Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 12:11, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
ke – қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы бағасы);
ko – кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған бағасы.
Қарыз капиталдың бағасы. Қарызға тартылған капиталдың салық салғанға дейінгі бағасы (ki) есептеуге болады. Бұл үшін облигациялар бойынша ақша ағындарынан келетін ішкі табыс мөлшерін (немесе өтеу кезіндегі табысты) есептеу керек. Облигациялардың табыстылығын есептеудің қарапайым формуласы келесідей:
Мұнда I – жылдық пайыздық табыс төлемі; M – облигацияның номиналдық бағасы; V – облигацияны сатудан түскен табыстың таза нарықтық бағасы– облигацияның мерзімі (жыл, тоқсан, ай).
Пайыздық табысқа салық салынатындықтан, қарыз капиталдың салық салынғаннан кейінгі бағасыну керек: стоимость долга, учитывая налогообложение:
kd = ki
(1- t).
1-мысал. Кәсіпорын бағасы теңгелік облигациялар шығаруды жоспарлап отыр, пайыздық мөлшерлемесі жылдық 8%, мерзімі - 20 жыл, облигациядан келетін таза табыс 940 теңге. Салықтық мөлшерлеме 40% тең. Бұл жағдайда қарызға тартылатын капиталдың құны мынаған тең болады:
Сәйкесінше, қарыз салық салынғаннан кейінгі қарыз капиталдың бағасы
kd = ki (1- t) = 8,56%(1-0,4) = 5,14%.
Артықшылығы бар акциялардың бағасы.Артықшылығы бар акциялардың бағасы бойынша жылдық дивидендтерді (dp) оларды сатудан түскен таза табысқа бөлумен анықталады:
kp = dp/p.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерге салық салынбайтындықтан, есептеу әдістемесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ.
2-мысал. Кәсіпорынның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтердің мөлшері 13 теңге, акциялардың сатылымдық бағасы 100 теңге. Акцияларды орналастыру бағасы 3%. Сонда артықшылығы бар әрбір акцияның бағасы мынаған тең болады:
kp = 13/97 = 13,4%.
Сыртқы (акционерлік) капиталдың бағасы. Қарапайым акциялардың бағасы (ke) әдетте инвестордың кәсіпорынның қарапайым акцияларына инвесторлардың талап ететін табыс мөлшері ретінде есептеледі. Қарапайым акциялардан тұратын акционерлік капиталдың бағасын анықтау үшін тәжірибеде екі негізгі әдіс кеңінен қолданылады: Гордон үлгісі және негізгі құралдарды бағалау әдісі.
Гордонның экономикалық өсім үлгісі мына формуламен сипатталады:
Po = D1/(r
- g).
мұнда Po – қарапайым акциялардың бағасы (нарықтық бағасы); D1 – жыл бойында алынатын дивиденд; r – инвестордың талапты табыс мөлшері; g – өсу қарқыны.
Көрсетілген формуланы r көрсеткішіне қатысты қолдана отырып, қарапайым акциялардың бағасын есептеуге қажетті формуланы аламыз:
r = ke = D1/Po
+ g.
3-мысал. Кәсіпорын акциясының нарықтық бағасы 400 теңгені құрайды. Жыл соңында төленетін дивидендтің мөлшері 40 теңге; дивидендттің мөлшері жылдық 6% қарқынмен өсіп отырады деп күтілуде. Жыл бойында алынатын дивиденд 4.Сонда мұндай қарапайым акциялардың бағасы мынаған тең болады:
ke = 4/40 + 6% = 16%.
Орналастыру (сату) шығындарына байланысты жаңа қарапайым акцияның бағасы айналымдағы акцияның құнынан жоғары болады. Егер f – қарапайым акцияны орналастыру құны болса, онда есептеу формуласы келесідей өзгереді:
ke = D1/Po(1
- f) + g.
4-мысал. Алдымыздағы 3-мысалдың мәліметтеріне қосымша, кәсіпорын жаңа акциялар пакетін сатуды жоспарлап отыр, ал олардың сатылым бағасы 10% құразды. Сонда
ke = 4/40(1 + 0,1) + 6% = 17,11%.
Негізгі құралдарды бағалау әдісін қолдану үшін алдымен келесі әрекеттерді орындап алу керек: тәуекелсіз мөлшерлемені(rf) есептеу; жүйелік тәуекелдің көрсеткіші болып табылатын акцияның бета-коэффициентін (b) анықтау; құнды қағаздар қоржынының табысын (rm) анықтау; кәсіпорын акциясының табыс мөлшерін бағалау:
ke = rf
+ b(rm - rf).
5-мысал. Тәуекелсіз мөлшерлеме 7%-ға тең, акцияның бета коэффициенті 1,5 тең және құнды қағаздар қоржынының табыс мөлшері 13%, сонда:
ke = 7% + 1,5 (13% - 7%) = 16%.
Қарапайым акциялар 16%-дық бағасының 7%-ы тәуекелсіз мөлшерлемеден және 9%-ы тәуекел үшін үстеме бағадан тұрады. Аталған акциялардың бағасы құнды қағаздар қоржынынымен салыстырған жүйелік тәуекелдерге тәуелділігі 1,5 есе үлкен болып келетіні көрініп тұр.
Бөлінбеген табыстың бағасы. Бөлінбеген табыстың бағасы (ks) қолданыстағы қарапайым акциялардың құнымен тығыз байланысты. Себебі бөлінбеген табыстың есебінен қалыптасқан акционерлік капиталдың бағасыкәсіпорынның қарапайым акцияларының табыс мөлшерімен барабар болып келеді, яғни ke = ks.
Капитал бағасы акциялар, бөлінбеген табыс, қарыздық міндеттемелер секілді капиталдың құрамдас бөліктерінің орташа салмақталған құны ретінде есептеледі. Капиталдың жалпы бағасын шартты түрде ko деп белгілеп, келесі формула бойынша анықтауға болады:
kj = Σ капиталдың жалпы құрылымындағы әрбір капитал көзінің пайыздық
үлесі әрбір капитал көзінің бағасы = Wdkd + Wpkp + Weke + Wsks,
мұнда Wd – қарыздық міндеттемелерден түскен капиталдың пайыздық үлесі; Wp – артықшылықты акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі; We – қарапайым акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың сыртқы құны); Ws – бөлінбеген табыстан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың ішкі бағасы); kd, kp, ke және ks – сәйкесінше қарыздық міндеттемелерден, артықшылықты акциялардан, қарапайым акциялардан және бөлінбеген табыстың бағасы.
Капиталдың бағасын салмақтаудың бастапқы, мақсатты және маржиналды әдістері болады.
Капитал бағасын бастапқы салмақтау кәсіпорынның қолданыстағы капитал құрылымына негізделеді және капиталдың осы құрылымы оңтайлы, яғни келешекте қоданылуы тиіс, деп шешкен жағдайда қолданылады. Бастапқы капитал бағаның екі түрі кездеседі – баланстық баға бойынша және нарықтық қбаға бойыша салмақтау.
Кәсіпорын капиталының салмақталған бағасын баланстық баға бойынша салмақтау әдісі мәні келесідей: қолданыстағы қолданыстағы капиталы үшін қолданылған қаржыландыру әдістері қолданылады. Салмақтау дегеніміз – бұл капталдың әрбір құрамдас бөлігінің баланстық бағасын барлық капитал көздерінің жалпы сомасына бөлу болып табылады. Төменде баланстық бағабойынша салмақтау мысалы келтірілген.
6-мысал. Кәсіпорынның қалыптасқан капитал құрылымыны кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.
2.1кесте.Кәсіпорынның қалыптасқан капитал құрылымы теңге
Қаржыландыру көздері |
Баланстық бағасы (сомасы) |
Құны, % |
Облигациялар (номиналдық құны 1000) |
20 000 000 |
5,14 |
Артықшылықты акциялар (номиналдық құны 100) |
5 000 000 |
13,4 |
Қарапайым акциялар (номиналдық құны 40) |
20 000 000 |
17,11 |
Бөлінбеген табыс |
5 000 000 |
16,00 |
Барлығы |
50 000 000 |
– |
Капиталдың баланстық және жалпы бағасын салмақтау келесідей тәртіп бойынша есептеледі.
2.2кесте.Капиталдың баланстық және жалпы бағасын салмақтау теңге
Қаржыландыру көздері |
Баланстық баға (сомасы) |
Салмақ-талуы, % |
Бағасы, % |
Салмақталған баға, % |
Облигациялар |
20 000 000 |
40,00 |
5,14 |
2,06 |
Артықшылықты акциялар |
5 000 000 |
10,00 |
13,40 |
1,34 |
Қарапайым акциялар |
20 000 000 |
40,00 |
17,11 |
6,84 |
Бөлінбеген табыс |
5 000 000 |
10,00 |
16,00 |
1,60 |
Барлығы |
50 000 000 |
100,00 |
– |
11,84 |
Сонымен, кестеден байқағанымыздай, кәсіпорын капиталының жалпы құны kо = 11,84%.
Нарықтық бағасы бойынша салмақтау кәсіпорын капиталының әрбір құрамдас бөлігінің нарықтық бағасын барлық капиталдың жалпы нарықтық құнына бөлу арқылы орындалады. Капиталдың орташа салмақталған бағасын есептеудің бұл әдісі ең тиімді болып есептеледі, себебі қаржылық активтердің нарықтық бағасы оларды қолданудан немесе сатудан алынатын табыстың нақты сомаларын көрсетеді.
7-мысал. Нарықтық бағасы бойынша салмақтау үшін жоғарыда келтірілген мысалдың мәліметтеріне қосымша ақпарат ретінде құнды қағаздардың нарықтық бағалары берілген: артықшылықты акциялар – 90 теңге әрбір акция үшін; қарапайым акциялар – 80 теңге әрбір акция үшін. Құнды қағаздардың саны: облигациялар – 20 000 000/1 000 = 20 000; артықшылықты акциялар – 5 000 000/100 = 50 000; қарапайым акциялар – 20 000 000/40 = 500 000.
Сәйкесінше, нарықтық бағасының салмақталуы келесідей тәртіппен орындалады:
2.3 кесте. Капиталдың
нарықтық бағасын салмақтау
Қаржыландыру көзі |
Құнды қағаздардың саны |
Бағасы, теңге |
Нарықтық баға |
Облигациялар |
20 000 |
1 100 |
22 000 000 |
Артықшылықты акциялар |
50 000 |
90 |
4 500 000 |
Қарапайым акциялар |
500 000 |
80 |
40 000 000 |
Барлығы |
– |
– |
66 500 000 |
40 млн. теңге көлеміндегі қарапайым акциялардың сомасы 4/1 қатынасы бойынша бөлінуі тиіс (капиталдың бастапқы құрылымындағы 20 млн. теңге көлеміндегі қарапайым акциялар мен 5 млн. теңге көлеміндегі бөлінбеген табыс), өйткені бөлінбеген табыстың нарықтық құны қарапайым акцияларға қосылған болатын. Кәсіпорын капиталының жалпы құнының есептелу әдісі 4 кестеде берілген.
Сонымен, 4 кестеден байқағанымыздай, нарықтық салмақтау әдісі бойынша кәсіпорын капиталының жалпы бағасы kо = 12,76%.
Мақсатты салмақтау. Егер кәсіпорын қарамағында ұзақ уақыттар бойында қалыптасқан мақсатты капитал құрылымы (меншікті және тартылған капиталдың тиімді қатынасы) бар болса, онда капиталдың осы құрылымы мен оның құнын салмақтаудың бұрынғы әдістері өзгеріссіз сақталып қала береді, яғни осы капитал құрылымы кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сай келеді.
2.4 кесте. Нарықтық
бағасын салмақтау бойынша капиталдың
жалпы бағасын анықтау
Қаржыландыру көздері |
Нарықтық баға |
Салмақ-талуы, % |
Баға, % |
Орташа салмақталған құны, % |
Облигациялар |
22 000 000 |
33,08 |
5,14 |
1,70 |
Артықшылықты акциялар |
4 500 000 |
6,77 |
13,40 |
0,91 |
Қарапайым акциялар |
32 000 000 |
48,12 |
17,11 |
8,23 |
Бөлінбеген табыс |
8 000 000 |
12,03 |
16,00 |
1,92 |
Барлығы |
66 500 000 |
100,00 |
– |
12,76 |
Маржиналды салмақтау капиталдың қаржылық инвестицияларға арналған аралас құрылымын қажет етеді. Бұл әдіс кәсіпорынның орташа салмақталған капитал құнын есептеу үшін қолданыла алады, алайда оның бір кемшілігі бар. Әрбір капитал көздері бойынша капитал баға кәсіпорынның аралас құрылымымен байланысты қаржылық тәуекелдерден тәуелді болады. Егер кәсіпорын өзінің қолданыстағы капитал құрылымын өзгертетін болса, кәсіпорынның капитал көздерінің бағасын есептеу, нәтижесінде капиталдың жалпы салмақталған бағасын есептеу өте қиынға соғады.