Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономика кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін жоғарлатуды, ғылыми –техникалық прогресстің жетістіктерін ендіру негізіндегі өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылықтың тиімді нысандарын және өндірістің тиімді басқаруын, қырсыздықты жеңуді, кәсіпкерлік бастаманы жандандыруды талап етеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтің халыққа арнаған «Қазақстан -2030» жолдауында біздің еліміздің дамуының нәтижелік мақсаты бұл экономикалық өсу болып табылады, және бұл өсудің басымдықтары «ертеңгі күні де, келесі 30 жыл бойы ең маңызды болатыны» көрсетіледі.
Мұндай жағдайда қаржылық талдау базалық пәннің бірі болып саналады, бұл пәннің негіздері бойынша білім экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, басқарушылық саласымен айналысатын барлық мамандықтар үшін маңызды. Қаржылық талдау ғылым ретінде қаржылық менеджмент жүйесіне кіреді және өзіне келесі негізгі түсініктерді кіргізеді: кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау мен талдау, қаржылық және коммерциялық есеп айырысу, шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің талдауы, инвестициялық жобаның талдауы, қаражат көздері мен қаржылық активтерін басқару үдерісінде тәуекелді талдау, баланстың өтімділігін, төлемқабілеттілігін, қаржылық тұрақтылықты талдау, банкроттылықты талдау, рентабельділікті талдау, іскерлік белсенділіктің талдауы, сонымен қатар қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау және т.б.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігінің талдауы мен бағалауы - қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Жұмысымның
Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, ең алдымен кәсіпорын қаражаттарының айналым жылдамдығында анықталады. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты кәсіпорын өзінің қаражаттарын тиімді пайдаланудың деңгейін анықтай алатын айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің динамикасы мен деңгейлерін зерттеуге негізделетін шаруашылық субъекті қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттардың нақты ақшаға айналу жылдамдығына байланысты.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып астықты өндірумен, өңдеумен, дайындаумен және өткізумен, сонымен бірге коммерциялық, саудалық және делдалдық қызметпен айналысатын «Казмельмаш» ЖШС табылады.
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші
бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады,
сонымен қатар кәсіпорын
Екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы баға беріледі, кәсіпорын ресурстарын қолдану тиімділігі талданады, экономикалық дамудың тұрақтылық тенденциялары анықталады.
Үшінші
бөлім қаражаттар мен кәсіпорын
қызметінің экономикалық тиімділігі мен
іскерлік белсенділікті жетілдіру
жолдарын, іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін
болжамдауға арналған.
Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ең алдымен кәсіпорын қаражаттарының айналым жылдамдығында анықталады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорын өзінің қаражаттарын тиімді пайдаланудың деңгейін анықтай алатын айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің динамикасы мен деңгейлерін зерттеуге негізделеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттардың нақты ақшаға айналу жылдамдығына тікелей байланысты. / 28 /.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділіктің көрсеткіштеріне келесі коэффициенттерді жатқызуға болады:
1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті.
Бұл коэфициент өндіріс пен айналымның толық циклі жылына неше рет жүзеге асырылатынын және активтердің әрбір ақшалай бірлігі өткізілген өнімнің қанша ақшалай бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш келесі формула арқылы анықталады:
Аванстанған капиталдың орташа шамасының кезең бойынша капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жалпы көріністі береді. Ол кәсіпорын капиталы айналымның санын көрсетеді және ресурстарды тарту көздеріне қарамастан, оларды кәсіпорынмен қолдану тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаларға байланысты өзгереді және өндіріс процесстің ерекшелігін көрсетеді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы.
Бұл
көрсеткіш қор қайтарымын көрсетеді,
яғни кезең бойынша кәсіпорынның негізгі
өндірістік қорларын қолдану тиімділігін
сипаттайды. Бұл көрсеткіш өткізуден түскен
табыстың (түсімнің) кезеңдегі қалдық
құны бойынша негізгі құралдардың орташа
шамасына қатынасы арқылы есептелінеді.
Қор қайтарымы коэффициенті негізгі құралдардың
жоғары емес үлес салмақ есебінде, сонымен
қатар олардың жоғары емес техникалық
деңгей есебінде арттырылуы мүмкін. Оның
шамасы салаға және оның капитал сыйымдылығына
байланысты өзгереді. Бірақ жалпы заңдылық
сүйенсек, коэффициент неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым есеп беру кезеңіндегі
шығындар төмен болады. Төмен коэффициент
өнімді өткізуден түскен пайданың жеткіліксіздігін
немесе бұл активтер түріне салған салымындардың
өте жоғары деңгейін көрсетеді.
3.Меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті.
Ол келесі формула арқылы есептелінеді:
К
К - меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті;
Т - өнімді өткізуден түскен табыс(жұмыс,қызмет);
М - баланс бойынша кезеңдегі меншікті капиталдың орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш әртүрлі қызметтің аспектілерін сипаттайды: коммерциялық көзқарас бойынша ол сатудың артықшылығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық көзқарас бойынша ол меншікті капиталға салынған айналым жылдамдылығын; экономикалық көзқарас бойынша кәсіпорын иелері (акционерлер, мемлекет, немесе басқа меншік иелері) тәуекел ететін ақша қаражаттардың белсенділігін анықтайды. Егер коэффициент жоғары деңгейде болса, яғни салынған капитал бойынша сату көлемі елеулі түрде өссе, онда бұл кредиттік ресурстарды тартудың өсуін және істе меншік иелеріне қарағанда кредиторлардың қатысуы көбірек екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда меншікті капиталға деген міндеттердің қатынасы өсіп, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және кәсіпорын табысының төмендеуімен байланысты қиындықтар туады. Ал төмен көрсеткіш меншікті капиталдың белгілі бір бөлігінің әрекетсіздігін көрсетеді. Бұл жағдайда коэффициент меншікті қаражаттардың басқа бір көзге, анықталған шарттарға сәйкес келетін табыстың көзіне салудың керектігін көрсетеді.
4. Ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті (жұмылдырылған қаражаттар). Өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыстың (түсімнің) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасы арқылы есептелінеді. Келесі формула бойынша анықталады:
К
К - ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті;
А - ағымдағы активтердің орташа шамасы;
Ағымдағы активтердің орташа шамасы келесі формула арқылы анықталады:
А = , мұнда: Т - ағымдағы активтердің орташа шамасы;
О ,О – сәйкесінше жылдың басына және аяғына келетін ағымдағы активтердің шамасы.
Ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті (айналым капитал) олардың айналымдарының жылдамдығын көрсетеді, яғни анықталған кезең бойынша барлық айналым құралдарының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтер айналымдылығының жылдамдылығы - бұл өндірістік-шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым уақыты мен өндіріс уақытын төмендету арқылы айналым саны өседі.
Ағымдағы активтер айналымдылығының жылдамдығы жоғарыда көрсетілген формула арқылы анықталған айналым санымен ғана емес, айналым ұзақтығымен, сонымен қатар айналым қаражаттарды бекіту коэффициенті (немесе айналымдылықтың айналым коэффициенті) арқылы сипатталады.
Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы келесі формула арқылы анықталады:
Ұ
Ұ- күндер бойынша бір айналымның ұзақтығы;
К - ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті немесе ағымдағы активтердің бір айналымның саны;.
Айналым
қаражаттарын бекіту коэффициентінің
формуласы келісідей болады:
К - айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті.
Айналым қаражаттарының айналымдылығының жеделдеуі олардың айналымнан босатып алуын, ал оның баяулауы айналымға қосымша қаражаттарды тарту керектігін көрсетеді.
Сонымен ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті шаруашылық субъектінің барлық жұмылдырылған қаражаттардың айналым жылдамдылығын көрсетеді. Егер ол материалдық айналым қаражаттардың айналымдылығының өсуімен байланысты болса, онда оның өсімі оң, сәйкесінше егер соңғысы төмендейтін болса, онда ол теріс болады.
5. Материалдық айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті талданатын кезең бойынша тауарлы-материалдық қордың айналым санын белгілейді, яғни оларды өткізу жылдамдығын көрсетеді. Жалпы айтқанда, бұл коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз қаражаттар өтімділігі төмен бабымен байланыста болады, сонымен бірге соғұрлым айналым капиталы өтімділік құрылысқа ие болады және субъектінің қаржылық жағдайы тұрақты болады. Керісінше басқа да бірдей шарттарда тауардың іркілуі шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігіне теріс әсерін тигізеді. Коэффициент формула арқылы есептелінеді, мұнда алымында -өткізуден түскен табыс (түсім), ал бөлімінде кезең бойынша тауарлы –материалдық қордың орташа құны өрнектеледі.
Өндірістік қорлар оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелгендіктен, қор айналымдылығының коэффициентін есептегенде өткізуден түскен табысты (түсімді) емес, өткізілген өнімнің өзіндік құнын қолдану қажет/ /. Осында есеп айырысу келесі формула арқылы анықталады:.
К
К -материалдық айналым қаражаттардың айналымдылық коэффициенті;
S - өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;
К - өндірістік қорлардың орташа құны;
Айналымдылық көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қорлар қолма-қол ақшалай қаражаттарға тез айналады. Оның төмендеуі өндірістік қорлардың және аяқталмаған өндірістің салыстармалы өскенін немесе дайын өнімге сұраныстың төмендеуін көрсетеді.
Дамыған нарықтық елдердің көбісінде қорлар айналымдылығының нормативі 3 айналым болып табылады,, яғни жуықтап алғанда 122 күнге тең / /.
6.Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Формула бойынша бұл көрсеткіш өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыстың (түсім) дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы арқылы анықталады: