Кәсіпорын капиталын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Бурибаева Жибек курсовая.docx

— 153.67 Кб (Скачать документ)

 

ф

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ф

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын алдында өзінің өндірістік қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі тұрады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның қарамағында орналасқан ақшалай табыстардың, түсімдердің және кірістердің жиынтығы болып табылады. Олар бюджеттің, банктердің, жеткізіп берушілердің және басқа да контрагенттердің алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары ұдайы өндірісті дамыту және жұмысшыларды экономикалық ынталандыру мақсатында да қолданылады.

     Ал енді, кәсіпорынның айналымға салған және осы айналымнан табыс алып келетін қаржы ресурстарының бөлігі капитал деп аталады және ол қаржы ресурстарының құны өскен формасы ретінде қызмет етеді. Басқаша айтатын болсақ, капитал – бұл табыс алу мақсатында өндіріске салынған және инвестицияланған қаржы ресурстарының бір бөлігі болып табылады.

     Қазіргі таңда отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады.

Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту  нәтижесінде қалыптасқан капитал  құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып  табылатын табыстылығын анықтап  беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында  меншікті капиталға арқа сүйейді.   Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.

     Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет.

     Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорындардың капиталының  құрамын және құрылымын оңтайландыру жолдару болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:

  • кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
  • Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері мен кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды оңтайландыру;
  • «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ капитал құрылымын және құрамын оңтайландыру жолдары.

     Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген.

     Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарының түсінігі мен оларды қалыптастыру көздеріне, кәсіпорын капиталының түсінігі мен жіктелуіне, нарықтық жағдайларды капитал құрылымы мен құнын басқарудың маңыздылығына арналады.

     Екінші тарау барысында кәсіпорынның капитал бағасы және оған әсер ететін факторлар, Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері, кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды оңтайландыру жөнінде.

     Үшінші тарауда барысында қазақстандық кәсіпорындарда капитал құрылымын қалыптастырудың ерекшеліктері мен мәселелері, және «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ-да капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастыру арқылы оның қазіргі қиын қаржылық жағдайын жақсарту шаралары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

 

1.1. Кәсіпорынның қаржы  ресурстары және олардың

қалыптасу көздері

 

     Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

     Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

     Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.

     Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.

     Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

Қаржы ресурстарының  қалыптасу көздері түсінікті түрде 1 суретте бейнеленген.

     Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше.   Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

     Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар мен материалдық емес     активтердің тозу құнын көрсетеді. Амортизациялық аударымдар өндірістік актив толық істен шыққанша амортизациялық қорға жинақталып, кәсіпорын қызметі үшін қосымша бос қаражаттарды қалыптастырады. Кәсіпорынның табысы жеткіліксіз немесе оның басым бөлігі акционерлер арасында бөлуге түскен жағдайларда амортизациялық аударымдар өндірісті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

    Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.

     Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.

     Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.

     Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады.

     Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.

     Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, кәсіпорындардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады.   Тауарды сатып алу барысында сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады. 

     Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда қарыз алушы кәсіпорын үшін арзан қаражат көзі болып табылады; кәсіпорындарға бір-біріне қаржылық жәрдем көрсетуге септігін тигізеді. Көптеген шағын кәсіпорындар үшін коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады.

     Қазіргі таңда кең етек жайып келе жатқан қаржыландырудың тиімді көзі – лизингтік несиелер. Лизинг дегеніміз – бұл мүлікті сатып алумен және оны белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен және лизинг алушы тұлғаның мүлікті толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып табылады. Лизинг өндірістік құралдарға инвестициялар салуды ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады.    Лизинг кәсіпорынға өзінің ақша айналымында өзге бір кәсіпорынның қаражаттарын ұзақ мерзім ішінде қолдануға мүмкіндік береді. Лизинг кәсіпорынды техникалық қайта құру әрекеттерінде ерекше роль атқарады.

     Кәсіпкерлік қызметті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің тағы бір жолы – факторингтік операциялар болып табылады. Факторинг – тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Факторингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді.

     Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің кәсіпорындар үшін бірқатар артықшылықтары бар.

     Қаржы ресурстары кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтері барысында қолданылады.  Олар үнемі қозғалыста болады, сол себепті өзгеріп отырады.

 

1.2. Кәсіпорынның капитал түсінігі және жіктелуі

 

     Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын алдында өзінің өндірістік қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі тұрады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның қарамағында орналасқан ақшалай табыстардың, түсімдердің және кірістердің жиынтығы болып табылады. Олар бюджеттің, банктердің, жеткізіп берушілердің және басқа да контрагенттердің алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары ұдайы өндірісті дамыту және жұмысшыларды экономикалық ынталандыру мақсатында да қолданылады.

     Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаттары мен олардың тартқан қаражаттары қарастырылады.

     Бастапқыда қаржы ресурстары кәсіпорынды құру барысында, яғни жарғылық қор құрылатын кезде қалыптасады. Оның мөлшері өндіріс процесіне инвестицияланған негізгі және айналым қаражаттарының мөлшерін көрсетеді.

     Әрі қарай қаржы ресурстары негізінен табыстың және амотизациялық аударымдардың есебінен қалыптасады. Олармен қатар қаржы ресурстарының көздеріне мыналарды жатқызуға болады: істен шыққан мүлікті сатудан түскен қаражаттар, түрлі мақсатты түсімдер, ішкі ресурстарды құрылыстардан жұмылдыру және т.б.

     Қаржы ресурстарының басым бөлігі, ең алдымен жаңадан құрылып жатқан және қайта құрылымдалып жатқан кәсіпорындар бойынша, қаржы нарығында жұмылдырылады. Бұл жерде акцияларды, облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сату, сондай-ақ түрлі несиелер түріндегі несиелер қолданылады.

Информация о работе Кәсіпорын капиталын оңтайландыру