Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.

Содержание

Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47

Работа состоит из  1 файл

дипозит.doc

— 530.00 Кб (Скачать документ)

Бұл несие  бойынша пайыздық мөлшерлеменің  сондай шамаға өсетініне әкеледі. Сондықтан, бұл нормативтер банктердің активтілігін азайтады. Егер дамыған елмен салыстыратын болсақ, бұл норматив Германияда 2-5% құрайды, ал Францияда ондай нормативтік аударымдар жоқ.

Ақша-несиелік көзқарас тұрғысынан төменгі резервтер  екі функцияны атқарады. Бір жағынан, олар Ұлттық Банкке резервтік мөлшерлемені өзгерту арқылы банк өтімділігін  ұзақ мерзімді басқару аясында ұзақ мерзімді қаражат мөлшерін түзеуге немесе банк қолданбаған қайта қаржыландыру лимиттерінің көлемін түзеуге мүмкіндік береді.

Минималды резервтік мөлшерлеменің өзгеруі  салдарынан банктердің орталық банктегі салымдары не бір-бірімен байланысып, не босатылатындықтан, минималды резервтер  саясаты көмегімен өтімділік деңгейімен байланысты операциялар, мысалы, валюталық қозғалыстар жартылай не толық компенсациялануы мүмкін.

Екінші  жағынан, минималды резервтік мөлшерлеменің  жоғарылығы банктердің орталық банк қаражатына сұранысын қалыптастырады. Осылайша, олар орталық банк қаражатына жеткілікті сұраныстың болуына әкеледі.

Минималды резервтер өтімділікке әсер еткеніндей пайыздық мөлшерлемеге де ықпал етеді. Резервтік мөлшерлеменің көтерілуі  банк рентабельдігін төмендетеді. Сондықтан, несиелік институттар бұл ауыртпалықты клиенттерге аударуға тырысады.

Келесі  маңызды тежеуші фактор ретінде  салымдарды индексациялаудың тиімді және нақты механизмінің жоқтығын айтуға болады. Бұл мәселе ұлттық валютаның  жоғары инфляциясы кезінде өте өзекті болды, көптеген банктердің ірі жинақ жобаларын жүзеге асыруына кедергі болды.

Осының  барлығы банктердің пассивтерді  тартудағы саясатын өзгертуіне себеп  болды. Осылайша, клиенттің есеп-айырысу  шотын ашқан кезде оған осы  шотпен пайдалану уақытына депозит  ашылады. Бұл депозит басқа депозиттер тәрізді бола отырып, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, салым сомасын банк белгілейді.

Депозит міндеттемелік сипатқа ие, өйткені  оның сомасы есеп-айырысу шотын ашқан  кезде енгізіледі. Егер ол салынбаса, банк өзінің қызмет көрсетуін тоқтатады. Бұл депозитті шартты депозит деуге болады, өйткені одан қаражат алу клиент есеп-айырысу шотын жапқан кезде ғана жүзеге асырылады. Ол мерзімсіз болып саналады, бұл банкке қаражатты ұзақ мерзімді несиелеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Депозитке өте төмен пайыз төленеді.

Кейбір  банктер бұл депозитті кепілдік деп санайды, себебі салымшы осының есебінен кепіл бермей несие ала  алады. Осылайша, депозит есебінен қызмет көрсету мерзіміне коммерциялық банктер тұрақты, ұзақ мерзімді несиелік ресурс алады.

Банктер арасында ресурс тартудағы бәсекелестік күрестің маңызды құралы - пайыздық саясат болып табылады. Қазіргі кезде банктер депозит бойынша пайызды Салымдарды сақтандыру Қорының белгілеген мөлшерлемесіне байланысты белгілейді. Депозиттердің жеке түрлері бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі салым мерзіміне, сомасына байланысты қойылады. Депозит мерзімі ұзақ болған сайын пайыздық мөлшерлеме де жоғары болып табылады. Сондай-ақ пайыз төлеу жиілігі де маңызды мәнге ие. Бұл жерде пайыз төлеу жиілігі алшақ болған сайын мөлшерлеме деңгейі де жоғары болады.

Салымшыларды  тарту мақсатында пайызды есептеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Соның ішінде дәстүрлі тәсілгн жай  пайыз жатады. Мұнда есептеу базасы ретінде салымның соңғы қалдығы  алынады. 

-   

1-сурет.  АҚШ-тың коммерциялық банкілеріндегі  депозиттер.

Пайызды есептеудің екінші түрі – күрделі пайыз болып табылады. Бұл жерде есептеу кезеңі біткен соң салым сомасына пайыз есептеледі де, ол салым сомасына тағы да қосылады. Осылайша, келесі есептеу кезеңінде пайыздық мөлшерлеме жаңа базаға қолданылады.

Салымшылар  үшін соманың депозитте нақты  болу уақытына қарай прогрессивті өсетін пайыздық мөлшерлеме тартымды көрінеді. Мұндай есептеу тәртібі салымның сақталу мерзімін ұлғайтып, оны инфляциядан қорғайды.

Кейбір  банктер инфляциядан сақтану  үшін пайызды алдын ала есептеп  беруді ұсынады. Бұл жерде салымшы  пайыздық табысты салымды сала салысымен  ала алады. Егер келісім–шарт мерзімінен бұрын тоқтатылатын болса, банк салым бойынша пайызды ұайта есептеп, артық төленген соманы қайтарып алады. Кейбір банктер пайызды есептеу кезінде бір жылдағы нақты күнді алса (365 немесе 366 күн), кейбірулері жақындатылған орташа соманы (360 күн) алады. Бұл да табыс мөлшеріне әсер етеді./3/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-бөлім. ҚР депозиттер және оларды сақтандыру 

2.1«Қазақстандық  Депозиттерді Кепілдендіру Қоры»  АҚ-ның қайраткерлігі туралы 

Депозиттерді  міндетті кепілдендіру жүйесі (ДКЖ) Қазақстанда 1999 жылдың қарашасынан қызмет етуде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк ісі қайраткерлігі туралы» Заңға сәйкес физикалық тұлғаларға банк шотын ашу және жүргізу, депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар барлық екінші деңгейлі банктер депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

1

2

3

4

5

6

7 

8

9

10 

11

12

13

14

15

16 

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28 

29

30

31

«АЛЬЯНС БАНК»  АҚ

«АТФ  БАНК» АҚ

«КАСПИЙСКИЙ БАНК» АҚ

«ЦЕНТРКРЕДИТ  БАНК» АҚ

«ДАНА БАНК» АҚ

«ДЕМИР  ҚАЗАҚСТАН БАНК» АҚ

«ABN AMRO БАНК ҚАЗАҚСТАН» ЕНШІЛЕС АКЦИОНЕРЛІК БАНКІ» АҚ

«АЛЬФА-БАНК» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ҚЫТАЙ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПӘКІСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АҚ

«ЕВРАЗИЯ БАНКІ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚТАУ БАНКІ» АҚ

«ЗАМАН-БАНК» АҚ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ БАНКІ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ИНТЕРНЕШНЛ БАНК» АҚ

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК» АҚ

«КАЗИНВЕСТБАНК» АҚ

«КАЗКОММЕРЦБАНК»  АҚ

«АЛМА-АТА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ

«НЕФТЕБАНК» АҚ

«НҰРБАНК» АҚ

«СЕНІМ-БАНК» АҚ

«СИТИБАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ

«СОВМЕСТНЫЙ БАНК « ЛАРИБА БАНК» АҚ

«ТЕМІРБАНК» АҚ

«ТЕХАКАВАNK» АҚ

«ТОРГОВО ПРОМЫШЛЕННЫЙ БАНК КИТАЯ В Г. АЛМАТЫ» АҚ

«ЦЕСНАБАНК» АҚ

«HSBC БАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ ЕНШІЛЕС БАНКІ.

«ТҰРАН  ӘЛЕМ БАНК» АҚ, т.б.

      1. кесте. Депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушы банктерінің реестрі./5/

 2005 жылдың желтоқсанында мәжбүрлеп таратылуы нітижесінде «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ ДКЖ құрамынан шығарылды. 2006 жылдың желтоқсанында Қаржылық Бақылау Агенттігі (ҚБА)  «Валют-Транзит Банктен» барлық банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясын қайтарып алды. Берілген банк Қарағанды қаласының мамандандырылған ауланаралық сотының мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енуіне байланысты (2007 жыл, 13 ақпан) Қазақстандық депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінен 2007 жылдың наурызында шығарылды.

2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша кепілдендірілген депозиттердің барлық сомасы 555 млрд. теңгені, немесе ДКЖ-нің қатысушы-банктерінің физикалық тұлғаларының депозиттерінің 1055 млрд. теңгеге жеткенін, немесе 53%-ды құрайды.

ДКЖ-ның  қызмет көрсеткен 7 жыл ішінде физикалық  тұлғалардың банктердегі депозиттерінің сомасы 20 есе өсті, онықң жартысынан көбі Қор кепілдігіндегі депозиттер. Депозиттік базаның жылдық өсімі  орташа есеппен 35%-ды құрады. Есептік жылда бұл көрсеткіш «Наурыз Банк Қазақстанның» күйреуіне байланысты туындаған жалпылықты кең ауқымды резонансқа қарамастан 77%-ды құрады. Берілген факт, депозиттерді кепілдендіру жүйесінің пәрменділігін және оның өзінің негізгі мақсаты – банк жүйесіне деген халық сенімін ақтауын және мемлекеттің қаржылық жүйесінен «депозиттердің қашуының» алдын-алуын тиімді оындалуы куіландырады. Депозиттердің өсуі ДКЖ-ның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және банк сферасына халықтың сенімділігін арттыруда маңызы өте үлкен екенін көрсетеді.

Банктердің  тартуындағы депозиттердің өсуіне байланысты кепілдендірілген төлемдерді төлеуге арналған арнайы резервті қалыптастыратын  міндетті күнтүзбелік салымдардың  түсуі де ұлғайды.

Міндетті  күнтүзбелік төлемдер ДКЖ-ның қатысушы-банктерінің үзіліссіз, әрбір квартал сайын төлеуге жатады. Есептік жылда міндетті күнтүзбелік төлемдер ДКЖ-ға 2 жылдан аса қатысушы банктерде 0.16% болса, 2 жылдан кем ДКЖ-ға қатысушы банктерде 0.25% құрады.

2006 жыл банктердің есептеулер мен салымдарды төлеуге арналған бірыңғай ставкалар жүйесін (flat-rate system) қолданудағы соңғы жыл болды. 2007 жылғы Қор стратегиясына сәйкес ДКЖ толығымен жарналарды төлеудің жеке ыңғайдағы ставкасы жүйесіне көшеді.

ДКЖ-ның  қатысушы-банктерінің 2006 жылғы саналған жарналарының сомасы 2.8 млрд. теңгені құрады, ол 2005 жылмен салыстырғанда 32%-ға артық. Міндетті күнтүзбелік жарналардың  2000-2006 жылдар аралығындағы жалпы сомасы 10.7 млрд. теңгені құрады.

Қатысушы-банктерден ДКЖ-ға түсетін жарналары, мәжбүрлеп  таратылған банктің тарату комиссиясына қатысты Қор талаптарының өтелімі, барлық басқа да түсімдер депозиттерді міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын Ұйым активтерін инвестициялау Ережесіне сай Қор  арқылы қаржылық құралдарға инвестицияланады.

Қор активтерді инвестициялау сферасында оның активтерін сенімді басқарушы болып табылатын Ұлттық Банкпен ынтымақтастығын жалғастырды. Инвестициялау қайраткерлігінен түскен пайда кері инвестициялауға кетеді.

Күнтүзбелік жарналар, Қордың жарғылық капиталының 50%-дай сомасы, активтерді орналастырудан түскен Қордың таза пайдасы, қатысушы-банктердің мііндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін алынатын айыппұл, сонымен қатар, мәжбүрлеп таратылған банктен Қор талаптарын қамтамасыз ету тәртібінде алынған ақшалар кепілдендірілген төлемдерді қайтару резервінің қалыптасуының негізігі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «ҚР- дағы екінші деңгейлі банктерде орналасқан депозиттерін міндетті кепілдендіру» Заңына сай Қордың exentl немесе жинақтау негізінде арнайы резервтер құруы ДКЖ-ның қызмет етуінің негізгі принципі екені танылды. Экономикасы мен банк секторы қарқынды дамып келе жаттырған ел үшін ДКЖ- ның салымшыларға өз уақытында төлейтін нақты қаражат ресурстарының болуы, ДКЖ- ның және банк жүйесінің сенімділігіне жұртшылық сенімін қалыптастырады.

Қордың  өтем резервінің мақсатты сомасы ДКЖ- ның қатысушы-банктеріндегі физикалық  тұлғаларының депозиттерінің жиынтық  сомасының Заңдылыққа сәйкес 5%-ын құрайды, яғни шамамен 19.96 млрд. теңге, 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы кепілдендірілген депозиттер базасының жағдайында есептелген және 2006жылдың 31 желтоқсанында 27.74 млрд. теңге, 2005 жылдың 31 желтоқсанында Қордың төлем резервінің көлемі деректер бойынша 8.3 млрд. теңгеге тең болды, ол кепілдендірілген депозиттердің сомасынан 2.08%-ды құрады,ал 2006 жылы 31 желтоқсанда төлем резервінің сомасы 11.7млрд. теңге немесе 1.11%-ды құрады. Кепілдендірілген салымдарға резервтің мұндай қатынасының төмендеуі кепілдендірілген депозиттік базаның айтарлықтай өсуімен түсіндіріледі.

2006 жылдағы 27.74млрд. теңге құрайтын төлем резервінің мақсатты деңгейіне жету үшін күнтүзбелік жарналардың орташа сомасынан 11.7 млрд. теңгеге тең төлем резервтерін қосқанда 2.8 млрд. теңге болуына 5-6 жыл қажет, бұл күнтүзбелік төлемдердің ставкасының өзгермегенінде және болашақта мәжбүрлеп таратылатын банктердің болмайтын жағдайында.

Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру