Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.

Содержание

Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47

Работа состоит из  1 файл

дипозит.doc

— 530.00 Кб (Скачать документ)

Қор Ұлттық банк атынан, яғни мемлекет атынан салымдарды қайтарудың негізгі кепілі болып табылады, және де, егер де банк қайраткерлігі соңында пайда табуға тірелсе, Қор қайраткерлігі өз негізінде ең жақсы гуманистикалық принциптерді сақтаған. Дәл осы принциптер «ҚР 2деңгейлі банктерінің физикалық тұлғаларының салымдарын (депозиттер) кепілдендірудің (сақтандыру) Қазақстандық Қорының Ережелерінің» алғышарттары болып табылады.

Депозиттерді  міндетті түрде кепілдендірудің  обьектілері болып қатысушы-банктің мәжбүрлеп таратылуы жағдайында оның оның физикалық тұлғаларының депозиттерін теңгеде немесе шетел валютасында оларға есептелген сыйақысыз, банк шотындағы және банк салымдарымен және салым құжаттарымен куәландырылған жағдайда қайтару туралы міндеттемесі табылады.

Қатысушы жақтың мәжбүрлеп таратылуы жағдайында, депозиттерді міндетті түрде кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйым, депозиторларға кепілдендірілген депозиттерге есептелген сыйақысыз қалған соманы өтейді, бірақ 700 мың теңгеден аса емес.

Депозиторлардың кепілдендірілген өтемге құқықтары:

  • Депозитор «ҚР 2-деңгейлі банктерге тартылған депозиттерді міндетті сақтандыру» Заңына сәйкес кепілдендірілген депозиттердің көлемі және тәртібі бойынша кепілдендірілген өтемақыны алуға құқығы бар;
  • Депозитордың қатысушы-банкте бір-бірінен түрі және валютасы арқылы ажыратылатын бірнеше кепілдендірілген депозиттерді ашқан жағдайда, депозиттерді міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйым 700 мың теңгеден аспайтын сомада кепілдендірілген жиынтық сомада төлемді төлейді;
  • Депозитордың бірнеше қатысушы-банктерде депозиттер ашқан жағдайда, депозиттерді міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйым, кепілдендірілген төлемдерді бөлек-бөлек әрбір қатысушы-банкке төлейді;
  • Кепілдендірілген депозиттердің кепілдендірілген төлемдерін төлеу ҚР Ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы депозиттерге кепілдендірілген төлемді төлеу үшін нарықтық жағдайдағы валюталарды ауыстыру курсы қолданылады, қатысушы-банктің мәжбүрлеп таратылуы туралы Сот шешімі Заңды күшіне енгенінен бастаған күннен есептеледі.

Қор салым  бойынша сыйақының келесідей  ставкаларының мөлшерін ббелгілеген, олардың қайтарылу міндеттемесі Қор арқылы кепілдендіріледі:

     2004 жылдың  1 тамызынан 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейін:

           Теңгеде - 6 айға дейін жылдық 6% ;

           Доллар және еврода – жылдық 4%;

           Теңгеде 12 айға дейін  –  жылдық 9%;

           Доллар және еврода жылдық 5%;

           Теңгеде жылдық 30 айға дейін жылдық 10%;

           Доллар және еврода жылдық 6,5%;

           Теңгеде 36 айдан жоғары - 11%;

           Доллар және еврода жылдық7,5%.

2007 жылдың  қаңтарынан бастап максималды ставкалардың мөлшерін Қор белгілемейді.

Кепілдендірілген  төлемдерді өтеу қайраткерлігін іске асыруға байланысты депозиттерді міндетті кепілдендіретін ұйым шоттан тыс және шот шегіндегі арнайы резервті ұйымдастырады:

  • Депозиттерді міндетті кепілдендіретін ұйымның жарғылық капиалында белгіленген соманың 50%-ы  шегіндегі шығындары;
  • Қатысушы банктердің жарнасы;
  • Қосылу келісім-шартына сәйкес қатысушы-банктерге міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін қолданылатын айыппұл;
  • Депозиттерді міндетті кепілдендіруді іске асыратын ұйымның төленген немесе төленіп жатқан кепілдендірілген төлемдер сомасына мәжбүрлеп таратылған 2-деңгейлі банктерден осы тәртіптерді орындау үшін алынған ақша;
  • Депозиттерді міндетті кепілдендіруді іске асыратын ұйымның қарастырылған жарғы бойынша шығындар мен аударымдарды азайтқаннан қалған, активтерді орналастырудан түскен пайда;
  • Депозиттерді міндетті кепілдендіруді іске асыратын ұйымның арнайы резервінің мақсатты көлемі, қатысушы банктердегі барлық кепілдендірілген депозиттер сомасының кем дегенде 5%-ын құрайды. /4/  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

2.3 Қазақстандағы депозиттердің қазіргі жағдайы /8/

 

Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының ЖІӨ 64 миллиард долларға жетеді (бұл 1,7 триллионнан астам теңге). Халықтың сатып алу қабілеті 138 милллиард доллар болып табылады. Жан басына шаққандағы табыс 4200 доллар. Қазақстан халқының биылғы жылғы 200 мың адамға көбейетінін де ұлттық саясатқа оң әсер ететін жағымды жағалық деп қабылдаған жөн. 

 

2007-жылдың  бірінші жартыжылдығындағы ЖІӨ

  2007 ж. бірінші жартыжылдығында
 
Млн.теңге
Құрылым  %-бен өткен жылдың тиісті кезеңіне,%- бен
Нақты көлем индексі Дефлятор
1 2 3 4 5
ЖІӨ 5495327,0 100,0 110,2 113,2
Тауарлар  өндіру 2263265,2 41,2 111,3 110,5
Ауыл,орман  шар.,балық аулау 120393,9 2,2 103,8 117,9
Өнеркәсіп 1722535,8 31,4 106,8 111,1
Құрылыс 420335,5 7,6 136,8 106,0
Қызметтер өндірісі 2848898,5 51,8 108,9 115,3
Жалпы қосылған құн 5112163,7 93,0 110,0 113,1
Өнімдерге және импортқа салынған салықтар 383163,3 7,0 113,4 114,3
 

/7/ 
 
 

Қорытынды.

 

     Қорытындылай келе, коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылатынына көз жеткізіп, соның ішінде депозиттердің роліне толық тоқталдым. Сонымен, депозиттер – бұл клиент қаражатын пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады. Депозиттер – пйыздық сыйақы әкеледі. Депозит тек клиентке ғана емес, сондай-ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттердің банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Депозиттердің банк ресурстарын құруда өте маңызды роль ойнайтыны белгілі, алайда оның кемшіліктері де бар, атап айтсақ нарықтық жағдай және банктер арасындағы бәсекелестік.

    Қазіргі уақыттағы депозит салымшыларын  үрейлендіретін маңызды проблемалардың  бірі – банктің күйреуі болып  табылады. Осындай жағдайды реттеу  мақсатында Депозиттерді Кепілдендіру  Жүйесі құрылып, ол қызмет еткен уақыт аралығында физикалық тұлғалардың банктердегі депозиттері шамамен 20 есеге өсті. Бұл «Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның және ДКЖ жемісті жұмысы нәтижесінде жеткен көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, 2006 жылы қор қайраткерлігіндегі ең маңызды сәттердің бірі Қазақстан Республикасының  «ҚР екінші деңгейлі банктердегі депозиттерді кепілдендіру туралы» Заңы болып табылады. Бұл заңды қабылдау қажеттілігі қазақстандаық ДКЖ үздік халықаралық тәжірибеге жақындатуға, қызмет көрсетудің мөлдірлігін қамтамасыз етуге және оған қатысты тәуекелдерді төмендетуге негізделген. Қор қызметкерлері халықты ақпараттандыру мақсатында арнайы хабарламалар мен бағдарламаларды, видеороликтерді газеттер мен телеарналарда жариялап көрсетті. Арнайы бөлінген телефон арқылы Қор қызметкерлері халық сауалдарына жауап беретін «Горячая линия» акциясын өткізетіндігіне тоқталып өттім.

Қазақстандық  депозиттерді сақтандыру тәжірибесін  әлемдік тәжірибе негізінде, соның  ішінде АҚШ мысалында қарастырдым. АҚШ тәжірибесінде депозиттерді қорғау жүйесін FDIC ұйымдастырса, ҚР-дағы салымдарды Қаржылық Қадағалау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қайраткерлігін лицензиялау жүйесі арқылы қамтамасыз етілетіндігін және ол мемлекеттік, жеке-меншік сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Қор Ұлттық Банк атынан, яғни иеилекет атынан салымдарды қайтарудың негізгі кепілі болып табылатынына тоқталдым.

    ҚР депозиттік ұйымдарындағы  депозиттердің жалпы көлемінің  ұдайы өсу жағдайында екендігін  кестеде көрсетіп өттім.

    Өз ойымды түйіндей келе, мен  Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан  бергі кездегі экономикасы және  банк секторы қарыштап дамып  келе жатқандығына және әлемдік  стандарттарға сай әрекет етіп  жатқандығына көз жеткіздім.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Ақша, несиие, банктер, валюта қатынастары»,  Б.Көшенова, Экономика, 2000 ж.
  2. «Банк ісі», Н.Н.Хамитов, Алматы, Экономика, 2006 ж.
  3. «Коммерциялық банктер операциялары», Мақыш С.Б. ИздатМаркет, Алматы, 2004 ж.
  4. «Банки Казахстана» журналы №3; №8 2007 ж.
  5. «ҚазҰУ хабаршысы» №6 (52), 2008 ж.
  6. ҚР «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру» туралы Заңы, №169- III ҚРЗ, 7 шілде, 2006 ж.
  7. «Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО да оқыту» журналы, №5-6 (24), 2007 ж; №1 (25), 2008 ж.
  8. www. Kdif. kz
  9. www. Google.kz
  10. «Егемен Қазақстан» газеті, №829, 2008ж.

Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру