Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.
Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды талап етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Отандық коммерциялыө банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын (позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
Коммерциялық
кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің
өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген
ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен
емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады.
Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның
негізгі түріне банктің өз клиентурасымен
жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит
деп аталатын) қаражат және өзге несие
мекемелерінен қарызға (банкаралық несие
арқылы) алған қаражат жатады. /7/
1.2 Депозит
түрлері
Банк
ресурстарының құрылымында
Нарықтық
қатынастардың дамуына
Банктік тәжірибеде барлық ьартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құррайды. Депозиттер банк үшін бірден–бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік
емес тартылған ресурстармен көбінесе
ірі коммерциялық банктер айналысады.
Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі
сомада сатып алынатындықтан да, оларды
көтерме сауда операциялар
Депозит (латынша depositum-сақтауғу берілген зат) – бұл клиент қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады.
Банктік депозит мінін зерттей отырып, З.С.Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан, ақша рөлінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал рөлінде. Депозиттердің қолма–қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы – ол пайыздық сыйақы әкеледі... ал кемшілігі – капиталдың әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені, банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы– ¼ болып табылады.
Депозит тек клиентке ғана емес, сондай –ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттердің банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.
Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаражатты алмайтындықтан, банктік қолма–қол ақша резерві тым көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар қолма–қолсыз жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма – қол ақша қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент–банктердегі шоттарда орналастыруға байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі./7/
Салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
Сондай–ақ, оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:
Салым
иелерінің категорияларына
Талап етуіне дейінгі депозиттер – салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма–қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттаодағы қаражаттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті, ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолма–қол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен ресімделуі мүмкін.
Қазақстан
Республикасының банктік
Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Кемшілігі – шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленеді. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түріне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокоррент (итал. Conto corrente–ағымдық шот) – бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарда жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан – шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл – активті–пассивті шот болып табылады. Кредиттік сальдо клиенттің өз қаражаты бар екенін білдірсе, дебеттің сальдо клиент займдық қаражат алып, несие бойынша қарыз екенін көрсетеді. Кредиттік сальдо бойынша банк клиент пайдасына пайыз есептесе, дебеттік сальдо кезінде өзі берген несие үшін клиенттен пайыз алады. Бұл жерде пайыз шот иесі пайдасына есептелетін пайызға қарағанда жоғары мөлшерлемемен есептеледі. Контокоррентті шоттар сенімді клиенттерге ашылады. Шот иесі қаражат түсімінен гөрі шығыны асып кеткен жағдайда арнайы құжат толтырмай–ақ банкпен келісілген шарт бойынша белгілі бір сомада несие ала алады.
Контокоррентті шотқа ұқсас овердрафты бар шотты айтуға болады. Бұд шот бойынша клиент пен банктің шартына сәйкес шот иесі шот қалдығындағы қаражаттан көп қаражат алуына болады. Яғни, бұл шотқа пассивті қалдық тән. Овердрафты бар шоттың контокорентті шоттан айырмашылығы – онда бір мезгілде басқа шоттар да ашыла береді. Ал, контокоррент шотта банктік операциялардың барлығы жинақталған. Сонымен қатар, контокоррент шоттар шаруашылық субьектілер үшін ашылса, овердрафты бар шоттар жеке тұлғаларға да ашыла береді.
Талап етуіне дейінгі депозиттерге банктердің корреспонденттік шоттары да жатады. Бір банктің басқа банктерге ашқан шоттары ностро–шот деп аталады. Керісінше, басқа корреспондент банктердің осы банкте ашқан шоттары лоро–шоттар деп аталады. Банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату кезінде жақтар осы шоттар бойынша овердрафтың болуын қарастырады. Кредиттік және дебеттік қалдық бойынша шекті мөлшері, мерзімі, пайыздық мөлшерлемелері банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар туралы келісім–шартпен анықталады. Лоро –шотта пассивті сальдоның құрылуы банк айналымында басқа корреспондент банктерден тартылған қосымша ресурстардың болуын білдіреді. Ал, активті сальдо – овердрафтың пайда болуын, яғни корреспондент банкке несие бергендігін көрсетеді. Ностро–шотта осыған қарама–қарсы қозғалыс болады.
Осылайша, лоро және ностро шоттар бойынша кредиттік сальдо банк балансында корреспондент банктен алған ресурстардың болуын көрсетеді. Көптеген банктерде талап етуіне дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар құрылымында көп үлесті алады. Бұл банктік ресурсты қалыптастырудың ең арзан жолы болып табылады. Талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары мобильдігіне байланысты бұл шот қалдығы үнемі өзгерісте болып табылады. Шот иесінің қаражатты кез келген уақытта алып кету мүмкіндігі банк айналымында жоғары өтімділігі бар активтердің болуын талап етеді. Сондықтан банктер бұл шоттарға өте аз пайыз төлейді немесе тіпті төлемейді. Алайда, талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары қозғалмалылығына қарамастан, оның ең төменгі қалатын сомасын анықтап, соны тұрақты несиелік ресурсқа айналдыруға болады. Талап етуіне дейінгі депозит шотында сақталған және «мерзімді депозитке» ауыстыруға болатын қаражат үлесін келесі формула бойынша есептеуге болады:
Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру