Кәсіпорын капиталын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Бурибаева Жибек курсовая.docx

— 153.67 Кб (Скачать документ)

 

 

2.4. Кәсіпорындардың капитал құрылымын

қалыптастыруды оңтайландыру

 

     Қазақстандағы  кәсіпорындардың қазіргі таңдағы  өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін  жүзеге асыру барысында қалыптасқан  капитал құрылымын талдау нәтижелері  бірқатар мәселелердің бар екендігін  көрсетеді. Атап айтар болсақ, экономиканың нақты секторындағы  кәсіпорындарды банктік несиелермен  қамтамасыз етуде келесідей мәселелер  кездеседі:

  • несиелеудің негізгі объектісі ретінде кәсіпорындардың айналым активтері қарастырылады, ал ұзақ мерзімді активтерге салынған несиелердің үлесі болмашы ғана;
  • несиелердің басым бөлігі экономиканың өндірістің емес секторына бағытталады;
  • несиелерді беру міндетті түрде кепілдендіру шарттарын, бірінші кезекте жылжымайтын мүлік арқылы кепілдендіру, қарастырады.

     Қазіргі  таңдағы банктік несиелеу жүйесі  нақты сектордың кәсіпорындарын  дамыту үшін жеткіліксіз. Сонымен  қатар, банктер бүгінде активтердің жетіспеушілігінен экономиканы қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жетпейді, сонымен қатар нақты секторды несиелеу барысындағы  жүйелік тәуекелдердің күрт өсіп кету қаупі де жоқ емес.

     Осы  орайда нақты сектордағы кәсіпорындарды  несиелеуді жетілдіру үшін мемлекеттік  шаралардың қолданылуы қажет-ақ. Мемлекеттің шаралар отандық  инвестицияларды ынталандыруға  келіп тіреледі.

     Жаңадан  ашылған, жас кәсіпорындар үшін  облигациялар арқылы қаржы ресурстарын  тартудың қазіргі таңдағы механизмдерінің  бірі – облигациялық міндеттеме  бойынша шығындарды субсидиялау  болып табылады. Мысалға, облигациялар  бойынша купондық төлемдердің  бір бөлігін жергілікті билік  органдары  субсидиялауға мүмкіндіктері  бар. Бұл жағдайда инвесторлар   капитал салудың сенімді, өтімді  объектілеріне қол жеткізеді:  кәсіпорындар – қаржыландырудың  тұрақты көзі болып табылса,  мемлекеттік органдар – салынған  капиталдың қайтарымдылығының кепілі  болып табылады. Сонымен қатар,  бұл механизм жергілікті экономиканың  дамуына, осы аймақтың салықтық  потенциалының артуына, әлеуметтік  мәселелерді шешуге мүмкіндіктер  берер еді.

     Еврооблигациялар  шығару арқылы қаржы ресурстарының  халықаралық нарығына шығу отандық  кәсіпорындардың қаржылық потенциалын  нығайтудың маңызды бағыты болып  табылады. Алайда, еврооблигациялардың  басым бөлігін бүгінде банктер   шығаруда. Басқа салар бойынша  еврооблигациялар шығарушы эмитенттер  жоқтың қасы.

     Қазақстандық  кәсіпорындардың капиталын қалыптастырудағы  вексельдердің ролін біржақты  бағалау қиын. Америка Құрама  Штаттарында вексельдер нарығының  көлемі облигациялар нарығының  көлемінен 8 есе төмен, Ресейде,  керісінше, қысқа мерзімді міндеттемелер  басым, ал Қазақстанда вексельдер  арқылы операциялардың көлемі  жалпы құнды қағаздар нарығындағы  операциялардың небәрі 0,003% ғана  құрайды. Осы орайда Қазақстан  Республикасындағы вексельдер нарығының  белсенділігін арттыру шараларын  қолдану керек.

     Аталған  мәселелермен қоса еліміздегі  кәсіпорындардың капиталын қалыптастыру  жолында бірқатар жұмыстарды  жүзеге асыру қажет: лизингтік  қызметтер нарығын жетілдіру,  шағын несиелер беруші ұйымдарды  қолдау және дамыту, факторингтік  операциялардың ролін арттыру,  туынды құнды қағаздар (опциондар,  фьючерстер, варранттар) нарығын жетілдіру  және тағы басқалар. Бұл кәсіпорындардың  қажетті капитал құрылымын қалыптастыруға  қолайлы жағдайлар жасап қана  қоймай, еліміздің экономикалық  өсуіне, әлемдік нарықта жетекші  орындарға ие болуына да қолайлы  жағдайлар жасайды.

 

 

 

III. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ капитал құрылымын және құрамын оңтайландыру жолдары

3.1. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ  техникалық-экономикалық сипаттамасы

 

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» акционерлік қоғамы – 1994 жылы «Жетісу Электро» ЖШС деген атпен құрылған. Алғашқы электр қуаты өндіру қуаты жылына 294560 т/КВт құрады. Акционерлік қоғамның және оның атқарушы органының орналасқан жері (заңды мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ, Жамбыл к-сі, 11-үй.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» акционерлік қоғамы ( әрі қарай «Акционерлік қоғам», «Қоғам» деп аталады) құрылтайшылардың келісімінің негізінде құрылған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының Қазақстан Республикасының басқада заң актілерінің және осы жарғының негізінде әрекет етеді.

     Бірінші кезекте, яғни 1994 жылы кәсіпорында электр орталығы іске қосылды. Оның қуаты жылына 27260 т/КВт болатын Талдықорған қаласына өңдіріске шығарылды.

1995-2000 жылдар кәсіпорын  өмірінде маңызды оқиға болып  саналады, бұл жылы өндіріске  үлкен көлемде электр энергиясын  өңдейтін үлкен көлемде және  аса қатты қуатты өндірісін қосқан кезеңі болды.

2003 жылы қыркүйекте «Жетісу  Электро» ЖШС «Талдықорған электрмен  қамсыздандыру» АҚ мәртебесін  алды. 

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қызметтері нарықтағы өз орнын таба білді және қазіргі таңда тек Алматы қаласында ғана емес, оған іргелес жатқан аудандар мен қалаларда да үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сол себепті кәсіпорын мамандары қызмет сапасы жақсарту және көлемін арттыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Фирма өз қызметін үнемі клиенттердің үдемелі сұраныстарына икемделе отырып жүзеге асырады, сол себепті де кәсіпорын әрдайым тынымсыз қозғалыста, тұтынушылар үшін жаңалықтар іздеуде, жаңа қызмет түрлері дайындауда, жаңа технологияларды енгізуде.

     Кәсіпорындағы ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін қызмет сапасын және санитарлық тазалықты бақылау қызмет бөлімі әрекет етеді. Аталған бөлімнің құрамында өндірістік лаборатория, қызмет сапасы сапасы жөніндегі Бюро, механикалық-физикалық зерттеу бөлімі қызмет етеді. Аталған бақылау лабораториялары өздерінің міндеттеріне сәйкес қызметтің сапасына және өндірістік жұмыс орындарының тазалығына жауап береді.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ-ның өнімдері Алматы облысының іргелес жатқан қалалары мен аудандарына, елді мекендеріне арналған. Өнімдерді өткізу  кәсіпкерлік арқылы жүргізіледі. Кәсіпорын аталған аймақтардың аумағында тікелей жеткізіп арқылы қызмет етеді. Қазіргі кезде кәсіпорынның көмегімен 900 адам жұмыс орындармен қамтамассыз етілген.

     Акционерлік қоғамның жарияланған Жарғылық капиталы – 1000000050 (бір миллиард елу) теңгені құрайды. Акционерлік қоғамның Жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес Жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен акцияларды шығару және орналастыру арқылы жол беріледі.

     Акционерлік қоғамның органдары: 1) жоғарғы орган – Акционерлердің Жалпы жиналысы; 2) басқару органы – Директорлар кеңесі; 3) атқарушы орган – алқалы атқарушы орган (Басқарма) немесе атқарушы орган қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға (Президент); 4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі.

     Кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері 1 кестеде берілген.

 

3.1 кесте. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау.

 

Көрсеткіштер
Жылдар 

Ауытқулар, %

2009

2010

2011

2009/10

2010/11

1

2

3

4

5

6

1. Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге

971003

644818

654585

66,4

101,5

2.Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге

1513442

1458063

1427448

96,3

97,9

3.Ағымды активтердің орташа жылдық құны, мың теңге

1409595,5

1466891,5

136831,4

104,1

93,3

4. Еңбекақы қоры 

114506,6

126877,5

142681

110,8

112,5

5.Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

809

838

939

103,6

112,1

6.1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы, теңге

11795,1

12617,1

12662

107

100,4

7.Дебиторлық қарыз, мың теңге

1358248

1248515

1172826

91,9

93,9

8. Кредиторлық  қарыз, мың теңге 

1375248

1183481

1137285

86,1

96,1

9.Өткізілген өнімнің  өзіндік құны, мың теңге 

950639

601666

662924

63,3

110,2

10.Жалпы табыс, мың теңге

 

20364

 

43152

 

-8339

 

211

 

---

11.Таза табыс, мың тенге

 

15040

 

705

 

704

 

4,7

 

99,9

12.Еңбек өнімділігі

1200,3

769,5

697,1

64,1

90,6

13.Негізгі қорлардың  қор қайтарымдылығы, теңге 

 

0,64

 

0,44

 

0,46

 

--

 

---

14.Негізгі қорлардың қор сиымдылығы, тенге

 

1,56

 

2,3

 

2,2

 

---

 

---

15.Жалпы активтердің  (өндірістің) рентабельділік деңгей, %

 

1,6

 

0,12

 

0,2

 

----

 

---


Ақпарат көзі: 2009-2011  жылдардағы «Талдықорған электрмен  қамсыздандыру» АҚ қаржылық есептері.

 

     Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде  1 кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

     3.1 кестені қарастыратын балсақ, 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайық.

     1) Өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанды 33,2%-ға төмендеп кеткен, ал 2011 жылы небәрі 1,5%-ға өскен. Мұның себебі кәсіпорын өзінің өндірістік активтерін тиімді қолданбай отырғанында болып отыр.

     2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға өскен, оның себебі шикі зат пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

     3) Жалпы табыс 2010 жылмен 2009 жылды салыстырғанда 211 мың теңгеге төмендеген, ал келесі жылы кәсіпорын өндірістен тіпті де табыс алмаған. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.

     4) Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2011 жылымен 2010 жылды салыстырғанда 183914,0 мың теңгеге өсіп отыр және 163,5% құрайды. Оның  себебі 2011 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарылауы мүмкін.

    5) Негізгі қызметтен түскен табыс 2011 жылымен 2010 жылды салыстырғанда 1,4% төмендеге. Ол негізгі емес қызметтен түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі әсер етуі мүмкін.

    6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 19,5% артқан, осылайша өндірістен көрген шығын негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебінен жабылып отыр.  

     7) Салық салғанға дейінгі табыс 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда -8866,0 мың тенгеге төмендеп, 97,3% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

     8) Таза табыс 2011 жылмен салыстырғанда 2010 жылы өзгеріссіз қалған, ал өткен жылы айтарлықтай 470%-ға төмендеп кеткен. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

     9) Бір теңгеден түскен табыс 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 0,03-ге өсіп тұр.

     Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

     10) Қарастырып отырған кәсіпрынның өнім рентабелділігі 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда -0,10%-ға төмендеп отыр. Оның себебі жалпы табыстың төмендеуі және өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

     11) Сату рентабельділігі 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда -2,9%-ға төмендеп отыр. Оның себебі өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

     12) Жұмыскерлер саны 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 101 адамға көбейді, оның мақсаты өндірістің және сатылымның көлемін арттыру мақсатына сәйкес болса керек. 

     13) Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 72,4 теңгеге төмендеген, ал 2009 жылмен салыстырғанда тұтастай 430,8 теңгеге төмендеп кеткен. Оның  себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

     14) Жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 6967,0 мың теңгеге өсіп, 103,1% құрайды. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

     15) Бір жұмысекрдің орташа айлық еңбек ақысы 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда -431,0 теңгеге кеміп, 99,0% құрайды.

     16) Негізгі қорлардың орташа жылдық құны да 2009-2010 жылдары 33,2%-ға, ал есепті жылы 2,1%-ға төмендеп кеткен. Оның себебі технология мен өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейде болуы мүмкін.

     Негізгі капиталдық пайдалану деңгейі бір жағынан фондтар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорының прогресивті технологиялық саясат болса, екінші жағынан өнімді шығару барысында өндірісті ұйымдастыру мен технология. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың  арасындағы ең негізгі көрсеткіштер болып қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.

     17) Қор қайтарымдылығы 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймағанымен, 2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеп кеткен.

     18) Қор сиымдылығы 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, ал 2009 жылмен салыстырғанда біршама артқан. Оған әсер  еткен 2011 жылы жалпы табыстың төмендеуі және өнім мен сату рентабельділігінің азаюы әсер етуі мүмкін.

     19) Қормен қарулану 2011 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 642,2 мың теңгеге өсіп, 138,7% құрайды. Оған әсер еткен 2011 жылы негізгі қорлардың орташа құнының 13468,0 мың теңгеге артуы мен қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорын капиталын оңтайландыру