Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Түрлі көздерден қалыптасатын қаржы ресурстары кәсіпорынға қаражаттарды жаңа өндіріске уақытында инвестициялауға, қызмет етіп тұрған кәсіпорынды қажет кезінде кеңейтуге және техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, дайындауға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар қаржы ресурстарын көптеген бағыттар бойынша қолдана алады, солардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:
Өндірістік процестің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қаржы резервтері үлкен маңызды роль ойнайды. Нарыққа өту жағдайларында олардың ролі арта түсуде. Қаржы резервтері үлкен көлемдегі шығындар және күтпеген оқиғалар болған жағдайда да ұдайы өндірістік процестегі қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етуге қабілетті. Қаржы резервтерін меншікті қаражаттардың есебінен кәсіпорынның өзі (өзін өзі сақтандыру), оның басқарушылық құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), арнайы сақтандыру ұйымдары (сақтандыру әдісімен) және мемлекет (резервтік қорлар) құра алады.
Қаржы ресурстарының есебінен үнемі өзгеріп отыратын қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жағдайларды дайындауға арналған қаржы қорлары қалыптасады.
Кәсіпорынның айналымға салған және осы айналымнан табыс алып келетін қаржы ресурстарының бөлігі капитал деп аталады және ол қаржы ресурстарының құны өскен формасы ретінде қызмет етеді. Басқаша айтатын болсақ, капитал – бұл табыс алу мақсатында өндіріске салынған және инвестицияланған қаржы ресурстарының бір бөлігі болып табылады.
Мұндай түсініктемедегі қаржы ресурстары мен кәсіпорын капиталының айырмашылығы мынада: кез-келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорын капиталынан көп немесе оған тең болады. Бұл теңдік кәсіпорынның ешқандай міндеттемелерінің жоқтығын және оның барлық қаржы ресурстарының айналымға жіберілгенін білдіреді. Алайда, капитал мөлшері қаржы ресурстарына қаншалықты жақын болса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істеп жатыр дегенді білдірмейді.
Капитал кәсіпорынды құрудың және оның дамуының басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған ақшалай, материалық және материалдық емес қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өзінің қызмет ету процесінде капитал меншік иелерінің және кәсіпорын жұмысшыларының, сонымен қатар мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Міне, дәл осы жағдай қаржы ресурстарын қаржылық басқарудың негізгі объектісі ретінде анықтайды, ал олардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету қаржы менеджментінің өте жауапты міндеттерінің біріне жатады.
Кәсіпорынның жалпы каиталы деп әдетте оның қолындағы барлық қаржы ресурстарының түрлерін қарастырады. Сол себепті кәсіпорын капиталын түрлі белгілері бойынша классификациялау керек (2 сурет).
Меншік формасына қарай меншікті және қарыз капиталды бөліп көрсетеді.
Меншікті капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.
Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.
Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.
Қолдану мақсаттарына қарай капиталдың келесі түрлері кездеседі: өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды. Несиелік капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал кәсіпорынның сатып алу – сату операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында қолданылады.
Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу механизмі түсінікті түрде 3 суретте берілген.
Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең - өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.
Өндіріспен,саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Субъекті мүліктернің (капиталының)құралу көздері
Субъекті мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады.Шаруашылық субъектісі меншікті капиталның көздері болып мыналар саналады:
Қосымша төленген капитал–қоғамның өзінің акцияларын атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал–негізгі құралдар мен инвестицияларды бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және т.б. туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал–келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толотыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс)–шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен,бюджетке төленген салым сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе субъектінің құрылғаннан бастап жұмсалынбаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген шаруашылық субъекті меншікті капиталының жалпы сомасы яғни,барлық активтер сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандығы қалған сомасы субъектінің немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс.Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда субъекті қызметінің рентабельділігі төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда шаруашылық субъектісі жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.Жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады,ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды. Жарғылық капиталға салынатын салымдары,ақшалары,бағалы қағаздарыда,мүліктері де,мүліктік құқықтар және басқадай мүліктер болуы мүмкін.
1.3. Капитал құрамы және басқару бағыттары
Кез-келген компанияның қызметі көп мақсатты мәнге ие; көбінде, фирма капиталының көлемі мен акция табыстылығы және пайда туралы айтуға болады.
Қаржы менеджменті теориясында келесідей екі түсінікті ажыратып қарастырады, олар коммерциялық ұйымның капиталының құрылымы мен қаржылық құрылым. «Қаржылық құрылым» термині, коммерциялық ұйымның қызметін қаржыландыруды бүтіндей қарастырады, басқа сөзбен айтқанда, қысқа мерзімді құралдарды қосқанда, барлық құрал көздерінің құрылымы. Екінші термин болса, құрал көздерінің тар ауқымына арналған – ұзақ мерзімді пассивтер (меншікті құрал көздері мен ұзақ мерзімді қарыз капиталы). Компанияның ұзақ мерзімді тәртіптегі шешім қабылдау саясаты қарастырылу себепті, алдағы уақытта капитал құрылымы ғана қарастырылады.
Меншікті және қарыз құралдары бірқатар параметрлер бойынша ерекшеленеді, олардың негізгілері төменде кестеде келтірілген. (1 кесте)
1.1 Кесте. Негізгі құралдардың араларындағы негізгі ерекшеліктер
Белгілер |
Капитал түрі | |
Меншікті |
Қарыз | |
Салық бойынша жеңілдіктер |
Жоқ |
Бар |
Ұйымды басқаруға қатысу құқығы |
Беріледі |
Берілмейді |
Мүлік пен пайданың бөлігін алуға құқық |
қалдық принципі бойынша |
бірінші кезекте |
Күтілетін табыстылық |
Өзгереді |
алдын ала анықталған |
Капиталдың инвесторға қайтарылу мерзімі |
Белгіленбеген |
шарт бойынша белгіленген |
Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, капитал құрылымы, коммерциялық ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесіне тура әсер етсе, оған иеленуші мен инвесторларға жанама әсер етеді.
Капитал құрылымын басқару мүмкіншілігі мен мақсаттылығы сұрағын шешудің екі негізгі бағыты бар: а) дәстүрлі; б) Модильяни-Миллер теориясы.
Дәстүрлі әдіс
Бірінші бағытты ұстанушылардың айтуынша, фирма капиталының құны - капиталдың құрылымына тәуелді; ал екінші бағытты ұстанушылардың пікірі бойынша, фирманың нарықтық бағасын max –лайтын, WACC көрсеткішін min –лайтын, оптималды капитал құрылымы бар. Сонымен қатар, келесідей аргументтер келтірілген. Капиталдың орташа есептелген бағасы, оның құрамдас бөліктеріне тәуелді. Бұл бөліктер, жалпы екі түрге бөлінеді – меншікті және қарыз капиталы. Бұл көрсеткіш көздерінің бағасы, капитал құрылымына тәуелді түрде өзгеріп отырады. Сонымен қатар, өзгеру жылдамдықтары әр түрлі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, акционерлер қарыз құралының қалыпты өсуі кезінде, яғни қаржы тәуекелінің біршама өсуі кезінде, табысты ұлғайтуға бірден талаптар жасамайды. Бірақ, белгілі-бір қауіпсіздік шегінен асқанда, акционерлер тәуекелдің орнын жабу үшін жоғары табыстылықты талап етеді. Компания басында тек меншікті капиталды қолданады (ke), уақыт өткеннен кейін ол арзақ қарыз құралдарын қолдануға тырысады және фирманың жалпы капитализациялау деңгейі өседі, немесе WACC көрсеткіші өседі, уақыт өте келе фирма қарыз капиталын қолдануды өсіреді. Және WACC көрсеткіші min –ды мәнге ие болатын нүкте капиталдың оптималды құрылымы болады.
Капитал ke
құны
WACC
kd
WACC min
Қарыз
капиталының
Оптимум үлесі
Нүктесі
1.4 сурет. Капиталдың құрылымы мен құнының арасындағы байланысқа дәстүрлі көз-қарас.
Екінші бағытты ұстанушылардың пікірі бойынша керісінше – кейбір шарттар орындалғанда фирманың нарықтық құны мен капиталдың құны, капиталдың құрылымына тәуелді емес. Яғни, онда оларды оңтайландыруға болмайды, және капитал құрылымын өзгерту арқылы фирманың нарықтық құнын өсіруге болмайды. Бұл соңғы бекітпені кейде «принцип пирога» деп те атайды: пирогты әртүрлі бөлуге болады, бірақ оның көлемі ешқалай өзгермейді.
Модильяни мен Миллер әдісі
Өз көз-қарастарын негіздегенде Модильяни мен Миллер бірталай шектеулерді еңгізді, оның ішінде: