Салықтық бақылаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 06:46, дипломная работа

Описание

Экономиканың тұрақты дамуы үшін мемлекет межелеген стратегиялық бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Оған қол жеткізуде бюджет бүйірінің бүлкілдеп тұрғаны аса маңызды. Ал бюджетке салықтың уақтылы түсіп отыруын және түсімдер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ету салық органдарының жұмысымен тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе
І. Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде......................................................................
Салық жүйесі: түсінігі, құрылымы және құру принциптері.......
Салық органы қызметін ұйымдастыру......................................
Салық бақылау және оны жүргізудің негізі...............................
ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің қазіргі жағдайы..........................................
2.1 Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы..................................................................
2.2 Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау............................
2.3 Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау..........................................................................
ІІІ Бөлім. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметін жетілдіру............................................
3.1 Салықтық бақылаудың шетелдік озық тәжірибесі.....................
3.2 Салықты бақылауды жүргізу тиімділігін арттыру....................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Айка диплом.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

     IRS жұмысының басты мақсаты салықтық міндеттерді ерікті орындаушыларды ынталандыру. IRS Қазыналық Департаменттің бір бөлімі болып табылады. Штаттық саны 109 мың қызметкер. Түсімдері – 2 триллион АҚШ долларын, жыл сайынғы декларациялады өңдеуі 224 трлн. құрады. Қызмет көрсету шығындары әрбір 100 доллар салықтық түсімдеріне 48 центті құрайды.

     АҚШ-та салық жинақтары мына бөлімдері бойынша жинайды:

     1) Федералдық салықтарды IRS жинайды;

     2) Муниципалдық ( жергілікті) салықтарды муниципалитет және салықтық басқару жинайды.

     Басқа жағынан, АҚШ-тың салық органдары  салық қызметіне үлкен жұмыс  жасайды, өз еркімен салық міндеттерін  атқару, яғни Call-орталықтары көмегімен салық төлеушілерді ағарту және консультация (кеңес) беру, ассоциациялармен тығыз жұмыс жүргізу, салық декларациясын құрайтын буклеттерді тегін тарату және т.б.

     Екінші  жағынан, салық төлеушілер арасында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар қатаңдықпен ерекшеленеді. Сонымен жауапкершілік шаралары мемлекетке келтірілген зияндығы мөлшерімен емес, бұзушылық мінезімен анықталады. Жауапкершілікке тарту шаралары қолдану жеңілдетіледі. Мысалы, салық төлемегендігі үшін бұл төлеші әкімшілік жазаға тартылады. Слықтарды төлемеу, банкте үшін бұл салық төлеушінің әлсіздігін көрсетеді, яғни ешқандай несие бермейді.

     Сонымен қатар, IRS құрылымында қылмыстық тексеру бөлімі бар, ол құқық қоғау органдарымен теңестіріледі, олар салық қылмыстарының шешудің, сонымен қатар нашақорлықпен, жезөкшелікпен және ақша тасалаумен байланысты барлық ақпараттарына рұқсаты бар. Мұның нәтижесінде салық міндеттерінен бас тартып жатқандарды жазаға тарту жұмысы жеңілдейді және салық құпиясы сақталады.

     Салық органданры көп құқықтарына ие. Нақты  айтсақ, декларациялар бойынша камералдық тексеру нәтижесінде табылған қателіктер бола, инспектор өз бетімен қосымша үстеме төлем салуға мүмкіндігі бар және салық төлеушінің салық міндеттері жайлы мәлімет береді. Егер салық төлеуші декларациясын көрсетпесе, бірақ басқа дерек көздерінен бұл салық төлеушінің қосымша салық жазуға мүмкіндігі бар. Егер салық төлеуден бас тартатын болса салық органдары мүлікке айып салады және салық сатушылар бағалап мүлікті сатуға құқығы бар.

     Басқаша алсак, инспектор жазған қосымша салық төлеу жөнінде дәлелдерді салық төлеуші аппеляцияға бере алады.

     Алайда  негізінде салық міндеттерін  өлеу жөнінде дәлелдерді салық төлеуші  беруге міндеті.

     Салық органдары жұмысшылыраның жоғары рейтингі жұмыс жалақысының жоғры болғандығымен  тікелей байланысты IRS жүйесінде көп баспалдақты жалақы төлеу жүргізіледі, бұл жұмыстың қиындығында байлнысты жалақы тағайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өткен жыл бойынша үстеме ақша беріледі.

     IRS жанында омбудсмен институты ұлттық салық төлеушінің заңгері бар, олар мемлекеттік қызметпен байланысты емес, Қазыалық хатшысымен тағайындалады АҚШ конгресіне 2 рет жылына есеп береді. Сол есебінд өз жұмысы жөнінде есеп береді, сонымен қатар салық органдарының жүйелік мәселелерін қарастырады және оларды шешу жолдарын ұсынады, оған қоса IRS-ті қосымша қаржыландыру ұсынады.

     Омбудсмен салықшы жұмысына егер нормативтік ережелерде процесіне жұмысы сала алады. Мұны салушының жұмысын бағалау нәтижесінде жүргізеді.

     Салық органдары салық төлеушілердің өрісін өсіру жөнінде саясатты ойланып баппен жүргізеді. Мемлекет бюджетіне түсетін қаржының үлкен үлесі жеке тұлғалар үлесінде болғандықтан кіріс жөніндегі декларацияларды толтыру жөнінде шаралар қолданылады.

     Салық төлеушілерді ағартуды Бұқаралық ақпарат  жүйесі арқылы жүргізеді методикалық  пособие және телефон арқылы кеңес  береді.

     Белгілі бір салық төлеушілерге декларация төлеу жөнінде орталықтарда «Клиника для малоимущих» бюджетік бағдарламасы шегінде жүргізеді. Телефон бойынша тек декларацияны толтыру жөнінде мәлімет алуға болады, ал бұл сұрақтарға жауап беретін салықшыларда алдын ала дайындалған жауаптар беріледі.

     Осылайша  мемлекет бәсекеге түсе алатындай жағдай туғызады, бірақ сонымен қатар  олардың жұмысының заңдылығын қадағалауға  болады.

     Мемлекет  юджет шығындарға сараңданбайды, егер бұл шығындар салық органдарының техникалық қауіпсіздігіне немесе салық төлеушілерді ағаартуға жұмсалса, алайда салық төлеушілерден барлық салықтарды жинауды талап етеді.

     Жыл сайын IRS қызметіне жұмысқа тұрарда алдын-ала дайындықтан өту қажет.

     Осындай үлкен шығындарға қарамастан АҚШ  салық органдарының жұмысының тиімділігі өте жоғары. Осылайша орта есеппен әрбір 100 доллар төленген салықтың 48 %-ті шығындарға жұмсалады.

     Қазақстан Респуликасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің председателі Н. Рахметовпен болған отырыста іссапардың жұмысы барысындағы рекомендациялар талқылауға салынып Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылды. 
 

3.2 Салықты бақылауды  жүргізу тиімділігін  арттыру 

    Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауға жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендегі төменгі шарттарда байқалады.

  • салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;
  • салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен;

      - салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр.

     Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою.

     Экономиканың  тұрақты дамуы үшін мемлекет межелеген  стратегиялық бағдарламалар мен  жобалар дер кезінде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Оған қол жеткізуде бюджет бүйірінің бүлкілдеп тұрғаны аса маңызды. Ал бюджетке салықтың уақтылы түсіп отыруын және түсімдер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ету салық органдарының жұмысымен тікелей байланысты.

     Біз жұмыс тиімділігін арттыру тұрғысында негізгі үш стратегиялық бағытты  айқындап отырмыз. Біріншіден, ол –  салықтар мен өзге де төлемдердің  бюджетке толыққанды түсуін қамтамасыз ету. Бұл құлаққа үйреншікті сөз  сияқты естілгенімен, біздің міндетіміз кәсіпорындардың салықты қалай төлеп жатқандарын қарап қана қоймай, сонымен бірге көлеңкелі экономиканы ашып, жұртты салық төлеуге міндеттеу екенін ескергенде, бұл ұғымның мағынасы кең. Екінші бағыт – салық төлеушілердің салық органдары жұмысына деген қанағаттанушылығын барынша қамтамасыз ету. Бұл ретте біздің халыққа салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), анықтамалар, көшірмелер тәрізді көптеген құжаттар беретінімізді де ұмытпау керек. Үшінші – салық қызметі органдары қызметін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесін құру. Бұл үш міндет бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да салық комитеті тиімділігі жоғары басқару жүйесі бар, салықтар мен басқа да төлемдердің бюджетке толыққанды түсуін және салық төлеушілердің өз жұмысына деген барынша қанағаттанушылығын қамтамасыз ететін орган болуы керек.

     Корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін  енгізу қажет дей отырып алға басу жолын Мемлекет басшысы белгілеп берген. Бізде ең әрі кеткенде нақты  өлшемделген 7-8 стратегиялық мақсаттар болуы керек, содан кейін қол жеткізілуге тиіс көрсеткіштер алға қойылады. Корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесінде оны теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі деп атайды. Салық органдарының жұмысы ішкі жалпы өнімге қатысты жиналған салықтардың санына сәйкес бағаланады. Сондықтан біз алдымызға 2010 жылға қарай бұл көрсеткіш ІЖӨ-нің 26 пайызынан кем болмайды деп мақсат қойып отырмыз. 2006 жылдың қорытындысы бойынша ол сан 22,8 пайызды құрады. Салық ставкаларын төмендетудің күтіліп отырғанына қарамастан, біз осы мақсаттарға қол жеткізбек ниеттеміз. Өйткені, біз резервтердің бар екенін жақсы білеміз. Екінші стратегиялық мақсат – салық төлеушілердің кем дегенде 90 пайызы салық органдарының қызмет көрсетудегі жұмыс сапасына қанағаттанатындай дәрежеде ашықтық ахуалын қалыптастыру. [25]

      2007 жылы 2008-2012 жылдарға арналға ҚР  салық қызметінің даму стратегиясы  бекітілді. Басым бағыттар белгіленді  және нақты мақсатты көрсеткіштер  айқындалды:

      1. салық органдарының құзыретіндегі салық түсімдерінің ЖІӨ-ге қатынасын салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен 5 проценттік тармақтарға ұлғайту;

      2. Салық органдарының жұмыстарына қоғамның қанағаттануын 90%-проценттік деңгейге жеткізу.

     Одан  басқа, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауына (Астана, 2007 жыл 28 ақпан) сәйкес жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымдарын құруға қатысты ҚР салық қызметі органдарын дамытудың басым бағыттарының бірі тиімділігі жоғары салық қызметін құру айқындалды.

     Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

     Қолданыстағы  Салық кодексі экономикалық өсуде  оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Салық кодексінде үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.

     Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

     Жаңа  Салық кодексі салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

     Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс. [1] 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  келгенде, Республикамыздағы салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе отыр, жалпы салық жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру керек. Атап айтқанда:

  1. Салықтық бақылаудың қатаң әділ болуын, оның тұрақтылығын, тек фискалдық сипатта емес, тартымдылық сипаты басым болуын ойластыру;
  2. Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау барысындағы қателіктерінің себебін ашып, салық органдарының қызметіне қиындық туғызатын мәселелерді шешу;
  3. Алдын-ала бақылау түрін дамытып, салықтық құқық бұзушылықтардың болуына жол бермеу немесе алдын алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру;
  4. Бір мекеменің қайта-қайта тексеріліп, екіншісін елеусіз қалдыруды болдырмау;
  5. Салықтық бақылауды реттеуші заңдылықтарға енгізілетін өзгерістер жобасын ең төменгі сатыдағы салық органы қызметкерлерінің жоғарыға берген ұсыныстары негізінде жасау;
  6. Салықтық бақылауды жүргізуші мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлу, атап айтар болсақ, жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандарға міндетті түрде кем дегенде 2 жыл стажировкадан (өтілдеме) өткеннен соң ғана жұмысқа алынуы;
  7. Қаржы Министірлігі жанынан оқу орындарының оқытушы-ғылыми қызметкерлері мен салық инспекторларынан  біріккен ғылыми-тәжірибелік кеңес құру, сол арқылы арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мамандарға тікелей осы заманғы салық маманы болып шығатындай етіп жағдай жасау;
  8. Тексеру кезеңдерін қайта қарап, салық бақылауының заңнамасына өзгеріс енгізу керек.

        Қазақстан Республикасының Президенті  кіші және орта бизнестің субъектілерін,  мұнай, газ, құрылыс және басқа да саласындағы компаниялардың көбеюіне көп көңіл аударады. Осыған байланысты салық түсімдерінің жылдан жылға өсуде.

     Салықтың  түсімдері 2006 жылда 1280433752  мын теңге, 2007 жылда 1621664278 мың теңге құрады және 2008 жылда болжау бойынша 2209284565 құрайды.

Информация о работе Салықтық бақылаулар