Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:30, курсовая работа

Описание

Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері
2.1 Несиенің түрлері
2.2 Несиенің формалары
2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
2.4 Несиенің функциялары және оның экономикадағы маңызы

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары
3.1 Несиелік жүйені құру принциптері
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

несие.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

тыруға;

  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
  • импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
  • ипотекалық;
  • несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
  • консорциялдық – несиелік, кепілдік немесе басқа да қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін;
  • тұтыну мақсаттарын;
  • банкаралық.

Банкаралық несиелердің  негізгі көлемі ұйымдастырылған  банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықтық банк, Казкоммерцбанк) болады.

3.Қарыз портфелін жіктеу  және екінші деңгейдегі банктердің  несиелік қызметінен келетін  шығындарды жабу үшін резервтер  (провизорлар) құру тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұттық банк Қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі:

  • стандартты – қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күм

ән туғызбайтын несие;

  • стандартты емес – несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілу

мен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;

  • қанағаттанарлықсыз – ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шо

тына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емес ұзартылған несие;

  • күдікті – қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызыл

ған күннен бастап ұзартылу мерзімі 60-күннен 90 күнге дейінгі  несие;

  • шығынды, күмәнсіз, сенімсіз  – ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие. Пайыздар есептеу қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жазылған күннен бастап 90 күн өткеннен соң тоқтатылады.Пайыздардың есептелуінің тоқтатылуы банктің балансында  есептелген пайыздардың өсуінің тоқталғанын білдіреді. Есептелген пайыздардың есебі баластан тыс жүргізіледі.

               

                            2.2 Несиенің формалалары

 

Несие экономикалық категория  ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білідіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы  қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жаряланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.

Коммерциялық несие  – бұл жеткізушінің сатып алушыға  ұсынған тауары немесе көрсетілген  қызметі үшін төлемді кейінге  қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.

Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт  кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендірулі талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордың вексельде көрсетілген ақашалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойыншы шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнынына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал-жабдығы бола алмайды.

Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде  коммерциялық несие өндіріс пайызының  және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.

Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін  өткізудің бұл формасын – төлемді  кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың  төлем қабілеттілігінің шамалығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.

Коммерциялық несие Жапонияда  және Францияда кең таралған. Жапондық  кәсіпорындар балансының жалпы сомасында  коммерциялық талаптар мен міндеттемелерінің  үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларынікі – 20-25%. Олардың кейінгі орнында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланылады.

Коммерциялық несиенің сақталуының  негізгі себептерінің бірі – тауарлардың  ұдайы жеткізуін талап ететен кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.

Басқа да несие формаларының жедел  өсуіне байланысты коммерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде ²коммерциялық несие² терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмалық несие деп аталады. К.Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист ²бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады². Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, комерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашлық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.

Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.

Несиенің бұл формасын таңдаудың  басқа факторы бәсекелестік кезінде  мәнді роль атқаратын оның құны болып  табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргзіуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып  келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғанда артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.

Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен  қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді  белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтауышлар сатып алушылардың қаржыылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.

Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің  қарыз алушыларға ақшалай қарыз  түрінде беретін несиесі. Банктік  несие коммерциялық несиенің шектеулерін  жояды. Бос ақшалай капиталдар кез  келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорынына қарызға береді.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынның ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражаттарды өздерінінң қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөлініу қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.

Банктік несие әмбебап болып  келеді, өйткені банк арқылы қайта  бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық  өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен  байланысты. Қазіргі уақытта ол мәмліенің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде ²банктік емес² деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты). Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

 

                  2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы

 

      Қазіргі кездегі  несие жүйесі соңғы жылдары  едәуір өзгерістерге ұшырады.Әлемдік  экономикадағы құрылымдық қайта  құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда.Ғылыми – техникалық революцияның дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын кредиттік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес кредиттік

мекемелердің динамизмі байқалады.Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы  немесе кедергілердің жойылуы –  соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.

Информация о работе Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері