 10,2 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 10,9 млрд.теңге, басқа қаржыландыру көздерінен 3,0 млрд.теңге пайдаланылды.

Ақтөбе облысының соңғы  үш жылдағы бюджеттік түсімінің көрсеткіштерін көруге болады (Диаграмма 2.).

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.

 

Диаграмма 2. 2009-2011 жылдардағы жергілікті бюджеттегі түсім

 

Салық түсімдерінің болжамы 152,9% орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 159,9 млрд. теңге (болжамға 168,8%), жергілікті бюджетке 36,8 млрд.теңге (108,5%) түсті. Облыс бюджетінің кірісіне 2010 жылға қарағанда 9,8 млрд. теңгеге түсім көп түсті.

Бюджеттік төлемдердің  негізгі өсімі облыс экономикасының жедел дамуы, жаңа өндірістік объектілерді енгізу, экономика саласындағы барлық қызметкерлердің, сондай-ақ бюджеттік сала жалақысының өсімі болып табылады. Салықтық төлемдерді әкімшілендіріп жинауды жақсарту жөніндегі қабылданған шаралар маңызды факторлар болып табылады.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 2011 жылы 42,9 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылғыдан 126,2% көп. Облыс бюджетінің шығысы бойынша 2011 жылы 98,5% орындалды. Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік – мәдени шараларға қарастырылған қаржы құрайды. Республикалық бюджет трансферттерін есепке ала отырып даму бюджеті 6,5 млрд. теңгені құрады.

Есепті кезеңде қазынашылықтың аумақтық органдарын ұстауға 001 бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды және орындауды қамтамасыз ету» ішкі бағдарламалар негізінде келесідей қаражаттар бөлінді:

  • «Аумақтық органдардың аппараттары» - 153774,0 мың теңге;
  • «Мемлекеттік қызметкерлердің квалификациясын көтеру» - 390,0 мың теңге;
  • «Мемлекеттік органдар ғимараттарының күрделі жөндеулері» - 19582,0 мың теңге;
  • «Мемлекеттік органдардың материалды-техникалық жабдықталуы»-2862,0 мың теңге;
  • «Мемлекеттік органдардың ақпараттық-техникалық жабдықтау және ақпараттық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету» - 2260,0 мың теңге.
  • 01.10.2009 ж.бос қаражаттар қалдығы - 12593,4 мың теңгені құрады, есепті кезеңге орындалған міндеттемелерге сәйкес қаражаттар - 3 751,2 теңгені құрады. Қаржыландыру жоспарының есепті кезеңде кассалық орындалуы 92,2%-ды құрады.

Бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыру жоспарларының орындалуы  келесі  10-кестеде толығырақ көрсетілген.

 

Кесте 10

Бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыру жоспарлары

Атауы

Қаржыландырудың нақтыланған жоспары

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың нақтыланған жоспары

Жыл басынан рұқсат етілген

Кассалық 

шығын дар

Нақты

шығындар

Міндеттеме-лер

Төлемдер

Аумақтық органдардың аппараттары

 

189646

 

153774

 

152312

 

153774

 

138774

 

136545

Мемлекеттік        қызметкерлер біліктілігін

жоғарлату

 

390

 

390

 

90

 

390

 

368

 

368

Мемлекеттік органдар ғимараттарын жөндеу

 

19582

 

19582

 

19582

 

19582

 

19582

 

19582

 

10-кестенің жалғасы

Мемлекеттік органның материалдық-техникалық жабдықталуы

2862

2862

 

2862

2862

2862

2862

Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету

 

2260

 

2260

 

1087

 

2260

 

937

 

462

Барлығы

214740

178868

176234

178868

162523

159819

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

10-кесте мәліметтеріне сәйкес ішкі бағдарламалар бойынша тек «Мемлекеттік органдар ғимараттарының күрделі жөндеулері» және «Мемлекеттік органдардың материалды-техникалық жабдықталуы» бағдарламалары 100% орындалып отыр, ал қалған бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттар толықтай игерілмеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қаржыларды басқару  жүйесін дамытудың перспективалы  бағыттары

3.1

Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру –  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті

Информация о работе Қаржыны басқару