Кәсіпорын капиталын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Бурибаева Жибек курсовая.docx

— 153.67 Кб (Скачать документ)

     Меншікті және қарыз капитал бір-бірімен тығыз байланыста болатындықтан, жұмыстың бұл бөлігінде біз қаржы тұтқасының әсерін және қарыз капиталды қолдану әсерін қарастыратын боламыз. Мүмкін «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қарыз қаражаттардың үлесін қысқарта отырып, өзінің капиталының құрылымын оңтайландыра алатын шығар.

     Қаржыны басқару теорисында екі ұғымды бөліп көрсетуге болады: 1) қаржылық құрылым – жалпы кәсіпорын қызметін қаржыландыру әдісі; 2) капитализацияланатын құрылым – кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері (меншікті капитал және ұзақ мерзімді қарыз капитал).

     Сондай-ақ капитал құрылымын оңтайландыру жөнінде екі көзқарас бар: дәстүрлі әдіс және Модельяни-Миллер теориясы.

     Бірінші көзқарастың жақтастары, біріншіден, капиталдың бағасы оның құрылымына тәуелді, екіншіден, қандай-да бір оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыруға болады деген пікірді қолданады. Сонымен қатар мынадай аргументтер келтіріледі.

      Өз кезегінде, капиталдың салмақталған бағасы оның құрамдас бөліктерінің бағасына тәуелді. Зерттеулер көрсеткендей, ұзақ мерзімді капитал көздерінің сомасында қарыз қаражаттардың үлесі артатын болса меншікті капиталдың бағасы өсіңкі қарқындармен үнемі өсіп отырады, ал қарыз капиталдың бағасы, бастапқыда өзгеріссіз бола отырып, кейін өсе бастайды. Қарыз капитал бағасы шамамен меншікті капиталдың бағасынан төмен болатындықтан, капиталдың оңтайлы құрылымы кездеседі. Бұл жағдайда капиталдың орташа салмақталған бағасы ең төменгі (минималды) мәнге ие болады, сәйкесінше, кәсіпорын бағасы жоғары болады.

     Кәсіпорын капиталының оңтайлы құрылымын қалыптастыру мысалын кесте құру арқылы қарастыралық. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнының қарыз және меншікті қаражаттарының бағасы туралы мәліметтердің болмауынан есептеулер шартты мысал ретінде қарастырылатын болады.

 

 

 

 

3.4 кесте. Капиталдың оңтайлы құрылымын есептеу және оның бағасы

 

Көрсеткіштер 

Капитал құрылымының нұсқалары 

1

2

3

4

5

6

7

Меншіктік капиталдың үлесі 

100

90

80

70

60

50

40

Қарыз капиталдың үлесі 

0

10

20

30

40

50

60

Меншікті капиталдың бағасы

13,0

13,3

14,0

15,0

17,0

19,5

25,0

Қарыз капиталдың бағасы 

7,0

7,0

7,1

7,5

8,0

12,0

17,0

Капиталдың салмақталған бағасы

13,0

12,67

12,64

12,75

13,4

15,75

20,2

Ковалев В.В., «Финансовый  анализ», Москва – 2003


      Осылайша, капиталдың оңтайлы құрылымы қаржы ресурстары көздерінің құрылымында қарыз капиталдың үлесі 20%-ды құраған жағдайда қалыптасады. Бұл жағдайда капиталдың орташа салмақталған бағасы 12,64% (14,0 ∙ 0,8 + 7,1∙ 0,2) құрайды.

     Модельяни-Миллер теориясы керісінше пікір айтады – капитал бағасы оның құрылымына тәуелді емес. Бұл көзқарасты негіздеу барысында олар біраз бірқатар шектеулер қояды:

  • тиімді қызмет ететін қаржы нарығының болуы (бірінші кезекте несие нарығының және бағалы қағаздар нарығының);
  • салықтардың төмен мөлшерлемесі немесе тіпті жоқ болуы;
  • бірдей тәуекелмен идентификациялау мүмкіндігі және т.б.

     Бұл жағдайларда сыртқы қарыз – кәсіпорын дамуының және тәуекелдің акселераторы болып табылады. Қарыз қаражаттар тарта отырып, кәсіпорындар өздерінің мақсаттарын жылдам жүзеге асыра алады.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнына келетін болсақ, ол аталған дәстүрлі әдіс бойынша қаржы ресурстарының құрылымын оңтайландыруы тиіс. Кәсіпорынның капиталды басқару стратегиясы өндірістік мақсаттарға сәйкес келуі тиіс және қажет кездерде түзетулер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Қаржы стратегиясының орындалуын бақылау қаржы ресурстарының түсуін, олардың үнемді және ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді арықтауға, өндірістің рентабельділігін арттыруға, нәтижесінде қаржы ресурстарының түсуіне септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Нарықтық  экономика жағдайларында кез-келген  кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық  қызметін қажетті қаражаттармен  (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз  ету мәселесі маңызды басқару  объектісі болып табылады.

     Капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастыру, яғни меншікті және қарыздық қаржыландыру көздерінің барынша тиімді қатынасын орнату қаржыны басқаруда ең басты мәселе болып табылады. Сол себепті осы мәселені шешуге ең танымал ғалым-қаржыгерлердің, бірінші кезекте Нобель сыйлығының лауреаттары Мертон Миллер мен Франко Модильянидің еңбектері арналғаны да таң қаларлық оқиға емес.

     Сонымен, капитал құрылымын және қаржылық жағдайды талдаудың арқасында нарықтық жағдайларда «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қиын қаржылық жағдайларға душар болғаны көрініп тұр. Оған қоса, кәсіпорында меншікті капиталдың үлесі төмен, ал қарыз капиталдың үлесінде қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни кәсіпорынның контрагенттер, бюджет алдындағы қарыздары басым үлес алады. Мұндай жағдайдан шығу үшін аталған кәсіпорынның басшылары кәсіпорынды басқарудың жаңа әдістерін және техникасын игеріп қана қоймай, қызметтік стратегиясын да қайта қарастыруы қажет. Бұл үшін қажетті шаралар:

  • тұтынушылардың сұранысына және компанияның мүмкіндіктеріне жауап бере алатын сапалы өнім өндіру;
  • кәсіпорынның коммерциялық қызметін белсендете түсу (мысалға, өзге кәсіпорындардың тауарларын сатып беруге көмектесу, бос тұрған ғимараттар мен территорияларды арендаға беру және т.с.с.);
  • өнідірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша өндірістік шығындарды және үстеме шығындарды қысқарту;
  • кәсіпкерлік қызметтен алған табысты өндірісті дамыту мақсатында капитализациялау.

     Талдау нәтижелері көрсеткендей, қазір «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнында жеткілікті тауарлық-материалдық база және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті өндірістік потенциал қалыптасқан.

     Жоғарыда аталған саясатты қолдану кәсіпорынның қаржылық жетекшілерінің белсенділігін және шешімдер қабылдауға деге ықыласын және өзінің өндірісін дамыту бағытында әрекет етуін білдірер еді. Белсенді қаржылық-шаруашылық саясат жүргізу, әрине өндірісті дамытуға бағытталған, алуан түрлі мәселелерді шешу қиындығымен байланысты, алайда нарық және бәсекелестік талаптары осындай шараларды ғана қажет ететіні белгілі.

     Қорытындылай келе айтар болсақ, «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ басшылығы стратегиялық жоспарлаумен, сонымен қатар бизнесті басқарудың басқа да негізгі жүйелерін ұйымдастырумен айналысатын болса және жоғарыда аталған шараларды белсенді қолданатын болса, онда кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын біршама болса да жақсарту мүмкіндігі бар.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнында капитал құрылымын басқарудың негізін оның меншікті капиталының қалыптасу көздерін қалыптастыруға басты көңіл бөлінуі тиіс. Бұл процесті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы қаржы саясаты дайындалып, ол болашақтағы даму қажеттіліктеріне сәйкес түрлі көздерден қаржы ресурстарын тартуға бағытталуы тиіс.

     Сондай-ақ капитал құрылымын оңтайландыру жөнінде біздің кәсіпорындар теориядағы екі көзқарастың бірін таңдай алады: дәстүрлі әдіс және Модельяни-Миллер теориясы.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнына келетін болсақ, ол аталған дәстүрлі әдіс бойынша қаржы ресурстарының құрылымын оңтайландыруы тиіс. Кәсіпорынның капиталды басқару стратегиясы өндірістік мақсаттарға сәйкес келуі тиіс және қажет кездерде түзетулер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Қаржы стратегиясының орындалуын бақылау қаржы ресурстарының түсуін, олардың үнемді және ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді арықтауға, өндірістің рентабельділігін арттыруға, нәтижесінде қаржы ресурстарының түсуіне септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қаржылық есебіне түсініктеме.
  2. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ 2009-2011 жылдардағы бухгалтерлік балансы.
  3. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ 2009-2011 жылдардағы табыстар мен шығындар туралы есебі.
  4. Сапарова Б «Финансовый менеджмент» 2008.
  5. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва –2006.
  6. Тургулова А.К.  «Финансовый менеджмент» 2011.
  7. Есенгельдин «Қаржылық менеджмент» Алматы 2010.
  8. Жаксыбекова «Стоимость компаний теория и практика оценки финансового менеджмента» Астана 2010.
  9. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2008, №12.
  10. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,      Алматы – 2008 .
  11. Ковалев В.В.  «Курс финансового менеджмента» 2008.
  12. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2009.
  13. Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2009, №6.
  14. Ибришев Н.Н., «Корпоративное финансирование», Алматы – 2005.
  15. Өсербайұлы А., «Корпоративтік қаржы», Алматы – 2005.
  16. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2.
  17. «Микрокредитование – источник финансирования малого бизнеса», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №11.
  18. Yandex.kz
  19. Wikipedia.kz
  20. Google.kz

 


Информация о работе Кәсіпорын капиталын оңтайландыру