Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.

Содержание

Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47

Работа состоит из  1 файл

дипозит.doc

— 530.00 Кб (Скачать документ)

                           А=(Оср/Окр)*100%;

Мұндағы, А –мерзімді депозиттік шоттарға ауыстыруға болатын қаражат үлесі;

Оср–бір жылдағы ағымдық шоттағы орташа қаражат қалдығы;

Окр–бір жылдағы ағымдық шот бойынша  несиелік айналым.

Мерзімді  депозиттер дегеніміз – банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит  түрі алдын ала хабарлаудан кейін  немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма–қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Мерзімді  депозиттердің ерекшелігі –  талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің  бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде  салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді  депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті–мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.

Мерзімді–меншікті депозиттер сақталу мерзіміне қарай  жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90күнге дейінгі;
  • 90-180күнге дейінгі;
  • 180-360күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімі депозиттер бойынша салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді.

Мерзімді  депозиттердің мынадай ерекшеліктері  болады:

  • Есеп айырысу үшін пайдаланылмайды;
  • Шоттағы қаражат баяу айналады;
  • Тұрақты пайыз төленеді;
  • Пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • Ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • Бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы  бір кеңінен таралған депозиттердің  түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатын алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Мерзімді  депозиттер және жинақ салымдары  депозиттік ресурстардың біршама тұрақты  бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі пайыз мөлшерлемесі төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері  болады:

  • Ақшалай қаражаттарды сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
  • Шоттағы қаражатты алдын алу барысында ешқандай ескерту талап етілмейді;
  • Ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Елімізде  жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым  операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Мерзімді жинақ салымдары;
  • Қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • Ұтыс салымдары;
  • ақшалай–заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді  жинақ салымдарына тұрақты мерзімі  белгіленетін және сол мерзім өткенше алуғу мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарына қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл  шоттағы қаражатқа алдын ала  келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымдарды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу  үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді  депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ  сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік  және жинақ сертификаттары – салым иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

Депозиттің  және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

  • атаулы сертификаттар;
  • мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы  депозиттік және жинақ сертификаттары салым иелерінің атына толтырылады. Ал, мәлімдеуші сертификатта салым  иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік  және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  • аударылатын;
  • аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым  иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа  бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Сонымен қатар, сертификаттарды басқа белгілілеріне  қарай да бөлуге болады:

  1. Бір рет шығарылатын;
  2. Сериялармен шығарылатын.

Айналым мерзімі бойынша:

1)мерзімді;

2)талап етуіне дейінгі.

Өтелу шартына қарай:

  1. Белгілі бір есеп кезеңі өткенге дейін біркелкі төленіп отыратын пайыздық мөлшерлемесі бар сертификат;
  2. Пайызы сертификатмерзімі біткеннен кейін төленетін сертификат.

Сертификатты  өтеу үш тәсілмен жүргізіледі:

    • Сертификатты жаңадан шығару;
    • Салымның басқа түрлеріне немесе талап етуіне дейінгі депозитке қолма-қолсыз аудару арқылы;
    • қолма-қол ақша түрінде (жеке тұлғалар үшін).

Сертификатты  шығаратын банк шығарылу шарты мен  айналымын өзі белгілейді. Өз сертификатын тиімді орналастыру үшін келесі шарттар  қарастырылуы қажет:

  • инвестор үшін тиімді пайыздық мөлшерлеме;
  • салымшы үшін тиімді болатындай сертификаттың ең төменгі шегі;
  • пайыздық мөлшерлемені қайта қараудың икемді механизмі;
  • стандартты шығарылу шарттары;
  • номиналды төлеу мен пайыздың есептелуін сенімді етіп кепілдендіру;
  • потенциалды сатып алушыларды ақпараттандыру, яғни ірі жарнама.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып  шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі  1- 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға беріледі.

Сертификат  бланктары арнайы рұқсаты бар полиграфиялық кәсіпорындармен дайындалады. Сертификат бланкіде шығарылу шарттары мен басқа да мәліметтер орналасуы мүмкін, алайда келесі реквизиттардың болуы талап етіледі:

  • «депозиттік не жинақ сертификаты» атауы;
  • шығарылу себебіне нұсқау;
  • депозитті немесе салымды салу мерзімі;
  • сертификатты өтеу мерзімі;
  • депозиттің мөлшері;
  • салынған соманы банктің міндетті түрде қайтару міндеттемесі;
  • депозит немесе салым бойынша пайыз  мөлшерлемесі;
  • тиісті пайыз сыйақысы;
  • эмитент банктің атауы мен мекен -жайы;
  • сертификаттың шығуына жауапты банктің екі тұлғасының қолдары және банк мөрі.

Егер  сертификат бойынша салымды алу  мерзімі өтіп кеткен болса, мұндай сертификат талап етуіне дейінгі құжат болып  саналады және банк оны алғашқы талап  етуінде өтеуге тиіс. Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Қарапайым депозиттік келісім-шартқа қарағанда  сертификаттар келесідей артықшылыққа ие:

  • сертификаттардың таратылуы мен айналуында қаржы делдалдарының үлкен көлемінің арқасында үлкен потенциалды инвесторлардың саны артады.
  • Қайталама нарық жағдайында сертификат басқа тұлғаға сатыла алады, бұл жерде оның иесі сақталған уақытына табыс алады және банк ешқандай ресурсты жоғалтпайды.
  • Депозиттік сертификат иелері салық салу кезінде көп табыстан айырылмайды./7/

Жинақ сертификаттары бойынша табысқа басқа депозиттерге тәрізді салық салынбайды. Мерзімді депозиттерге қарағанда сертификаттардың кемшілігі – банктің оларды эмиссиялаумен байланысты үлкен шығындарының болуы.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылуға тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі керек:

  • депозиттік ресурстар қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі,
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Қазіргі кезде ағымдық және жинақ шоттары  банктер үшін ең тиімді ресурс көзі болып табылады. Банктер арасында клиенттер үшін үлкен бәсекелестік байқалады. Банктік терминологияда «бір клиенттің банкі» ұғымы пайда  болған. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың өз банкі бар. Алайда, банктерде бір-бірінен ірі корпоративтік клиенттерді тартып алатын жағдай көп кездеседі. Бұл ағымдық және жинақ шоттарындағы қаражаттардың банк өтімділігіне өте сезімтал болып келетінін көрсетеді. Клиенттердің талаптарына сәйкес көптеген банктер шоттың жеке менеджері механизмін енгізеді.

Банктік операция ретінде депозиттерді тартудың өзіндік құнын төмендететін факторды атап өткен жөн. Ұлттық Банктің нормативтік  талаптарына сәйкес салымдар мен  депозиттер бойынша резервтік қорға 15% төлейді.

Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру