Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Сөтіп, «қолданыстағы нормативтік актілердің бірде–бірінде лизинг ұғымының легальды анықтамасы мүлде берільеді» [6, 95б.].

Лизинг шартының негізгі ережелері Азаматтық Кодекстің 29–тарауында бекітілгеніне қарамастан, 2000 жылы 5–шілдеде «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы қабылданды. «Лизинг шартының күрделі құықтық табиғаты неғұрлым тереңірек және детальды түрде құқықтық реттеуді керек етті» [7, 94б.].

 

 

 

 

1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты

 

Лизинг дегеніміз не? Бір қарағанда әрі оңай секілді: бір ұйым басқа ұйымнан қандай да бір мүлікті сатып алады да, оны үшінші біреуге уақытша пайдалануға береді. Бұл бір қарағанда осылай тәрізді. Мамандар бұл мәмлелердің жалпыға ортақ біріңғай анықтамасын бере алмауда, олардың табиғатын түсіндіре алмауда. А. Смағұлов жуықтап алғанда лизингтің
100–ден астам анықтамасы бар екенін айтады [8, 5б.].

Әдебиеттерде көп жағдайда лизингті машиналардың, құрал–жабдықтардың, көлік құралдарының және өндірістік сипаттағы құрылыстардың арендасы немесе ұзақ мерзімді арендасы деп түсіндіреді [9]. Бірақ лизингтің арендадан елеулі айырьашылықтары бар.(Бұл туралы төменде толығырақ айтылады).

Сонымен лизинг–ағылшын тілінің to Lease деген етістігінен–мүлікті алып, уақытша пайдалануға беру деген мағынаны білдіреді. Кез–келген зерттеу жұмысы дәлме–дәл терминологияны қажат етеді. Ағалшандық «Leasing», сондай–ақ «Lessor» және «Lesse» (лизинг шартының тараптары) терминдерінің қазақ, орыс тілдерінде дәл баламасы жоқ. Кей жағдайларда Leasing сөзін «аренда» деп аударады, алайда лизинг шартының негізінде тараптардың мүлікті уақытша пайдаланнуға беру жөніндегі қатынастары жатқанымен да, шарттың сипаттамасы мұнымен бітпейді.

Франция және Ресей әдебиеттері мен заң актілерінде де лизинг шартының тараптары арендаға беруші және арендатор деп аталады. Бұл осы шарттардың (лизингпен қатар) кредит–аренда немесе қаржылық аренда деп аталатындығымен ақталады. «Екі басқа шарттардың тараптары бірдей болып аталуы ұғымдардың араласып кетуіне алып келуі мүмкін. Ең дұрысы «лизинг беруші» және «пайдаланушы» терминдеріне тоқталған дұрыс»–деп жазады

Е.Қабатова [2, 23б]. Қазақстан заң шығарушылары мағыналық жағынан толық сәйкес келмесе де, сырт құрылысы жақын «лизинг беруші» және «лизинг алушы» терминдерін қолданады.

«Лизинг» терминін үш қатысушының арасындағы қатынастарға да, сондай–ақ лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы шартқа қатысты да қолданады. Қайшылықтың алдын алу үшін біз бұдан былай қарай «лизинг» және «лизинг шарты» туралы айтамыз. Екінші терминмен мүлікті уақытша пайдалануға беру туралы шартты ғана түсінеміз.

Е Қаратаев, Е.Чекмарева, Е.Нұрғалиева сияқты «лизинг» ұғымын кең мағынада талқылаушылардың пікірі бойынша лизинг күрделі қатынастар кешенін қамтиды, ол екі және одан да көп, ең алдымен сатып алу–сату шарты мен мулікті жалдау (аренда) шарты базасында жүзеге асырылады [2, 18-25б].

Лизинг деп бір ұйым (лизинг алушы) екінші бір ұйымға (лизинг берушіге), қажетті мүлікті сатып алып, оны өзіне уақытша пайдалануға беруін сұрап жүгінген жағдайда орын алатын мүліктік қатынастарды түсінеді (Бұл қатынастардың жалпы схемасы Қосымша А-да берілген). Бұл суреттеуді түсінікті болу үшін бірнеше сатыларға бөлейік:

1.      Лизинг алушы лизинг берушіге өзіне қандай мүлік қажет екендігін мәлімдейді.

2.      Лизинг беруші осы мүлікті өндірушіден, сауда ұйымынан, не сатушыдан сатып алады.

3.      мүліктің меншік иесі болғаннан кейін, лизинг беруші және шарт негізінде осы мүлікті уақытша пайдалануға береді.

Екінші сатыда мүлікті өндіруші мен болашақ лизинг беруші сатып алу–сату шартын сатушы және сатып алушы ретінде жасасады. «Бұл орайдаболашақ лизинг алушы сатып алу–сату шартына құқықтық жағынан қатыспаса да, мүлікті және сатушыны таңдау арқылы бұл мәміленің (сатып алу–сату шартының) белсенді қатысушысы болады. Сатып алу–сату шартын орындауға байланысты барлық техникалық сұрақтар (тауардың жиынтылығы, тауарды беру мерзімі мен орны, кепілдемелік міндеттемелер және т.б.) сатушы мен лизинг алушы арасында шешіледі, лизинг берушіге мәмілені қаржыландыру міндеті ғана жүктеледі» [5, 6,7б].

Үшінші сатыда мүлікті сатып алушы лизинг беруші ретінде оны уақытша пайдалануға береді. Алайда, екінші шарт(лизинг шарты) бойынша туындайтын қатынастар лизинг алушы мен лизинг берушінің арасында тұйықталып қалмайды. Мүлікті сатушы сатып алу-сату шартын лизинг берушімен жасаса да, мүліктің сапасы үшін лизинг алушы алдында жауап береді (Қосымша А).

Лизингтік қатынастар комплексінің екінші элементі-мүлікті уақытша пайдалану қатынастарының бір ерекшелігі бар: сатып алу опционы болған жағдайда ол сатып алу–сату қатынастарына өрби алады.

Комплекстің екі элементінің қатысушылары бір–бірімен өзара тығыз байланыста болады: «сатушы сатып алу-сату шартын сатып алушымен (лизинг берушімен) жасасса да, мүлікті лизинг алушыға береді және мүлік сапасы үшін сатып алу-сату шарты тарабының емес, лизинг алушының алдында жауап береді» [2, 20б].

Лзинг операциялары жоғарыда аталған сатып алу-сату және лизинг шартымен шектеліп қалмайды, оларға басқа да шарттық қатынастардың ілесіп жүретін кездері де аз емес. Лизинг фирмаларының мүлікті меншікке алу үшін қажетті соманы (мүлік құнының 60-80%-і мөлшерінде) банктен немесе өзге де қаржы мекемелерінен алу жөніндегі заем операциялары кең таралған. Мүліктің елеулі бөлігін заем есебінен сатып алатын лизинг фирмасының мұндай лизингі американдық практикада «левереджед лизингі» деген атқа ие болған [10, 13-14б].

Қосымша шарттық қатынастарға, сонымен бірге, лизинг алушының мүлікті сатушы фирмамен немесе басқа фирмамен машиналарға, құрал–жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы жасасатын шарты да жатқызылады. Жалпы ереже бойынша «таза лизингте» лизингке берілген мүлікке техникалық қызмет көрсету және оның ағымдағы жөндеуін жүргізу міндеті лизинг алушыға жүктеледі. Нургалиева Е.: «Алайдй мұндай жұмыстарды дербес өзі жүргізуге мүмкіншілігі жоқ лизинг алушының оларды жүргізуге арнайы шарт жасасатын кезі аз болмайды»,-деп жазады [20, № 3 (270)]. Егер лизинг алушы мұндай шартты лизинг берушінің өзімен жасасса, лизинг операциясы «толық лизинг» деп аталады.

Лизинг қатынастарында лизингке берілген мүлікке меншік құқығы лизинг берушіде сақталып қалады, лизинг алушы мүлікті тек уақытша пайдалануға алады. Мүлікке уақытша пайдалану құқығы үшін лизинг алушы лизинг берушіге мөшері, түрі және аудару графигі лизинг шартында анықталған лизинг төлемдерін төлеп отырады.

Лизинг шартының мерзімі аяқталғанна кейін тараптардың қалай келісетініне байланысты, лизинг алушы мүлікті келісілген баға (қалдық құны) бойынша сатып алуы; лизинг шартын бұрынға немесе өзгертілген талаптармен ұзартуы; шарт мерзімі аяқталысымен мүлікті иесіне қайтаруы мүмкін.

Азаматтық Кодекстің 565–бабына сәйкес лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушыға көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы үшін кәсіпкерлік мақсатта уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

Бұл анықтамада лизинг шартының келесі белгілері бекітілген:

1.      лизинг берушіде қаржыландыру мақсатының болуы. Уақатша берілетін мүліктің лизинг берушіге қажет емес екені айқын көрініп тұр, ол оны тек пайда табу мақсатымен сатып алады. Бұл орайда кредитор ретінде лизинг берушінің мүдделері мүлікке меншік құқығының болуымен қамтамасыз етіледі. Лизинг алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда мүлікті өндіріп алудыңқажеті жоқ, тек мүлікті қайтару туралы талап етуі жеткілікті болады;

2.      лизинг берушінің лизингке берілетін мүлікті лизинг шартын жасасқаннан кейін сатып алуы;

3.      лизинг алушының лизингке берілетін мүлікті кісіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануы. Бұл лизинг шарты бойынша лизинг алушы әрқашан коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер болуы керек дегенді білдірмейді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етілген деңгейде коммерциялық емес ұйымдар да лизинг шарты бойынша лизинг алушылар бола алады.

Бұл айтылғандардың барлығы лизинг шартын сатып алу-сату шартымен тығыз байланысты екіжақты мәміле ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Алайда лизинг шартын сатушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысатын көпжақты (үш жақты) мәміле ретінде түсіндіру кең таралған. Мұндай көзқарас 1988 жылы «Халақаралық қаржы лизингі туралы» Оттава конвенциясында да көрініс тапқан. Ғылыми әдебиеттерде де жақтаушылары жоқ емес [11, 142-143б; 5, 12б]. Дегенмен бұл көзқарастың әлсіз тұстары да бар: «Бұл шарттың қатысушыларында бір мезгілде әрқайсысына бірдей тиесілі болатын құқықтыр мен міндеттер жоқ. Ал бұл көпжақты мәмілені сипаттайтын критерий болып табылады» [12, 195б].

Қазақстан заңдарына сәйкес лизинг операцияларының келесідей ерекшеліктері қарастырылған:

1.      егер шартта өзгеше көзделмесе лизинг объектісі мен сатушыны таңдау ұқығы лизинг алушыда болады.

2.      лизингке берілген мүлікті лизинг алушы тек кәсіпкерлік мақсатта пайдаланады;

3.      лизинг объектісін лизинг беруші сатушыдан лизинг алушыға беретін болған жағжайда ғана сатып алады;

4.      лизинг шартының бүкіл кезеңінде төленетін сомасы мәміле жасасқан кездегі баға бойынша мүліктің толық (немесе соған жақын) құнын қымтуы тиіс;

5.      лизингке берілетін мүлік лизинг шартының бүкіл мерзімі ішінде лизинг берушінің меншігі болып қалады;

6.      лизинг шартында шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушының лизингке берілген мүлікті сатып алу құқығы көзделуі мүмкін. Бұл–лизингтің маңызды ерекшелігінің бірі.

Лизингтің маңызды ерекшелікткрінің тағы бірі–лизинг қатысушылары арасында жакапкершіліктің ерекше тәртіппен бөлінуі. Мысалы, лизинг алушы мүліктен ақау (дефект) тапқан жағдайда өз талаптарын лизинг берушіге емес, керісінше шарттың қатынаспен ешқандай қатысы жоқ сатушыға қояды. Бұл туралы төменде толығырақ айтылады.

Мүлікті сатып алу опционының табиғаты мен рольіне әр елдегі қөзқарас әртүрлі. Америка доктринасы мен практикасы оны лизинг шартының міндетті элементі етіп қарастырмайды. Сатып алу опционын енгізу немесе енгізбеу лизингті өз ерекшелікткрі мен спецификасын айырмайды, шарт негізінде туындайтын мүліктік қатынастардың сипатын өзгертпейді.

Франция, Белгия және Италия заңдары сатып алу опционын лизинг шартының міндетті элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Опцион мәселесін шешудегі әртүрлілік кейбір авторларға лизинг шартынан туындайтын қатынастарды романдық және американдық жүйеге бөлуге негіз береді [2, 25б]. Ал Англияда жағдай мүлдем басқаша–мұнда опцион лизинг шартының элементі бола алмайды, опционды енгізу лизинг шартын аренда–сату шартына айналдырып жібереді.

Сатып алу опционы біздің Азаматтық Кодекс бойынша лизинг шартының міндетті элементі емес. Алайда, Азаматтық кодекстің 562,567-баптарына сәйкес мұндай мүмкіндік жоққа шығарылмайды. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, опцион лизингтің сипатты белгісі ретіеде қарастырылмауы тиіс.

Ғылыми әдебиеттерде лизинг кредит, заем және басқаларыменқатар қолданылатын қаржыландырудың бір нысаны ретінде қарастыру қалыптасқан. Бұл жағдайда мәміленің қаржылық жағына негізгі назар аударылады.

Лизингтің құқықтық табиғаты. Шетел әдебиеттерінде лизинг шартының құқықтық табиғатын түрліше бағалайды. Лизинг шартынан тундайтын қатынастардың күрделілігі және салыстсрмалы тұрғыдағы жаңашылдығы олардың құқытық табиғатына қатыстытүрлі көзқарастардың пайда болуына алғышарт жасады. Нәтижесінде континенталды Еуропада лизингтің құқықтық табиғаты туралы көптеген теориялар пайда болды, бірақ та Лизинг Компаниялары ассоциоцияларының Еуропалық федерациясы
(Europen Federation Of Equipment Leasing Company Association-Leaseurope)-Лизеуроптың сессиясында айтылғандай, лизингтің не екенін ешкім дәл анықтап бере алмайды. Дегенмен, әр елдің заңгерлері бұл сұраққа жауап табуға үміттерін жоғалтпайды. Бір авторлар құқықтық тұрғыдан алғанда бұл бірқатар ерекшеліктері бар мүліктік жалдау шарты деп ойлайды. Екіншілері мүліктің меншік иесі мен пайдаланушысы арасындағы ақыса бөліп-бөліп төленетін сатып алу-сату шартын көреді. Ал үшінші біреулері әңгіме аренда шартының, заем шартының және басқа да шарттардың элементтерін біріктірген шарттың ерекше түрі жайында болып отыр дейді.

Кабатова Е. шетелдердің лизингке қатысты құқықтық теорияларын жеке-жеке талдап шығып, келесідей негізгі төрт концепцияны бөліп көрсетеді:

1.      Лизинг шартын спецификалық белгілерге ие аренда шарты деп қарастыратын концепция.

2.      Лизинг шартын сатып алу опционының болуына байланысты ақысы бөліп-бөліп төленетін сатып алу-сату шартының ерекше түрі деп түсінетін теория.

3.      Лизингте тапсырма институтының белгілері бар деп тұжырымдайтын концепция.

4.      Лизингті үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт деп қарастыратын теория [2, 32-54б].

Лизингтің бір элементінің аренда шартымен ұқсастығы лизинг шартын спецификалық белгілері бар аренда шарты ретінде қарастыратын концепцияның пайда болуына әкеледі. Алайда, мүлікті лизинг шарты бойынша уақытша пайдаланудың аренда шарты бойынша пайдаланудан ерекшеліктері бар. Аренда шарты мен лизинг шарты арасындағы неғұрлымайқын айырмашылық жауапкершілік және тәуекелдік ауысуы мәселелерін шешуду анық көрінеді. Аренда шартында мүлікті жалға алушының игілігіне уақытында тапсырылмағаны, мүліктк табылған ақаулар және т.б. үшін жалға алушының алдында жалға беруші жауапты болады. Лизинг шартында шарттың затына қатысты талаптарды (мүліктің сапасы, оның лизинг алушының мақсаттарына сәйкес келмеуі) бұзғаны үшін жауапкершілік әдетте сатушыға жүктеледі. Нәтижесінде, лизинг алушы алдында мүліктің меншік иесі емес, лизинг шартының тарабы болып табылмайтын тұлға жауап береді. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі лизинг шартында, әдетте, лизинг алушыда болады, ал аренда шартында барлық елдердің заңдарында дерлік тәуекелдің барлығы меншік иесіне, яғни жалға берушіде болатынын белгілейді (мысалы, ҚР АК-тің 190,411–баптары).

Ұйымдастырушылық жағынан алғанда, лизингтің әдеттегі аренда шартынан маңызды өзгешелігі лизинг алушының пайдалануына оның өтініші бойынша лизинг берушінің оған арнайы сатып алған мүлікті беретіндігінде болып табылады.

Екі шарт арасында айырмашылықтар мұнымен де бітпейді. Лизинг шарты әдетте нақты белгіленген мерзімге жасалады. Бұл мерзім мүліктің қызмет етуінің бүкіл кезеңін қамтиды. Мерзім лизинг шартының елеулі талабы болып табылады. Мерзім туралы талаптың болмауы лизинг шартының жарамсыз болып қалуына әкеп соғады. Аренда шартында жағдай мүлдем керісінше, егер аренда шарты мерзімі көрсетілмей жасалса да, ол жай ғана белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі [26, 542, 545, 567–баптары.].

Лизинг шартында сатып алу опционының болмауы оны ақысы бөліп-бөліп төлінетін сатып алу-сату шартының ерекше түрі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді беушілер бар. Ақысы бөліп-бөліп төлінетін сатып алу-сату шартында меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға, жалпы ереже бойынша, шарт жасасу сәтінде ауысады. Лизингшартында меншік құқығы мүлік уақытша пайдалануға беруші тұлғада сақталып қалады. Оның үстіне лизинг шартының мазмұнына лизинг алушының мүлікті меншігіне сатып алу міндеті енгізілмейді: «Мүлікті сатып алу мәселесін лизинг алушы ешкімнің аралысуынсыз өз қалауымен шешеді» [2, 34б].

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы