Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кірудің негізгі басымдылығының бірі болып бюджеттік және салықтық қатаң тәртіп пен мемлекеттік активтерді тиімді басқару негізінде еліміздің экономикасын модернизациялау және әртараптандыру болып табылады. Осыған сәйкес, Қазынашылық жұмысының негізгі критерийнің бірі – ақпараттық базаның және ақпарат алмасу арналарының болуы осыған байланысты 2001 жылдың қазынашылық жүйесінің дамуы Қазынашылықты модернизациялау жобасын жүзеден асырудан басталды. 2004 жылы 24 мамырда бекітілген қазынашылықтың ақпараттық біріктірілген жүйесі таралымын көбейту кестесіне сәйкес Ақтөбе облысының қазынашылық органдарында жаңа қазынашылық жүйені енгізу жемісті аяқталды. Бұл қазынашылық департаментінің аудандық бөлімдерінде 218 жедел қызметкерлер тіркелген. Олар Қазынашылық Департаменті 17 бөлімі мен 12 аудандық бөлімі әр бөлімде 6-дан 10 - ға дейін қызметкерлер жұмыс істейді. Қазынашылық органдары 234 мемлекеттік мекемелердің кассалық есептеуін қабылдайды, оның ішінде 62 - республикалық бюджет, 172 - жергілікті бюджет. Модернизациялау жобасын жүзеге асыру елбасының қойған басты мақсаты - мемлекеттік ресурстарды тиімді басқаруға оның ішінде барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуна пәрменді бақылау деңгейдегі макроэкономикалық деңгейде қаржылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік  басқарудың маңызды міндетінің бірі- мемлекеттік қызметшілердің жұмысын  ұтымды ұйымдастыру. Бұл қызмет белгілі  кезеңге іс-әрекет жоспарын әзірлеу, шешімдер әзірлеп қабылдау, қабылданған  шешімдерді есепке алу, бақылау процестерін қамтиды. Уақыт ақпаратты өңдеуде оперативті жұмыс жасауды және ұжым қызметін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Қызметкерлердің білімі мен қызметінің саласы бойынша құзіретіне, ынтасына, творчествалық ойлау қабілетіне, мәдениетіне заңдарды түсініп қолдана білуіне, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруына, қазіргі замаңғы байланыс жабдықтарымен жұмыс істей білуіне көп көңіл аударылады.

Қазынашылық департаменттің қаржылық –шаруашылық қызметі тек  материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстар  есебінен ғана қамтамасыз етілмейді, олар сонымен қатар негізгі құралдары да бар. Негізгі құралдарды айрықша белгісі олардың өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылуы.

Қазынашылық департаменті оперативті басқару құқығында қазыналық  мүлікке ие. Ол мүліктер негізінен негізгі құралдардан сонымен қатар құны баланста көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады. Негізгі құралдардың құрамы және құрылымы келесі 1- кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1.

Қазынашылық департаментінің  негізгі құралдар құрамы мен құрылымы, (мың теңге)

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқу

2008 жыл

2009 жыл

құны

үлесі

құны

үлесі

«+»,«

%

Ғимараттар

3680

27,67

5848

29,36

2168

58,9

Құрылымдар

3

0,02

8

0,04

5

200

Машиналар және құрал-жабдықтар

4011

30,16

6891

34,6

2880

71,8

Көлік құралдары

548

4,12

984

4,94

436

79,6

Инструменттер, шаруашылық және өндірістік инвентарь

76

0,57

135

0,68

59

77,6

Өзге де негізгі құралдар

4980

37,46

6051

30,38

1071

21,5

 Барлығы

13298

100

19917

100

6619

33,2

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


1-кестедегі мәліметтерде негізгі құралдардың негізгі үлесін 2010 жылы өзгеде негізгі құралдар (37,46%) құраған, ал 2011 жылы негізгі үлесті машиналар және құрал жабдықтар (34,6%) алып отыр. Жалпы алғанда негізгі құралдардың барлығы өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Негізгі құралдардың көбеюінің себебі Үкіметтің мемлекеттік мекемелердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға бағытталған саясат нәтижесі болып отыр. Қазынашылық департаменттің негізгі құралдар қозғалысы 2-кестеде көрсетілген. Бұл кестеде 2010-2011 жылдардың басы мен аяғы салыстырылған.

 

Кесте 2

Қазынашылық департаменттің негізгі құралдар қозғалысы

Атаулары

Жылдар

2008 ж. басы

2009 ж. басы

2010 ж. аяғы

2011 ж. аяғы

Барлық негізгі құралдар

12127

4011

2840

13298

Соның ішінде:

Құрылымдар

Машина және құрал  жабдықтар

Көлік құралдары

Инструменттер шаруашылық және өндірістік инвентарь

3684

3

-

548

 

2916

-

-

4011

-

 

-

-

-

-

-

 

2840

3684

3

4011

548

 

76

Өзге де негізгі құралдар

4980

-

-

4980

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржылық деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

2-кесте мәліметтерінен көрінгендей, Департаменттің негізгі құралдары 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 6684 теңгеге (33,2%) өскендігін көруге болады. Барлық негізгі құралдар 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы көбейгендігін көруге болады.

Бірде бір мекеме еңбек ресуртарына төленетін еңбек ақыға жұмысалатын шығынынсыз жұмыс істей алмайды. Ақтөбе облысы бойынша қазына департаментінде, оның бөлімшелерінде және қазыналардың аудандық органдарында шамамен 200 адам жұмыс істейді, олардың ішінде жұмыс стажы 20 жылдан болып келетін 20 адам жұмыс істейді, персонал саны туралы мәліметті кесте 3 көрсетілген.

 

Кесте 3

2009-2011 жылдардағы Қазына Департаменттінің  персонал санын

Персонал категориясы

2009

2010

2011

Ауытқулар

Барлық персонал 

218

197

193

-21

-25

-4

Жетекші басшылар

49

40

43

-9

-6

+3

Мамандар

135

129

125

-6

-10

-4

             

3-кестенің жалғасы

Қызметшілер

3

3

3

-

-

-

Жұмысшылар

13

11

10

-2

-3

-1

Оның ішінде

           

Аудандық қазыналар бөліміндегі жұмысшылар

18

14

12

-4

-6

-2

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің  деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

Берілген 3-кестеде келтірілген мәліметтерден көрінгендей, персонал санын талдау, жұмысшының абсолютті жетіспеушілігі 2009 жылдың басынан бастап 2010 жылға қарай 4 адамды көрсетсе, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 25 адамды құрады. Көріп отырғандай жылдан-жылға персонал саны азайып келеді, мұның негізгі себебі республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің қысқаруы бірқатар жұмыстардың азаюына яғни, айлық бақылаулардан тоқсандық бақылауларға, сонымен қатар тексерілетін бақылау бірліктері шеңберінің қысқаруына алып келіп, шығындарын азайту болып табылады. Қазына департаменттінің жұмысшылары үшін бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен құрылады. Күнделікті жұмыс уақыты 8 сағатқа созылады. Департаменттің кадрмен қамтамасыз етуді талдаудың жауапты кезеңі олардың қозғалысын зерттеу. 2011 жылдағы кадрлардың ағымдылығын талдау қанағаттанушылық жағдайды сипаттайды. 2009-2011 жылдардағы Қазынашылық Департаментінің кадр қозғалысын 4-кестеден көруге болады.

 

Кесте 4

2009-2011 жылдардағы Қазынашылық Департаментінің кадр қозғалысы

Себебі

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Ауытқу 2009/2011

Жұмыстан шығарылғаны

22

40

23

-1

Cоның ішінде:                      

жақтардың келісімі бойынша

20

15

16

4

Басқа бөлімдерге ауысу

5

4

3

2

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін

-

-

1

1

әскерге кету

-

-

-

-

Келісім шарт мерзімінің бітуі

13

12

12

1

Қабылданғаны

30

29

28

2

Соның ішінде:                                    басқа бөлімдерден ауысып келу

1

2

3

2

Әскерден келу

-

2

1

1

Келісім шарт бойынша

12

18

9

3

Қайтадан алынғандары

5

2

1

4

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша  Қазынашылық Департаментінің деректері  негізінде автормен құрастырылған.


Берілген 4-кесте мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылдағы айналым коэффициенттері мынаны құрады: қабылдау бойынша - 0,145, шығарылу бойынша - 0,125.

Қабылдау коэффицентері  шығу коэффиценттеріне қарағанда жоғары, бұдан департамент аз жұмыстан шығаруды көздейтіндігін көреміз, жанадан жұмысқа алғандарды компьютерді білу саласы бойынша білімді жетілдіру, экономика негіздерін білуді жетілдіруді жүргізеді. Ағымдылық коэффициенті - 0,047-ге тең.

Қазынашылық департаменті жұмысшылар квалификациясын жоғарлатуға және қайта дайындауға көп көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының өткізетін семинарларынан басқа, департаментте жұмысшыларды компьютерде оқыту бойынша курстар жүргізіледі. Қазынашылық департаментінің негізгі жұмысшыларына төлем төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 қаңтардағы 2008 жылғы номері 41 бағдарламаға сәйкес төленеді, 6200 теңге базалық оклад төленеді. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 32 %-ға, 2011 жылдан бастап 30 %-ға көтеріледі. Департаменттің еңбек ақы төлеу қоры Қазақстан Республикасының заңдық актілері қарастыратын компенсация, лауазымды оклад негізінде анықталады. Еңбек ақы төлеудің нақты қоры Қазына Департаментінде және оның бөлімшелерінде 2011 жылы 1 кварталында 1755 мың теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 202 мың теңгеге көп. Қазына департаментінің 2010-2011 жылдардағы еңбекақы төлеу қоры 5-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 5

Қазына департаментінің 2010-2011 жылдардағы еңбекақы төлеу қоры

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011 жыл

Жұмысшылардың сандық тізімі

адам

76

72

Жұмысшыларға еңбекақы төлеу қоры

мың теңге

1900

2556

Бір жұмысшының орташа айлық  еңбек ақысы

теңге

25000

35500

Нақты жұмыс істеген  адамдар саны/сағат

мың сағат

4,1

3,8

Ескерту – Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің деректері негізінде автормен құрастырылған.


 

5-кестеде көрінгендей, 2011 жылы адамдардың тізімдік саны қазына  департаменттінде 72 адамды құрады. Департамент жұмысшылары 25000 теңге еңбекақы алады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 35500 теңгеге көп.

Информация о работе Қаржыны басқару