Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.
Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
Депозиттерді сақтандыруды үкіметтік кепілдік ретінде қарайтын моделге толығырақ тоқталайық, яғни «үш жақты кепілдік» немесе тапсырушылық.
Қаржылық келісім-шарттарда тапсырушылық деп егер де келесі жақ (контрагент) дефолт жағдайында болса, өз міндеттерін орындамай немесе дұрыс емес әрекеттерді жасаған жағдайда бірінші жақты қорғайтын міндетті, кепілдікті немесе бағалы қағаздарды атайды. Құрылыс келісім-шарттарында мұндай кепілдікті «міндетті орындау» деп атайды. Айталық, мұндай міндеттеме бірінші жақтың қандай да бір функциясын немесе міндеттемесін орындауға кепілдеме беруі мүмкін. Егер де келісім-шарт құруы үшін екі кепілдеме қажет болса, оның біреуі келісім-шарт шартын жапса, келесісі – жұмыс және материалдарды төлеуге кетеді. Бұл жағдайда, біріншісі – орындау міндеттемесі деп аталса, екіншісі – төлем міндеттемесі деп аталады.
Кепілдеме немесе тапсырушылық келісімінде (міндеттемелік келісім-шарт) екінші емес, үшінші жақ қатысады: 1) міндетті жақ (қаржыландырудың төмен бағасынан пайда табатын сақтандырылған банк); 2) міндетті ететін жақ (қорғау алатын депозиттер); 3) кепілдеме (гарант) немесе кепілдік беруші (депозитті сақтандырушы үкімет) бір жағынан тапсырушылық пен екінші болжанбаған жағдайлардан сақтандыру және опционды келісім-шарт арасында үш айырмашылық бар:
Болмыстардың айырмашылығын түсінген соң, біз Кейннің бірден-бір ақылға қонымды деп санайтын депозиттерді сақтандырудың үш жақты кепілдік немесе тапсырушыллық моделдерімен келісімінсіз оның интерпретациясы депозиттерді сақтандырудың келісім-шартты құрған кездегі құтылтпайтын, анық және анық емес агенттік шығындарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл шығындар конфликттерімен немесе мотивтердің сәйкес келмеуімен, принципал-анеттердің қарым-қатынасын қиындататын альтернативалық мүмкіндіктерді жоғалтумен байланысты. Депозиттерді сақтандырудың кепілдігінен түскен пйда қорғау алатын салымшылар мен қаржыландыру бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін, яғни несиелік көмек алатын кепілдікпен қамтамасыз етілген ұйымдар (банк) арасында бөлінеді.
Біздің уақытымызда да, 1934 жылдағыдай FDIC-тің өкімінде кризисті жағдайларды шешудің 2 негізгі әдісі бар: депозиттерді төлеу немесе барлық қарыздарды мойындау арқылы алу транзакциясы (P&A). Осы 2 әдістің 1980 жылғы айқын өзгерістерден өткендігіне қарамастан, олар FDIC-тің негізгі базалық әдістері болып табылады. Бағалық әдістің анализін шекарадан тыс қалдырып, нарық тәртібінде депозиттерді төлеу жақсы әсер ететінін атап айтқан жөн, бірақ кері сенімге, тұрақтылыққа және әділдікке. P&A транзакциясы жүйеге сенімнің өсуіне, бірақ нарық тәртібін төмендетуге әкелді.
Егер де FDIC-тің проблеманы шешу әдісі – депозиттерді төлеу болып табылса, онда ол күйреген банк активтерін қабылдаушы ретінде тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтем төлене бастайды және банк активтерін жояды. Мұндай жағдайларда тәуекелге – сақтандырылмаған салымшылар, басқа да несиелеушілер және акция иелерлері төнеді, сондықтан әдіс негізінен нарықтық негізгі тәртіптің потенциалын алып жүреді. Банк акционерлері басқаларға қарағанда жапа шегеді. FDIC өзінің барлық қарыздарын жапқаннан кейін, жиналған қаражаттар немесе активтері сақтандырылмаған несиелеушілер мен субординацияланбаған қарыз ұстаушылар арасында бөледі. Банк жабылғаннан кейін сақтандырылмаған несие берушілерге «алушы сертификаты» атты құжат беріледі, бқл құжат оларға банктің ликвидацияланбаған активтерін пропорционалды үлес алу үшін құқық береді.
Егер де FDIC сақтандырылмаған енсие берушілеріне олардың талаптарының жартысын алдын ала төлейтін болса, мәміле «сәндендірілген (модифицированная) төлемақы» деп аталады. 1995 жылдың аяғынан 2001 жылдың тамызына дейін депозиттерді төлеу әдісі FDIC-те бірді-бір рет қолданылған жоқ.
Қарызды мойындау арқылы алынған транзакция әдісін таңдай отырып, FDIC «сау» банкпен күйреген банктің қандай да бір акивтерін, сақтандырылған және сақтандырылмаған қарыздық міндеттемелерді қабылдауы жайында келісім шартқа отырды.
Мұндай тәжірибе барлық несие берушілерге 100%-дық қорғаушылық туғызып және клиенттерге банктік қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік берді, банк жүйесіне жалпыхалықтық сенімділік туғызып, банк саласының тұрақтылығын және оның функцияларының минималды бұзылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл жағдайда нарықтық тәртіп жапа шегеді. Сатып алушы банкті аукцион арқылы көпшіліксіз саудада табады. Өкінішке орай, өз тілегімен аукционға қатысушылардың санының аздығы олардың бәсекелес болуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушылардың аздығына байланысты FDIC және P&A үшін депозиттерді төлеу арзанырақ түседі. Егер де сатып алушылар мүлдем жоқ болған жағдайда, FDIC төлемдерге және де басқа уақыттық шараларға жүгінеді, айталық биржалық банк ұйымдастырады. P&A транзакциясында FDIC аукционда салынған стып алуға арналған ең үздік тапсырыстың кішірейтілген көлеміне ақшалық құйылымдар жасап, қабылдаған қарыздық міндеттемелер мен алынған активтер арасындағы айырмашылықты төлейді. Қарызды қабылдауға байланысты сатып алынбаған күйреуді басынан өткерген банк активтерін ликвидациялау үшін FDIC алады. Осындай «жамандардың» ликвидациясынан қалған сома FDIC-тің ақшалай ағымдарын орындау үшін кеткен шығындарын компенсациялайды. P&A шартында қарызды қабылдаушы банк әдетте келісілген қысқа мерзімді уақытта алынған активтердің жартысын FDIC-ке қайтаруға мүмкіншілігі болады.
Жабық банктің активтерін жеке меншік секторында қалдыру мақсатына адал FDIC «Барлық банктің P&A» ұйымдастыруға қмтылады. Бқл келісім P&A-дің жай транзакциясына ұқсайды, тек одан аайырмашылығы мұнда, сатып алушы күйреген банктің барлық не жартысынан көп активтерін баланстық құнына қатысты дисконтпен алады. Сәттілік жағдайында FDIC ликвидациямен айналыспайды, тек жабық банктің несие алушылары өз қайраткерлігімен келісім-шарттық міндеттемелер шегінде айналыса алады. 1987 жылыдың сәуірінде FDIC барлық банктің бірінші P&A ұйымдастырды, ал 1987 жылы корпорация осындай 17 келісім–шартты ұйымдастырды. 1989 жылы FDIC барлық банктің 36 P&A ұйымдастырды, бұл 1988 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда аз, яғни 1988 жылы 69 шарт ұйымдастырылған.
2-кестеде,
1934жыдан 2001 жылдың тамызы кезеңдері аралығында
FDIC 472 депозиттіік төлемдерді және 1472
P&A шарттарын ұйымдастырғаны көрсетілген:
депозиттік төлемдердің P&A-ға (барлық
банктің P&A-ын қоса) қатынасы, FDIC-тің
5 жыл ішінде 1/3 болды; 1940-1950 жылдар аралығында
төлемдердің P&A-ға қатынасы ½ тең болды.
FDIC депозит төлемдеріне (50) қарағанда
P&A (70) көбірек орындады. Ал 1960 жылы төлемдер
саны (27) P&A (16) санына көп болды. Келесі
кезеңдерде 1229 P&A және 192 депозиттік
төлемдер ұйымдастырылды.
Жыл | Депозит төлемдері | P&A транзакциясы | P&A-ға төлемдер қатынасы |
1934-1939 | 207 | 105 | 1,98 |
1940-1949 | 38 | 61 | 0,62 |
1950-1959 | 12 | 16 | 0,75 |
1960-1969 | 27 | 16 | 1,69 |
1970-1979 | 23 | 53 | 0,43 |
1980-1983 | 21 | 75 | 0,28 |
1984-1989 | 74 | 699 | 0,11 |
1990-1999 | 71 | 417 | 0,17 |
2000 | 0 | 6 | 0,00 |
2001 (тамыз) | 0 | 2 | 0,00 |
Барлығы | 473 | 1450 | 0,33 |
з-кесте. 1934-2001жылдар аралығында FDIC ұйымдастырған депозиттік және қарыз міндеттемесімен алынған төлемдер саны.
P&A шарттарының санының өсуі екі фактордың әсер етуімен түсіндіріледі. Біріншіден, депозиттік төлемдер тек қана кішігірім банктер жабылғанда ғана қолданылды. 1934 жылдан 1994 жылға дейінгі күйзеліске ұшыраған 2000 коммерциялық банктің төрттен үші штаттық банктер болды. Жабылған орташа банктің көлемі шамамен күйреуге ұшыраған Ұлттық банк көлемінің төрттен біріне тең болды. 1986 жылға дейін штаттардағы кризистік жағдайды реттеп, банк филиладарын құруға тыйым салынған, FDIC депозиттік төлемдерді қолданды. Мұндай штаттардағы банктер кіші болғандықтан, олардың жабылу жағдайында FDIC Ұлттық банктердің күйреуңне қарағанда, депозиттік төлемдерді жиі өткізді, ал соңғы жылдары FDIC-ті осындай банктердің сақтандырылмаған салымшыларының дискриминациясы мазалады. Екіншіден, жабылып жатқан банктердің санының өсуңне байланысты, әсіресе 1980 жылдары банкирлерге франчайзингтік құнды сатып алу және құпиялы төмен бағада экспансия орындау ұтымды болды. Кіші банктердің сақтандырылмаған салымшыларының адресіне қатысты потенциал дискриминацияға федералды корпорацияның критикалық ескертуі мүмкін шешуші роль ойнады: қалай болса да, төлемдерді төлеу әдісін қолдану айтарлықтай қысқарды, ал 1995 жылдан бұл әдіс мүлдем жойылды.
1984 жылдан бастап FDIC кризистік жағдайды шешудің жаңа әдісін – сақтандырылған депозиттердің аударылымын қолдана бастады. 1984 жыл мен 1989 жылдар аралығында корпорация осындай 149 шартты ұйымдастырды. Сақтандырылған депозиттердің аударылымы – бұл депозит төлемдерінің формасы, онда тек қана сақтандырылған депозиттер мен қамтамасыз етілген пасиивтер басқа банкке аударылады. FDIC аударылған қаражат сомасына тең ақша құйылымдарын іске асырады. Иелікке алушы банк ақшаның жартысын жабық банктердің кейбір активтерін сатып алуға қолданылуы мүмкін. Қабылдаушы қалған активтерді, сақтандырылмаған депозиттерді және қамтамасыз етілмеген міндеттерді ұстап қалады. FDIC-тің тәжірибесі көрсеткендей, «егерде жабық банктің жоғары шығындармен байланысты валатильді қаражаттары болса, сатып алушы сақтандырылған депозиттерді аудару шартына қатысуға тілек білдіреді, себебі P&A шартына қарағанда бұл жағдайда ол қарыздық құралдардың шартын келісімде қзгертуіне мүмкіндігі бар». Басқа сөзбен айтқанда, сатып алушыға қымбат алынған қаражатты алғанша, арзан негізделген депозиттерді алған тиімдірек.
ҚР-дағы салымдарды қорғау жүйесі Қаржылық Бақылау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қайраткерлігін лицензиялау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік, жеке меншік сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін.
Жинақтарды
сақтандырудың негізінде
Банк жүйесіне деген сенімді арттыру үшін Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыстары арнайы белсендірілді. 1999 жылдың қарашасында 2-деңгейлі банктердің физикалық тқлғаларының салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру немесе сақтандыру Ережелері бекітілді, ал 1999 жылдың желтоқсанында «ҚР 2-деңгейлібанктердің физикалық тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандыру) Қазақстандық Қоры» ЖАҚ құрылды. Бұл жарғылық капиталы 1млрд. теңгені құрайтын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы – Қазақсиан Республикасының Ұлттық Банкі, ал оның қайраткерлігінің негізгі мақсаты – депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын 2-деңгейлі банктердің жедел салымдарындағы физикалық тұлғалардың ақшасын қайтаруын қамтамасыз ету. Қордың алғашқы жұмыс істеген уақытында жүйе қатысушылары Қазақстандық ең ірі және тұрақты банктер болды. Олар халықаралық стандарттарға көшкен жүйелі банктер, олардың қаржылық жағдайы ешқандай қауіп тудырмайды және олардың активтері күн сайын банктік бақылаумен қадағаланатын 16 банк.
Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру