Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.
Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
«Валют-Транзит
Банк» АҚ-ның уақытша
2006 желтоқсанының соңында банк қайраткерлігінің бұзылуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігі «Валют-Транзит Банк» АҚ-нан барлық банк операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясын қайтарып алды. Қор банктің уақытша әкімшілігін басқарып, өзінің алдыңғы қатардағы шаралары мен міндеттерін орындауға кірісті. Олар: уақытша әкімшіліктің бұрынғы басшылығынан құжаттар мен мүлікті қабылдау-қайтару, баланстық және баланстық емес активтер мен міндеттемелерге инвентаризация өткізу, салымшылар (депозиторлар) реестрін қалыптастыру, банктің құжаттары мен мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, банк мүддесін барлық мемлекеттік органдар және мекемелер, т.б. қорғау. /8/
«Валют-Транзит
Банк» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы
Қарағанды қаласының
Қордың агент-банкті таңдау конкурсы нәтижесі бойынша, төлемдер «Валют-Транзит Банк» АҚ филиалдарының желісін максималды қамтитын және кепілдендірілген төлемдерді қайтарудың ең үздік шартын ұсынған «Тұран Әлем Банкі» төлемдерді төлейтін болды.
«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның кепілдендірілген төлемдер тиесілі салымшылардың саны шамамен 100 мың адамды құрады. Қорға төлеуге тура келетін кепілдендірілген төлемдердің сомасы шамамен 14 млрд. теңгені құрайды.
Төлемдер жылдам ырғақпен өткізілуде: алғашқы күндері кепілдендірілген төлемдерді күніне 4000 салымшы алды, күнде 1млрд. теңгедей төленді. 26 наурыз бен 31 шілде аралығында кепілдендірілген төлемді 60 мың адам алып, Қордың төлеген сомасының көлемі 14 млрд. теңгені құрады.
«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның ликвидациялық комиссиясының кейбір салымшылары туралы берілгендер Қорға қате мәліметтермен жеткізіліп, төлем процесін қиындатты. Проблемалық жағдай туындаған болса (мысалы, салымшы фамилиясының реестрде болмауы немесе салым сомасының үйлеспеушілігі) Қор қызметкерлері агент-банк және ликвидациялық комиссиямен жедел жұмыс жүргізеді. Күнделікті агент-банктің есептерінің өңделуі жүргізіледі, сонымен қатар кепілдендірілген төлемін алған салымшылардың құжаттарының толықтығына, дұрыс рәсімдеу, төлемдердің өз уақыттылығы тексеріледі. Қор салымшылардың жазбаша немесе телефон арқылы қалыптасқан жағдайларды түсіндіру туралы барлық сұраныстарына жауап береді және қарастырады.
Валют-Транзит Банк ликвидациялық комиссиясының құрамында Қор қызметкерлері банк мүддесін Сот талқылауларында қылмыстық іс материалдарын; банк мүлкі мен құжаттарын инвентаризация мен бағалаудан өткізгенде; салымшыларға тиесілі кепілдендірілген төлемдерді төлеуді анықтау мен толықтыруға дайындауды; банк кредиторларының шағымдарын қарау; ликвидациялық комиссияның ауданаралық бөлімдерінің түрлі сұрақтар бойынша жұмысын координациялауды және т.б. көрсетеді.
Халықаралық ынтымақтастық
2006 жылы Қор әлемнің 47 елінің депозиттерді сақтандыру ұйымдарын біріктіретін Халықаралық Депозиттерді Сақтандыру Ассоцияциясы (IADI) шегінде белсенді халықаралық қарым қатынас жүргізді. Қор өкілдері IADI-дің семинарлары мен конференцияларына қатысты, соның ішінде:
Қордың Генералды директоры IADI-дің Қазынашысы және қаржылау және жобалау Комитетінің Төрағасы, Атқарушы және Зерттеуші коммитеттердің мүшесі болып табылады. Қор IADI өткізетін ДКЖ-ның ликвидтығы туралы зерттеулер мен әзірлемелер, қаржылық қауіпсіздендіру жүйесі қатысушыларының біріккен әрекеттері, дифференциацияланған ставкаларды құрау, проблемалы банктерді реттеу шараларына қатысады.
«Депозиттерді сақтандырушылардың әр түрлі типтерін эффективті функциялаудың тәртібі мен шарттары» Басшылығын әзірлеген жұмысшылар тобы қатарында болған Қор қызметкерлерімен депозиттерді кепілдендіру жүйесін эффективті функциялаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық қауіпсіздік жүйесі (FSN) қатысушылары арасындағы қарым қатынас мәселесі туралы бөлім әзірленді. Әлемдік тәжірибе негізінде зерттеулер жүргізіп, депозитті сақтандырушылар түріне сай қарым қатынасты құру механизмінің рациональды нұсқауларын Қор берді. Олар: «жалпы касса» (pay-box) жүйесінен өз тәуекелін минимизациялау (risk-minimizing system) жүйесіне дейін. Қарым-қатынастар мәселесі FSN қатысушылары арасында мәліметтер алмасу, банктердің шамасыздығы немесе күйреуі жағдайында олардың өкілеттіктерін бөлу және әрекетін координациялауды қамтиды және т.б.
Жалпылықты мәліметтендіру
Бір жыл аралығында Қор халықты ДКЖ туралы мәліметтендіру жұмыстарын белсенді атқарды. Қордың бұл қайраткерлігі халықтың банк секторына сенімділігін қолдау және халықтың ДКЖ туралы білім деңгейін көтеруге мақсатты бағытталған.
Басты назар «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларына бөлінді, бір жыл ішінде Қор республикалық және ауданаралық кезеңдік басылымдарда жүзден аса мақалалар мен мәліметтік хабарламалар жарияланды, сонымен қатар кепілдендірілген төлемдердің төлеу тәртібі туралы аудиороликтер, телехабарлар, жаңалықтық видеосюжеттер орналастырылды. Агент-банкпен, яғни Қор және Тұран Әлем Банкінің басшыларының қатысуымен БАҚ-қа пресс-конференция өткізілді.
Арннайы
бөлінген телефон арқылы Қор қызметкерлері
салымшылар сұрағына жауап беретін жылдық
«Горячая линия» акциясы өткізілді. Мұнда
Қазақстан бойынша барлық қоңыраулар
Қор есебінен төленді. «Горячая линияның»
үш апта қызмет еткен уақытында мыңнан
аса қоңыраулар түсті. Негізінен салымшыларды
кепілдендірілген төлемдер туралы сұрақтар
қызықтырды: оларға қандай соманы қайтарады,
қайда бару керек, қандай құжаттарды көрсету
қажет және т.б. /9/
Әлемдік тәжірибеде жинақтарды сақтандыру институты 60 жылдан астам қызмет етуде. Жинақтарды кепілдендіру жүйесі әлемнің 70 елінде нәтижелі жұмыс істеуде, соның ішінде АҚШ-та, Германияда, Жапонияда, Францияда, Ұлыбританияда. Жинақтарды кепілдендіру жүйесін АҚШ мысалында қарастырайық.
1933 жылы АҚШ–та депозиттерді сақтандырудың федералды корпорациясы (FDIC) Банктік қызмет көрсету заңына байланысты құрылды. Депозиттерді сақтандыру 1934 жылдың 1 қаңтарынан басталғанымен, Депозиттерді федералды сақтандыру туралы заң өз күшіне тек қана 1934 жылдың 16 маусымында енді, алайда бір жылдан соң, яғни 1935 жылы Банктер туралы заңмен алынып тасталды. FDIC-тің негізгі тапсырмаларына – құлдырауға ұшыраған банктерді жылдам ликвидациялау және ұсақ салымшылардың депозиттерін шығыннан қорғау болып табылады, яғни бұл банктердің құлдырауға ұшырауымен байланысты.
FDIC-тің көптеген қызметкерлері мына функциялардың бірін дәстүрлі орындайды: бақылайды немесе ликвидациялайды. Егер де FDIC-тің бақылау бөлімінде 2699 жұмысшы жұмыс істесе, ал кризистерді шешу және өкім бөлімінде (бұрынғы салымшылар және активтерге қызмет көрсету бөлімі) 1994 жылмен (3796-753) салыстырғанда 753 жұмысшыға аз болды. Құлдырауға ұшыраған банктерден акивтердің үлкен көлемі түспеген кезеңдерде, FDIC-ке ликвидация саласына көп жұмысшыларды тарту қажеті туындамайды. 1994 және 1995 жылдары банк индустриясының қысқаруы (оның күйі әрдайым FDIC-тің қалпына шешуші әсер етеді) корпорация жұмысшыларының 2592-ден (1994) 1838 (1995) қысқаруына алып келді.
FDIC-тің жұмысшылардың санын қысқартуы мына 3 факторлармен байланысты: 1) банк саласы жағдайының жақсаруы; 2) саланың консолидациясы (банктер ірілендіріліп, олардың саны қысқарды, бұл жетілдірілген ақпараттық технологиялармен мониторинг жасауға мүмкіндік туғызды); 3)«туннель соңындағы жарық» S&L (қарыз және жинақ жүйесінің кризисі).
Шамамен 50 жыл бойы АҚШ–тың депозиттерді сақтандыру жүйесі мүлдем үзіліссіз жұмыс жасады. Алайда 1980 жылы және 1990 жылдар барысында нарық қатысушыларын шынымен мазаландыратын кризис басталды. Бұл кризисте Депозиттерді сақтандырудың федералды коропрациясы FDIC нарықта қалғаныман, ссуда жинақтық ассоцияцияның федералды сақтандыру корпорациясы (FSLIS) банкротқа ұшырады. 1989 жылы қаржылық институттарды реформалау, қалпына келтіру және қадағалау туралы Заңы (FIRREA) және 1991 жылы FDIC-ті жетілдірген заңы депозиттерді федералды сақтандырудың жұмысын жаңадан дұрыстауға мүмкіндік берді. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін барлық мәселелер әлі шешілмеген (депозиттік сақтандырудың бағасын қалыптастыру, кризистен шығуға арналған стратегиялар мен тәсілдер, мотивация конфликттерін шешу). Депозиттерді федералды сақтандырудың артында FIRREA АҚШ үкіметінің толық кепілдігі бар депозиттерді сақтандыру фондының қалыптасуына (DIF) негіз болды, ол негізінен банктерді сақтандыру фондынан (BIF) және жинақтарды сақтандыру ассоцияциясының фондынан (SAIF), бұдан басқа S&L (қарыз және жинақ жүйесінің кризисі) активтерін басқару үшін Трастық антикризистық корпорация RTC құрылды, және де соңында, кризисті шешу үшін салық төлеушілерден 150 млрд. долларды алу (пайыссыз) FDICA проблемалық банктердің қаржылық жағдайын жақсы жаққа реттеу үшін «шешім қабылдау әсерін» талап етеді. Егер де экономикалық қабілеті жоқ банктер ликвидацияланбаса, олар салық төлеушілер арқылы толатын сақтандыру депозиттерінің фондын бітіреді. Ынталандыру конфликтін және шығындарды бақылаудың оптимальді әдісін депозиттерді сақтандырудың 3 жақты кепілдігін бейнелейтін модель арқылы көрсету ыңғайлы.
S&L (қарыз және жинақ жүйесінің кризисі) кризисі нәтижесінде ссудалы-жинақтық ассоцияцияның федералды сақтандыру корпорациясы толығымен «істен шыққанын», тек қана Депозиттерді федералды сақтандыру корпорациясының «тірі қалғанын» еске салайық.
1990 жылдардың басында FDIC-қа сақтандыру депозиттері үшін сыйақыны ұлғайту арқылы резервтерін толтыруға мүмкіндік болды. Әрине, банктер өсіп жатқан комиссиондықтарға өз келіспеушілңктерін білдіргенмен, оларды аса қиындықсыз төледі. Себебі, түсіп жатқан пайыздық ставкалар жағдайында банктер рекорлты пайда алды. 1995 жыл ортасына қарай FDIC өзінің қажет ететін 1,25 млрд. доллар мөлшеріндегі резервін жинады. 100 доллар депозитке корпорация депозиттерді сақтандыру үшін комиссиондықтарды қысқартатынын жариялады. Бұл шешімді банкирлер қуана қабылдады, себебі осы шешім нәтижесінде олар операциондық шығындардан жылына 4,4 млрд. доллар үнемдеуге мүмкіншілік алды. Алайда FDIC-тің бұл қадамын аналитктер дұрыс емес деп есептеп, яғни FDIC-тің бұл стратегиясын алысқа апрамайтын деп және банкирлер де, регуляторлар да өткендегі қателіктерден сабақ алмағанын айтты.
Ары қарай, S&L (қарыз және жинақ жүйесінің кризисі) кризисін, және оның депозиттерді сақтандыруды ұйымдастыруға әсерін анализден өткізіп, FDIC–ті сақтандыруды үкіметтік кепілдік секілді қарастырамыз. Кейн (Kane 1995) осы сияқты кепілдіктерді «үш жақты кепілдік» моделімен салыстырады. Осы сияқты әдіс депозиттерді сақтандыруды қамтамасыз ететін агенттердің келісім-шартқа кететін шығындарын ескеруге мүмкіндік береді. Кейн моделі бізге ақылға қонымды болып көрінеді, себебі ол бізге тәуекелділік табиғатын түсінуге мүмкіндік береді және ынталандыру конфликтін сипаттап, шығындарды бақылаудың оптимальды әдісін сипаттайды. Модель Йенсен және Меклингтің (Jenson&Meckling (1976)) депозиттерді сақтандырудың берілгендер базасы негізінде құрастырылған келісім-шарттарының жинағы сияқты, фирма теориясының нұсқасы болып есептелуі мүмкін. Сонымен қатар, депозиттерді сақтандыру анализінің басқа да әдістері бар: болжанбаған жаңалықтардан сақтандырудың пассивті моделі, банк капиталын франшиза секілді қарастыратын; Банк капиталын сақтандырушының потенциалды шығындарына кері жақындататын, опциондардың баға қалыптастыру моделі.
Депозиттерді сақтандыру принциптерін түсінуге мүмкіншілік беретін үш модель бар:
Кейн (Kane 1995) алғашқы екінші әдісті 2 жақты модель деп, ондағы тәуекел сыртқы болатынын атап айтады. Оның ойынша S&L (қарыз және жинақ жүйесінің кризисі) кризисі және оның сақтандырушысы FSLIC-тің кризистік жағдайының реалдығы «кешіктіріліп» анықталғандығы, осы екі моделді де дискреттейтін факт, яғни депозиттерді сақтандырудың ойға қонымды басқарылуын қамтамасыз ете алмайтындығы болып табылады. Депозиттерді сақтандыру «үш жақты кепілдік» моделі арқылы адекватты сипатталатынын Кейн атап өткен. Оның интерпретациясы тәуекел табиғатын анықтауға, ынталандыру конфликтін сипаттауға және шығындарды бақылаудың оптимальді әдісін анықтауға мүмкіндік береді. «Үш жақты кепілдік» моделі негізінен FDIC-тің іскерлігінің жарты бөлігінен көбі (мониторингтің кейбір түрі сияқты, стратегия жасаудың жартысы) ұтымдылықпен жеке меншік ұйымдарға берілуін айтуға болады. Берілген әрбір үш модель депозиттерді сақтандыруды басқарудың және басқару қателіктерін анализдеу үшін өте бағалы материал болып табылады.
Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру