Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:30, курсовая работа

Описание

Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері
2.1 Несиенің түрлері
2.2 Несиенің формалары
2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
2.4 Несиенің функциялары және оның экономикадағы маңызы

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары
3.1 Несиелік жүйені құру принциптері
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

несие.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)


Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХЭ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мускунова  Г.Т

                                                  Қабылдаған:  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері

1.1 Несие теориясы және оның дамуы

1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы

1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні

 

2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері

2.1 Несиенің түрлері

2.2 Несиенің формалары

2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы

2.4 Несиенің функциялары  және оның экономикадағы маңызы

 

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары

3.1 Несиелік жүйені құру принциптері

3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе


Несие экономикалық категория  ретінде мемлекетте өте манызды  рөл атқарады. Несиенің экономикадағы  алатын орыны елеулі екеніне ешбір  күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты несиенің экономикадағы рөлін және ішкі мағынасын ашу болып табылады.

Ақшадан кейін несиенің шығуы адамзаттың керемет жаңалық  ашуы болып табылады.

Несие мен ақша дербес экономикалық категориялар болып табылып, белгілі бір экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сонымен қатар, осы категориялар тығыз өзара тығыз байланысты, оның үстіне ортаның дамуымен олардың өзара әрекеті белсене түседі.

Алғашқы қауымның орта кезінде, несиені шығару немесе оны шығартуына ықпал ететін міндеттемелер өмір сүрген. Несиенің арқасында шаруашылық және жеке басының қажеттілігін  қанағаттандыру уақыты азаяды.

Несиенің қажеттілігі  ұдайы өндіріс процесс сатыларының  тұтастығы мен өзара әрекеті  қамтамассыз ететін тауар ақша қатынастарының, тауар және құндардың ақшалай формаларының болуымен түсіндіріледі.

Несие – экономикалық категория, пайыз төлеу мен қайтару  жағдайында ссудалық капитал қозғалысын ұсынады.

Несие маңызын: құрылымы, қозғалыс сатылыры мен формалары  арқылы қарастыру керек.

Құнның тауарлы және ақшалай формасына несие мен  негізгі коммерциялық және банкілік формалары тән. Банк несиесі әмбебап  болып саналады, өйткені, қайтарымдылық, ақылық бастауларындағы банктер  арқылы қайта бөлінетін ақша қаражаттары  сияқты экономиканың барлық салаларында қолданылады.

Несиенің негізгі жүйелеу  түрлеріне: мерзімдер, объектілер, әдістер, несие беру мақсаттары, несиені қамтамассыз  ету формалары мен қарыз алушылардың  түрлері жатады. Несиенің келесі түрлері  айрықшаланады: ұлттық банк несиелері мен екінші деңгейлі банк несиелері

Несие экономикалық жетілдірудің ажырамас элементі, қазіргі заман  экономикасының тірегі болып қатысады.

Сонымен қатар несие  қатынастарының нақты көрінісін  несиенің формалары мен түрлері  сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

Қазақстан Республикасының  қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі- ақша жүйесінде  үлкен өзгерістер болып отыр. Несие  толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. ²Несие² деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері

1.1  Несие теориясы және оның дамуы

 

   Несие зерттеу  барысында таным әдісі ретінде  теорияның рөлі ерекше.Несие туралы  ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

   Ғалымдар бүгінгі  таңда экономика ғылымның алдында  бір жағынан теориялық талдау  қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып,  жетілдіруің керек екенін айтуда.

Теориялық тәжірибеден  оқшау қарастырмау керек екенін               түсінікті.Барлық теориялық проблемалардың соңы тек тәжірибелік 

әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес.Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

   Экономикалық  әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда.Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

   Натуралистік  несие теориясы XVIII ғасырдың екінші  жартысында пайда болды.Бұл теорияның негізін салушы А.Смит пен Д.Рекардо болды.Одан әрі оны француз экономистері Ж.Сэй, Ф.Бастия және американдық Д.Мак-Куллах дамытты.Бұл теорияның негізгі идеялары не-ие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктің қозғалысын көрсетті.Сондықтан, бұл тек аталмай қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана.Бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады.Несие капиталы өндірістік капиталға тең.Бұл жерде натуралдар несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырылады.Несинің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсініс өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр.Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

   Бұған қарамастан  натуралистік теорияның маңызын  несиенің қазіргі заманғы теорияның  қалыптасуы мен дамуына байланысты  еш кемітуге болмайды.Натуралистер  өндіріс процесінде қалыптасатын.Несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді.Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемін өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.

   Несиенің капиталдық  жасампаздық теориясы натуралистік  қарама-қарсы идеяны ұстанады.Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады.Несие ақшамен және байлықпен теңістіріледі.Бұл теорияның негізін салушы ағылшын экономисі Дж.Лонның ойынша несие елдің барлық айдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталының жиналуына себеп болады.Ол банктерді дәлдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.

   Бұл теорияның  қолданушылары ағылшын экономистері  Г.Макмед, Дж.Кейнс, Ф.Хаутри, И.Шумпетер, А.Ган болды.Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді.Несие пайда әкеледі, сондықтан, ол “өндіргіш капиталы” болып табылады, ал банктер – “несие фабрикасы”.Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды деп пайымдайды.Сондай-ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді.Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенің ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.Сондықтан, олардың теориялары “өткемпаздық теориясы”деген атауға ие болды.Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.

   1929-33 жылдары әлемдік  дағдарыс несиенің капиталдық  жампаздық теорияның абыройын  жоққа шығарады.Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ.Оны Дж.Кейнс пен оның ізбасарлар оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік соғысының зардаптарын жою үшін пайдаланады.Олар экономиканы несиемен реттейтің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолмен несие пайызын төмендетуге болады.Дж.Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді.Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындайды.

   XX ғасырдың екінші  жартысында ақша-несие реттеудің  мектебінің пайда болғанын белгілі.Бұл  мектептің өкілдері американдық  ғалымдар П.Самуэльсон, С.Харрис, Э.Хансен, Л.Ледокер, Дж.Гелбрейт болды.Олар Дж.Кейнстің “несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы” туралы идеясын дамытты.

   Олардың ойынша  мемлекеттік экономиканы Орталық  банк бюджеті мен қаржыларының  ақша-несие тетіктерінің көмегімен реттеуі керек.

   АҚШ ғалымдарының  басқа бір тобы( Р.Голделлий, С.Кузнец, К.Дугел, Д.Кример) бұл тұжырымдаманы  дамыта отырып, несие капиталдарының  нарығын және оның сегменттерін, олардың экономикамен өзарам  әрекетін, қызмет ету параметірлерін зерттеді.Бұл нпрықтың негізгі қатысушылары мыналар:

  • алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері: уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар,мемлекет.

          уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын  несие қаржы               институттары ретіндегі тұлғалық мамандандырылған дәлдалдар.

  • қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы-заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.

Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:

  • ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көрсететін қысқа мерзімді несиенің жиынтығы
  • капитал нарығы – орташа мерзімді несиеленудің жиынтығы
  • ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты немесе операцияларының жиынтығы
  • қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының жиынтығы

   Несие капиталы  нарығының даму деңгейіне: ел  экономикасының дамуы, елдегі  өндірістік және қаражат қорларымның  және халықтың әл-ауқат 

деңгейі соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.

 Әлемде экономикалық  дамудың орталығы бар.Олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.

   Төртінші орталық  болып – Шығыс Азия қатарға  қосылып келеді. Бұл орталықтарда  несие капиталының қуатты нарықтары  бар.АҚШ-ң несие капиталдар нарығы  олардың ең қуаттысы болып  есептеленеді.Ол барлық төрт сараланымның  тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер етеді.

   Батыс және  Еуропаның жиырма төрттен астам  дамыған елдерін қамтитын Еуропа  Одағы АҚШ-тан капитал қорларымның  кіші көлемімен және несие  нарығының жеке сараланым операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді.Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

   Егер Қазақстанның  несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр  түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ  ол енді-енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады.Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағаныма байланысты едәуір жетілді.

   Ипотека нарығы  алғашқы даму сатысында, оның  инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда.Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

   Қор нарығы  кенжелеп қалған.Оның заңдық базалары  мен ифрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп,  биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-енді оянып келе жатыр.Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпорациялық бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

   Капиталдық жасампаздық  теорияны ары қарай монетаристер  дамытуда.М.Фридмен, экономиканы реттеудің негізгі құралдары несиенің пайыздық мөлшемерлері мен айналымдағы ақша жиынның өзгерісі болып табылады деп есептейді.Шын мәнісіне пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын таралтуға болады.Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.

   Монетаризм теориясы  дамыған елдердің экономикалық  саясатында кеңінен қолданылуда.Бүгінгі  таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып отыр.

   Қазақстанда да  несие теориясының жемістерін  тәжірибеде кеңінен пайдаланып  отыр.Қазақстан Республика Ұлттық  банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жылдары өршіген ифлицияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

Информация о работе Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері