Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.
Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
2006 жылы
Қор қайраткерлігіндегі ең
Қордың құрылған мезетінен бастап оның қайраткерлігі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің физикалық тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) Ережелерімен және ҚР екінші деңгейлі банктерінің қатысуымен физикалық тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру қызметінің жүйесі Ережелерімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқару қаулысымен бекітіледі және реттеледі. Ал қазір, депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қызмет көрсетуінің құқықтық негіздері, онда коммерциялық банктердің қатысуы, сонымен қатар, Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру Қорының қайраткерлігінің тәртібі Заңда анықталған және бекітілген.
Жаңа заң әлемдік тәжірибені зерттеу және анализдеу, депозиттерді сақтандырудың халықаралық сферасындағы ұйымның ұсынымдары, олардың отандық шарттарға бейімделуі негізінде жасалған. Берілген заң жобасын талқылау барысында Қазақстан Республикасы Парламаенті Мәжілісінің жұмыс тобында Қор қызметкерлері белсенді қатысты. Осыған қоса, Мәжіліс IADI Президенті Ж.П.Сабурен мырзаға, депозиттерді кепілдендіру облысында әлем таныған бірден-бір срапшы ретінде кепілдендірілген депозиттердің максималды көлемін тағайындау сұрағымен кеңес алу үшін өтініш жасады.
Заңға сәйкес,2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген өтемнің максималды көлемі бір салымшыға 700000 теңгені құрайды. Көрсетілген көлемді анықтағанда Заң жобасын әзірлеушілер халықаралық валюта қорының ұсынымдарына сәйкес кепілдендірілген төлемдердің көлемі ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы 1-2 аралығында болуын, сонымен қатар халықаралық депозиттерді сақтандыру операциясының (IADI) ұсынымына сай, толық көлемде қайтару төлемдерін күтіп отырған салымшылар саны 80-90% болуы, ал депозиттерді кепілдендіру жүйесіне сай қайтарылуға тиіс төлемдердің саны барлық физикалық тұлғалардың депозиттерінің 40%-ын құруы қажет. Бұл депозиттерді кепілдендіру жүйесінің халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабатын қорғау үшін және банк жүйесіне сеімсіздікпен қарайтын салымшылар қатарын сендіруге арналған мемлекеттік тапсырысты тиімді орындау мақсатына негізделген. Кепілдендірілген төлемдердің максималды көлемі заңды күшіне енуіне дейін 400000 теңгені құрады, ол барлық депозиттердің толық сомалық көлемінің 35%-ын төлеуге мүмкіндік берді. Қордың бағалауынша, жаңа кепілдендірілген төлем көлемін енгізумен, төлеуге жататын төлем сомасы қатысушы-банктердегі барлық физикалық тұлғаларының депозиттерінің жалпы сомасының 42%-ын құрайды.
Заңды қабылдағанға дейін Қазақстанда физикалық тұлғалардың барлық депозиттері кепілдендіруге жатты, мыналардан басқа:
- 7 млн. теңге көлеміндегі және одан жоғары жедел және шарттық (немесе олардың шетел валютасындағы эквиваленті)
- банктің алдыңғы басқарушылары мен олардың жақын туыстарының салымдары
- 5% және одан жоғары акцияларға ие және дауыс беру құқығы бар банк акционерлері мен олардың жақын туыстарының салымдары./4/
Диаграмма №1. Физикалық тұлғалардың депозиттерінің
қтысушы-банктердегі депозиттерінің өсу
динамикасы.
Диаграмма №2. Депозиттерді міндетті кепілдендіру
жүйесінің қатысушы –банктерінің міндетті
күнтүзбелік төлемдердің түсімдері.
Заңға сәйкес, кепілдендірілуге барлық физикалық тұлғалардың депозиттері еш айырмашылықсыз жатады.
2007 жылдың 1 қаңтарынан ДКЖ-ның қатысушы-банктерінің мәжбүрлеп таратылуы жағдайында Қор әрбір салымшы физикалық тұлғаға депозит қалдығының сомасы бойынша сыйақысыз 700000 теңгеден аспайтын кепілдендірілген төлем сомасын төлейді.
Заңда, сонымен қатар депозиттердің міндетті кепілдендіруін іске асыратын ұйым ретінде Қордың тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері анықталған. Қор қызметтерінің қызметтері кеңейтілген: кепілдендірілген төлемдерді төлеу, арнайы резервті қалыптастыру, өзіндік активтерді басқару, қатысушы-банктер реестрін жүргізуден басқа, банктің консервацияланған кезеңінде және барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясының қайта алынуы жағдайында болу, сонымен қатар, ликвидациялық комиссия мен мәжбүрлеп таратылған банктің кредиторлар комитеті құрамында болуы Заңмен анықталған.
Банктердің ДКЖ құрамына қосылу тәртібіне өзгерістер енгізілген: қазір банк автоматты түрде депозиттерді қабылдауға, физикалық тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензия алғаннан бастап жүйе құрамына енеді.
Көрсетілген заң нормаларын реализациялау мақстында Қор келесі құқықтық-нормативтік актілерді әзірлеуге қатысты:
Дифференциацияланған ставкаларды әзірлеу жүйесі
2006 жылы Қор қатысушы-банктердің міндетті күнтүзбелік төлемдерінің дифференциацияланған ставкаларын қалыптастыру методикасын әзірлеуді аяқтады. Дифференциацияланған ставкалар жүйесі жалпы тіуекелді қысқартуды ынталандыру, банк рейтингтерін жақсарту үшін тәжірибелік шараларды қолдануды көтермелеу, төлемдерді төлеу процесінде әділдікті орнату мақсатында жобаланды, сонымен қатар Қор үшін потенциалды сақтандыру жағдайында бір индикатор ретінде. Методика, әлемдік ең үздік тәжірибені пайдалану негізінде, сол уақытта жергілікті қаржылық нарықтың ерекшеліктері ескеріледі. Жүйенің әзірлемесі Қор қызметкерлерімен және халықаралық аудиторлық және консалтингтік «Deloitte & Touche Tohmatsu» компаниясының консультанттарының қатысуымен іске асырылды.
Жаңа жүйенің баппен енгізілуі үшін 2006 жылдың шілдесінен 2007 жылдың наурызына дейінгі өтпелі кезең анықталды. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Қор жаңа методика негізінде қатысушы-банктерге ұпайлар сомасы мен ставкалар туралы ақпаратты үнемі көрсетіп тұрады, бұл өз кезегінде банктің ішкі бақылау процедураларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Диаграмма №3. Инвестициялық портфельдің құрылымы.
Қатысушы-банктердің төлейтін төлемдері физикалық тұлғалардың кепілдендірілген депозиттерінің жиынтық сомасында базаланады, олар қатысушы-банктердің шотында орналасқан. ДКЖ-ның әрбір есептік кварталының бірінші күніне және «Күнтүзбелік, қосымша, төтенше салымдарының көлемін анықтау және төлеу тәртіптерін анықтайтые Ережеге» байланысты есептеледі, жүйенің мүше-ұйымына 5 классификациялық топтың бірін иемденеді. Берілген классификация топ бойынша 14 сандық және 3 сапалық индикаторларды салыстырудан анықталады. Сандық көрсеткіштер қатысушы-банктердің есептелінетін мінездемелеріне, яғни қаржылық және реттеушілік есеп беруден шығатынына негізделген. Сапалық көрсетткіштер ішінен пруденциялық нормативтердің бұзылуы, ҚБА-нің санкцииялары мен әсер етудің шек қою әдістері қолданылады. Түпкілікті есептесу, яғни жинақ ұпайларын есептеу, есеп беру және алдыңғы алты мерзім аралығындағы жалпы ұпай негізіндегі мерзімнің баяғылығына кері пропорционалдығына, салмағына көбейткенге тең. Классификациялық топтар және оларға сәйкес күнтүзбелік төлемдердің ставкалары жаңа жүйе бойынша келесі кестеде көрсетілген:
1-кесте
Классификациялық топ |
Төлем ставкасы
(Физикалық тұлғалардың кварталдағы депозиттік базасының) |
A | 0,05 |
B | 0,10 |
C | 0,15 |
D | 0,25 |
E | 0,50 |
2-кесте.
Классификациялық топ | | ||||
01/01/2006 | 01/04/2006 | 01/07/2006 | 01/10/2006 | 01/01/2007 | |
A | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
B | 2 | 2 | 1 | 0 | 2 |
C | 16 | 14 | 15 | 15 | 11 |
D | 12 | 14 | 14 | 16 | 14 |
E | 2 | 2 | 2 | 1 | 4 |
2-кестеде 2006 жылдың 1 қаңтарынан 2007 жылдың 1 қаңтарына дейінгі әрбір кварталда қатысушы-банктердің классификациялық топ бойынша бөлінуі көрсетілген.
Қор ұсынылған
методиканы Консультативтік кнңестің
мүше-банктерімен талқылауды және презентацияны,
банк секторына, Қазақстан Ұлттық Банкі
мен ҚБА-не арналған дифференциацияланған
ставкалар жүйесінің ресми
Диаграмма №4. Кепілдендірілген қайтарымдарды төлеудің арнайы резерві.
Осы шақта Қор қызметкерлерімен берілгендер базасы мен төлем ставкасын есептеудің автоматизацияланған мамандандырылған қамтамасыз ету жобасы іске асуда.
«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ және «Валют-Транзит Банк» АҚ ликвидациялануы:
Қордың банктердің ликвидациялық комиссиясы құрамында қатысуы және салымшыларға кепілдендірілген төлемдерін төлеуді ұйымдастыру.
2005 жылдың соңында банк заңдылықтарының бұзылуына байланысты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.
Қор қызметкерлері уақытша әкімшілік және банктің ликвидациялық комиссиясы құрамына еніп, банк қайраткерлігінің басым бағыттарына жауапты болды. Олармен ликвидациялық комиссияның жалпы құқықтық қайраткерлігі, сонымен қатар ликвидациялық комиссияның ауданаралық бөліміндегі талаптық-исктік жұмыстарының координациясы қамтамасыз етілді. «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ атынан және оның мүддесі үшін 130-дан аса исктер беріліп, оның жартысынан көбі толық көлемінде қанағаттандырылып, тек қана исктердің 1/10 бөлігіне көрсетілген талаптарын қанағаттандыруға сот органдарының бас тартуы немесе қараусыз қалдырды.
Қор қызметкерлерінің қатысуымен 15 иск беріліп, сонымен қатар 15 азаматтық істі (20-дан аса исктен «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ берілген) қарауға жауапкер және үшінші жақ ретінде қатысты. Одан басқа, сот шешіміне қатысты 10 аппеляциялық шағым дайындалды және берілді, аппеляциялық инстанцияда азаматтық істер бойынша 20-дан аса сот жиындарына қатысты. Ликвидациялық комиссия құрамына кіретін Қор мамандарының қатысуымен исктерді көрсету үшін (көпшілігі банк дебиторлары) құжаттар пакеттін қалыптастырумен байланыстты дайындақ жұмыстары жүргізілді.
Бұдан баасқа, банк кредиторларының реестрін құру қайраткерлігі мен олардың талаптарын қарау координацияланады, банктің мүлкі мен кепілдік мүлкін реализациялау бақылауы қамтамасыз етілді; ликвидацияланған баланстық құрылуы және дайындалуы жүргізілді; ликвидациялық комиссияның құрылымдық және ауданаралық қайраткерлігінің сәйкес бағыттары жетекшіленеді; банк мүлігінің жартысының тиісті рәсімдеу, қаржы полициясымен алынған немесе жоғалтылған құжаттарды клиенттер бойынша досьелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Мекен-жайының белгісіздігіне байланысты баланстан сызылып тасталған банк дебиторлары ізделініп табылды, және т.б.
2006 жыл бойы Қор өкілдерінің ликвидациялық комиссия жұмысына қатысуы Қор талаптарының жалпы сомасы 100 млн. теңгені өшіруге жол берді.
Ликвидацияланған «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларына кепілдендірілген төлемдерді қайтару үшін Қор агент-банкті таңдау мақсатында конкурс ұйымдастырды. «Наурыз Банк Қазақстан» тарамдалған филиалды желілерді иемденген болғандықтан, агент-банктің желілерінің Наурыз Банктің барлық филиалдарын максималды түрде жабуы, яғни Наурыз Банктің бұрынғы салымшыларының кепілдендірілген төлемдерін алуға ыңғайлы болуы мақсатында. Конкурс нәтижесінде бүкіл Қазақстан бойынша үлкен филиалдық желісі бар, қазақстандық ең ірі банктердің бірі- «Тұран Әлем Банк» АҚ таңдалды. 2006 жыл ішінде агент-банк арқылы Қор мәжбүрлеп таратылған «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-ның депозиторларына кепілдендірілген төлемдерін төледі. Төлем «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ құқық иеленушісі болған «Казагропромбанк» ААҚ-ның салымшыларының санын қоса есептеп жүргізілді. Қор төлеуге жататын кепілдендірілген төлемнің сомасы шамамен -760 млн. теңгені құраса, кепілдендірілген төлемдер берілуге тиіс депозиторлардың жалпы саны –130 мыңнан аса салымшылар. 2005 жылдың 14 желтоқсанынан 2006 жылы 31 желтоқсаны аралығында агент-банк жалпы сомасы 680 млн. теңге болатын кепілдендірілген төлемдерді төледі, ол депозиторларға төлейтін кепілдендірілген төлемдердің Қор міндеттемесіне кіретін жалпы сомасының 90%-ын құрады. Барлық салымшылардың ары қарай да кепілдендірілген төлемдерін алуға мүмкіншілікті қамтамасыз ету үшін Қор және «Тұран Әлем Банк» АҚ кепілдендірілген төлемдерді белгіленбеген уақыт аралығында агент-банк арқылы төлеу туралы жаңа Агенттік келісімге отырды.
Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру