Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:30, курсовая работа
Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Кіріспе
1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні
2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері
2.1 Несиенің түрлері
2.2 Несиенің формалары
2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
2.4 Несиенің функциялары және оның экономикадағы маңызы
3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары
3.1 Несиелік жүйені құру принциптері
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өнідірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуы ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлырдың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынадай пікірін атап өту артық болмайды: ²бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтары құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алынған тауардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепостнойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шарауашылығында да кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын құқықтың хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылқтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынатар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сфересында пайда болды. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың неліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: ²тауардың бір типі өз өндірісне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы, үйді бегілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдай сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтан ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады.
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні
Несиенің өмір сүруі негіздері оның пайда болуы тауар өндірісінің болуымен анықталады. Әр меншік түрі пайда тапқаннан кейін бөле бастайды. Бір бөлігі өндірістің келесі цикліне шикізат дайындайды, келесі бөлігі қызметкерлер мен жұмыскерлерге еңбекақы, ал келесі бір бөлігі амортизациялық жарна қорлану жіберіледі. Егер пайда жеткілікті болса, онда келесі бір бөлігі банкке сақтауға немесе тағы басқа бағыттарға жіберіледі. Сонымен қатар кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттары пайда болады, ал басқа кәсіпорындарда пайдасы ойламаған, кездейсоқ шығындары пайда болғандықтан немесе құрал-жабдықтар алу қажеттігінен төмендейді.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастарды түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесіне өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынастар арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланысты немесе жүзеге асу формасы- қарыз мәмлесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмлесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өзі мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығартыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асырылатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі
түрде белгіленеді. Бақыланатын
халық шаруашылығы
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқарастар қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмлесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда, машина өндірісін макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастырын, яғни машина өндіріс негізніде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда- біз машина өндірісінің техникалық-экономикалық категория , ал екінші жағдайда-экономикалық категория ретінде қарастыруымызға болады.
2 бөлім. Несиенің формалары мен түрлеріне сипаттама
2.1 Несиенің түрлері
Несиенің түрлері бұл
белгілі бір түрдегі
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша:
1. Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
2. Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
3. Ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
Несиелеу объектілері бойынша:
1. Негізгі қорларға берілетін несие;
2. Айналым қорларына берілетін несие;
Несиелеу әдістері бойынша:
1. Қалдық бойынша несиелеу;
2. Айналым бойынша несиелеу.
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қарыздарға инвестициялау);
қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі1.
Несиелердің категориялары:
а) Қарыз алушының типі бойынша: тұтыну, бөлшек және көтерме, ауыл шаруашылығы, коммерциялық / өнеркәсіптік, қозғалмайтын мүлік, энергия,
үкімет (жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық) федералдық.
ә) Мақсаты бойынша: тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, көліктер), айналым капиталы, құрылғылар, ғимараттар, жобалар, лизингтік қаржыландыру.
б) Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқы мерзімді (бір жылдан кем емес), орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жыл және одан жоғары).
в) Өтелу кестесі бойынша:
жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификациялан
ған несие – ²шар², яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге
қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие).
г) Қамтамасыз етілуі бойынша: қамтамасыз етілмеген, кепілмен қамтамасыз етілген (қолма-қол бағалы қағаздармен, дебиторлық қарыздармен, қорлармен, құрылғылармен, жермен, ғимараттармен), кепілдендірілген, басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат).
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.
2.Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
Информация о работе Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері