Салықтық бақылаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 06:46, дипломная работа

Описание

Экономиканың тұрақты дамуы үшін мемлекет межелеген стратегиялық бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Оған қол жеткізуде бюджет бүйірінің бүлкілдеп тұрғаны аса маңызды. Ал бюджетке салықтың уақтылы түсіп отыруын және түсімдер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ету салық органдарының жұмысымен тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе
І. Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде......................................................................
Салық жүйесі: түсінігі, құрылымы және құру принциптері.......
Салық органы қызметін ұйымдастыру......................................
Салық бақылау және оны жүргізудің негізі...............................
ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің қазіргі жағдайы..........................................
2.1 Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы..................................................................
2.2 Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау............................
2.3 Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау..........................................................................
ІІІ Бөлім. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметін жетілдіру............................................
3.1 Салықтық бақылаудың шетелдік озық тәжірибесі.....................
3.2 Салықты бақылауды жүргізу тиімділігін арттыру....................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Айка диплом.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

     Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексерудi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералдық бақылауды жүргiзу кезiнде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндiру және олардың айналымы процесiне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi салық төлеушiлердi тексеру де қарсы тексеру болып табылады;

     4) қосымша тексеру - салық төлеушiнiң  шағымында жазылған мәселелер  бойынша салықтық тексерудiң нәтижелерi  бойынша салық төлеушiнiң шағымын  қарайтын немесе резидент еместiң қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңдылығына қатысты мәселелердi қайта қарау туралы өтiнiшiн қарайтын салық қызметi органының шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн тексеру.

     5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда: 

     1) салық төлеушiлердiң салық органдарында  тiркеу есебiне қойылуы; 

     2) фискальдық жады бар бақылау-касса  машиналарын қолданудың дұрыстығы; 

     3) бiржолғы талонның және өзге  де рұқсат ету құжаттарының болуы; 

     4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізеді. 

     6. Хронометраждық зерттеудi салық  органдары салық төлеушiнiң нақты  кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты  нақты шығындарды анықтау мақсатымен  жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу  уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi. 

     7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қзақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс. 

     8. Салық органы заңды тұлғаның  өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне  қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

     Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi

     1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi: 

     1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес; 

     2) тақырыптық - салықтың және бюджетке  төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Салық кодексінде белгiленген мiндеттемелердi орындау және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.

     Шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн тақырыптық салықтық тексеру жылына бiр реттен артық жүргiзiлмейдi. 

     Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi

     1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн  салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

     2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды  тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн. 

     3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру  кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады. 

     4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi  құжаттарды тапсыру туралы салық  органының талаптарын салық төлеушiге  беру кезi мен салық тексеруін  жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уағыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.

     Салықтық  тексеру мерзiмiнiң iшiнде халықаралық  келiсiмдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметi органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерiнiң арасындағы уақыт кезеңiнде де тоқтатыла тұрады.  

     5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң  мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртiбiне сәйкес белгiленедi.

     Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi:

     1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:

     1) нұсқаманың салық органында тiркелген  күнi мен нөмiрiн;

     2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

     3) салық төлеушiнің толық атауын;

     4) сәйкестендiру нөмiрiн;

     5) тексеру түрiн;

     6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;  

     7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;

     8) құжаттық тексерулер кезiндегi тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады. 

     2. Рейдтiк тексеру тағайындалған  кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. 

     3. Тақырыптық, қосымша, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада: салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi; мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi; банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Салық Кодексінде белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi; трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi; акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi; салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.

     4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс. 

     5. Салық Кодексінде көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, Салық кодексіне сәйкес тексеру жүргiзуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесiнiң аты көрсетіледi.

     6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана  салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.

     Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы:

     1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық  тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi. 

     2. Салық органының салық тексеруiн  жүргiзушi лауазымды адамдары  салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi. 

     3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды. 

     4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде  салық төлеушiге танысу үшiн  нұсқаманың түп нұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түп нұсқаға белгi қойылады. 

     5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң)  нұсқаманы алудан бас тартуы  салық тексеруiн жүргiзудің күшiн  жоюға негiз болып табылмайды. 

     6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңiндегi салық есептiлiгiне салық төлеушiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.

     Камералдық  бақылау

     1. Камералды бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептiлiгiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.

     2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады. 

     Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы

     1. Салық төлеушiлер мониторингi салық  төлеушiлердiң нақты салық салынатын  базасын анықтау және тауарлардың  (жұмыстардың, ќызмет көрсетулердiң) үзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады. [2.280-287]

     Мемлекеттің де, салық төлеушілердің де мүдделеріне сәйкес үкімет және тиісті атқарушы органдар салықтарды төлеудің дұрыстығы мен уақтылығын үнемі бақылап отыруы қажет.

     Салықтық  бақылау тек Қаржы министірлігінің  құзыры арқылы, нақты айтсақ оның Салық  комитеті мен салық органдары арқылы жүзеге асырылады.      
 

     ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қыметінің қазіргі жағдайы 

     2.1 Қазақстан Республикасының  Салық органдары  қызметінің қалыптасуы  мен дамуы  

     1990 жылы Қазақ ССР Қаржы Министрлігінің 1990 жылғы 16 наурызындағы № Л-46 бұйрығының негізінде Мемлекеттік кіріс бөлімі Мемлекеттік салық инспекциясы болып өзгертілді және Целиноград қаласы бойынша салық инспекциясы құрылды. 

     1991 жылдың шілдесінде – Қазақ ССР Президентінің «Қазақ ССР-де Мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Қаулысы шықты,  осы қызметте өз бетінше қаржылық институт статусы берілді.

     1993 жылдың наурызында – ҚР «ҚР  ҚМ салық қызметі туралы» Заңы  енгізілді, бұл салық қызметі  органдарының ҚР салықтық саясатын жүргізудегі статусын, құзіретін, міндеттері мен жауапкершіліктер әрекетінің құқықтық негіздерін анықтады.

     1995 жылдың сәуірінде – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік салық инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Бас салықтық инспекциясы болып өзгертілді. 1995 жылдың 1-ші шілдесінен біздің еліміз үшін маңызы қиын бағаланатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы қабылданды.

     1996 жылдың қыркүйегінде – ҚР Үкіметінің  № 1181 «ҚР Мемлекеттік салық комитеті туралы Ереженің бекітілуі туралы» Қаулы қабылданды.[22]

     Қазақстан Республикасының дербес салық қызметі  ұйымдастырылған күннен бастап біздің егеменді мемлекетіміздің салық  жүйесінің құрылуы бойынша және оларды әрі қарай жетілдіру бойынша  белгілі бір жұмыстар жасалды. Салық кодексін қабылдағаннан бастап салықтық қатынастардың реттелу деңгейі анағұрлым ұлғайды. Салық сандарының және түрлерінің едәуір қысқартылуы мен олардың бюджетке түсу механизмі істің жағдайына қолайлы болды, ол салық ауыртпалықтарының жеңілдеуіне әсер етті.

     Салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ережелер мен шарттар негізінде заңды тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есеп айырысуларын, декларацияларын, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және бюджетке төлеуге байланысты құжаттарын тексереді, сондай-ақ осы тексеру барысында туындайтын мәселелер жөнінде ұйымдардың лауазымды адамдарынан, басқа да қызметкерлерінен және азамттардан анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады.

Информация о работе Салықтық бақылаулар