Кәсіпорын капиталын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Бурибаева Жибек курсовая.docx

— 153.67 Кб (Скачать документ)

     Батыстық фирмаларда жоғарыда келтірілген көрсеткішке кері көрсеткіш, яғни қарыз және меншікті капиталдың қатынасының коэффициенті кеңінен қолданылады және ол тартылған қарыз қаражаттардың меншікті қаражаттарға қатынасы арқылы есептеледі: 

 

Кз/с = Пк:Ск,                                                                       (4.4)

 

     Мұнда Кз/с – қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффициенті; Пк – қарыз капитал; Ск – меншікті капитал.

Аталған көрсеткішті 2009-2011 жылдар бойынша қарастыралық: 

Кз/с (2009) = 1534200/458283 = 3,348

Кз/с (2010) = 1319766/459073 = 2,875

Кз/с (2011) = 1279196/451027 = 2,836

 

     Бұл коэффициент активтерге салынған меншікті қаражаттарға қанша қарыз қаражаттар тартқанын білдіреді. Біздің мысалымызда бұл көрсеткіш келесідей мәліметтермен сипатталады: 2009 жылы – 3,348; 2010 жылы – 2,875; ал 2011 жылы – 2,836. Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш 1-ден жоғары болса, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы критикалық деңгейге жететіні туралы айтылады, алайда барлық жағдайда да жауап біржақты бола бермейді. Ең төменгі қаржылық тұрақтылық сақтап қалу үшін кәсіпорында бұл көрсеткіш ағымды және ұзақ мерзімді активтердің қатынасы коэффициентімен шектелуі тиіс.

     Кәсіпорынның резервтерінің қалыптасуының оңтайлылығын анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіш меншікті капиталды негізгі құралдарға бөлу арқылы анықталады және батыстық фирмаларда кеңінен қолданылады. Біздің мысалымызда ол келесідей формула бойынша анықталады:  

 

        Ки=Ск:Ос                                                                                                                  (3.5) 

     Мұнда, Ки – инвестициялау коэффициенті; Ск – меншікті капитал; Ос – негізгі құралдар.

     Біздің кәсіпорын бойынша бұл көрсеткіштің мәні мыналарға тең:

 

Ки (2009)  = 458283/466991 = 0,981

Ки (2010)  = 459073/369765 = 1,242

Ки (2011)  = 451027/402077 = 1,122

 

     Бұл мәліметтер кәсіпорынның меншікті капиталы тек негізгі құралдарды ғана емес, сонымен қатар қаржылық есептің басқа да активтерін, соның ішінде ағымды активтерді де, сатып алуға жұмсалатынын көрсетеді.

     Сонымен, талдау жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, кәсіпорынның капитал құрылымында қарыз қаражаттардың үлесі айтарлықтай басым болып келеді және олардың үлесі меншікті капиталдан үш есе жоғары. Аталған құбылыс кәсіпорынның тек төлем қабілеттілігіне ғана емес, жалпы табыстылығына және қаржылық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.

 

 

3.3. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қазіргі капитал     құрылымын оңтайландыру жолдары

 

     Өндіріс – бұл технология, ұйымдастыру, түрлі қызмет түрлерін қосып жүргізу бойынша күрделі процесс. Кәсіпорын басшысы басқалар мейлінше жақсы әрі сәтті атқарып жатқан жұмыстарды істей алмауы мүмкін, олай істеуге ол міндетті де емес. Менеджер ең алдымен өз командасын жасақтауда көрегендік таныта білуі қажет, ол өз айналасына өндірістік сұрақтар, маркетингтік зерттеулер, қаржылық жоспарлау бойынша кәсіпқой мамандарды жинай білуі, ең жауапкершілікті деген мамандарға сенуі керек. Ал өзіне ұйымдастырушыға деген жауапкершілікті ғана алуы тиіс. Ұйымдастыру – бұл мақсатты анықтау, қолда бар ресурстарды білу және бағалау және оларды мақсатқа жету үшін қолдана білуі қажет. Ұйымдастыру – демек міндеттерді қоя білу, міндеттер мен жауапкершіліктерді бөле білу. Ұйымдастыру – бұл жоспарлау, басқару және талдау. Мұнда жәй ғана білім аз болады, мұнда интуиция мен талант, тіпті басқару өнері керек десе де болады.

     Менеджмент нарық жағдайындағы басқару ретінде нарықтың қажеттіліктерін, нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сұранысқа ие және кәсіпорынға күткен табыстарды алып келе алатын өнімнің түрлені өндіруді ұйымдастыруға кәсіпорынды итермелеуді қамтамасыз етеді.

     Басқаруға деген бүгіндегі қатаң талаптар кәсіпорындардың ауқымымен, технологиялардың күрделілігімен, нағыз қазіргі заманғы технологиялық дағдыларды игерудің қажеттіліктерімен негізделеді. Қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да сұрақтар бойынша барлық шешімдер қаржы ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын және бақылап отыратын қаржы менеджерлерімен дайындалып, жүзеге асырылады. /39/

     Егер де «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорны тек бәсекелестік ортада өміршеңдік танытып қана қоймай, сонымен қатар өзінің қызметін басқару принциптерін өзгерту арқылы өндірістік процесін дамыту бағытында белсенділік танытқысы келсе, онда ол өзінің капитал құрылымын қайта қарастыруы қажет.

     Капитал құрылымын және қаржылық жағдайды талдаудың арқасында нарықтық жағдайларда «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қиын қаржылық жағдайларға душар болғаны көрініп тұр. Оған қоса, кәсіпорында меншікті капиталдың үлесі төмен, ал қарыз капиталдың үлесінде қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни кәсіпорынның контрагенттер, бюджет алдындағы қарыздары басым үлес алады. Мұндай жағдайдан шығу үшін аталған кәсіпорынның басшылары кәсіпорынды басқарудың жаңа әдістерін және техникасын игеріп қана қоймай, қызметтік стратегиясын да қайта қарастыруы қажет. Бұл үшін қажетті шаралар:

  • тұтынушылардың сұранысына және компанияның мүмкіндіктеріне жауап бере алатын сапалы өнім өндіру;
  • кәсіпорынның коммерциялық қызметін белсендете түсу (мысалға, өзге кәсіпорындардың тауарларын сатып беруге көмектесу, бос тұрған ғимараттар мен территорияларды арендаға беру және т.с.с.);
  • өнідірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша өндірістік шығындарды және үстеме шығындарды қысқарту;
  • кәсіпкерлік қызметтен алған табысты өндірісті дамыту мақсатында капитализациялау.

     Талдау нәтижелері көрсеткендей, қазіг «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнында жеткілікті тауарлық-материалдық база және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті өндірістік потенциал қалыптасқан.

     Қаржылық қиындықтан шығу мәселесін түрлі жолдармен шешуге болады. Сондай жолдардың бірі - өндіріске қосылмаған негізгі құралдардан, тауарлық-материалдық құндылықтардан арылу, жұмысшылардың санын қысқарту, бос тұрған өндірістік ғимараттарды арендаға беру және тағы сол сияқтылар. Мұндай саясат қаржылық жағдайды тіпті де жақсартып жібермейді, ол тек аталған кәсіпорынға біршама уақыт жұмысын арттыруға септігін тигізеді. Алайда, аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде экономикалық даму және өсу потенциалы айтарлықтай арта түседі.

     Жоғарыда аталған саясатты қолдану кәсіпорынның қаржылық жетекшілерінің белсенділігін және шешімдер қабылдауға деге ықыласын және өзінің өндірісін дамыту бағытында әрекет етуін білдірер еді. Белсенді қаржылық-шаруашылық саясат жүргізу, әрине өндірісті дамытуға бағытталған, алуан түрлі мәселелерді шешу қиындығымен байланысты, алайда нарық және бәсекелестік талаптары осындай шараларды ғана қажет ететіні белгілі.

     Ерте ме, әлде кеш пе, кез-келген кәсіпорын қандай-да бір деңгейде уақытша бос қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне кездеседі. Бұдан қалай жол табуға болады? Аталған мәселені шешудің бір жолы ретінде кәсіпорынның коммерциялық банктерден несие алуын қарастыруға болар еді. Алайда банкке несие алу жөніндегі өтініш оған қол жететініне кепілдік бола алмайды. Бизнесті несиелеумен айналысатын банктің арнайы бөлімшесі кәсіпорынның ұсынған мәліметтерін жан-жақты қарастырады (өтімділік көрсеткіштері, айналым жылдамдығы, табыстылық және рентабельділік көрсеткіштері) және аталған шаруашылық субъектісіне несие беру туралы қорытынды жасайды.

     Жоғарыдағы талдау жұмыстары көрсеткендей, «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» қоғамы қысқа және ұзақ мерзімді несиелер алу мүмкіндігі тіпті жоқ. Кәсіпорын капиталының құрылымында қарыз қаражаттардың үлесі басым, соның ішінде қысқа мерзімді несиелер басым орын алады. Ұзақ мерзімді несиелердің үлесі де жалпы капитал құрылымында аз емес және ол 10%-ды құрайды.

     Шындығына келгенде қысқа мерзімді несиелерді және қарыздарды ағымды өндірістік қажеттіліктерге жұмсау өте тиімді шара болып табылады. Алайда, «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» Акционерлік қоғамының соңғы екі жылда өндірістік рентабельділігінің күрт төмендеп кеткенін ескерсек, қарыз қаражаттардың өндірісте тиімсіз қолданылып жатқанына еріксіз куә боламыз.

     Осыдан келіп шығатын қорытынды, кез-келген жолмен қарыз капиталдың және меншікті қаражаттардың қатынасын арттыра беруге болмайды, оны қажетті деңгейде реттеп отыру қажет. Егер жаңа қарыздар кәсіпорынға тиімсіз болса, ол банкке тиімсіз дегенді білдірмейді, өйткені оның тәуекелі өседі. Өзінің тәуекелін банк несие үшін пайыздарды көтеру арқылы жабуы мүмкін. Қаржылық тәуелділік коэффициентінің өсуі кәсіпорынның өтімділігінің төмендеуіне алып келеді, нәтижесінде оның қаржылық жағдайы төмендейді. Өздігінен қарыздық міндеттеме игілік те емес, жаман құбылыс та емес. Бұл кәсіпорын дамуының және табысының артуының, бір жағынан, және тәуекелділіктің, екінші жағынан, өлшеу құралы. Қаржы менеджерінің міндеті тәуекелді түбімен жоқ ету емес, оны тиімді деңгейге жеткізе білу.

     Қорытындылай келе айтар болсақ, «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ басшылығы стратегиялық жоспарлаумен, сонымен қатар бизнесті басқарудың басқа да негізгі жүйелерін ұйымдастырумен айналысатын болса және жоғарыда аталған шараларды белсенді қолданатын болса, онда кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын біршама болса да жақсарту мүмкіндігі бар.

     Капитал құрылымын басқару тек оның қолда бар бөлігін тиімді басқара білумен ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ете алатын оңтайлы құрылымын қалыптастырумен де байланысты. Қаржы ресурстарының қалыптасу көздерін басқару процесінде олар осы қалыптасу көздері бойынша жіктеледі.

     Капитал қалыптасуының ішкі көздерінде негізгі рольді кәсіпорын қарамағында қалатын табыс атқарады, ол меншікті капиталдың өсуін, сәйкесінше кәсіпорынның нарықтық құнының өсуін қамтамасыз етеді.

     Ішкі капитал көздерінің ішінде белгілі бір рольді амортизациялық аударымдар да атқарады, ең алдымен негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құны өте жоғары болып келетін кәсіпорындарда. Алайда олар меншікті капиталдың сомасын арттырмайды, тек оны қайта инвестициялау құралы болып қала береді. Басқа ішкі капитал көздері кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуында айтарлықтай роль ойнамайды.

     Қаржы ресурстарының сыртқы қалыптасу көздерінің ішінде негізгі орын қосымша үлестік (жарғылық капиталға қосымша жарналар салу арқылы) немесе акционерлік (қосымша акциялар эмиссиясы және оларды сату арқылы) капитал тартуға беріледі. Жекелеген кәсіпорындар үшін сыртқы капитал көздері ретінде оларға берілетін қайтарымсыз қаржылық көмектер болуы мүмкін. Басқа сыртқы қаржы көздеріне облигациялық қарыздар, лизингтік немесе факторингтік несиелер, вексельдік қарыздар жатады.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнында капитал құрылымын басқарудың негізін оның меншікті капиталының қалыптасу көздерін қалыптастыруға басты көңіл бөлінуі тиіс. Бұл процесті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы қаржы саясаты дайындалып, ол болашақтағы даму қажеттіліктеріне сәйкес түрлі көздерден қаржы ресурстарын тартуға бағытталуы тиіс.

     Меншік қаржы ресурстарын қалыптастыру саясаты кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол өндірістік дамуды өзін-өзі қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге келіп тіреледі.

     Меншікті капиталды қалыптастыру саясатын дайындау келесідей кезеңдерден тұрады.

     1. Өткен жылдардағы меншікті капиталдың қалыптасу көздерін талдау. Мұндай талдаудың мақсаты – меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру потенциалын анықтау және оны кәсіпорынның даму қарқынымен салыстыру болып табылады.

     Бірінші кезеңде меншікті капиталды қалыптастырудың жалпы көлемі зерттеледі, меншікті капиталдың өсу қарқынын активтердің және өткізілген өнімдердің даму қарқынымен салыстырылады, меншікті қаражаттардың салмақ үлесінің динамикасы мен жоспарлы кезеңдегі мөлшері зерттеледі.

     Екінші кезеңде меншікті қаражаттардың қалыптасу көздері жоспарлы түрде қарастырылады. Бірінші кезекте меншікті қаражаттардың ішкі және сыртқы қалыптасу көздерінің қатынасы зерттеледі, сонымен қатар меншікті капиталды түрлі көздерден тартудың бағасы да қарастырылады.

     Үшінші кезеңде жоспарланған кезең алдындағы кәсіпорында қалыптасқан қаржы ресурстарының жеткіліктілігі бағаланады. Мұндай бағалаудың критериі ретінде «өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті» қарастырылады. Оның динамикасы кәсіпорынның меншікті қаржы көздерімен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді.

     2. Меншікті қаржы ресурстарына деген жалпы қажеттілікті анықтау. Есептелген жалпы қажеттілік ішкі және сыртқы көздерден қалыптасатын қаржы ресурстарының қажетті сомасын қамтиды.

     Мұндай бағалаудың нәтижелері меншікті қаржы ресурстарын қалыптасу көздерінің альтернативті нұсқаларын таңдау бойынша басқарушылық шешімдер дайындаудың негізі болып табылады және меншікті капиталдың өсуін қамтамасыз етеді.

     Меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың жоспарланатын ішкі көздерінің бір – бұл таза табыстың сомасы мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Бірінші кезекте бұл көрсеткіштерді жоспарлау барысында оларды түрлі резервтердің есебінен өсу мүмкіндігін қарастыру қажет.

     3. Сыртқы көздердің есебінен меншікті капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру қосымша үлестік капитал тарту, қосымша акциялар шығару немесе басқа да көздерден тарту есебінен жоспарланады.

Информация о работе Кәсіпорын капиталын оңтайландыру