Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:30, курсовая работа

Описание

Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері
2.1 Несиенің түрлері
2.2 Несиенің формалары
2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
2.4 Несиенің функциялары және оның экономикадағы маңызы

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары
3.1 Несиелік жүйені құру принциптері
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

несие.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

      Ірі әмбебап банк  өз клиенттері үшін депозиттік  шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз  есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан кредиттерді беру, құнды  қағаздарды сатып алу, сенімхат  бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және “банк маңындағы” қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.Кредиттік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.

      Кредиттік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі.Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кенеюі арқылы.Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кенестік бизнеске және тағы баса енуге тырысады.Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс сауаларына қатыса отырып, кредиттік мекемелердің басқа топтармен тікелей тайталасқа шығады.

       Екіншісі –  банктік емес мекемелердің банктік нарықтарға енуі арқылы.Банктік емес мекемелер қазіргі танда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық-кенестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік-ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.

       Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – кредит мекемелер халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен

компаниялардың жинақтар үшін күрес  өткір сипат алды.

       Бұрын коммерциялық  банктер депозиттер бойынша пайыздың  мөлшерлемесін көтеру сияқты  халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады.Оларға пайыздық мөлшерлемесінің максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған кредиттік мекемелерде шектеулер болмады.Әрине, бұл жағдайда соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды.Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар коньюнктураның жағдайына байланысты белгіленді.Сонымен қатар, АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымның қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастады.

      Ірі  банктік мекемелерге арналған  әмбебаптануға қатысты жалпы  тенденция олардың мамандануының  сақталуымен сәйкес келеді.Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерінде бірдей емес және ерекше дамиды.Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы жөнінде сөз болады.Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарылауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды, олар “ нарықтық нишаларды”, яғни әмбебап немесе ірі банктердің көнілін тарта алмаған қызметтердің бұл түрлерін іздестіруге тырысады.Қайта мамандануға қатысты тенденцияны банктік бизнестегі бәсекеде қолдайды.

      Кредиттеу  обьектілерін ірілендіру жүзеге  асып жатыр.Коммерциялық банктер  өз активтерінің сапасына мұқият  көңіл аудара бастады, өйткені  активтердің сапасын дәл және  дер кезінде бағалау-банктердің

өркенденуінің кепілі.

      Банк  жетекшілері өз активтерінің  сапасын, жаңа кредиттерді ұсыну,  кредиттеу технологиясын, қарыз  алушының кредит шарттарын сақтауын  қадағалайды.

 

2.4 Несиенің  функциялары және оның экономикадағы  маңызы

 

Несиелік қатынастардың  субъектілері өзара мүдделерге негізделген  экономикалық тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады., біртұтас  жүйе ретіндегі  несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе  объектіні  тереңдей тану дәрежесін, яғни оның  мәні, заңдылығын, ашып ақиқат өмірдің ішкі тұрақты , қайталанылып отыратын жалпылама қатынастарын, оның  дамуының  негізгі бағыттарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

1.2-сызба. Несиенің  қызметтерінің жіктелуі.

 

Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін  өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Несие беруші  несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалдық құндылықтарды, ал басқа  жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғамы не берілетін зат әртүрлі. Алайда, заттың нысанының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді: қайта бөлінетін заттың құны өзгереді.

Сонымен, несиені қайта  бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті  тән. Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нысандарына байланысты: аймақаралық, салааралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Қайта бөлуді несие  ресуртарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі байланысты да қарастыруға болады. Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналым және айналым шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде  несиенің қатысуымен жиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Несиені қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айрықша белгілері бар:

 Несиенің  қатысуымен  қоғамның тек бір жылда өндірілген  материалдық игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта бөлінеді;

Несиенің қатысуымен тек ЖҰӨ ғана емес, сонымен бірге, ұлттық табыс, қоғамның барлы ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін.

Несиенің келесі атқаратын  қызметі- нақты ақшаны несие операцияларымен  алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты  ақшаның орнына несие операцияларын  жүргізу үшін қажетті жағдайлар  жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолыз ақшасыз есеп айырысуға байланысты, өзара есептеу бойынша бір шоттан екіншісіне  ақша аудару қолма-қол ақша  төлемін қысқартуға ақша айналымының құрылымын  жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады.

Несие қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер  оның бақылау  қызметін де атап өтеді. Бірақ, бақылау  банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың  саналыда мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.

Несиенің экономиканы  дамытудағы маңызы деп несиені қолдану  әдістерін пайдаланып, мемлекет пен  халық үшін қол жеткізген нәтижелерді  атайды. Несиені қодану әдістеріне оны қайтарып беру, белгілі бір  мерзім аралығында пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.

Қарыз пайызы несиенің негізгі  атрибуты ретінде несие бағасының  иррационалды формасы болады. Қарыз  пайызының абсолютті шамасы қарыз  алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден, пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.

Тауар айырбасы жағдайында қоғам пайызды пайдаланбаған  кезең де болды және тек қоғамдық дамудың белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет. Қарыз пайызының мәнін  оны қарыз капиталын қайтарымды принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын керісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор, яғни қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды. Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

- қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;

- несие мен қарыз  пайызы арасындағы  экономикалық-құқықтық  айырмашылық;

- қарызға берілген  құн мен пайыз төлеу сомасы  қозғалысының әр түрлі бастамасы;

- несие және қарыз  пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны  орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру. Бірінші - қарыз  пайызының үлестіру функциясы - барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.

Екінші функция банктің  кредитор ретіндегі несиелік потенциалының  ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы - алынатын пайызбен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебінен болады.

Кредитор мен қарыз  алушы арасындағы өзара қатынаста  қарыз пайызы пайыздың мөлшерлеме түрінде  болады. Қазіргі уақытта қарыз  сипатына және ұзақтығына несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.

Пайыздық мөлшерлеме  тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады.

 Номиналды пайыздық  мөлшерлеме екі факторға байланысты  қалыптасады: несиелік ресурстарға  деген сұраныс пен ұсыныстың  арақатынасына және инфляция  қарқынына қарай.

 Нақты пайыздық  мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды мөлшерлемеден инфляция  қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың  көзқарасы тұрғысынан нақтылы  пайыздық мөлшерлеме табысының  көзі - несиелеу және инвестициямен  байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: Ағымдық шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлемқабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар) салық, тәуекел үшін төлем, пайда. Мұнда экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер арасындағы өзара байланысы И.Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни

i = r + r*U + U (1)

мұнда:

i - несие (депозит) үшін номиналды пайыздық мөлшерлеме;

r – несие (депозит) үшін нақтылы пайыздық мөлшерлеме;

U – белгілі бір  кезең (бір жыл) ішіндегі инфляция  деңгейі; 

Бұл формулада [г • U + U] сомасы инфляциялық шығынның орнын  толтыру үшін нақты пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шама болып табылады. Бұл  шама инфляциялық сыйақы деп аталады.

Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.

Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:

Қазақстан Республикасында  несие жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саясаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасыңда көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жағдайлары арқылы көрінеді, сондықтан, оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.

Ақыр соңында мемлекеттік  қазыналық міндеттемелер (МҚМ) бойынша  пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік  қазыналық міндеттемелерді сатып  алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға болады:

Т = (НК*ДБ/ДБ)*(365*100/Т) (5)

мұнда:

Т - жылдық табыстылық, %;

НҚ - МҚМ-нің номиналдық құны;

ДБ - МҚМ-нің дисконтталған  бағасы;

Т - МҚМ-нің айналыс  кезеңі, күндері.

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

Информация о работе Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері