Салықтық бақылаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 06:46, дипломная работа

Описание

Экономиканың тұрақты дамуы үшін мемлекет межелеген стратегиялық бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Оған қол жеткізуде бюджет бүйірінің бүлкілдеп тұрғаны аса маңызды. Ал бюджетке салықтың уақтылы түсіп отыруын және түсімдер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ету салық органдарының жұмысымен тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе
І. Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде......................................................................
Салық жүйесі: түсінігі, құрылымы және құру принциптері.......
Салық органы қызметін ұйымдастыру......................................
Салық бақылау және оны жүргізудің негізі...............................
ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің қазіргі жағдайы..........................................
2.1 Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы..................................................................
2.2 Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау............................
2.3 Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау..........................................................................
ІІІ Бөлім. Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметін жетілдіру............................................
3.1 Салықтық бақылаудың шетелдік озық тәжірибесі.....................
3.2 Салықты бақылауды жүргізу тиімділігін арттыру....................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Айка диплом.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

     Салық комитеті

     1. Салық кодексіне салықтық әкімшіліктендіруді  оңайлатуға және салықтық тәртіпті  күшейтуге бағытталған өзгерістер  мен толықтырулар енгізілді.

     2. Салықтық тексеру жүргізуге салық  төлеушілерді автоматтандырылған  іріктеу тәртібі әзірленді.

     3. 2004 жылдан бастап салық органдарының ақпараттық жүйелерді қолдана отырып салықтық әкімшіліктендіруді жүзеге асыру шеңберінде салық төлеушілер ұсынатын ҚҚС бойынша салықтық есептілік негізінде олардың салықтық міндеттемелерді орындауын камералдық бақылау жүргізіледі.

     4. Мүдделі мемлекеттік органдар (Қазақстан  Республикасы Бас прокуратурасы,  Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы министрліктері және Қазақстан  Республикасы Ақпараттандыру және  байланыс агенттігі) әрбір мүдделі  мемлекеттік орган үшін аталған  іс-шараны орындау мерзімін көрсете отырып жалған кәсіпкерлікті тіркеудің алдын кесу мақсатында Мемлекеттік дерекқор шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың жеке санаттары бойынша мәліметтер беру тетігі бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттері жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті.

     5. Жеке тұлғалардың бюджетке салық  төлеу мүмкіндігін банкоматтар,  ақпараттық киоскілер желісі, Интернет  – банктер порталы арқылы іске  асыру бөлігінде екінші деңгейдегі  банктермен өзара іс-әрекет жөнінде  жұмыс жүргізу.

     6. ҚР Қаржы министрлігі Салық  комитетінің жер қойнауын пайдалануға  арналған келісім-шарттар негізінде  Қазақстан Республикасында қызметін  жүзеге асыратын ең ірі кәсіпкерлермен  жұмыс жөніндегі мамандандырылған  бөлім құрылды.

     Осы бөлім фискалдық мониторинг тиімділігін арттыру және ірі салық төлеушілерден түсетін салықтық түсімдерді тексеру қажеттілігі мақсатында құрылды, бұл «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан болатын.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚР ҚМ СК-нің Мамандандырылған бөлімі атынан жер қойнауын пайдалану саласындағы  келісім-шарттарды қайта қарау  жөніндегі мәселені өзінің алдына қоймайтынын  атап өткім келеді, алайда, біздің мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және заң алдында барлығы да тең конституциялық принципті сақтау үшін барлық заң күшін салу қажет деп санаймыз. [23]

     7. «ҚР Салық төлеушісінің хартиясы»,  «ҚР салық органдары қызметкерлерінің кәсіби этика кодексі» және аумақтық салық органдары қызметтерін рейтингілік бағалау бекітілді.

     8. 2006 жылдың 9 айы ішінде өткен жылмен  салыстырғанда қылмыстық жауапкершілікке  тартылған салық органдары қызметкерлерінің саны 34%-ға төмендеді.

     9. 2006 жылғы шілдеден бастап салық органдары мүлікті жария ету жөнінде акция жүргізеді. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша (қоса алғанда) салық органдарына 14 745,3 млн.теңге сомасына мүлікті жария етуге арналған барлығы 38 469 өтініш келіп түсті.  Іс жүзінде 14432,7 млн.теңге сомасына 36 745 өтініш бойынша мүлік жария етілді. Барлығы бюджетке 1 712,2 млн.теңге түсті. 
 

     2.2 Салық органдарның  салықтарды дұрыс  есептеу мен уақытылы  төлеуге жүргізетін  бақылау нәтижелеріне  талдау 

     Салықтық  бақылау заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әдіс болып табылады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатындықтан, мемлекет нормативтік – құқықтық актілерде көрсетілген жағдайларды тиісті органдардың орындауына мүдделі. Салықтық бақылау бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуші құралы деп те айтуға болады.

     Салықтың  түсімдері 2006 жылда 1280433752  мын теңге, 2007 жылда 1621664278 мың теңге құрады және 2008 жылда болжау бойынша 2209284565 құрайды (Қосымша А).

     2008 жылдың салықтық түсімдерде корпорпциялық табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің едәуір үлесі бар.

     Салық органдары корпорациялық табыс салығын төлеуге тартқан салық төлеушілердің өсуі байқалуда, олардың саны 2006 жылы - 118325,  2007 жылы – 135935 құрады.

     2008 жылы корпорациялық табыс салығы бойынша болжам 1013578900 мың теңге құрайды,  2007 жылы 785000000 мың теңге, 2006 жылы 556668300 мың теңгені құрады.

     Қосылған  құн салығы бойынша болжам 883048712 мың теңге сомасында есептелді бұл ЖІӨ-ге 5,8 %-ды немесе салық ставкасын 14 %-дан  13 %-ға дейін азайтуды ескеріп, күтілеті атқаруға 127,3 %-ды құрайды, 2007 жылы 693878300 мың тенгені, ал 2006 жылы 489553711 мың теңгені құраған (1-сурет).  

      

1-сурет   Салықтық түсімдер

     2008 жылға арналған акциздер бойынша болжам 29096665 мың теңге сомасында белгіленеді немесе бағалауға қарағанда өсу 30,6 %, оның ішінде импортталатын тауарларға болжам еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында көзделген макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес 27552914 мың теңгені құрады, ал 2007 жылы 22279222 мың теңгені, 2006 жылы 15799462 мың тенге болды.  

     Табиғат және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша болжам 52927835 мың теңге сомасында белгіленеді. 2007 жылы 59174082 мың теңге құраса,  2006 жылы 36217030 мың теңгені құрады (2-сурет).

     Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар 2006 жылы 836501 мың теңгені құраса, 2008 жылға арналған болжам 2007 жылғы бағалауға қарағанда (949407 мың теңге) 2 есеге өсе отырып 2015866 мың теңге сомасында белгіленеді. 
 
 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 

      2-сурет   Түсүмдердің  2006 жылғы көрсеткіштер 

     Айтарлықтай түсімдер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтадағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республкасының Үкіметі қаулысының жобасына сәйкес автокөлік құралдрымен Қазақстн Республикасының аумағымен жүргені үшін алынатын алымдар бойынша көзделіп отыр. Бұл жобада 1000000 мың теңге сомасында қосымша түсімдердің түсуін көздейтін алым ставкасын арттыру ұйғарылып отыр.

      Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға  салықтар бойынша 2006 жылы 109856835 мың теңге болса, 2007 жылы 163030000 мың теңгені құраған, 2008 жылға арналған болжам бойынша 217423245 мың теңге сомасында белгіленеді, бұл ағымдағы жылдың күтіліп отырған түсіміне 133,4 % және ЖІӨ-ге 1,4 %-ды құрайды.

     Халықаралық саудаға және операцияларға салынатын  басқа да салықтар 2006 жылы 1161148 мың теңге болса, 2007 жылы 14400000 мың теңгені құрады, ал 2008 жылы бойынша кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер бойынша 18487642 мың теңге көлемінде белгіленеді.

     Басқа да салықтар 2006 жылы 19983 мың теңгені құраса, 2008 жылға арналған болжамы бойынша 10000 мың теңге сомасында 2007 жылғы түсімдер деңгейінде белгіленеді.

     Тұтастай  мемлекеттік баж бойынша 2006 жылы 7731380 мың теңгенң құраса 10654317 мың теңге сомасында 2007 жылғы түсімдерді бағалау кезінде айлық есептік көрсеткіштің 7 %-ға өсуін ескере отырып, 2008 жылға болжамы 11183342 мың теңге сомасында белгіленеді.

      Келесі  3-суретте салықтық түсімдердің негізгі көздері жөніндегі деректер келтірілген. Әдеттегідей ең ірісі КТС пен кедендік төлемдер мен салықтар болып табылады. 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дерек көзі www.nalog.kz 

    3-сурет Мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің атқарылуы 

      Кедендік  әкімшілік жүргізу туралы өткен  жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда  теңгемен көрсетілетін импорттың 47,1 %-ке өсуі кезінде жеңілдіктерді және мерзімді кейінге қалдыру мен  ҚҚС ставкасын 15%-тен 14%-ке дейін төмендетуді  ескере отырып, төлемдерді есептеу сомасы 51,3%-ке өсті.

      Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда  ішкі өндіріс тауарларына салынатын  ҚҚС бойынша түскен түсімдер 28,6 млрд. теңгеге азайды, мұның өзі нольдік ставка бойынша ҚҚС-ті өтеу сомасын ұлғайтуға байланысты болды. Қаңтар-наурыз айларындағы бюджеттен өтеу 48,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың дәл осындай көрсеткішінен 32,7 млрд. теңгеге артық (2007 жылдың 1-тоқсанындағы экспорт көлемі 10,1 млрд.АҚШ долларын, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде – 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады) 1-кесте.

      Мемлекеттік бюджет бойынша толық төленбеген төлемдер 50,7 млрд. теңгені құрады қолма-қол  ақшаға айналдыратын фирмалардың, жалған кәсіпорындардың, шетелдік компаниялардың және «Семей су» АҚ-ның үлесіне  тиесілі, 16,6 млрд. теңге әрекет етпейтін және жоқ борышкерлердің толық төлемеген төлемдері (кәсіпорындар декларацияларды бос бағандармен тапсырады,

                                                                                          1-кесте

      2006-2007 жж. I токсанда ҚҚС-тің түсуімен оны өтеу жөніндегі салыстырма кесте

млрд.теңге

  2006 жылы І тоқсандағы факт 2007 жылы

І тоқсандағы факт

Ауытқу Өсу қарқыны, %-бен
ҚҚС барлығы, соның ішінде 120,6 112,8 -7,8 93,5
ІӨТ ҚҚС 54,8 26,2 -28,6 47,8
Импортқа  ҚҚС 65,8 86,7 20,9 131,7
ҚҚС өтелді 15,7 48,7 32,7 308,3

Дерек көзі www.salyk.kz 

      90-ыншы  жылдары ашылған шағын жеке  кәсіпорындар салық есептілігін ұсынбайды. Қолма-қол ақшаға айналдыратын фирмалардың, жалған кәсіпорындардың қызметтеріне тыйым салу және қосымша есептеу жөніндегі жұмысты жандандыру нәтижесінде тексеру қорытындылары бойынша толық төленбеген төлемдер 2,8 млрд. теңгеге артты. 2-кесте.

      Толық төленбеген төлем үлесінің ең үлкені Ақтөбе облысына жатады, ішкі өндіріс  тауарларына салынатын ҚҚС бойынша 1,5 млрд.теңгеге, КТС бойынша 1,7 млрд.теңгеге ұлғайды.

      Толық төленбеген төлемнің әрі қарай өсуіне жол бермеу мақсатында төлемейтін кәсіпорындардың  шоттары меншік нысанына қарамастан автоматты түрде жабылатын болады (бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылылды және қолданысқа енгізілуі шамамен 2007 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады). Инкассалық өкімді шығару және екінші деңгейдегі банктердің банк шоттарын ашуы мен жабуы бойынша салық органдарының екінші деңгейдегі банктермен электрондық өзара іс-қимылын енгізу жөнінде жұмыс атқарылып жатыр. 

                                                                                           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                      2-кесте

      2007 жылғы 1-сәуірдегі жағдай бойынша  өңірлердің бөлінісінде мемлекеттік кірістердің барлық түрлері бойынша бересінің өзгеруі

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Дерек көзі www.salyk.kz 
 

2.3 Салық органдарының  экономикалық-бақылау  қызметінің тиімділігін  бағалау 

     Салықтық  тексерiстiң тиiмдiлiгiне талдау салық  органдарындағы бақылау қызметiнiң жетiлдiрiлуi бойынша ұсыныстарды әзiрлеу үшiн қажет.

     Талдауды  өткiзуде келесi көрсеткiштер қолданады: есепке қойылған заңды тұлғалар салық төлеушiлер саны, тексерiспен айналысушы оперативтi жұмыс алынған ұйғарымдармен келiсiлген 2007 жылдың 6-айына Өткiзiлген тексерiстер саны, заңды бұзушылықтың анықталғандығы салық төлеушiлердiң саны; тексерумен бөлiнген салық төлеушiлердiң соммасы; салық төлеушiлердiң өтiнiшiнiң қарастырылу нәтижесiндегi төлемдердiң азаю соммасы. №2-Н формасындағы есептiк деректер бойынша «Аймақтық салық органдарының бақылау жұмыстарының нәтижелерi туралы» жалпы мемлекет бойынша 35 724 290,6 мың теңге бөлiндi (Қосымша Ә). Салық органдарының бақылау қызметi нәтижесiндегi бөлiнген және аударылған салыққа талдау жасайтын болсақ, салық комитетiмен соманың көбiрегi Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облыстарына бөлiнген.

Информация о работе Салықтық бақылаулар