Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:30, курсовая работа

Описание

Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несиелік қатынастардың пайда болуы
1.3 Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері
2.1 Несиенің түрлері
2.2 Несиенің формалары
2.3 Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
2.4 Несиенің функциялары және оның экономикадағы маңызы

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары
3.1 Несиелік жүйені құру принциптері
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

несие.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

3 бөлім. Несие қатынастарының заңдылықтары

3.1 Несиелік жүйені  құру принциптері

 

Несиелік  құқықтың  қатнастар  нарық қатысушыларын  да айналымға түсіретін құжаттарға,  ақшаларға, шикізат пен материалдарға деген тұрақты қажеттіліктің  болуымен  байланысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар субъектілер де оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының   осындай қажеттіліктерін  жүзеге асыру үшін заем қатынастарының  нысаны  қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық  қатнастардың  есеп айырысу құқықтық  қатнастарынан   өзіндік ерекшеліктері бар, олар, текті белгілермен анықталатынақшаларды немесе заттарды,  кейін  қайтару шартымен , беруден көрініс  табады. Мұндай міндеттемелердің  заңдық  ерекшелігі  -жеке белгілермен  анықталатын  заттарға қатысты туындайтындарға қарағанда, олар «түр жоғалмайды» қағидасын қолданумен заттың  белгісі бойынша құрастылатындығында.

Несиелеу әр алуан  түрде жүргізілуі  мүмкін. Ол орын  алып отырған  құқықтық қарым-қатнас аясында жүзеге асырылуы  мүмкін, мысалы, несие беруші  борышқорға оның ақшалай немесе  өзге міндеттемесінорындауды  кеінге қалдыру  мүмкіндігін бергенде несиелеудің мұндай  нысаны  коммерциялық  несие атауына ие болған. Кейбір  жағдайларда  несие беруші борышқорға оның міндеттемесін орындауға қажет қаражатты  алдын-ла беріп қояды, мысалы, таурларды кейіннен  олардысатып  алушыға беру мақсатымен сатып алу.

Басқа  жағдайларда  несиелеуге осы үшін арнайы бекітілетін    шарт түрі беріледі. Оларға заем шарты ,соның ішінде банкілік заем шарты, банкілік  салым шарты. Сонымен ,несиелік  құқықтық  қатнастарды  несие  берушінің қайтарымды немесе  уақытша негізде қандай да бір игілікті борышқорға  берумен байланысты қатынастар ретнде сипаттауға  болады. Несиелік қатнастар кқшалай да, натуралды-заттық та сипатқа   ие  болуы мүмкін.

Несиелік қатынастарды реттеудің айқын ерекшелігі  бар. Ол  мемлекеттің  экономикасының  осы маңызды аясын бақылаусыз  қалдырмайтындығына  және Қазақстан Республикасы  Ұлттық  Банктің көмегімен біртұтас  ақша-несие саясатын  жүргізетіндігіне негізделеді. Осыған  орай  несиелік  құқықтың  қатнастарды реттеу  тек қана авзаматтық  құқық   нормаларымен  жузеге асырылады.

Бұл  реттеушілік  , сондай-ақ мемлекеттің  ақша және несие  жүйесінің құрылымын , банкілік операциялардың жузеге  асырылуы  тәртібін , Қазақстан  Республикасы Ұлттық  Банкінің белгіленген  нормативтері  бұзылғанда субъектілердің  жауапкершілігі н  анықтайтын  нормалар әрекетіне  де негізделген. Сол  себептен  несиелік  қатынастарды

реттеу  үшін әкімшілік  ,қаржылық және басқа да құқық салаларының  бірқатар заңды актілері  қолданылады.     

2.1Несиелік  жүйені  құру принциптері.

Нарықтық экономикада  несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы  кәсіпорындардың , ұйымдардың  және халықтың  ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері  жүргізіледі , ол уақытша  бос ақшалай қаражаттарды,  халықтың жинақтары  мен табыстарын  жұмылдырады.және белсенді     түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады,    сондай-ақ көптеген  түрлі  несиелік , сақтандыру , делдалдық, инвестициялық ,сенім , кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:  несилік жұмсалымдардың  жалпыкөлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың  негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі  қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. (6;130)

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы  мен жұмыс  істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа  жағдайында , оның нарықтық қатнастарға өту кезеңінде оларды былайша  тұжырымдауға  болады:елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік  монополия , басқа банктік емес институттарымен   үйлестіре  отыра екі деңгейлі банк жүйесін  құру, елдегі  ақша-несие саясатының бірлігі  , несиелік  мекемелер  торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату,  мемлекеттік  валюталық  монополия,  орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік  монополия ұғымы мемлекеттің  банктердің  құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды  жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық  банк Қазақстан  Республикасы  аумағында банктерді  құруға рұқсат береді және банктер мен олардың  филиалдарын тіркеу  кітабын  жүргізіп  отырады. Рұқсат  беру кезінде Ұлттық банк  жүргізілетін  банктік операцияларщеңберін белгілейді.

Нарықтық  экономика  ерекшеліктері  банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің , олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары    мен түрлері  бойынша көп түрлілігінің Орталық және басқа банктер арасындағы  функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін  тудырады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық  банкі Қазақстан Республикасының  орталық банкі болып табылады  және Қазақстан Республикасы  банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің  әлемдік  тәжірбиесі  көрсетіп  отырғандай , барлық  елдердегі  несиелік институттардың  ішінен   елдің бүкіл несиелік  жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады.Ал олардың басшылық  ролі мемлекет  берген кең ауқымды өкілеттіліктерге  байланысты. Банктердің банк функцияларын , ақша –несие эмиссиясын  жузеге асыруына байланысты орталық  банктер коммерциялық  банктердің , яғни екінші деңгейлі банктердің  қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал етуқұқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жургізуде және өз клиенттеріне  толығымен  дербес  әр түрлі қызметтер  көрсетуде.

Мемлекет  экономикаға  жетекшілік жасай отырып, Ұлттық  банк арқылы бірегей  ақша-несие  саясатын жүргізеді. Бұл принцип  айналыстағы ақша массасының  көлемін реттеу  жолымен ұлттық  валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз  ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық  саясатты  жузеге асыру және оны әлемдік экономикағаинтеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін  қажет.

Несие жүйесінің құрудың маңызды  принципі –несилік  мекемелер торабының  барынша дамуы мен лоарда барлық ақша операцияларының  шоғырлануы.  Соңғысын  шаруашылық  буындарының  бос ақша қаражаттарының  банктерде   сақталуы,  есеп айырысудың қолма-қолсыз  жолмен жүргізілуі деп  түсінуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан  аумағында шамамен 77 банк және  олардың 783 бөлімшелері мен  филиалдары  орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының  несие жүйесінде жинақталуы  несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдіңхалық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік  валюталар  монополия  принципіне ерекше маңыз  береді. Қазақстан Республикасының  «Валюталық  реттеу  туралы» заңында  былай делінген ; «Қазақстан Республикасының  Президенті мен Министрлер  кабинеті өз құзіреті шегінде  валюталық реттеу  саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін  нормативті актілерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі – Қазақстан республикасының  валютасын реттеудің  негізгі  органы болып табылады.

«Валюталық реттеу»  түсінігіне  нормативті  актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға  санкциялар қолдану керек. Ұлттық  банк валюталық реттеу функцияларын жузеге асырады.

Бұл принцип –ел тәуелсіздігін  сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Орталық банктің автономиясы  егемен  елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен  байланысты шешімдерді қабылдау  кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан  тәуелсіз.

Ұлттық  банк тек Қазақстан  республикасы  Президентіне ғана есеп бере алды.

Кей жағдайда бұл Республиканың  ұзақ мерзімді міндеттерінің қозғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің  қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы  жағдайынды Ұлттық  банктің  несиелік ресурстарын осы  тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады , ал бұл ақша айналымынының  тұрақтылығын  бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.  

Орталық  банк елдегі ақша-несие саясатының капиталы мемлекет иелігіне , алайда акционерлер ретінде  коммерциялық банктер бола алады. Оларда  да  орталық банктер  атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке  ғана есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы  Батыс Германияда, АҚШ –та заң  жүзінде бекітілген. Батыс Германияның  банк жүйесі туралы заңында , Орталық  банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы  тиіс, алайда оның тұрақты  ақша айналысын сақтау мақсаттарына  қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.

АҚШ –тың несие жүйесінің  жоғары органы  болып табылатын  –Федералды резерв жүйесінің мүшелерін  - сенаттың  мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо  алдында есеп беріп отырады.

Біздің  еліміз бен  шет елдердегі несие жүйесінің  автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты  дамуын қамтамасыз  ету мақсатында ақша-несие жәнне валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің  негізгі жағдайы бюджетке қатысты  мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын  пайдалануына шек қоюдың принципиалдық  мәні бар.

Президенттің   «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы»  заң күші бар жарлығында былай  деп жазылған: «  Жүргізіліп отырған  мемлекеттік  ақша –несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қарж жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін  қамтамасыз  ету мақсатында Ұлттық банк:

а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

ә) осы  шоттар  бойынша  үкмет  жәрдемімен  ашылған  Қазақстанның  халқаралық  ұйымдарда    мүшелігімен  байланысты    жазылымдар  мен  басқа  да    төлемдермен  қатысты  өзара  келісімен   шарттарымен  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министірлігіне  қосмша  несиелер  береді.

Осылайша  Үкімет,  Ұлтық  баніктің  басқа  да  клиенттері  тәрізді  әрібір  несие  бойынша  қайтарымдылық    мақсатты  сипатының  мерзімділігі   және  төзімділік   шаттарына  сәйкес   келетін  келісім  негізінде  қарыз  алады.

   Үкімет  әр бір  несие  бойынша  нарықтық  пайыздық  мөлшерлемерлері   бар  тапсырылатын  бағалы  қағаздар  шығарады.  Оларды Ұлттық  банктен  өтеп  алу  мерзімі  алты  айдан  аспауы  тиіс,  бірақ  бұл  мерзімді   Қазақстан  Республикасы Парламенті  жыл  аяағына  дейін  ұзатуы  мүмкін.

АҚШ, Жапония, Англия, Канада  және  басқада  елдерде  іс  жүзінде  үкметті  тікелей  несиелендіру жоқ: Германия, Голандия; Францияда  заңмен  шектелген, Австрияда  үкметтік  несиеден  заң  алтын  және  конвертацияланатын  валютамен  100пайыз  қамтамасыз  етілуі  талап  етіледі. (6.151)

 

 

                          3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету – жалпы экономиа дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғарғы тәуекелділікпен ерекшелінеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі - банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайды. Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің де рөлі маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметін ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР-сы Президентінің № 1720 "ҚР-ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы" жарлығына сәйкес бірқатар езгерістер болды. Атап айтқанда ҚР Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агентікке жүктелінген болатын. ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін - банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар :

- Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

- Банктер қызметінің  сенімділігін қамтамасыз ету. 

Мысалы, бір қарыз алушыға  берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты мақсаты  – несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады.

- Жалпы экономикаға  әсер етуіне байланысты несиенің  кейбір түрлерін шектеу немесе  қолдау көрсету.

Несиелік тәуекелді  реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі – 2002 жылы 3 маусымдағы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже. Атап айтсақ, оның ішінде: «Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті» және «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері».Меншікті капитал банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капиталдың жиынтығы ретінде есептелінеді.

Информация о работе Несиенің түрлері және оның пайда болу негіздері